Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.

Ауруханалық инфекцияның алдын алуда, жеке бас гигиенасын және асептика ережелерін сақтау өте маңызды. Ауруханаға жұмысқа алынатын адамдардың барлығы міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Ас блогында жұмыс істейтін адамдар мен науқастарға тікелей қызмет көрсететін кіші медицина қызметкер, ай сайын медициналық тексерулерден өтеді, ал алты айда 1 рет бациллотасымалдаушылыққа тексеріледі. Жұқпалы аурулармен ауырған, инфекциялы жарасы бар, терісінде, жоғарғы тыныс жолдарында және басқа жерлерінде іріңді аурулары бар, жедел респираторлық аурулары бар адамдар жұмысқа жіберілмейді. Науқастарға қызмет көрсететін медициналық персонал, күн сайын және кенеттен ластанған жағдайларда ауыстырып киюге жеткілікті жұмыс киімдерімен (халаттар, телпек, косынка, шәркей, т.б.) қамтамасыз етілуі қажет. Киімдерін өзінің жеке шкафтарында сақтайды, жуу орталықтандырылған, бірақ науқастардың киімдерінен бөлек. Акушерлік және жұқпалы аурулар бөлімінде, операциялық блокта сабақ өтетін студенттер және басқа бөлімдерден келген дәрігер-консультанттар, техникалық және әкімшілік қызметкерлері де, ауыстырып киетін санитарлық киіммен қамтамасыз етілуі қажет. Медицина қызметкерлері жұмысқа келгенде, сыртқы киімін шешіп, қолын сабындап жуады, содан кейін өзіне арналған жұмыс киімін (халаттар, телпек, орамал, аузына және мұрнына дәкеден жасалған таңғыштарын, шәркейлер, т.б.) киеді. Жұқпалы аурулар бөлімінің және басқа кейбір бөлімдердің қызметкері жұмысқа келгенде және кетерінде санитарлық өткізгіштен өтеді. Операциялық және босану залдарында жұмыс істейтін қызметкер де, жұмысты бастаудың алдында міндетті түрде, санитарлық өңдеуден өтеді. Операцияға қатысатын медицина қызметкерлері қолдарын хирургиялық өңдеуден кейін, операция жасайтын бөлмеде стерильді киім, бахилла, маска киіп, жұмыс істейді. Стерильді ауыз-мұрын таңғыштарды (маскаларды) әйелдер босанатын залдарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері де қолданады. Дәрігерлер, медбикелер, акушеркалар әрбір науқасты қараудың алдында немесе ем-шаралар жасау алдында және «кір» жұмыстар (бөлмелерді жуып-тазалау, науқастардың киімдерін ауыстыру, дәретханаға барғаннан соң, т.б) орындағаннан кейін, міндетті түрде қолдарын екі рет сабындап жууы тиіс.

92.Күн тәртібінің физиологиялық негіздері .Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың күн тәртібі . Дене шынықтыру түрлері ,құралдары және қағидалары. Дене шынықтыру топтары . Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Балалар мен жасөспірімдердің дамуы және оларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың әр түрлі әрекет түрлерін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады. Өскен сайын ол әрекеттердің мазмұны, күрделілігі, әр түрлілігі және ұзақтығы кеңейеді. Кез келген жұмысты орындау барысында, заңды түрде, субьективті шаршау сезімімен, жұмысқа қабілеттілігінің және ағзаның негізгі жүйелерінің функционалдық белсенділігінің төмендеуімен сипатталатын, уақытша қайтымды үрдіс – қажу дамиды. И.М. Сеченов пен И.П. Павлов пікірі бойынша, қажу – жұмыс істеп тұрған мүшелерден импульстардың үздіксіз түсуінен, ми қыртысы жасушаларының функционалдық әлсіреуіне байланысты. Қазіргі көзқарастар бойынша, қажудың дамуы жүйке орталықтарының функционалдық өзгерістеріне де және қыртыс пен қыртыс астылық бөлімдер арасындағы өзара әрекет етуінің бұзылыстарына да, сондай–ақ, шеткі мүшелердің, мысалы, шамадан артық жүктемені орындағандағы, көлденең жолақты бұлшықеттің, біріншілік функционалдық әлсіреуіне де байланысты болуы мүмкін. Қажудан пайда болатын, ағзаның функционалдық жағдайындағы өзгерістер ұйқыдан және жеткілікті демалудан кейін тез қалпына келеді.

Бірақ, жүктеменің көп болуы, жеткіліксіз демалу, адамда қандай да бір аурудың болуы кезінде, қажудан пайда болған өзгерістер қалпына келу кезеңінде коменсацияланбай, жиналады да, зорығуға әкеледі. Зорығу, қажумен салыстарғанда, жүйкелік–психикалық және вегетативтік бұзылыстармен, ағзаның резистенттілігімен жұмыс қабілеттілігінің айқын және ұзақ төмендеуімен сипатталатын, физиологиялық емес, патологиялық үрдіс.

Зорығу әдеттегі демалу немесе ұйқыдан кейін қалпына келмейді, оны жою үшін тиісті емдеу жүргізу қажет болады. Сондықтан, зорығу дамуының алдын алу шараларының маңызы өте зор. Аурулардың, сонымен қатар, қажу мен зорығудың алдын алу шаралары жүйесінде балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібі жетекші рөл атқарады.

Күн тәртібі деп, негізгі тіршілік үрдістеріне: ұйқы, тамақ қабылдау, әр түрлі іс–әрекеттерге тәулік ішінде бөлінген уақытты және олардың ұзақтығы мен мазмұнын түсінеді. Үнемі күн тәртібін сақтау, ағзаның осы тәртіптегі тіршілік ету бағдарламасын іске асыратын, шартты рефлекстер жүйесінің, яғни, динамикалық стереотиптің, пайда болуына және бекітілуіне әкеледі. Атап айтқанда, тағам қабылдау, ұйқы, жұмысқа кірісу және тағы басқаларға бөлінген уақытқа шартты рефлекстер қалыптасады, олар белгілі кезектілік пен осы уақыт аралығындағы физиологиялық үрдістердің жүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, ағзаны орындалатын іс–әрекетке алдын ала дайындайды.

Күн тәртібін құрастыруда келесі қағидаларға сүйенеді:

1. Күн тәртібі ағзаның биологиялық ырғағын ескере отырып құрастырылуы керек.

2. Күн тәртібінің мазмұны мен тәуліктік уақыт бюджеті, балалар ағзасының жасына байланысты ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеруі қажет, жұмысқа қабілеттіліктерінің рұқсат етілген шегінен асырмауы және демалу кезінде мүшелер мен жүйелердің толық қалпына келуін қамтамасыз етуі тиіс.

3. Іс–әрекет түрлерінің кезектесуі, әрбір келесі іс–әрекеттің түрі, алдыңғы іс–әрекет түрінен туындаған қажуды жоятындай болуы керек.

4. Күн тәртіптерінің ауысып отыруы жиі болмау керек.

5. Жаңа күн тәртібіне көшу біртіндеп жүргізілуі қажет.

Күн тәртібіне келесі негізгі компоненттер кіреді: ұйқы, тамақтану, таза ауада болу, оқу, өз қалауы бойынша ойын және демалу, жеке бастың гигиенасы. Осы компоненттердің ішіндегі әрқайсысының ұзақтығы мен мазмұны, сондай–ақ, олардың бала ағзасы үшін маңызы әр түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес, бұл әрбір жастағы балалардың өсуі мен дамуының ерекшеліктеріне байланысты. Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.

Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.;

Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.

Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі.

Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер, ырғақты гимнастикалар "аэробика", қытай гимнастикасы "ушу" және т.б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек.

Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен қолданылып жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу.

Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік - техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі.

Санитарлық дәрігер мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыру тәрбиесіне баға беру үшін төмендегі үлгі бойынша тексеру жүргізеді:

  1. Балалардың жасына, денсаулығына және дайындығына байланысты денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері;

  2. Денешынықтыру сабағының бүтіндей және жеке бөлімдерінің ұзақтығы, моторлы тығыздығы, сабақ жүргізу жағдайы, құралдары);

  3. Таңертеңгілік гимнастика (реттілігі, орны, жағдайы, киімдері);

  4. Қимыл-қозғалыс ойындары мен көңіл көтеру уақыттары (күн тәртібіндегі уақыты, ойынның сипаты, жабдықтары, құралдары);

  5. Серуендер мен экскурсиялардың ұйымдастырылуы (ара қашықтығы, ұзақтығы, өткізу орны, киімдері);

  6. Балалардың денсаулық жағдайының мәліметі (аурушаңдығы, дене бітімінің дамуы).

93.Балалардың өсуінің және дамуының заңдылықтары . Акселерация және децелерация.Физикалық дамуыды зерттеу әдістері Балалар мен жасөсп.физ.даму көрсетк. Және оларды бағалау әдістері .Аурушаңдығы бойынша балалар денсаулық жағдайын бағалау .

Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.

Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.

Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.

Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.

Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:

1) өсу,

2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.

Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:

1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:

1) өсу мен даму гетерохронды болады.

2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.

3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.

4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі

6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады). Физикалық даму, келесі параметірлерді көрсетеді: антропометриялық (дене салмағы, дене ұзындығы және т.б.); соматоскопиялық (дене бітімі, тургор, аяқтардың пішіні, кеуденің пішіні және т.б.); физиометриялық (пульс, дем алу жиіліктері, өкпенің өмірлік сыймдылығы, артериалдық қысымының көрсеткіштері және т.б.).

Денсаулық сақтау саласында, антропометриялық өлшемдер ақпаратты болғандықтан, қарапайым және қолжетерлік болғандықтан, туылғаннан бастап, ересектікке дейін міндетті. Антропометриялық өлшемдер деректері, вариациялық – статистикалық талдаудан өтіп, олардан вариациялық қатарлар, регрессия теңдеулер және т.б. өлшемдер құрастырылады.

Соматоскопиялық зерттеулер кезінде, дене пішініне көңіл аударғаны жөн (балалардың габитусын байқау ғана емес), олар жалпыға танымал критерилер - нормостеникалық, гипертоникалық, гипостеникалық дене бітімінің типтері; атлетикалық (бұлшық еттік тип), тыныстық, аралық және т.б. Дене бітімінің анықтау және бағалау негізінде, антикалық заманнан бері дамып келе жатқан медициналық бағыт – биотипология деп аталады. Гиппократпен анықталған, дене бітімдерінің клиникалық типтерін үлгі ретінде алып, биотипология қазіргі таңда, анатомиялық және физиологиялық, әсіресе нейроэндокриндік констеляциялардың қалпімен санасады (Н.Ленде – ұзартылған астенический, гиперстеникалық, қысқартылған астеникалық немесе гиперстеникалық типтер және т.б.). Дене бітімін анықтаумен бірге, терінің, шырышты қабаттың қалпін (түсі, құрғақтылық, ылғалдылық және т.б.), тері тургорын (тері қатпарын) және тағы басқа белгілер.

Алынған мәліметтер сигмальды бағалаумен, арнайы физикалық дамудың кестелермен, әр-түрлі жас кезеңдеріне жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]