- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
Судың сапасын нормалау принципі: су қолдануға жарамды болу керек, эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық тұрғыдан зиянсыз болу керек, жеке құрамды қатардан шығармауы керек. Сондықтан нормаларға қойылатын талаптарда далалық жағдайларда сапасы нашарлау суды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Суды зерттеу су көзінен және жуық маңайдан уландырғыш заттарды анықтаудан басталады, ал одан кейін жергілікті байқау нәтижелері мен органолептикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша суды бағалайды. Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз ету арнайы пункттер арқылы іске асады. Сумен қамтамасыз ету пунктері – бұл суды өндіретін, өңдейтін, сақтайтын және бөліп тарататын арнайы жабдықталған орын. Пункт ұсақ түтікті құдықтар, артезианды скважиналар және ашық су қоймалары базасында орнатылады. Су пунктін ротада, батальонда, полкта, бригадада, армияда орнатуға болады. Ұсақ су пунктері ротада, полкта өз күштерімен орнатылады. Ірі су пунктері бригадада және одан жоғары құрамдарда инженерлік әскер құрамына кіретін арнайы сумен қамтамасыз ету бөлімдері, рота, батальон күштерімен орнатылады.
Әр түрлі соғыс жағдайларында әскерді сумен қамтасыз етуді ұйымдастыру. Жаппай жою қаруы қолданылмайтын шабуылдарда суы мол жерлерде орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Бұнда полкта 5-6 пункт, ал бригадада 20-25 пункт орнатылады.
Жау жаппай жою қаруын қолданған жағдайда, шабуылдарда орталықтандырылған пункт ұйымдастырылады. Мұндай полкта 1-2 пункт (біреуі ВФС – әскери сүзу станциясы базасында, екіншісі маталы көмір сүзу (ТУФ) базасында), ал батальонда тек су болатын пунктер орнатылады. Бригадада орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде полктағы мен қоса тағы 2-3 МАФС-3 және ПБУ-50 базасында жылжымалы бұрғылау қондырғысымен ірі пункт орнатылады. Жаппай жою қаруын қолданған шабуылдарда сумен қамтамасыз ету келесі түрде жүргізіледі:
судың артық қорын қолдану жолымен
тылдағы су пунктерінен тасу жолымен
әскери көлікке бекітілген су көздерін пайдаланып су пунктерін ұйымдастыру жолымен.
Әскер бекінген аудандарда шабуылда барлығы өз ыдыстарын сумен толтыруы тиіс (АВЦ-28 автоцистерналары, АВЦ -15, термостар, флягтар т.б.). Шабуыл кезінде су пунктерін, шабуылға шығатын бөлім нормаларға сәйкес сумен жабдықтала алатындай етіп орналастыру керек. Шабуылға шыққан әскер соңынан үнемі сумен қамсыздандыру пункттері жүріп отыруы тиіс. Тікелей су көзінен су алуға болмайды. Полкта 1-2, бригадада 3-5 су пунктері болады. Қорғаныста орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етіледі. Ұзақ уақыт әскер құрамында болатын адамдар үшін суға қажеттілігі шамамен бір тәулікте 3-5 л болуы керек. Далалық типтегі баспаналарда ең аз қажеттілік тәулігіне 2 литр. Судың артық қоры РБЗ, УЗ, БЗ-дан қорғалған арнайы резервуарларда сақталуы тиіс. Маршта сумен қамтамасыз ету түнеген жерде болсын, жүрген жерде болсын судың мөлшері және сапасымен анықталады. Судың 75%-і түнейтін жерде, 25%-і ұзақ демалған кезде пайдаланылады. Әскердің демалатын жерге келуіне 30 минут бұрын әр адамға 0,5 л су дайындау керек.
114.Суды сақтау мен тасымалдау заттары:РДВ,автоцистерналар,флягтар,термостар,далалық ас үйлер.Дала жағайында әскерлерді сумен қамтамасыз ету жүйелері.Дала жағдайында әскерлерді сумен қамтамасыз ету жүйелеріне санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу.
Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз етудің маңызы зор және мынадай міндеттерді қарастырады:
Әскери бөлімнің жеке құрамының соғысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Техника мұқтаждығын сумен қамтамасыз ету.
Қазіргі кездегі армияны су көзі жеткілікті болса да сумен қанағаттандыру өте қиын.
Ал құрғақ климатта, су көздерінің біршамасы қатардан шыққан кезде, жаппай жою қаруын пайдаланғанда суды тасып пайдалану қарастырылады. Әскерді сумен қамтамасыз етуде су көзінің уландырғыш, радиоактивті, биологиялық заттармен бүлінуі қиындықтар туғызатыны анық. Сол себептен, су көзін тексеруден өндіруге дейін, яғни, тазалауда, сақтауда, жеткізу мен таратуда барлық талаптарды бұлжытпай орындау қажеттілігі туындайды. Жаппай жою қаруын қолданған жағдайда апатқа ұшыраған су көздері суымен қамтамасыз етуге жол бермеу керек. Әскерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қарастырылуы тиіс.
Соғыс жағдайында судың минималды нормалары қолданылады (кесте 2). Оның мөлшері ауа райына байланысты тәулігіне 5,5 л – 9,0 л аралығында болады.
Кесте 2 – Жеке құрамның суға минималды қажеттілік нормалары (1 адамға), литр/тәулік.
Суды пайдалану түрі |
ауа райы + 25 ОС –ге дейін |
ауа райы + 25 ОС –ден жоғары |
Шай дайындау үшін және флягтағы су қоры |
3,5/2,5 |
6,0/4,5 |
Жуыну үшін |
1,0 |
1,0 |
Ас дайындау және жеке ыдыстарын жуу үшін |
2,0 |
2,0 |
Барлығы |
6,5/5,5 |
9,0/7,5 |
Ескертпе: 1) төменгі су нормасы жауынгердің 5-7 күнге ғана белсенді іс-қимылдарын қамтамасыз ете алады;
2) бөлінгіш мәні – қорғаныс кезінде, бөлгіш мәні – шабуыл кезіндегі мөлшер.
115.Су көздеріне таңдау жүргізу жне ұйымдастыру.Далалық жағдайда су сапасын бағалау,қолданылатын табельді жиынтықтар мен құралдар,олардың қысқа техникалық мазмұны,зерттеу әдістері. Қазіргі заман соғыс жағдайында су көздерінің уландырғыш заттармен бүліну қаупі жоғары. Осы мақсатта авиация, артиллерия және минометті оқ жаудыру қолданылуы мүмкін (алаңдарды уландырғыш заттармен суландыру немесе тозаңдау, авиахимиялық бомбаларды пайдалану).
суды ластауы мүмкін. Неғұрлым қауіптісі тері-ірің әсері бар УЗ (иприт, лючзит, трихлотриэтиламин, метилдихлорамин және басқа). Дифосген, көгертетін қышқыл да суды ластауы мүмкін. Уландырғыш заттармен аса зиянды деңгейде бүлінуге тек шағын су қоймалары (құдықтар, тоғандар, резервуардағы су қоры) ұшырауы мүмкін.
Үлкен су қоймалары (өзен-көл, су қоймасы) қазіргі кезде белгілі уландырғыш заттардың көп бөлігінің аз ерігіштігінен және улы концентрация түзілу әбден мүмкін еместігінен бүлінбейді. Судың химиялық бүліну мүмкіндігі бәрінен бұрын уландырғыш заттың түрімен және оның қасиетімен анықталады. Газ тәрізді және бу түріндегі УЗ суға әсер ете алмайды. Улы түтіндер (дифениламинохлорсин, дефенилхлорасин, дефенилциарсин) концентрациясы жоғары болғанда және ұзақ уақыт әсер еткенде жағдайда
Сұйық түріндегі УЗ-дың күштілігі олардың ұшпалылығына және гидролизге бейімделуіне байланысты (гидролиз УЗ-дың сумен әрекеттесу реакциясы, нәтижесінде УЗ бұзылады).
Неғұрлым күштілікке УЗ-дың жабысқақ рецептурасы ие. Суды дегазациялау практикасында УЗ-дың гидролиз құбылысын есте ұстау керек. Мысал ретінде фосген мен дифосген гидролизін келтіруге болады. Бұл кезде түзілген улы емес гидролиз өнімдері судың сілтілік резевтерінен тез бейтараптанады. Егер судың сілтілігі жоғары болса иприт суда усыз өнімдерге дейін гидролизденеді. УЗ гидролизін процесін оны химиялық өңдеу есебінен жеделдетуге болады, мысалы суды сілтілеумен. Кейбір УЗ гидролизінің процесін оны қыздыру жолымен жеделдетуге болады. Суды активті көмірмен өңдеу жақсы нәтиже береді.
Судың УЗ, РБЗ, БЗ бүлінуін тапқан кезде немесе күдіктенген жағдайда суды арнайы өңдеу керек.
116.Радиотехникалық әскердегі еңбек гигиенасы.Радиолокациялық станциялардағы еңбек жағдайы.Сыртқы ортаның арнайы және арнайы емес факторларының радиолокациялық станциялардың жеке құрамына әсері.Радиостанциялардағы еңбек гигиенасы. Радиотехникалық әскер әртүрлі радиолокациялық қондырғылармен жабдықталған, олардың ең бастысы радиолокациялық станция (РЛС) мен радиостанция (РС). Олар іздеген мақсатты табуға, оларды бақылауға, командалық пунктер мен әскери басқаруларға хабарлама жіберу үшін арналған. РЛС мен РС жұмыс істеу аса көңіл бөлуді, іс-әрекет дәлдігін, нақтылықты, көру мен есту мүшелері қызметінің жоғарылығын талап етеді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары адамның еңбек қабілеттілігінің, көңіл-күйінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты РЛС-да жұмыс жасайтын мамандар мен жеке құрамның денсаулығына зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын немесе азайтатын шаралар жүргізу қажеттілігі туады.Жеке құрамға әсер ететін РЛС-дағы факторларды екіге бөлуге болады: арнайы және арнайы емес. Арнайы факторларға мыналар жатады: РЛС кабинетіндегі жаз айында жоғары, ал қыс айындағы төмен темпетура, шу, діріл, рентген сәулелері, жеткіліксіз жарық, ауаның зияды химиялық заттармен ластануы, ең соңында нерв жүйесі мен көру мүшесіне түсетін үлкен ауыртпалық. Арнайы емес факторларға мыналар жатады: өте жоғары жиіліктегі импульсты электромагнитті сәулелер (ӨЖЖ).
Станцияның түріне байланысты жеке құрам әртүрлі дәрежеде жоғары да көрсетілген факторлар әсеріне ұшырауы мүмкін.
Гигиеналық көзқарас бойынша ең қауіпсіз, жақсы жағдай РЛС-ның стационары. РЛС стационарында қабылдау-беру аппаратурасына арналған жеке бөлме, анықтайтын бөлме, командалық пункт болады. Бұндай жағдайда жеке құрамды ӨЖЖ сәулесінен толық сақтауға, қалыпты микроклимат жағдайын жасауға, шу мен діріл әсерін жоюға мүмкіндік бар.
Гигиеналық көзқарас бойынша автокөліктерге, автоприцептерге тіркелген жылжымалы РЛС-терде, ұшақтарда жеке құрамды қолайсыз факторлар әсерінен қорғау қиындау. Әсіресе РЛС-ның бір машина шассиіне орналасуы аса зиян, өйткені бұл жағдайда жеке құрам ӨЖЖ генераторлармен, фидерлі тракттармен бір бөлмеде болады. Желдеткіштер, салқындатқыш радиоаппаратуралар, агрегаттар шу мен дірілді күшейтеді және РЛС кабинасын зиянды химиялық қоспалармен ластайды. Ауа райының ыстық және суық күндерінде жылжымалы РЛС-да қолайсыз микроклиматтық жағдай туындайды.
РЛС күрделі радиоэлектрлік кешен болып табылады, оның негізгі бөліктері: беру, жіберу (передатчик) блогі, қабылдау блогі, синхрондау блогі, антенналар, индикаторлар мен қоректену көзі болгі. Генератор блогінің радиошамдары, антенналық жүйелер ӨЖЖ сәулеленудің көзі болып табылады. Одан басқа 12-15 кВ жоғары анодты кернеуде (напряжение) жұмыс істейтін радиошамдар және электронды-сәулелік түтіктер рентген сәулелерінің көзі болуы мүмкін.
РЛС-де радиожиілікті спектрдің бөлігі ғана қолданылады – бірнеше милиметрден 1-4 метрге дейін. Сондықтан РЛС милиметрлік (7-10 мм), сантиметрлік (1-10 см), дециметрлік (10 см-1 м) және метрлік (1-4 м) диапазонындағы станцияларға бөлінеді.
ӨЖЖ -сәуленің биологиялық әсерінің қуаты оның сәулесінің қарқындылығына, сәуле қабылдау уақытына, толқын ұзындығына, сәуле қабылдайтын беттің көлеміне, мүшелердің құрылысына байланысты.
Арнайы емес немесе термиялық әсерлер электромагнитті толқындардың барлық шкалаларына тән (инфрақызыл, көрінетін, ультрокүлгін, рентгендік, гамма-сәулелер, радиотолқындар). СВЧ-сәулелердің әсер етуі олардың энергиясының тіндер молекуласына берілуімен және бұл тіндердің тербелісінің, яғни жылулық қозғалысының күшеюімен көрінетін кеңістіктік бағытының өзгеруінде. Суы мол мүшелер мен тіндер энергияны жақсы жұтады және жақсы қызады. Бұндай мүшелерге бауыр, көкбауыр, ұйқы безі, бүйрек, ми тіні, қуық, бұлшықеттер, асқазан жатады.
117.Далалық жағдайда тамақтануды ұйымдастыру.Әскери жағдайдағы тамақтануды бақылау бойынша медициналық қызметтің міндеттері.Жаппай қырып –жою қаруын қолдану жағдайында тамақтану. Тамақтануды медициналық бақылаудың мазмұны.
Тамақтанудың физиологиялық толық құндылығы.
Астың және азық-түліктің сапалығы.
Жеке құрамның денсаулық жағдайы тамақтанумен байланыстылығы (тамақтану статусы).
Тамақтанудың физиологиялық толық құндылығы ас мәзір-сұрыптамасын талдау тәсілімен тағайындалады. Қоймадағы азық-түліктердің сақталу жағдайы, асханада азық-түліктердің өңделуі және асты әзірлеу ережелерінің орындалуы қысқартылған схемада лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады.
Тамақтандыру мәселелері бойынша медицина қызметінің міндеттері:
Тағамның толық құндылығына гигиеналық бақылау жүргізу.
Тамақтану нысандарының санитарлық жағдайын және қызметкерлердің денсаулығын бақылау.
Әскери сауда кәсіпорындарында тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.
Жоғарыда көрсетілгендей, тамақтану орталықтандырылған, қатаң түрде тағайындалған норма бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтарына және басқа да құжаттарға сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда:
«О продовольственном обеспечении Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время» ҚР ҚМ 05.12.2000 ж. №318 бұйрығымен бекіткен жетекші құрал.
«Санитарные правила по организации размещения, водоснабжения, питания и банно-прачечного обслуживания личного состава Вооружённых Сил Республики Казахстан в полевых условиях (лагерях)». ҚР ҚМ № 230 бұйрығымен 15.08.2001 ж. бекітілген санитарлық ережелер.
«Нормы снабжения продовольствием Вооруженных Сил на мирное время» ҚР Үкіметінің №1281 Қаулысымен 23.12.2005 ж.бекітілген нормалар.
«Правила организации питания личного состава воинских частей, кораблей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан» ҚР ҚМ №50 бұйрығымен 11.02.2005 ж. бекітілген ережелер.
Қарулы күштерде паекты тамақтану әскерлердің қызметіне, жасына, климаттық-географиялық, денсаулық жағдайларына байланысты ажыратылады. Әскери қызметте паектардың түрлері өте көп. Қазіргі заманда соғыс кезіндегі тамақтану бойынша зерттеулер дүние жүзінде жүргізілмеген, сондықтан біздің қорытындыларымыз, есептеулеріміз эксперименттерге негізделген.
118.Азық-түліктермен дайын өнімдердің радиоактивті,улы және бактериальді заттектермен залалдану жолдары мен тәсілері.Азық-түліктерді тасымалдау,сақтау,дайындау,тарату және қабылдаупроцестерінде қорғау.Азық-түліктерің РЗ,УЗ,БЗ зақымдануының мүмкіндік жағдайына мед,сараптама жүргізу және ұйымдастыру.Далалық жағдайдағы сараптама кезеңдері.
Кесте 7 – Арнайы әскери жүктерді күзетуші жеке құрамға арналған тамақтану рационы (№22 норма).
№ |
Азық-түлік |
1 адамға тәулігіне, г |
1 |
Ірі тартылған ақ бидай ұнынан немесе 2 сұрыпты ақ бидай ұнынан дайындалған галеттер |
100 |
2 |
Әртүрлі ет консервілері |
100 |
3 |
Бірінші асқа арналған ет аралас консервілер |
350 |
|
Екінші асқа арналған әртүрлі ет аралас консервілер |
1050 |
4 |
Шақпақ қант |
120 |
5 |
Шәй |
4 |
6 |
Жеміс – жидек шырындары |
350 |
Төтенше жағдайларда тамақтануға байланысты қойылатын талаптар.
Принциптері:
Тәуліктік рацион құндылығы негізгі алмасудан (1500 – 1600 ккал) төмен болмауы керек.
Құндылық тапшылығы 2-2,5 ккал аспауы керек (яғни энергия шығыны мен рацион құндылығы арасында айырмашылық).
Паек құрамында 60-70 г аз емес белок болуы керек, әйтпесе негізгі зат алмасу артып кетеді.
Ас құрамында қажетті мөлшерде витаминдер мен минералды тұздар болу керек.
Көмірсулардың минималді құрамы 60-100 г болуы керек, өйткені кетонды денелердің жинақталуы орын алуы мүмкін. Осындай жағдайларда алғашқы күндері майларды ыдырататын ферменттердің болмауы жағдайында көмірсуларды пайдалану жоғарылай түседі.
Мұндай тамақтану ұзақтығы 2 аптадан аспау керек, егер ұзақтығы одан асатын болса, онда тиесінше сәйкес рацион құрастыру қажет.
Физиолог-ғалымдардың пікірінше мұндай рационда ешқандай зардапсыз бір ай, ал «тіршілік паегі» схемасы бойынша ұйымдастырылған емдік ашығуда бірнеше ай тіршілік етуге болады. АҚШ мәліметтері бойынша 170 күн. Осы орайда, клиницистер толық ашығуды қолдайды, бірақ бұл күйден науқастарды шығару қиын, өйткені көп уақыт талап етеді. Сол себептен, дәрігер-гигиенистер бұл әдісті құптамайды. Ал «тіршілік паегі» бойынша мәліметтер көптеген шет ел ғалымдарының еңбегінде келтірілген және қолдау тапқан. Сондықтан, көптеген мемлекеттерде бұл паектің түрі экстремалды жағдайдағы тамақтану нормасы ретінде бекітілген. Бұл нормаларда майлар, көмірсулар және шамалы мөлшерде белоктар есебінен үнемдеу жүргізіліп, ал витаминдер мен минералды элементтер жеткілікті болады. Белоктар, витаминдер, майлар бойынша қазіргі кезде тіршілік нормасы, биологиялық норма және гигиеналық нормалар бар. Бұлардың барлығы стресті жағдайларда өте тиімді.
119.Әскердегі тағамдық азық-түліктердің сараптамасының әдістері,құралдары мен күштері.Далалық жағдайда лабораторлық көлемі мен мүмкіншіліктері.Азық-түліктің гигиеналық сараптамасы үшін қолданылатын қысқа техникалық тәсілдің құралдары мен табельді жиынтық сипаттамасы.
Әскерлерді тамақтандырудың даму болашағы. Қазіргі уақытта әскерлердің климаттық жағдайды күрт алмастыра отырып, алыс ара қашықтыққа жылжуы мүмкіндіктері пайда болды. Бұл бөлім мен бөлімшелердің ұзақ уақыты бойы өз беттерінше іс-әрекет етуін қарастырады. Сондықтан, әскердің қару-жарақтарының, азықтарының қорлары болуы керек.Қазіргі уақытта азық-түліктің қоры экипажда, атап айтқанда соғыс техникасында (танк, пехотаның соғыс машинасында, БТР, өз бетінше жүретін артиллерия қондырғысында) 3+5 тәулікке есептеліп сақталады. Бұл қор «соғыстық тамақтану рационы» деп аталады және стандартты орауышта (жолаушыға арналған консервілер тәрізді) өсімдіктер мен еттен тұратын консервілер түрінде шығарылады (әр адамға бір банка).Сүңгуір қайықтарда тез мұздатылған дайын тағамдарды пайдалануға көшірілді. Бұл тағамдар –100 С 1 жыл бойы сақталады. Бұл әдіс өте тиімді. Флоттан басқа мұндай тамақтануды авиацияда да енгізу қарастырылуда, бірақ бұл үшін -100 С мұздатқыштар қажет.Санитарлық сараптау – бұл су мен тамақтық азық-түліктердің жеке құрам үшін жарамдылығын анықтайтын гигиеналық шаралар кешені.Мед. қызметтің әртүрлі сатыларында бұл шара әр түрлі шешіледі және соңғы іс-әрекеттер мед. санитарлық батальонда жүргізіледі. Азық-түліктерді санитарлық сараптау азық-түлік объектілерінде химиялық қызмет дегазация мен дезактивация бойынша шаралар кешенін жүргізіп болған соң және мед.қызмет химиялық және радиобелсенді жағдайлар туралы мәлімдемелер алғаннан кейін ұйымдастырылады.
120.Азық-түліктердің сараптамасына қолданатын зерттеу әдістері.Соғыс уақытында тағамдық азық-түліктердегі РЗ-мен УЗ-ның ШРЕК-і.Таралар мен азық-түліктердің дезактивациясы және залалсыздандыру тәсілдері.
Бірақ гигиенистер, РБЗ тамақтық азық-түліктерді қорғау керек дейді, әсіресе тылда, өйткені онда жер үстілік қуатты жарылыстар қолданылады және тамақтық азық-түліктердің РБЗ ластануы жоғары болады.Қазіргі уақытта 20-40% азық-түліктер жабық ыдыста шығарылады, РБЗ және уландырғыш заттардан (УЗ) толығымен қорғалады, ал бұл көрсеткіш тамақтық азық-түліктерді дайындау технологиясын жетілдіру жағдайында 80%-ға дейін артуын күтуге болады. Азық-түліктердің, судың соғыс уақытындағы нормалары гигиеналық көрсеткіш емес, ол тіршілік ету нормалары. Бұл нормалар 2 апта бойы соғысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін қарастырылған (майдан операцияларын орындау кезінде). Гигиенистер бұл нормаларды қайта қарауды ұсынады, өйткені соғыс бұл мерзімнен де ұзақ болуы мүмкін.УЗ қатысты нормалау, тіршілік пен соғысқа қабілеттілікті сақтау нормаларымен бірдей.УЗ қолдану негізінде жеке құрамның тыныс алу жолдарымен, тері арқылы әсері есептеледі. Тамақтық азық-түліктердің, судың ластануы арнайы табельдік құралдары жоқ болғанда 50 %-ды құрайды.Тағам мен суды ластау үшін көбінесе Vi-газы, зарин, иприт қолдану мүмкін.УЗ талдау табельдік құралдармен (ПХР-МВ, МПХЛ) жүргізіледі. Табельдік құралдардың УЗ анықтау сезімталдығы мен тиімділігі аса жоғары емес. Соғыс уақытында алиментарлы аурулардың алдын алу мәселесін шешуге тура келеді (алиментарлы дистрофия, авитаминоздар, тамақтық уланулар).Алиментарлы дистрофия – тамақтық ресурстардың жеткіліксіз салдарынан туындайды. Ашығу уақытында бұл патология әрқашанда орын алады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жауынгерлер азық-түлік жетіспеушілігіне ұшырайды. Егер Бірінші дүниежүзілік соғыста орыс армиясында жаппай цингамен сырқаттану орын алған болса, Ұлы Отан соғысында жаппай цинга ауруы болған жоқ. Өйткені, Ұлы Отан соғысында дәрігерлер 1 млн. литрден астам витаминдер тұнбаларын дайындаған.
