Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.

Өндірістік орта жағдайында және күнделікті тіршілік ету юарысында,адам ағзасына ультракүлгін,инфрақызыл,лазерлік,оптикалық және радиожиілік диапазондарындағы электромагниттік сәулеленумен қатар,иондаушы сәулеленулер әсер етеді.Индаушы сәулелену-бұл затпен өзара әрекеттескен кезде заттың атомдары мен молекулаларының иондауына және қозуына әкеп соғатын сәулелену.Сонымен ИС-дің адам ағзасына әсерінің нәтижесі,қазіргі кезде адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының эффектілерін детерминделген (табалдырығы бар) және стохастикалық (ықтималды) спецификалық биологиялық эффектілері деп бөледі.Детерминделген әмері-бұл нақты патология мысалы жедел сәуле ауруы немесе созылмалы сәуле ауруы,сәуле күйіктері шырышты қабықтарының сәуледен жергілікті зақымданулары.Көз бұршағының катарактасы,гемопоэздің өзгерістері,уақытша немесе тұрақты ұрықсыздық және т.б.түріндегі клиникалық маңызды эффектілер.Детерминделген эффектілерден айырмашылығы,стохастикалық эффектілердің доза табалдырығы жоқ.сәулелену әсерінен пайда болатын стохастикалық эффектілерінің 2 түрінің бар екені дәлелденген.Біріншісі соматикалық жасушаларда пайда болады және сәулеленуге ұшыраған ағзада қатерлі ісік ауруының дамуына себеп болуы мүмкін.Екінші түрі,жыныс бездерінің ұрықтық тіндерінде пайда боладыы,ол сәулеленуге шалдыққан адамдардың ұрпақтарында тұқым қуалайтын бұзылыстарға әкеп соғуы мүмкін.Радияциялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларықызметкердің,халықтың және қоршаған табиғи ортаның радияциялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.Негізгі қағидалар: 1)Негіздеу қағидасы-ИС көздерін пайдалану кезінде адамның және қоғамның алатын пайдасы ,оларды қолдану кезіндегі зиянды факторлар,ооларға тиым салу. 2)Қолайлы ету қағидасы-әлеуметтік және экономикалық факторларды ескеріп,сәулеленуге ұшыраудан алатын жеке адамның дозасын және ұжымдық дозаны да мүмкіндігінше төмен және қол жеткізерлік деңгейде ұстауды қарастырады. 3)Нормалау қағидасы-ҚР заңымен қарастырылатын қағида.

102.Әртүрлі санаттағы иондаушы сәулелену қауіпі бар зертханаларды жоспарлау мен орналастыру қағидалары.Жабдықтарды герметизациялау.Сумен жабдықтау және канализация ,желдетуді ұйымдастырудың ерекшеліктері. Жоспарлау шараларына маңызды орын беріледі.Мысалы 1 сыныпқа жататын жұмыстарды орындауға арналған нысандарды жоспарлау негізіне бөлмелердің болатын белсенді ластануы жәрежесі бойынша ,оларды 3 зонаға бөлу қағидасы қойылған.1 зона-белсенді ластанудың негізігі көздері болып табылатын жабдықтар,,бокстар,коммуникациялар және басқалар.2зона-адамдар кезең-кезеңімен жұмыс істейтін жөндеу тасымалдау бөлмелері орналасқан зона.3зона-қызметкердің тұрақты болатын бөлмелері.1 сыныпқа жататын жұмыстар жүргізілетін зертханалар мен мекемелердің бөлмелерінде жергілікті енбелі-сормалы және жалпы желдету жүйесімен ыстық камералар мен бокстар жабдықталады және оларға екі қысқа құбыр орнатылады.1,2,3 сынып жататын жұмыстарға арналған бөлмелер ыстық сумен жабдықталады.Раквинаға берілетін суға арналған крандардың араластырғыштары болуы қажет және олар аяқпен басатын педальмен немесе шынтақпен итеретін құрылғылар арқылы ашылуы қажет.1 және 2 сыныпқа жататын жұмыстарды жүргізетін жағдайларда канализацияның екі жүйесі қарастырылады:шаруашылық фекальдық және арнайы түрлері.Герметизация (Қымтау)-аппараттардағы,машиналардағы,құрылыстардағы,немесе сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардағы қабырғалар мен қосылыстардың өткізбеушілігін қамтамасыз етуге арналған. 103.Иондаушы сәулелермен жұмыс жасағанда жеке басты қорғайтын заттар.Жұысшылардың жеке бас гигиенасы.Арнайы киімдер мен жабдықтарды радиоактивті ластанудан тазарту.Радиоактивті қалдықтарды жинау,сақтау,зарарсыздандыру,көму. Ашық белсенді заттармен жұмыс істейтін бөлмелердегі жабдықтар мен жұмыс жиһаздарының беті және құрылысы,оларды жуатын заттармен жеңіл өңдеуге мүмкіндік беретіндей тегіс болуы қажет.Сыртқы беттері нитроэмальдармен немесе майлы сырмен сырлануы тиіс.Радияциялық қауіпсіздік жағдайын жасау жөніндегі қорғану шараларының кешенінде тыныс мүшелерін және теріні қорғауға арналған жеке басты қорғайтын заттар маңызды орын алады.Тек жеке жағдайларда В-сәулелендіргіштермен жәнежұмсақ рентген сәулеленуін шығаратын көздермен жұмыс істеген кезде органикалық шыныдан жасалған қалқандар және қорғасын араластырылған резеңкеден жасалған алжапқышар мен қолғаптар қолданылады.Жүргізілетін жұмыс сипатына байланысты,жеке басты қорғайтын заттардың бәрін шартты түрде күнделікті қолдануға арналған және қысқа мерзімді қолдануға арналған заттар деп бөледі.Күнделікті қолдануға арналған заттарға халаттар,камбенизондар,костюмдер,арнайы аяқ киім,шаңға қарсы респираторлар,ал қысқа мерзімді қолдануға арналған заттарға оқшаулаушы шлангалық және автономды костюмдер ,пневмокостюмдер,противогаздар жатады. 104.Санитариялық дозиметрлік бақылау.Емдік –профилактикалық шаралар. Дозиметірлік аспаптардың көпшілігі арнайы қолданылады,ол жеке сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігімен,сәулеленудің қарқындылығын өлшеу диапазонымен және қаттылықпен жүру ,яғни аспаптың көрсетуі сәулелену энергиясына байланыстылығымен анықталады.Әртүрлі сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігі аспаптың декторына байланысты .Доза қуаттарын нейтрондар ағынын немесе зарядтаоған бөлшектерді стационарлық немесе тасымалданатын аспаптармен өлшеу жолымен алынған иондаушы сәулеленулердің сыртқы өрістерін дозиметрлік бақылау мәліметтері ,әдетте қызметкердің сәулеленуге ұшыраудан алған дозаларын сипаттау үшін жеткіліксіз,себебі иондағыш сәулеленуің өрістері уакыт бойынша және кеңістікте өзгеріп отырады.Сондықтан қызметкердің сәулеленуге ұшыраудан жеке басының алатын дозасын бағалау үшін жеке адамдық дозиметрлер қолданылады.Қазіргі кезде кіші иондаушы камераларды немесе конденсаторлық камераларды ,фотопленкалардың арнайы сорттарын және термолюминсценттік детекторларды тағы басқаларды қолдануға негізделген жеке адамдық дозиметрлер белгілі.Сонымен қатар қазіргі кезде санитарлық практикада рентген кабинетінің қызметкері мен пациентінің жеке бастарының алған дозаларын бағалауда рентген-диагностика және рентген сәулесімен емдеу кезінде пациенттің алған эффективті дозасын келесі әдістерді қолданады.

105.Әскердегі жеке құрамның монша мен кір жуатын орындарына қойылатын гигиеналық талаптар. әскери гигиена(Военная гигиена; грек. hygieinos  сау, аурусыз)әскери медицина мен гигиена саласы. Оның міндеттері: әскери қызметшілердің денсаулығына және еңбеккеқабілеттілігіне қоршақан ортаның, түрлі факторлардың әсер-ықпалын зерттеу; әскердің ұрысқа қабілеттілігінеосы факторлардың жағымсыз әсеріне қарсы күрес шараларын табу; медициналық қамтамасыз ету бөлігіболып табылатын ғылыми негізделген нормалар, ережелер мен санитарлық-гигиеналық шараларды талдапбелгілеу.

Әскерде санитарлық қадағалау әскери-медициналық қызметпен ескертпелі және ағымды қадағалаумен, тағам, ауыз су, әскердің орналасу ауданы арқылы зақымдалудың алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.

Ағымды санитарлық қадағалауды жүргізген кезде медициналық қызметтің бастығы басқа да шаралардан бөлек келесі шараларды қолдануға міндетті:

  • тамақтану тәртібін дайындауда, тағамды дайындау және тағам сапасын жақсартуды ұйымдастырып, жүйелі түрде бақылау жүргізуге қатысуға;

  • ауыз судың сапалылығын бақылап, ауыз суды қолдануды жоспарлау және ауыз суды залалсыздандыруға;

  • бөлімнің, бөлмелердің және шаруашылық қызметтердің орналасқан ауданының санитарлық жағдайын бақылауға;

  • монша жұмысына және жеке бас гигиенасына бақылау жүргізуге.

  • Әскерді сумен қамтамасыз етудегі гигиеналық аспектілер физиологиялық, эпидемиологиялық, шаруашылық-тұрмыстық маңыздылығы жағымен медициналық қызметтің бақылауымен анықталады. Әскерде су шаруашылықта қолдануға, әскердің жуынуына, киім-кешектерінің жуылып санитарлық өңделуіне, дезинфекцияға, техниканың дезактивациясы мен залалсыздандыруына және т.б. шаруашылыққа қолданылады.

  • Әскердің ауыз су-шаруашылығына сумен қамтамасыз ету пункттері орналастырылады. Су көздері бар пункттерде әскерлер өздері табельді қолда бар заттарды қолданады. Суды тазартатын әскери заттардың бірі ЖАСС (жетілдірілген автомобильді сүзгіш станциясы) және т.б.

  • Бөлімнің медициналық қызметінің бастығы су көздерін барлауға күштер мен құралдарды бөледі, оның міндеті әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау және бұл пункттердің санитарлық жағдайын бақылау.

106.Әскерді дала жағдайында орналастырғанда жер учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар.Дала жағдайындағы үй-жайларға қойылатын гигиеналық талаптар. Сыртқы жағдайы адамдарға өзінің механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық, ақпарттық және басқа қасиеттермен әсер ететін қоршаған орта элементтерінің жиынтығынан құралады.

Механикалық факторларға машиналар мен механизмдердің қозғалатын бөліктері, газдарды қолдану мен алу объектілеріндегі қысымды жарылыстарды жатқызуға болады.

Физикалық факторлар тобына қоршаулар мен ауаның жоғары және төмен температурасы, жарық, ультракүлгін сәулесі, жоғары жиіліктегі электромагнитті өрістер, лазерлік сәулелер, иондаушы сәулелер, электр тогы, шу, діріл, қатты толқындар, газды - жалынды ағымдар, тербелу, удеу, жоғары және төмен барометрлік қысым және басқалар жатады.

Химиялық факторларға ауадағы әртүрлі зиянды қоспалар, киім мен терінің бетін ластайтын заттар, әртүрлі сұйық отындар түрлері, антидетонаторлар, лактарды, бояуларды, майларды еріткіштер, қозғалтқыштарды шаюға арналған сұйықтықтар, зиянсыздандыруға арналған ерітінділер (уайт-спирит, скипидар, бензин, дихлоратан т.б.), аккумулятор сұйықтығы, отынның толық жанбауының өнімдері және басқалар жатады.

Биологиялық факторлаға жабық баспаналар мен тіршілік етудің басқа да объектілерінде жиналған респираторлық аурулар мен туберкулез қоздырғыштары, қан сорғыш жәндіктер, улы жануарлар т.б. жатады.

Ақпарттық факторларға байланыстың әртүрлі каналдары бойынша және басқару пульттерінен түсетін табло, аспаптар шкаласынан берілетін сигналдар жатады.

Әлеуметтік-психологиялық факторлар тобын мыналар құрайды: әскери-саяси жағдай, соғыстың мақсаты мен міндеттерінің әділдігі, ұжымның болуы, адамдар арасындағы өзара қатынас, бірге жұмыс істейтін және бірге тіршілік ететін адамдардың психологиялық сәйкестігі, адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіптіліктің болуы, жанұядағы өзара қатынас.

Еңбек процесіне әсер ететін факторларға орындаушының немесе топтың еңбек іс-әрекетін қамтамсыз етуге арналған тиісті техникалық құралдармен жабдықталған жұмыс орны құрылымының ұтымдылығы жатады. Техникалық құралдарға ақпараттық құралдар (сызбалар, индикаторлар, сигнал берушілер, пульттер, табло т.б.), басқару құралдары (қосқыштар, басқыштар, басқару аспабы, батырмалар және т.б.), жұмыс орнындығы мен әртүрлі қосымша құралдар жатады.

Еңбектің сыртқы факторларының жұмысшыларға әсер ету қарқындылығы мен бағыты көптеген жағдайларға байланысты, мысалы: климаттық-географиялық және ауа райы ерекшеліктері (жергілікті жердің рельефі, флора, фауна, ауданның сумен қамтамасыз етілуі және т.б.), тәулік пен жыл уақыты; тіршілік ететін объекті немесе жұмыс орны (ашық кеңістік, жылжымалы машиналарда, жұмыс бөлмесінде); жұмыс орнының сипаты мен жабдықталуы (ауданы және кубатура, жылудың болуы, жарық жағдайы, су құбыры мен канализацияның болуы), жұмыс орнының геометриялық көлемінің оператордың антропометрлік көрсеткіштеріне сәйкес келуі, жұмыс орнының тұрақтылығына; дірілдің, тербелістің, ауыртпалықтың болуына; жұмыс орнының жарықталуына, қабырғалар мен байқалатын аспаптардың боялуына; байқау жүргізілетін аспаптардың санына; басқыштардың, қосқыштардың және басқа басқару аспаптардың жағдайы, олардың физикалық күштерге қарсылығы және т.б.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы әскери еңбектің гигиеналық жағдайы жасанды және табиғи факторлардың көптігімен сипатталады. Бұл факторларды анықтау, олардың жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін білу және осы зиянды факторлардың алдын алу үшін дәрігерден жоғары біліктілік пен қажыр-қайрат талап етіледі. Еңбек пен демалыс тәртібін жақсарту бойынша ұсыныстарды дәрігер тек еңбек процесі мен еңбек физиологиясы және гигиена саласындағы теориялық ілімдерді терең игеруі негізінде ғана жасай алады. Жалпы гигиеналық шаралар

Химиялық күйіктерді, үсулерді, газдар, булармен жедел және созылмалы улануларды, сыртқы ортаның басқа да факторларын алдын алу кешенді гигиеналық шараларды қажет етеді:

  1. Қоймалар мен базалардың территориясы барлық қажет объектілерді сиғызатындай болу керек. Жақсы желдетілу және елді мекендердің атмосфералық ауасы отындар газдарымен және буларымен ластанбау керек.

  2. Қоймалар мен базаларда отынды қабылдау мен босатуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, сұйықтықтардың буларының құйылуын болдырмайтын жабық түрдегі зымырандарды отынмен толтыратын тиісті техникалық жабдықтар мен құралдар болу керек. Бұл үшін техникалық құралдардың барлық жүйесі (эстакадалар, құбыр жолдары, насостар, резервуарлар және т.б.) саңылаусыз және мықты бітелген болуы керек.

  3. Жұмысшы бөлмелері кең, жарық, сору-ығыстыру және жергілікті желдету жүйесі болу керек. Едендері жұмсақ, тесіксіз, қышқылдар мен басқа ЗОК-не төзімді болу керек. Қабырғалары мен төбесі булар мен уларды сіңірмейтін материалдардан болу тиіс. Майлы бояумен бояу рұқсат етілмейді, эмальмен боялып, немесе плиткалар төселуі керек (майлы бояулар газдар мен булардың жоғары концентрациясын үздіксіз бөлуге қабілетті).

  4. ЗОК төгілген өнімдерін дұрыс жинауды қамтамасыз ететін арнайы қабылдау қондырғылары бар техникалық канализация құрылысы қажет. Бұл үшін солдаттардың бірі ЗОК-ін басқа ыдысқа ауыстырған кезде кездейсоқ төгілген улы заттарды неғұрлым тез шаю үшін қолданылатын шланганы ұстап тұруы керек.

  5. Әртүрлі механизмді қашықтықтан басқаруды пайдалануға тырысқан жөн. Жауынгерлер ұзақ уақыт болатын жұмыс орындары мұқият қабырғалармен қоршалып, жеке желдетілуі болу керек.

  6. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелер (гардеробтар, себезгілер, арнайы жұмыс киімдерін дегезациялау мен кептіруге арналған бөлмелер) толық көлемде болуы тиіс.

  7. Техникалық құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуі міндетті болуы керек (сальниктердің, сорғыштардың уақытында ауысуы).

  8. Қызметкер ЗОК-мен жұмысқа техникалық қауіпсіздік ережелерін “төрттен” төмен емес бағаға тапсырса ғана жіберіледі.

  9. Қорғану киімдері мен тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары (жеңіл түрдегі жұқа киімдер, газқағарлар т.б.) міндетті түрде қолдану керек. Қорғану жүйелерін пайдаланатын қызметкерлердің көңіл-күйін тексеру керек.

  10. ЗОК-мен жұмыс істейтін жеке құрам белоктармен байытылған (бауыр паштеті, балық консервілері, сүт немесе айран, жұмыртқа, поливитаминдер кешені) емдеу-профилактикалық тағамдарын алу керек.

  11. Патологияны уақытында табу үшін бір жылда екі рет толық медициналық бақылаудан өткізілуі міндетті.

107.Елді мекендерде әскерлерді орналастыру.Дамушы далалық ғимараттар:жылжымалы ,блокты-контейнерлі,үрлемелі.Қалдықтардыы жинау,жою.Әскери-медициналық қыметтің міндеттері. Әскери бөлімдер, бөлімшелер жекелеген жағдайларда мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының келісімі бойынша елді мекендердің әкімшілік үйлерінде, ғимараттар болмаған кезде – тұруға жарамды үй-жайларда уақытша орналасады. Уақытша орналасуға арналған елді мекендер әскери бөлім командирінің бұйрығы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық тұрғыда қолайсыз елді мекендерде орналасуға тиым салынады.

Үй-жайларға, алаңдарға орналасу алдында бөлімше командирі оларды тексеріп қарап шығады, содан кейін жеке құрамды, қару-жарақты және әскеритехниканы орналастырады.

Роталар (взводтар) мүмкіндігіне қарай шоғырлана орналасады.

Қару-жарақ пен әскери техниканы бөлімшелер бойынша, құрылыстардан тысқары жабық (бүркемелінген) алаңдарда немесе бастырмалардың астында орналастырады. Әрбір рота үшін оның орналасу шекарасы көрсетіледі. Соның шектерінде оған дәрістерді жүргізу үшін үй-жайлар мен жергілікті жер аймақтары бөлініп беріледі, сондай-ақ бөлімшелерді жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жиналу пункті тағайындалады. Ауыз су мен тамақ дайындауға арналған су тек сумен жабдықтауға арналған пункттерден ғана алынады; олардың ластануының алдын алу шаралары қолданылады, оларға тәулік бойы күзет қойылады.

Әрбір үй-жайда ол ішкі тәртіп пен үй-жайдағы мүліктің бүтін сақталуы үшін, үй-жайға іргелес аумақтың тазалығы үшін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы үшін жауап беретін басшы тағайындалады.

Елді мекенде уақытша орналасу кезінде қару мен оқ-дәрілер есіктерден, пештерден алыс, құрғақ жерде сақталады және тәуліктік наряд ұдайы күзетеді, киім-кешектер мен жарақтар осы үшін бейімделген орындарда орналастырылады. Жеке заттар мен ішкиім зат қапшықтарында сақталады.

Ішкі тәртіп пен әскери қызметшілерді сейілдеуге жіберу мәселелерінде казармалық орналасу үшін белгіленген ережелер сақталынуы тиіс.

Өртке қарсы күзет.

Барлық әскери қызметшілер өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуге, оны орындауға және өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге тиіс. Өрт пайда болған жағдайда әрбір әскери қызметші өрттен қорғанудың әскери командасын және құтқару жұмыстарын немесе өрт командасын шақыруға және қолда бар барлық құралдармен өртті сөндіруге, адамдарды, қару-жарақ пен әскери техниканы, мүліктерді және басқа да материалдық заттарды аман алып қалуға дереу шаралар қолдануға міндетті. Штаттық өрт командасы жоқ әскери бөлімде 5-15 адамға дейінгі штаттан тыс өрт командасы құрылады. Штаттық емес өрт командасының құрамына сарбаздар мен сержанттар тағайындалады. Командадан өрт наряды бөлінеді, ол өрт постарында тәулік бойы немесе әскери бөлімнің командирі бекіткен постар табеліне сәйкес, белгілі бір уақыт ішінде қызмет атқарады.

Өрт командасының жеке құрамы басқа нарядтарды атқарудан босатылады.

Өртке қарсы күзет және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы сонымен бірге өрт командасының бастығы болып табылады және бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады. Ол өрт командасының, өрт сөндіру құралдарының ұдайы даярлығы және әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамының өрт қауіпсіздігі талаптарына сай оқытылуы үшін жауап береді.

Қоршаған ортаны қорғау.

Әрбір әскери қызметші өзінің әскери қызметінің барысында табиғатты сақтауға және оның байлығын қорғауға міндетті. Бұл үшін ол әскери бөлімдегі ластаушы негізгі көздерді білуі және су ресурстарының, ауаның, жердің ластануын болдырмау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарда көзделген шараларды қатаң орындауға тиіс.

Өзінің іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесінде қоршаған ортаны ластауға жол берген әскери қызметшілер заңдарға сәйкес жауап береді.

Қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін әскри бөлімде тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия тағайындалады және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспары әзірленеді. Ол бүкіл құрамға жеткізіледі.

108.Әртүрлі типтегі фортификационды құралдар түсінігі және олардың қазіргі кездегі және соғыс жағдайындағы маңызы.Фортификационды типтегі үй-жайларда болуы.Жабық фортификационды мекемелердегі ауаның химиялық құрамы мен микроклиматыныңң ерекшеліктері және оның ағзаға әсері. «ММсИРАС» қолданудың әдістемелік негіздері

Топогравфиялық және тактикалық бағдарлауды сауатты өткізу қабілеті, шешім қабылдау, атыс дайындығын өткізу және артиллериялық от тапсырмаларын қайта орындау, әскери кафедрада аудитория және егістік сабақ  жағдайларында ең қиын қабылданатын тақырыптарды қайта өту. Кіші артиллерия еліктеу жиынтығы қазіргі компьютерлік техниканы педагогикалық үдерісте жоғарыда көрсетілген тақырыптар мен сабақтарды қайта орындау кезінде кеңінен мүмкіндік береді.

Негізі қасиеттері мен ерекшеліктері

Кіші артиллерия жиынтығы атыс және артиллерия отын басқару, лазер және жарылудың дыбыс еліктеу бойынша тактикалық дайындық, тактикалық жағдай және оңтайланған жергілікті-есептеу компьютерлік желісі көмегімен оқытуға арналған.  МАКИ-2007 жабық бөлмелер мен жердің шектеулі учаскелеріне арналған жаттығу және еліктеу құралдарына жатады. МАКИ-2007 оқыту барысында топтық сабақтарды, топтық жаттығуларды, тактикалық ұшуларды, сонымен қатар жаттығуларды, оқу және көрсету атыс, сынақ от тапсырмаларын орындау үшін қолданылады. МАКИ-2007 келесі функционалды мүмкіндіктері бар: 1. Экранда тактикалық белгілерді, тактикалық жағдайдың элементтерін, статика және динамика тактикалық жағдайының варианттарын, жұмыс карталарын, шешімдер мен ұсыныстарды, т.б. құру, сақтау және көрсету.

2. Жағдайдың лазер және дыбыс (жер макетінде) еліктеу және қарсыластың тактикалық әрекеттері мен мақсатты әскерлер (зақым объектілері) сонымен қатар қозғалатын, жарылыс снарядтары және миналар (сынық-фугастық жергілікті және әуе, жарық және агитациялық) жүзеге асыру. 3. От бөлімшелерінің  және артиллерия барлау құралдар қызметінің еліктеуін кванттық алыс өлшерін, түйіндес бақылау, РЛС СНАП, АРК түрінде, дыбыс барлау бөлімшелері; барлау-түзеу тікұшақтар. 5. «Түнде» және «күндіз» келесі от тапсырмаларын орындау: №3 кез келген әдіспен ату (дивизион – жәрдемші және әр); №4 – атысты әр әдіспен бақылау; №5 – колона, бөлек бақыланатын мотоәскер жылжымалы тобы, НЗО; нағыз және жалған репер (әр әдіспен) жердегі және әуедегі;

БППСТ ИПВЦ ЦИКЛІ

От дайындығы – ВУС 021101 жоғары оқу орындарының студенттер санынан запас офицерлерін дайындау бағдарламасына байланысты маңызды пәндердің бірі. Оның мақсаты – жеке құрамды үздіксіз әскери дайындықта қару-жарақпен жабдықталу және әскери тапсырмаларды орындау үшін қазіргі шайқас жағдайында қарсыласты жеңіп шығу үшін алдын ала ескерту және тиімді от жүргізуге үйрету. От дайындығының мақсаты: танк нысанашысын және командирін қиын тактикалық жағдайда өз бетімен от жүргізуге; – жеке құрамды қазіргі жалпы әскери айқас жағдайында бөлімше құрамында от тапсырмаларын орындауға; – ұйым командирлерін қарсыластарды отпен жеңуге және соғыс кезінде штат, қолдайтын бөлімшелерді (от құралдары) отпен басқару. Қазіргі қару және әскери техниканың от мүмкіндіктерін толығымен іске асыру үшін оқытылатын жеке құрам:

Білу керек: қарудың тағайындалуы, әскери және техникалық сапалары, қару жиынтығы, олапрдың құрылым принциптері және жұмысы; оларды соғыста пайдалану әдістері; эксплуатация ережелері; атыс негіздерін және ережелерін пайдалану;

-          Қару-жарақ, атысқа оқ-дәрі дайындауды білу, оларды үздіксіз әскери дайындықта ұстап, атыс кезінде болатын кідірісті болдыртпау; мақсат барлауын жүргізу және олардың алыстығын анықтау, дәл көздеп атуды жүргізу, бірінші атудан тию, атысты түзеу; қазіргі соғыстың әр түрлі жағдайында түнде және күндіз метеорологиялық және баллистикалық жағдайларды есепке алып атыстың барлық әдістерін қолдану. Одан басқа студенттер жауды отпен жеңу ұйымдастыруда, штат және соғыста от құралдарын қолдайтын отпен бақылауда білім және дағдыларға ие болу керек.   Оқыту тәжірибесінде ақырғы кездері әр түрлі оқыту-жаттығу құралдары кеңінен қолданылады. Штат қару-жарағымен әскери техникадағы оқыту осы техника, қару және оқ-дәрінің жоғары амортизациялық бағасымен шектеулі. Одан басқа әскери техника мен қаруда қаруланған кезде студенттердің әрекеттерін әрдайым бақылаудың мүмкіндігі болмайды, бөлек механизмдердің құралдарын қол жетімді болу сабақтарды жүргізу керек, атыс кезінде дұрыс  әрекеттерге үйрету, жөндемсіздік және қарулану кезіндегі қызмет көрсетуде кідірістерін болдыртпау. Осының бәрі оқытудың қарқындандыру үдерісін жоғарлату мен  жеке құрамда қысқа уақыт мерзімінде әр түрлі нысаналарды ату үшін кәсіби біліктерді дамыту болып табылады.

Нысаналарды жеңу еліктегіштің негізгі құндылығы мен ерекшеліктері (НЖЕ)

НЖЕ оқ-дәрі құртпай студенттерді әуе нысаналары бойынша зениттік-пулемет құрылғысынан-72 (ЗПҚ -72) жабық бөлмелерде (бокс, класс) коллиматорлық көздеуішті пайдаланып атыс жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол жеке құраммен қол жетімді болатындай сабақтарды өткізуге, жаттығу кезінде әрекеттерін бақылауға, жіберілетін қателердің алдын-алу мен оның себептерін анықтауға, әскери техникаға қарағанда студенттердің көп санын оқытуға болады. НЖЕ әскери кафедрасының аймағында (Сурет 1)  атыс даярлығының боксында орнатылған, бұл оқу орталығына бармай атыс даярлығы бойынша сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Оны құру жұмысы кезінде және оқу үдерісінде қолдану барысында осындай құрылғы жасау аналогы болмаған.

Жылжымалы нысаналарды ату електегіштің басты қасиеттері мен ерекшеліктері (ЖНАЕ)

ЖНАЕ оқытудың бірінші кезеңінде қымбат әскери техника, қарулану, оқ-дәрі және моторесурстарын қолдануын жеке құрамды шата қаруланудан атысқа үйрету кезінде қысқартуға болады, бұл оқыту үдерісін үнемдеуге көмектеседі. Сонымен қатар ол жеке құраммен қол жетімді болатындай сабақтарды өткізуге, жаттығу кезінде әрекеттерін бақылауға, жіберілетін қателердің алдын-алу мен оның себептерін анықтауға, әскери техникаға қарағанда студенттердің көп санын оқытуға болады. ЖНАЕ әскери кафедрасының аймағында (Сурет 1) ОП боксында орналасқан атыс даярлығының боксында орнатылған, бұл оқу орталығына бармай атыс даярлығы бойынша сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғының ата типі ИПЦ-1 болып табылады, оны дамыту жұмыстары жылжымалы нысаналарға танк қаруынан атыс жүргізу оқуларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл құрылғыны  дамыту жолдары

Бұл құрылғының дамыту және жаңарту жұмыстарын өткізу кезінде бірнеше жылжымалы нысаналардың негізінде құрылғы болу мүмкін, студенттерді оқыту барысында қарсыластың маңызды нысаналарын өз бетімен таңдап, ату керек.

ТПБТТ ЦИКЛ

Такелаждық құрылғының басты қасиеттері мен екершеліктері

Такелаждық құрылғы жеке құраммен демонтаж-монтаж жұмыстары, бронетанкті техника объекттерінде торап, агрегате, күш құрылғыларын алмастыру (Сурет 1) өткізумен байланысты техникалық дайындық бойынша сабақты қол жетімді және көрнекі түрде өткізуге мүмкіндік береді.

Такелаждық құрылғының жинамалы конструкциясы оның жөндеу орнына автокөлікпен тасыған соң тез ажырату мен жинауына мүмкіндік береді.

Электр жетегінің болмауы оқуларды немсе жөндеу жұмыстарын әр жерде, электр энергия көзісіз және электр құралдарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын бұзбау кезінде жүргізуге болады.

 109.Әскерді сумен жабдықтау гигиенасы.Жеке құрамды сумен қамтамасыз ету нормалары.Әскерлерді сумен қамтамасыз ету үшін су көздерін таңдау.Жер асты су көздерін алу үшін қолданылатын құрылғы. Сумен қамтамасыз ету жұмыстарының дұрыс жүзеге асырылуы жеке құрамның тұрмысы мен өмір жағдайына бірден-бір әсер ететін маңызды факторлардың бірі.Сумен қамтамасыз етудің негізгі міндеті – әскерді дер кезінде үздіксіз сумен қамтамасыз ету және оның бекітілген нормаларға сәйкес сапалық, сандық көрсеткіштерін қадағалау. Далалық жағдайда сумен қамтамасыз етудің арнайы әскери-далалық нормалары қолданылады.

Нормалар 2 компоненттен тұрады (кесте 1):

  1. Шаруашылық – ауыз қажеттіліктері үшін.

  2. Санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін.

  3. Қазақстан мен Орта Азия жағдайларында әскерді сумен қамтамасыз етуді санитарлық-гигиеналық бақылау ерекшеліктері. Орта Азия мен Қазақстанның климаты ыстық аудандары адамдарының суға деген жоғары қажеттілігін қанағаттандыру, олардың қалыпты өмір сүруінің басты жағдайы болып табылады. Суға деген қажеттіліктің өсуі жылдың ыстық уақытында жылу алмасуда басты рөл атқаратын булану мен тердің түзілуі шығынына байланысты. Ыстық климат жағдайлары организмдегі зат алмасу процестерінің қарқындылығы мен сипатына әсер етеді. Сыртқы ортаның жоғары температурасына қарқынды инсоляция мен бұлшық ет күшінің жұмсалуы (жылу өндіру), бәрінен бұрын жылу реттеу аппаратына үнемі күш түсіреді. Бір тәулікте жылу бөлу 8-10 л дейін жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда әскерді жеткілікті сапалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету – бірінші дәрежелі маңызды міндет.

  4. Ыстық климатта суды қолданудың тәртібі мен нормасы туралы мәселе ұзақ уақыт талқылауға түсіп, өзінің шешімін тапты. Қатты терлеу организмнен көп мөлшерде сумен минералдық тұздардың, әсіресе хлорлы натрийдің шығарылуын туындатады. Организмдегі суды ұстап тұратын хлоридтер қоры азайған соң, ішілген тұщы су тек тер мен нәжіс арқылы шығарылып отырады. Термен бірге организмнен тұздардың шығарылуының нәтижесінде дегидрадация және деминерализация процестері жүре бастайды. Шөлдеген сайын ішілген тұщы су дегидратация мен деминерализацияны күшейте түседі.

  5. Сондықтан, судың организмнен шектен тыс көп бөлінуімен күресу үшін ішілетін судың мөлшерін азайтып, шығарылған тұздың орнын толтыру қажет. Дегенмен соңғы 10-15 жыл ішінде отандық және шетелдік ғалымдардың әскерге жүргізген эксперименттік зерттеулері мен байқаулары ыстық уақытта адамның теріс су балансының демалу кезінде қайтадан қалпына келетінін көрсетті. Тердің 40-50%-і бөлінуі ішер судың мөлшерін көбейтеді, егер су ішу шектелмесе, онда ыстықта жұмыс істеп жүрген адамдар тәуліктің жартысында дегидратация жағдайына душар болады.

110.Әскери жағдайда санитарлық ережелерге сай суға қойылатын талаптар.Судан сынама алу және зертханаға жіберу ережелері. Дала жағдайында ауыз судың сапасына қойылатын талаптар.

Көрсеткіш

Рұқсат етілген мөлшер

1

Улы заттардың максималды рұқсат етілген шамасы: ядролық жарылыс өнімдері, мкКи/л

20 артық емес

2

Микробиологиялық көрсеткіштер:

- жалпы колиформалы бактериялар, ЖКБ/100 мл-де

Болмауы керек

- жалпы микробтық сан, ЖКБ/1 мл-де

100 артық емес

Колифагтар, ЖКБ/100 мл-де

Болмауы керек

3

Органолептикалық көрсеткіштер:

Мөлдірлігі, см

20-дан артық емес

Түстілгі, град.

35-тен артық емес

Лайлығы (бұлыңғырлығы), мг/л

2-ден артық емес

Иісі, балл

3-тен артық емес

Дәмі, балл

3-тен артық емес

Белсенді қалдық хлор, мг/л

0,8-1,2

4

Химиялық көрсеткіштер:

- мыс, мг/л

3-тен артық емес

- хлоридтер, мг/л

350-ден артық емес

- нитраттар, мг/л

45-тен артық емес

- минералдануы (құрғақ қалдық), мг/л

1500-ден артық емес

Ескертпе: 1)УЗ мен РБЗ ШРЕК-сы тиісті нұсқаулықтарда келтіріледі;

2) Нақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бақыланатын көрсеткіштердің көлемін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекітеді.

Судың сапасын нормалау принципі: су қолдануға жарамды болу керек, эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық тұрғыдан зиянсыз болу керек, жеке құрамды қатардан шығармауы керек. Сондықтан нормаларға қойылатын талаптарда далалық жағдайларда сапасы нашарлау суды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Суды зерттеу су көзінен және жуық маңайдан уландырғыш заттарды анықтаудан басталады, ал одан кейін жергілікті байқау нәтижелері мен органолептикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша суды бағалайды. Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз ету арнайы пункттер арқылы іске асады. Сумен қамтамасыз ету пунктері – бұл суды өндіретін, өңдейтін, сақтайтын және бөліп тарататын арнайы жабдықталған орын. Пункт ұсақ түтікті құдықтар, артезианды скважиналар және ашық су қоймалары базасында орнатылады. Су пунктін ротада, батальонда, полкта, бригадада, армияда орнатуға болады. Ұсақ су пунктері ротада, полкта өз күштерімен орнатылады. Ірі су пунктері бригадада және одан жоғары құрамдарда инженерлік әскер құрамына кіретін арнайы сумен қамтамасыз ету бөлімдері, рота, батальон күштерімен орнатылады.

111.Суды радиоактивті заттарға тексеру.Дала жағдайында суды залалсыздандыру және тазалау.Дала жағдайында әскерлерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.Сумен қамтамасыз ету орталығы түсінігі. Әр түрлі соғыс жағдайларында әскерді сумен қамтасыз етуді ұйымдастыру. Жаппай жою қаруы қолданылмайтын шабуылдарда суы мол жерлерде орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Бұнда полкта 5-6 пункт, ал бригадада 20-25 пункт орнатылады.

Жау жаппай жою қаруын қолданған жағдайда, шабуылдарда орталықтандырылған пункт ұйымдастырылады. Мұндай полкта 1-2 пункт (біреуі ВФС – әскери сүзу станциясы базасында, екіншісі маталы көмір сүзу (ТУФ) базасында), ал батальонда тек су болатын пунктер орнатылады. Бригадада орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде полктағы мен қоса тағы 2-3 МАФС-3 және ПБУ-50 базасында жылжымалы бұрғылау қондырғысымен ірі пункт орнатылады. Жаппай жою қаруын қолданған шабуылдарда сумен қамтамасыз ету келесі түрде жүргізіледі:

  1. судың артық қорын қолдану жолымен

  2. тылдағы су пунктерінен тасу жолымен

  3. әскери көлікке бекітілген су көздерін пайдаланып су пунктерін ұйымдастыру жолымен.

Әскер бекінген аудандарда шабуылда барлығы өз ыдыстарын сумен толтыруы тиіс (АВЦ-28 автоцистерналары, АВЦ -15, термостар, флягтар т.б.). Шабуыл кезінде су пунктерін, шабуылға шығатын бөлім нормаларға сәйкес сумен жабдықтала алатындай етіп орналастыру керек. Шабуылға шыққан әскер соңынан үнемі сумен қамсыздандыру пункттері жүріп отыруы тиіс. Тікелей су көзінен су алуға болмайды. Полкта 1-2, бригадада 3-5 су пунктері болады. Қорғаныста орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етіледі. Ұзақ уақыт әскер құрамында болатын адамдар үшін суға қажеттілігі шамамен бір тәулікте 3-5 л болуы керек. Далалық типтегі баспаналарда ең аз қажеттілік тәулігіне 2 литр. Судың артық қоры РБЗ, УЗ, БЗ-дан қорғалған арнайы резервуарларда сақталуы тиіс. Маршта сумен қамтамасыз ету түнеген жерде болсын, жүрген жерде болсын судың мөлшері және сапасымен анықталады. Судың 75%-і түнейтін жерде, 25%-і ұзақ демалған кезде пайдаланылады. Әскердің демалатын жерге келуіне 30 минут бұрын әр адамға 0,5 л су дайындау керек.

Мәңгі мұз басқан (вечная мерзлата) аймақта сумен қамтамасыз етуде мұзды, қарды пайдаланады.

Тауда сумен қамтамасыз ету. Мұзды, қарды, бұлақтарды пайдаланады. Тауда ұзақ болған кезде және еріген қар суын пайдаланғанда 1 шелек суға 0,3 г езілген әк пен 1 г хлорлы натрий қосады.

Шөл далада сумен қамтамасыз ету. Минерализацияланған су, сульфаты көп су еріген ағын суға бірте-бірте (8-10 күн) айналады. ПОУ-3 (жылжымалы тазарту қондырғысы) бір сағатта 3,5 м суды дистиляциялайды. Суы аз, шөл далалық жерлерде әскер жүрген жерінде суды бөлу пунктері ұйымдастырылады.

Судың уландырғыш және радиобелсенді заттармен бүліну мәселелері. Қазіргі заман соғыс жағдайында су көздерінің уландырғыш заттармен бүліну қаупі жоғары. Осы мақсатта авиация, артиллерия және минометті оқ жаудыру қолданылуы мүмкін (алаңдарды уландырғыш заттармен суландыру немесе тозаңдау, авиахимиялық бомбаларды пайдалану).

суды ластауы мүмкін. Неғұрлым қауіптісі тері-ірің әсері бар УЗ (иприт, лючзит, трихлотриэтиламин, метилдихлорамин және басқа). Дифосген, көгертетін қышқыл да суды ластауы мүмкін. Уландырғыш заттармен аса зиянды деңгейде бүлінуге тек шағын су қоймалары (құдықтар, тоғандар, резервуардағы су қоры) ұшырауы мүмкін.

Үлкен су қоймалары (өзен-көл, су қоймасы) қазіргі кезде белгілі уландырғыш заттардың көп бөлігінің аз ерігіштігінен және улы концентрация түзілу әбден мүмкін еместігінен бүлінбейді. Судың химиялық бүліну мүмкіндігі бәрінен бұрын уландырғыш заттың түрімен және оның қасиетімен анықталады. Газ тәрізді және бу түріндегі УЗ суға әсер ете алмайды. Улы түтіндер (дифениламинохлорсин, дефенилхлорасин, дефенилциарсин) концентрациясы жоғары болғанда және ұзақ уақыт әсер еткенде жағдайда.

112.Далалық жағдайда әскерлерді сумен қамтамасыздандаруын санитарлық қадағалау жүргізу және ұұйымдастыру негізі.Далалық жағдайда әскелердің сумен қамтамасыздануын ұйымдастыруда инженерлік және химиялық әскерлердің міндеттері мен медициналық және азық-түлік сату қызметі. Далалық жағдайда әскерді сумен қамтамасыз ету ерекшеліктері. Әскерді сумен қамтамасыз ету қызметінің міндеттері: сумен қамтамасыз етудің ұйымдастыруда жалпы жауапкершілікті бөлім командиріне жүктейді. Тікелей орындаушылары: инженерлік, химиялық әскерлер, тыл қызметі, медициналық қызмет.

  1. Сумен қамтамасыз ету пункті мен суды тарату пунктерінен суды жеткізу тыл бойынша байланыс командирі орынбасарының міндетіне кіреді, ол суды тарату мен сақтауға жауап береді.

  2. Инженерлік қызметтің міндеттері:

  • суға барлауды ұйымдастыру мен оған толық жауапкершілік алу;

  • суды өңдеу мен тазалау;

  • суды тазалаудың табельді құралдары мен қол құралдарын пайдаланатын сумен қамтамасыз ету пунктерін құру;

  • дезактивация мен уландырғыш заттардан зиянсыздандыру бойынша шараларды орындау жұмыстарын инженерлік әскердің арнайы бөлімімен орындалады (суы терең орналасқан суы аз аудандарда).

  1. Химиялық қызмет сумен қамтамасыз ету пунктерін құру аудандарында химиялық және радиациялық барлауды жүргізу.

  1. Медициналық қызметтің міндеттері:

  • су көзін барлауға қатысқанда:а)су өндіретін аудандар жағдайын (УЗ, РБЗ, БЗ ластануы); ә)су көзіндегі судың сапасын бағалайды; б)суды қолдануға қорытынды береді; в) санитарлық қорғау аймағын анықтайды;

  • пункттерде суды тазалағаннан кейін оның сапасын бағалау;

  • әскердің сумен жабдықталуын бақылау және ауыз суының уақытша нормаларын жасауға қатысу;

  • қарапайым сумен қамтамасыз ету пунктерінде суды залалсыздандыру бойынша инструктаж жүргізу;

  • пункте қызмет көрсететін персоналдың денсаулығын бақылау;

  • жеке құрамды суды залалсыздандырудың дербес құралдарымен қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]