- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:
Радиациялық қағидалар іске асу үшін келесі талаптардың орындалуын тексеру жолымен жүргізілуі тиіс.
Негіздеу қағидасы (иондаушы сәулелену көздерін пайдалану кезінде адамның және қоғамның алатын пайдасы, оларды қолдану кезіндегі адамның және қоғамның алатын пайдасы, оларды қолдану кезіндегі ТРФ-қа қосымша сәулеленуге ұшырауы келтіретін қауіп- қатер мүмкіншілігінен аспайтын болса, оларды пайдалану жөніндегі барлық іс-әрекеттерге тыйым салу) сәулеленудің жаңа көздерін және радиациялық нысандарды жобалау, лицензия беру, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді дайындау және бекіту туралы, сондай-ақ оларды пайдалану жағдайлары өзгерген кезде, өкілетті органдар шешім қабылдайтын сатысында қолданылуы тиіс.
Қолайлы ету қағидасы әлеуметтік және экономикалық факторларды ескеріп, сәулеленуге ұшыраудан алатын жеке адамның дозасын, және ұжымдық дозаны да мүмкіндігінше төмен (НРБ-99 бекіткен шектерден төмен) және қол жеткізерлік деңгейде ұстауды қарастырады.
Нормалау қағидасын адамдардың сәулеленуге шалдығу деңгейіне қатысы бар барлық адамдар сақтауы тиіс. Бұл қағида азаматтардың иондаушы сәулеленудің барлық көздерінен сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңымен, РҚН-99 және басқа да радиациялық қауіпсіздік нормативтерімен бекітілген жеке адамдарға арналған доза шектерінен асырмауды қарастырады.
Сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында сәулеленуге ұшырайтын адамдардың келесі санаттары белгілі:
қызметкер (А және Б тобы);
бүкіл халық және оның ішінде өндірістік жұмыс сферасы мен жағдайынан тыс уақытындағы қызметкер қатарындағы адамдар.
Сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санаттары үшін нормативтердің келесі үш сыныбы орнатылған:
негізгі доза шектері (ДШ);
негізгі доза шектерінің туындылары болып келетін монофакторлық әсердің (бір жолмен радионуклид үшін немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін) рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділік (РЕКБ), рұқсат етілген орташа жылдық меншікті белсенділік (РЕМБ) және басқалар;
бақылауда тұрған деңгейлер (дозалар, деңгейлер, белсенділіктер, ағын тығыздықтары).
Сәулеленуге ұшыраудың негізгі доза шектеріне табиғи және медициналық сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалар, сондай-ақ радиациялық апат салдарынан алатын дозалар кірмейді. Оларға арнайы шектеулер орнатылады.
Қызметкердің жұмыс істейтін кезеңіндегі (50 жыл) эффективті дозасы -1000 мЗв
Халық үшін бүкіл өмір сүретін кезеңінде (70 жыл) - 70мЗв аспауы қажет.
Адамға бір мезгілде ішкі және сыртқы сәулеленуге ұшырататын көздері әсер еткен кезде жылдық эффективті доза орнатылған доза шектерінен аспауы қажет.
100. Сәулеленудің жабық көздерімен жұмыс әстеу кезіндегі қорғану қағидалары.Сәулеленудің ашық көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қорғану қағидалары. Радионуклидтердің радиоуыттылығы . ИС ашық көздерімен жұмыс жасау топтары.
. Ашық түрде пайдаланылатын радионуклидтерді шығындау сәулелену көздерін есепке алу мен сақтау және өндірістік радиациялық бақылау үшін жауапты адамдардың қатысуымен жұмысты атқарушылар жасайтын ішкі актілермен ресімделеді. Ұйымның радионуклидті сәулелену көздерін шығындау және шығысқа жазу туралы актілерді ұйым әкімшілігі осы санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді. 71. Ұйым басшысы тағайындаған комиссия жыл сайын радиоактивті заттарға, радиоизотопты аспаптарға, аппараттарға, қондырғыларға түгендеу жүргізеді. Түгендеу комиссиясының құрамына есепке алуға, сақтауға жауапты адамдар, сондай-ақ әкімшілік пен бухгалтерия өкілдері кіреді. Жұмыстар көлемі үлкен болған жағдайда сәулелену көздері бар ұйымның әртүрлі бөлімшелеріне бір уақытта түгендеу жүргізу үшін әкімшіліктің қарауы бойынша түгендеу жұмыс комиссиялары құрылады. Түгендеу комиссиясы: 1) сәулелену көздеріне ілеспе құжаттардың (паспорттар, сертификаттар, тапсырыс-өтінімдер) бар жоғына тексеруді; 2) кіріс-шығыс журналындағы сәулелену көздерінің сипаттамалары жазбаларының ілеспе құжаттарда (паспорттар, сертификаттар) көрсетілген деректермен сәйкестігін тексеруді; 3) пайдалану және/немесе сақтау орындарында сәулелену көздерінің нақты бар болуын және алынған деректердің кіріс-шығыс журналындағы жазбалармен, сондай-ақ бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкестігін тексеруді; 4) сәулелену көздерін алу, шығындау, табыстау, сондай-ақ орнын ауыстыру, жұмысты орындау кезінде бухгалтерлік есептің және кіріс-шығыс журналындағы жазбалардың дұрыстығын тексеруді; 5) карта-схемалардың қоймада (сейфте) орналасқан радионуклидтік көздердің, стационарда орналасқан радиоизотопты аспаптардың (бұдан әрі – РИА), нақты орналасуына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Сәйкессіздік анықталған жағдайда карта-схемаларға тиісті өзгерістер енгізіледі. Сәулелену көздерін түгендеу нәтижелері бойынша комиссия түгендеу актісін ресімдейді, оған түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және ұйым басшысы бекітеді, мөрмен куәландырады. Сәулелену көздерінің ұрлануы мен жоғалуы анықталған жағдайда, әкімшілік дереу жоғары тұрған ұйымды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен лицензиялаушы органды хабардар етуі керек. 72. Сәулелену көздерін сақтауды және тасымалдауды қолданыстағы стандарт талаптарына сәйкес заттар мен материалдардың біртектестігі қағидаты бойынша жүзеге асыру қажет. 73. Жұмысқа пайдаланылмаған сәулелену көздері олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларға бөгде адамдардың қол жетуіне жол бермейтін арнайы бөлінген орындарда немесе жабдықталған қоймаларда сақталады. Қоймада сақталатын радионуклидтердің белсенділігі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыда көрсетілген мәндерден аспауы тиіс. 74. Ұйымның аумағынан тыс сәулелену көздерін, соның ішінде далалық жағдайларда пайдаланылатын гамма-дефектоскопиялық аппараттарды уақытша сақтау қоймаларына сәулелену көздерімен жұмыс жағдайларының санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі. Осындай қойманың немесе оның бөгде адамдардың қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын қоршауының бетіндегі дозаның қуаты 1,0 мкГр/сағ аспауы тиіс. Ашық алаңдарда және көлік ұйымдарының ортақ қоймаларында радиоактивті заттардың қаптамаларын уақытша сақтауға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда жол беріледі. 75. Арнайы жабдықталған қойма үй-жайлары ғимараттың астыңғы белгілерінің деңгейінде (cу баспайтын жертөледе, бірінші қабатта) орналастырылады. 76. Ашық сәулелену көздерін сақтауға арналған үй–жайлардың әрленуі мен жабдықталуы тиісті сыныптағы жұмыстарға арналған үй-жайларға қойылатын, бірақ ІІ сыныптан төмен емес талаптарға жауап береді. 77. Радионуклидтік сәулелену көздерін сақтауға арналған құрылғылар (қуыстар, құдықтар, сейфтер) жекелеген сәулелену көздерін салу немесе алу кезінде персоналдың басқа сәулелену көздерінің сәулесіне ұшырамайтындай етіп құрастырылған болуы тиіс. Радиоактивті заттар бар секциялардың есіктері мен қаптамалары (контейнерлері) оңай ашылады және радионуклид атауы мен оның белсенділігін көрсететін айқын таңбасы болады. Радиоактивті сұйықтар бар шыны сыйымдылықтар металл немесе пластмасса қаптамаларға салынады. 78. Сақталу кезінде радиоактивті газдар, бу немесе аэрозолдар бөлініп шығуы мүмкін радионуклидтер жанбайтын материалдардан жасалған сыртқа тарату шкафтарында, бокстарда, камераларда түзілетін газдарды бұрғышы бар, желдету жүйелерінде тазартқыш сүзгілері бар жабық ыдыстарда сақталады. Қойма тәулік бойы жұмыс істейтін сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Белсенділігі жоғары радиоактивті заттарды сақтау кезінде оларды салқындату жүйecі көзделеді. Бөлінетін материалдарды сақтау кезінде ядролық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі. Тез тұтанатын немесе жарылыс қаупі бар материалдарды сақтау кезінде олардың жарылыс және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар көзделеді. 79. Радионуклидтік сәулелену көздерін үй-жайлардың ішінде, сондай-ақ ұйымның аумағында тасымалдау сәулелену көздерінің нақты күйін, олардың белсенділігін, сәуле түрін, қаптама көлемдері мен массасын ескеру арқылы қауіпсіздік жағдайларын сақтай отырып, контейнерлермен және қаптамада жүргізіледі. 80. Радиоактивтік заттар мен ядролық материалдарды ұйымның шектерінен тыс тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдарына тасымалдау құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі. 81. Сәулелену көздерін тасымалдауға арналған көлік құралдары қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкес жүктің қауіптілігінің қауіпсіздік белгілерімен, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес сигнал бояулармен жабдықталады.
