
- •2.Ойшыл Паттерндердің мінездік ерекшелігі
- •6. Креативті тұлғалардың мінездік ерекшелігі
- •7. Креативтілік даму жолдары
- •8. Елестету, үрдіс жіктемесі
- •9. Уоллес төрт деңгейлі моделі
- •10. Елестету функциясы
- •16.Креативтіліктің шығу гипотезалары.
- •17. Когнитивті талдау .
- •18.Дедукция.
- •19. Индукция.
- •20.Ойды қорытындылау.
1.Креактивтілікті оқытуда Торренс әдістемесін қолдану.Әдістемені айты бер. Е.П.Торренстің пікірінше, креативтілік - білімдердегі кемшіліктерді, олқылықтарды қабылдауға қабілеттілік. Торренстің 3 серияға топтастырған 12 тесті: вербальды, бейнелік және дыбыстық түрлері қолданылды. Олар вербальды шығармашылық ойлауды, бейнелі шығармашылық ойлауды, сөздік-дыбыстық шығармашылық ойлауды диагностикалайды. Зерттеуде көрсеткіштер келесі факторлармен анықталады:
1. жылдамдық (жеңілдік, өнімділік) – бұл фактор шығармашылық ойлаудың жылдамдығымен
сипатталады және жауаптардың жалпы санымен анықталады;
2. икемділік - фактор шығармашылық ойлаудың икемділігін сипаттап, басқа ойды жылдам
меңгеруге қабілеттілігін көрсетіп, берілген жауаптардың тобымен анықталады;
3. сонылық – фактор сонылықты, шығармашылық ойлаудың өзіндік ерекшелігін, мәселеге
ерекше қарауды сипаттайды және сирек кездесетін жауап, ерекше элементтерді қолдану, жауап құрылымының сонылығымен анықталады; топқа бөлу кезінде бір жақты жауаптардың сирек кездесуі арқылы бағаланады.
Мысалы, оқушыларға мынандай тапсырмалар берілді:
• бір кейіпкер атынан хат жазу;
• күздің көңіл-күйін, көктемнің дәмін, өзінің көрген түсін, бір кейіпкер сезімін салу;
• ертегі, жұмбақ құрастыру;
• айтылған сөйлем немесе сурет негізінде, оған өзін қатысушы ретінде сезіне отырып, әңгіме құрастыру;
• әңгіменің басын ойлап табу немесе соңын жалғастыру, жағдаяттар бойынша мақалдар, тұрақты сөз тіркестері негізінде әңгіме құрастыру, қиял-ғажайып әңгімелер, жағдаяттар ойлап табу;
• бір кейіпкерден сұхбат алу, қойылымға қатысу;
• оқушылар әсері жайлы әңгімелеу;
• сөздік материалды өзінше түсіндіру;
• қазіргі оқиғадан кейін болатын оқиғаларды болжап жазу. Әр сала бойынша білімдерін пайдалана отырып:
• бақылау, эксперимент жүргізу, қандай да бір проблеманы шешу үшін жоспар құру;
• проблемаға бір адамның, халықтың көзімен қарау, басқа біреу сияқты ойлау;
• метафора құру, әртүрлі байланыстар ойлап табу, бір нәрседен елеусіз бөлшектер табу;
• қандай да бір құбылыстарды шығармашылықпен қайта өзгерту, жаңа тамаша нысанды құрастыру;
• қайта құру, құрастыру, түрлі бірліктерді графикалық үйлестіру;
• таныс объектінің өзгерген жағдайда жаңа құрылымын, жаңа функциясын қолдану, проблемалық жағдаятты анықтау;
• проблемалы тапсырманы шешу тәсілдерін жасау және негіздеу;
• проблеманы шешу нәтижесін тексеріп, оны білімнің жалпы жүйесіне енгізу, нәтижені негіздеу.
Бұдан соң біз берілген тапсырмалар сипатын анықтадық.Бағытталған жаттығулар кеңінен қолданылды.
• ойлау жылдамдығын, ақпарат-еске түсіру жылдамдығын, жаңа мазмұнды аймақтарға саналы түрде көшу, ғажайып байланыстардың пайда болуының жылдамдығы мен толқындылығы, балама пікір таба білу қабілеттілігі, жағдайға сәйкес түрлі идеялар ұсына білу қабілеттілігін дамыту;
• ойлау икемділігін дамыту, бір проблеманы әртүрлі қырынан көре білу, идеялардың түрлерін, типтерін, категорияларын ұсыну;
• ойлау сонылығын дамыту, дәстүрліден ерекшеленетін жауаптар алу мүмкіншілігі;
• нысанның немесе оның бөлшектерінің жаңа дағдылы емес функцияларын табу қабілеттілігі;
• дивергентті ойлауды дамыту;
• проблеманы және оның дағдыдан тыс шешімін қабылдай алуын дамыту;
• оң жақ жарты шар функциясының белсенділігін ынталандыру және дамыту (ойлауды бейнелеумен белсендіру, интуицияны белсендіру, түсіндіру процесінде талдаудан жинақтаудың басым болуы, индуктивті қорытындыға қарағанда, дедуктивті қорытындыны жиі қолдану және т.б.);
• қиялды дамыту, қоршаған ортаны дағдылы тұрғыдан қабылдауды жеңе білу;
• байқағыштықты дамыту, дайындық кезеңінде проблеманың бейнесін бөлшектеуге қажетті ақпарат жинау дағдысын дамыту;
• қылықтың мәнерлілігі мен икемділігін дамыту;
• проблеманы шешу үшін қажетті ақпарат периферияда жатады деген идея негізіндегі материалды ойлауды дамыту. Проблема, көру, есту және басқа ұғымдар арасындағы байланысты орналастыруға байланысты күш салу тәжірибенің шешімін табуға, проблеманы жаңа қырынан көрсете білуге мүмкіңдік береді; Торранстың креативтілік тесті
Нҧсқаулық:«Берілген суретте аяқталмаған фигуралар салынған. Егер сіз оған қосымша сызықтар салсаңыз, онда сізде қызықты нәрсе немесе сурет пайда болады. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі. Басқа ешкім ойлай алмайтын сурет немесе оқиғаны ойлап табуға тырысыңыз. Әрбір суретке қызықты атау қойыңыз және оны суреттің астына жазыңыз» Жылдамдық пен икемділік жас ерекшелігіне сай. Идея шынайылығы – тӛмен. Толықтырылған – норманың жоғары шегі.
2.Ойшыл Паттерндердің мінездік ерекшелігі
Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған. Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады.
Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
3.Елестету Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді. Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Естің (жадының) негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары — ес түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Елестету белсенді және енжар елестету болып сараланады. Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананыңпатологиялық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді. Белсенді елестету шығармашылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі. Елестету дереу практикалық іс-әрекетте жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-қалаудағы болашақ бейнелерді жасауға, яғни армандауға саятын ерекше бір іштей қарекет нысанында болады. Арман қарекетті түрлендірудің қажетті шарты, түпкілікті орындалуы қайсыбір себептермен кейінге қалдырылған қарекеттің ынталандырушы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы елестетудің негізі — сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік елестету сызбаларды зерделеу және т.б. жағдайда қолданылады. Тұлғаның даму деңгейі көбіне оның құрылымында елестетудің қай түрі басым болуына байланысты. Егер жасөспірім жеткіншекте нақты әлеуметтік маңызы бар қарекетке жүзеге асатын шығармашылық елестету құрғақ қиялдардан басым болса, тұлғаның неғұрлым жоғары деңгейде дамуын көрсетеді. Баланың елестетуі оның қарекетінің әр алуан түрлерінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалық кезең бойынша баланың елестетуі сыртқы тіректі (ең алдымен, ойыншықты) керексінетін қарекеттен өз алдына ішкі қарекетке біртіндеп ауысады да қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шығару) және бейнелеу (сурет) шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елестету сөйлеуді меңгерумен байланысты. Демек, үлкендермен қарым-қатынас процесінде дамиды. Сөйлесу балаларға өз тәжірибесінде ешқашан болмаған заттарды елестетуіне мүмкіндік береді. Баланың сөйлесуіндегі кінәраттар, кешеуілдеу елестетуінің дамуына әсер етіп, оны азайтады. Мектепке дейінгі жаста елестету қоғамдық тәжірибені меңгерудің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ересек адамның елестету арқылы айналадағы дүниені игеруіне себептеседі. Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсені кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру олардың оқу әрекетіне дайындалуының негізгі шарты екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.
4.Креативтілік шарттары. Тұлғаның креативтілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі қауіпсіз, комфортты психологиялық орта. Психологиялық климат ұжымның эмоционалдық деңгейде көрінетін іскерлік ынтымақтастық сипатын, ұжымдағы қалыптасқан қарым-қатынасты көрсетеді. Креативтілік мәселесіне тұлғалық тұрғысынан қарауды жақтаушылар субъектінің эмоционалды-түрткілік сипатының есебін жүргізу қажеттілігін көрсетіп отыр. Түрткі немесе оқу өрісінің түрткісі креативтіліктің дамуымен қоса тұлғаның эмоциялық өрісінің дамуына да ықпал етеді. Түрткілер ретінде қажеттілік пен қызығушылық, ұмтылыс пен эмоциялар, орнату мен идеялардың өзара байланысы қарастырылады. Психологтар креативті ойлаудың дамуын ынталандыратын және мҥмкіндік
беретін бірқатар шарттарды кӛрсетті:
− қатты қойылған және қатаң бақыланатындардан басқаша аяқталмаған
немесе ашық жағдай;
− жалғасатын іс-әрекет ҥшін тәсіл және стратегия, жабдықтар және
қҧралдар жасау, тудыру;
− жауапкершілік пен тәуелсіздікті ынталандыру;
− ӛзбетінділік нҧсқаулықтарға, бақылауға, сезімге, толықтыруға акцент
қою. Креативті ойлаудың шарттары – яғни ойлау операцияларын қалыптастыру
және жетілдіру: талдау, топтау салыстыру және толықтыру, топтастыру,
жоспарлау, дерексіздендіру және ойлаудың сапалары сыншылдық, тереңдік,
ептілік, кеңдік, шапшаңдық, вариативтілігін, сондай-ақ қиялды дамыту және
әртҥрлі мазмҧндағы білімді игеру.
5.Креативтілік түсінігі. Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен креативтіліктің психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын ашу. Креативтілік – ағылшынның “Creativity” сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Бірақ көптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның ерекшелігіне немесе қасиетіне басты назар аударады. Дж. Гилфорд креативтілік пен шығармашылық потенциалды табысты шығармашылық ойлауға ықпал ететін қабілеттер мен басқа ерекшеліктерінің жиынтығы тәрізді анықталуы мүмкін деп есептейді. Креативтілік сипаттамасы белгілі бір өнімді немесе кәсіптік әрекеттегі туындайтын психологиялық қасиетпен байланысты. Дж. Гильфорд, Л.Б. Ермолаева-Томина, А.Н. Жук, Ю.Н. Кулюткин, Б. Олмо, Я.А. Пономарев, Н.В. Рожденственская, Е. Торренс және басқалар креативтілік элементтері ретінде әртүрлі қабілеттерді көрсетеді. Олардың ойларынша, негізгі қабілет идеяларды жүзеге асыру және қанықтыру мүмкіндігімен айқындалады. Психологиялық зерттеулерде креативтілік термині тұлғаның интеллектуалдық және өз бетінше мәселені көтеруі, ерекше идеяларды айтып, оларды өзгеше жолмен шешу ерекшеліктерінің кешенін білдіреді.