- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
Балалар денсаулығының жағдайына байланысты 5 топқа бөлінеді.
І топта денсаулығында ауытқулары жоқ, бақылау уақытында ауырмаған балалар.
ІІ топта – жиі ауыратын балалар, морфологиялық жетілмегендігіне байланысты функциональды ауытқулары бар балалар.
ІІІ – V топта – созылмалы аурулары немесе ақаулары бар балалар компенсация, субкомпенсация,декоменсация жағдайларында.
І топтағы балаларға келесі алдын алу шараларды жүргізіледі:
А – күн тәртібін сақтау.
Б – тамақтану рационын кеңейту.
В – шынықтыру
Г – егулер.
Д- календарлы диспансеризация
Е – лабораториялық тексерулер.
ІІ – топтағы балаларға арнайы сауықтыру шаралары жүргізіледі.
ІІІ – V топтағы балалар диспансерлік есепке алынады. № 30Форма толтырылады, педиатр және басқа мамандармен бақыланады.
95. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Денс.туралы түсінік. Денс. Жағд.бағалау критерийлері.Бал.мен жасөс.денс.топтары. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті — өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:
1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;
2) табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады.
3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.
Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:
-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;
-эргометрия;
-есепті шығару әдісі;
-телеметрия;
-антропометрия.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.
97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жазғы салауаттандыру мекемелеріне ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау жүргізеді.
Ең алдымен барлық бақылауға жататын жазғы салауаттандыру орындары тізімге алынады. Ол үшін әрбір лагерьдің нақты санитарлық жағдайын көрсететін санитарлық төлқұжат толтырылады. Ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау жүргізген кездерде қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Жыл сайын әрбір салауаттандыру мекемесіне, балалардың жазғы демалыс кезеңінде қажетті санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін, жоспар-тапсырма жасалады. Оның негізінде:
а) қажетті нормалық құжаттардың мәліметтері;
б) объектінің санитарлық төлқұжаттары;
в) объектінің ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау мәліметтері;
г) мекемеге қызмет ететін педиатрлардың есеп беруі т.б. алынады;
Өте үлкен қаржы бөлінуін қажет ететін, үлкен көлемдегі жұмыстарды (тұрғын корпустар, жүзу бассейндерін салу т.с.) бір жылға немесе одан да көбірек уақытқа жоспарлауға болады. Мұнда жұмыстың аяқталу мерзімі, орындалу кезеңдері талқыланады. Мұндай жоспар-тапсырмалардың дұрыс жасалуы үшін, санитарлық дәрігерлер күнделікті санитарлық бақылау жұмысы кезінде анықталған кемшіліктерді, әсіресе сумен қамтамасыз етілуі, канализация, жылу жүйесі және санитарлық жайластыру жағдайлары ескерілуі керек.
Мұнда белгілі деңгейдегі мәліметтерді педиатрлардың есеп берулерінен алуға болады. Есеп беру қағаздарын уақытында талдап, онда көрсетілген кемшіліктерге, объектінің санитарлық жағдайына қатысты сұрақтарды, денешынықтыру тәрбиесіне, тамақтану жағдайына және т.б. сұрақтарды қосып, кемшіліктерді түзетуге арналған арнаулы үлгі жасалып лагерь дәрігерлеріне таратылып беріледі.
Комиссия лагерьдің даярлық дәрежесін тексеріп, "Балаларға арналған сала-уаттандыру лагерін қабылдау актісін" жазады.
Әрбір маусым ашылар алдында, СЭС бас дәрігерінің қолы қойылған балаларды ла-герьге қабылдауға рұқсат қағаз беріледі. Әрбір маусым ұзақтығы 21-26 күн. Лагерьге қосымша бала қабылдау жұмысы да СЭС рұқсатымен жүргізіледі. Екі кезеңнің арасында жалпы санитарлық жуып-тазарту жұмыстарын жүргізу үшін 2 күндік үзіліс болуы керек.
Салауаттандыру лагерінің өзіне арналған - құрғақ, таза, жақсы желдетілетін және күн сәулесі жақсы түсетін жер учаскесі болуы керек. Учаскенің шекарасы мен тұрғын жайлардың ара қашықтығы 500м кем болмауы керек. Учаскеге баратын ыңғайлы жолдар қарастырылуы керек.
Лагерь территориясында негізгі құрылыс учаскесі және қызмет ететін ғимараттарға (инженерлік құбырлар, шаруашылық, қызметкерлердің тұрғын үйі, жеке көлік тоқтайтын автоаялдамалар) арналған учаске бөлінеді. Негізгі құрылыс учаскесі төмендегідей функционалдық зоналарға бөлінеді: тұрғын үй, мәдени-тұрмыс, денешынықтыру-салауаттандыру, әкімшілік-шаруашылық, техникалық. Негізгі құрылыс учаскесі биіктігі 0,9м кем емес қорғанмен қоршалып, оған кіретін екі жол - негізгі және шаруашылық жолдары болуы керек.
Лагерьдің асхана блогында сыйымдылығына қарамастан, тағам даярлауға арналған цехтардың толық жиынтығы болуы керек. Асхана блогына қойылатын талаптар, қоғамдық тамақтану орындарына арналған санитарлық ережелерге сәйкес болуы керек.
