Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.

90.Ауруханалардың жоспарлануының , салынуының және жұмыс істеуінің негізгі принциптері.Ауруханалардың құрылыс жүйелері мен олардың гигиеналық сипаттамасы. Әртүрлі саладағы ауруханаларды елді мекенді аумағында орналастыруға және жер телімін таңдауға қойылатын гиг. Талаптар. Аурухананың жер телімі аймағында аурухана кешенінің және оның элементтерінің тиімді орналасуы.Жер телімін зоналарға бөлу.

Ауруханың жер телімін таңдауға және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар. Ауруханада гигиеналық жағынан қолайлы жағдай туғызу мүмкіншілігі аурухана учаскесінің орналасқан жеріне және басқа да ерекшеліктеріне көп байланысты. Жалпы соматикалық ауруханаларды қала ішінде, қызмет көрсететін халыққа жақын орналастыру лайықты, өйткені олар тек жоспарлы түрде ғана емес, сонымен қатар, жедел медициналық көмек те көрсетеді. Қаланың шетінде немесе сыртында режимі айрықша стационарларды (туберкулездік, психиатриялық және тері-венерологиялық ауруханаларды), науқастарды амбулаторияда қабылдамайтын, ірі, сиымдылығы 1000 төсектен артық, мамандандырылған орталықтарды, сауықтыру мекемелері мен реабилитация орталықтарын орналастырады. Аурухананы елді мекеннің шетінде немесе қала маңайында орналастырғанда, өлшемі жеткілікті, шу, шаң және басқа ластаушы көздерден алыс, көк алаптың жанындағы жер телімін таңдау оңай. Бір жағынан, қосымша емдік фактор ретінде қолайлы табиғи жағдайлар туса, екінші жағынан, кейбір аурухана мекемелерін қызмет көрсету түрлеріне байланысты бір-бірінен оқшау орналастыру жеңілдейді. Мұндай ауруханалардың селитебтік зоналардан ара қашықтығы 1000 м кем болмауы керек. Амбулаториялық–емханалық мекемелерді қаланың әрбір ықшам ауданында, адамдар жаяу жететіндей жерлерде орналастырады. Аурухананың жер телімі шу, ауаның химиялық және биологиялық ластаушы көздерінен - өнеркәсіп кәсіпорыңдарынан, магистралды жолдардан және темір жолдардан, аэропорттардан, стадиондардан, мал шаруашылық және кұс өсіретін фермалардан, қоқыс төгетін жерлерден, ассенизация алаңдарынан, қалдықтарды пайдаға асыру және жағу зауыттарынан едәуір қашықтықта, жел жағында болуы тиіс. Аурухана мен осы ластаушы көздердің арасындағы санитарлық-қорғаныш аймағының ара қашықтығы нормативтік құжаттарға сәйкес, ластағыштардың зияндылықтарына байланысты, 50-1000 м аралығында орнатылады. Жекеше автокөліктерге арналған тұрақтардың аурухана аумағынан қашықтығы 40 м кем болмауы керек. Учаскені таңдау кезінде, аурухана аумағындағы шудың деңгейі күндіз - 45 дБ, түнде – 35 дБ аспауы, ал, кеңінен таралған ауаны ластаушылардың: азот оксидінің, күкірт ангидридінің, аммиактың, көмір тотығының, күйенің ауадағы концентрациясы ШРЕК-тен аспауы керек. Ауруханаларды бұрын қоқыс төгілген жерлерге, мал қорымы, зираттар және топырағы химиялық заттармен, радионуклидтермен ластанған, эпидемиялық тұрғыдан қауіпті жерлерде орналастыруға тыйым салынады. Ауруханалардың құрылысын топырағы құрғақ, күн сәулесі жақсы түсетін, ағашты, көгалды, биіктеу жерде салған жақсырақ. Жайпақ, оңтүстікке бағытталған беткейде болған жағдайда, учаскенің инсоляциясы жақсарады, атмосфералық сулардың табиғи ағыны жеңілдейді. Грунт суларының деңгейі жер бетіне 1,5 м жақын болмауы керек. Учаскеге көлік кіріп-шығатын жолдары ыңғайлы болғаны дұрыс және аурухананы техникалық, санитарлық-техникалық жағынан (сумен және электрмен қамтамасыз ету, канализация, т.б.) рационалды жабдықталу мүмкіншілігі қамтамасыз етілуі керек. Жер учаскесінің аумағы жеткілікті болуы керек, өйткені, аурухана ғимаратының, шаруашылыққа арналған құрылыстарының, олардың ара қашықтарының, көгалдандыру ауданының, өтпелер мен көлік жолдары ұйымдастырылуының талаптарға сәйкес орналасуы, учаскенің ауданына байланысты анықталады. Аурухананың жер учаскесі, ондағы төсек санына, құрылыс жүйесіне және саласына байланысты. Қазіргі кездегі ауруханалардың құрылыс жүйесінде 1 төсекке аумағының 100-150 м2 ауданы келу керек.Төсек саны көп болған сайын, 1 төсекке есептеліп бөлінетін жер ауданы азая береді. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесі, орталықтандырылған құрылыс жүйесіне қарағанда, үлкен жер ауданын (2 тарау.) талап етеді. Жұқпалы аурулар, туберкулездік және онкологиялық ауруханалар, қайта қалпына келтіріп емдеу ауруханалары өте үлкен жер учаскесін қажет ететіндіктен, оларды қала маңында орналасырады. Жер учаскесін рационалды жоспарлау, ауруханаларды гигиеналық жағынан абаттандырудың көптеген жақтарын қамтамасыз етеді. Емдеу-алдын алу мекемесін өз жер учаскесінде орналастыру жоспары болып табылатын аурухананың бас жоспары (10.1- сурет), жобалау кезеңінде - ақ учаскені, бір-бірінен айырмашылығы бар, бірнеше функционалдық зоналарға бөлуді қарастырады: 1. емдеу корпустарының, жұқпалы емес және жұқпалы ауруларға арналған; 2. бау-саябақ; 3. әкімшілік-емхана; 4. патологиялық-анатомиялық корпустың; 5. шаруашылық-құрылыстар зонасына; Аурухана учаскесін зоналарға бөлу қолайлы санитарлық және емдік-қорғаныш тәртібін ұйымдастыру, науқастарға психологиялық комфорт туғызу, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу, әр түрлі бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды жағдай болып табылады. Аурухана кешенінің құрам бөліктерін зоналарға бөлу және рационалды орналастыру формасы дұрыс тікбұрышты, ені мен ұзындықтарының арақатынасы 1:2 немесе 2:3 болатын, ұзын осі шығыстан батысқа қарай бағытталған учаскелерде ең қолайлы жүзеге асырылады. Ауруханалар селитебтік зоналарда орналасқанда, емдеу және палаталық корпустарды құрылыстың қызыл сызығынан (көшелер мен аурухана аумағының шекарасы) 30 м және тұрғын үйлерден 50 м кем емес қашықтықта орналастыруы қажет. Жұқпалы аурулар бөлімшесі учаскенің түкпір жағында, жұқпалы аурулар емес бөлімшелерден 30 м кем емес қашықтықта орналасуы керек. Басқа корпустардан дуалдар арқылы және ағаштар мен бұталар арқылы бөлінуі, өзінің бөлек, көлік кіріп- шығатын жолы болуы тиіс. Патологиялық-анатомиялық бөлімшені учаскенің түкпірінде, емдеу корпустарының палаталық бөлімшелерінің терезелерінен көрінбейтін аймақта орналастырады. Салт жоралары аймағына көлік кіріп-шығатын оқшау жолы болуы тиіс. Емдеу корпустары патологиялық-анатомиялық корпустан 30 м қашықтықта орналасуы қажет. Емдеу корпустары мен басқа ғимараттардың ара қашықтығы инсоляция, жарық түсуі, желдетілеу және шудан қорғау жағдайларын қамтамасыз етуі керек. Мысалы, корпустар мен палаталар терезелерінің арасындағы қашықтық, ең биік қарсы тұрған ғимараттың 2,5 биіктігіне тең, бірақ, 24 метрден кем болмауы тиіс. Емхана ғимаратын, көбінесе емдеу корпустарынан оқшау 30-50 м қашықтықта, учаскенің шет жағына қарай орналастырады. Емханаға кіру жолдары бөлек болады. Емхана ғимаратын бас емдеу корпусымен топтастырып орналастыратын түрлерін де қолдануға болады. Мұндай жағдайда, егер арнайы қызмет көрсету кестесі орнатылған болса және амбулаториялық ауруларға арналған жеке кіретін есігі және күтетін орны ұйымдастырылса, осы корпуста орналасқан аурухананың зертхана және емдеу-диагностикалық бөлімшелерін стационарлық науқастар үшін де және емханаға келетін емделушілер үшін де, пайдалануға болады. Шаруашылық ауласын аурухана ғимаратынан 30-40 м қашықтықта, ық жағында, жер бедері төмендеу жерде орналастырады. Шаруашылық ауласында сумен жылытатын орталық қазандықты, дезинфекциялық камерасы бар кір жуатын орынды, гаражды, қойма бөлмелері мен көкөніс сақтайтын қойманы орналастырады. Басқа аурухана зоналарынан шаруашылық ауласын, ені 8-10 м отырғызылған ағаштар мен бұталар жолағы арқылы оқшаулайды. Аурухана аумағына өз алдына бөлек, көлік кіретін 3 жолы болуы тиіс: жұқпалы емес ауруларды емдеу корпустарының зонасына, жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына, шаруашылық зонасына. Әдетте, шаруашылық зонасына көлік кіретін жолмен патологиялық-анатомиялық корпусқа өтетін жол біріктіріледі. Аурухана кешені ғимараттарының құрылысын салуға бөлінген жер учаскесінің үлесі 15%-дан, шаруашылық ауласына, адамдар жүретін жолға және көлік жолдарына - 25%-дан артық болмауы тиіс. Жер учаскесінің ең үлкен (60%-дан кем емес) бөлігін көгөрістер құрауы тиіс, олар қорғаныс зонасы ретінде, учаскенің периметрі бойынша, ені 15 м болатын отырғызылған ағаштар және аурухана мекенінің ішінде егілген саябақ, бау, гүлзарлар, көгалдар түріндегі көгөрістер. Қорғаныс зонасына бірнеше қатар биік өсетін ағаштар және арасына бұталар отырғызылады. Бау-саябақ зонасының ауданы, 1 адамға есептегенде, 25 м2 кем болмауы керек. Ғимараттар палаталарының терезелері бағытталған жағындағы учаскенің шетіндегі қорғаныс зонасын 30 м дейін үлкейтеді. Егілген жас ағаштар аурулардың жағдайына қолайлы әсер ететін фактор ретінде де және олардың ауруханада болу жағдайын жақсартатын фактор ретінде де маңызды роль атқарады. Көк желектер арқасында аурухана аумағында қолайлы микроклимат жағдайы жасалады: жазда салқын, қыста қолайлы температура болады, әсіресе оңтүстік аудандарда, күн көзінен қызған ғимараттардан, тротуарлардан, қоршаулардан шыққан радиация төмендейді. Көкжелектер ауаның оттегімен қанығуын жоғарылатады, аумағында шудың деңгейін азайтады, қатты жел соғудан қорғайды, шаң, газ, бу және бактерияларды өзіне тартады. Көптеген ағаштар және өсімдіктер бөлетін фитонцидтері – табиғи антибиотиктер - патогенді микроағзаларды жойып, ауаның биологиялық ластануын төмендетеді. Бұл тұрғыдан айрықша көрнектісі, қылқан жапырақты ағаштардың, қайыңның, аршаның, теректің еменнің бактерицидтік қабілеті болып табылады. Ағзаға қолайлы жағдай жасайтын, гипоксия құбылысын азайтатын табиғат аясында, көкжелектердің арасында болу емдеу үрдісінің алмастырылмайтын құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, таза ауада серуендеу, гипертония ауруы бар адамдардың қан қысымын төмендетіп, жалпы жағдайын жақсартады. Аурухана сая бағында науқастар серуендеуі, олардың қимыл-қозғалысын арттырады, ұзақ уақыт төсекте жатқан науқастарда пайда болатын гиподинамияның теріс көріністерін төмендетеді, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйелері, асқазан-ішек жолдарының жұмысын күшейтеді, ағзаның тонусын жоғарылатады. 2. Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы. Қазіргі кездегі ауруханалар көп төсекті, құрылымы мен қызметі күрделі, әр түрлі мамандандырылған медициналық көмек түрлерін көрсететін бөлімшелері болуымен, жаңа емдеу және диагностика әдістерін дамытумен және енгізумен, жоғары техникалық жабдықталуымен, қымбат тұратын жабдықтарды күтетін инженерлік-техникалық қызметті ұстау қажеттілігімен, аурухана базасында маман қызметкерлерді дайындаумен ерекшеленеді. Осы аспектілердің бәрінің де шешілуі, көбінесе, ауруханалардың құрылыс жүйесімен анықталады. Осыдан бірнеше жүз жылдар бұрын пайда болған бірінші ауруханалар казарма түрінде болды және бірқатар өтпелі залдардан тұрды, оған, ауру сипатын ескермей, 30-40 адамнан жатқызды. Санитарлық тұрғыдан аббатандырылмауы, шектеулі аумақта аурулардың жиналуы, аурулардың қоздырғыштары туралы ешқандай түсінік болмауы, жаппай аурухана ішілік инфекцияның дамуына әкеп соқты. 19 ғасырдың басында ауруханаларды салудың павильондық құрылыс жүйесі бірінші рет қолданыла бастады. Бұл жүйесінде қабаты аз, онша үлкен емес ғимараттарда, жарық екі жағынан да түсетін, жақсы желденетін және күн сәулесі түсетін кең зал-палаталар орналастырылды, сонымен қатар, санитарлық және шаруашылық бөлмелері де болды. Павильондық (орталықтандырылмаған) құрылыс жүйесі, аурухана ішілік инфекцияның дамуын төмендетіп, науқастарға гигиеналық жағынан қолайлы жағдайлар қамтамасыз етуге мүмкіншілік берді. Бұл жүйе, кейбір кемшіліктеріне (мамандандырылған медициналық көмек көрсету қиындығы, бір қызмет түрін атқаратын аспаптардың біреуінің орнына бірнешеуін қолдану, экономикалық шығыны үлкен және басқалар) қарамастан, осы күнге дейін қолданылуда. Бұл кемшіліктер ауруханалардың функционалдық жағынан жетілуін, емдеу-диагностикалық үрдістің іске асуын шектеді, осыған байланысты 20 ғасырдың бірінші жартысында аурухана құрылысын салудың келесі кезеңі - орталықтандырылған құрылыс жүйесі болды, бұл құрылыс жүйесінде барлық бөлімшелер бір ғимаратта орналасты. Бірақ, бұл жүйенің де кемшіліктері болды, бірінші кезекте, аурухана ішілік инфекция дамуының қаупі жоғары болды. Аралас құрылыс жүйесі ұсынылды, содан соң ірі көп салалы ауруханалардың көбеюіне байланысты, 20 ғасырдың 70-жылдарының басында олардың қазіргі талапқа сай жаңартылған түрі – орталықтандырылған-блоктық құрылыс жүйесі ұсынылды. Қазіргі кезде аурухана құрылысының 4 жүйесі қолданылады: орталықтандырылмаған, орталықтандырылған, орталықтандырылған-блоктық және аралас. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінде, аурухана мекемесі әр түрлі саладағы емдеу бөлімдері орналасқан бірқатар жеке түрған аз қабатты ғимараттардан тұрады. Жеке ғимараттарда емхананы, әкімшілік және шаруашылық қызметтерін орналастырады. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінің артықшылықтары: бөлімдерінің бір-бірінен жақсы оқшауланғандығы, бұл аурухана ішілік инфекцияның таралу мүмкіншілігін едәуір азайтады; емдік-қорғаныс тәртібін, қолайлы микроклимат жағдайларын, жарық пен ауа алмасуын қамтамасыз ету мүмкіншілігі жақсарады; науқастардың ашық ауада, көгөрістердің арасында болуын жеңілдетеді; Сонымен қатар, орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінің бірқатар кемшіліктері де бар, ол туралы жоғарыда айтылды. Мысалы, аурухананың орталықтандырылмаған құрылыс жүйесін салуға жер учаскесін ауданы үлкен болуы қажет. Бұл, әрине, қазіргі уақытта қиын шешілетін мәселе. Мұндай құрылыс жүйесі бойынша, бөлек ғимараттар салу, оларға коммуникациялар жүргізу, аумағын абаттандыру көп материалдық шығынды қажет етеді. Елеулі кемшілігі, маман дәрігердің кеңес беруі және жедел мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қиындауы, әр түрлі корпустарда емдеу-диагностикалық бөлімшелердің қосарлануы, науқастар мен медицина қызметкерінің жүру жолдарының ұзаруы. Орталық ас блогынан корпустарға тамақ тасу қажеттілігі тағамның сапасын төмендетеді және суып кетуіне байланысты, оны қайта ысытуды қажет етеді. Сондықтан, қазіргі кезде орталықтандырылмаған құрылыс жүйесін, көбінесе қала шетінде орналасатын туберкулездік, психиатриялық ауруханалар, реабилитациялық орталықтар және т.б. емдеу-алдын алу мекемелерін салу ушін, сондай-ақ, сейсмикалық қауіпті аудандарда ауруханалдар салу үшін қолданады. Орталықтандырылған жүйеде, жұқпалы, патологиялық-анатомиялық бөлімдерден басқа, барлық соматикалық бөлімдерін бір, көп қабатты ғимаратта орналастырады. Бұл жүйенің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Артықшылықтары: құрылысы едәуір арзанға түседі, құрылыс ауданы азаяды, орталыктандырылған құрылымдық бөлімшелерде (рентген бөлімінде, функционалдық диагностика бөлімінде, зертханаларда және басқаларда) шоғырландырылған бір емдеу-диагностикалық жабдықты аурухананың барлық бөлімдері ұтымды пайдаланады. Сонымен бірге, жедел кеңес беру және басқа да тез емдік көмек көрсету мүмкіншілігі жақсарады, персоналдың жүру жолы және тамақ тасу жолы қысқарады, санитарлық-техникалық жабдықтарды және әр түрлі коммуникацияларды пайдалану жеңілдейді. Орталықтандырылған қүрылыс жүйесінің негізгі кемшіліктеріне, аурахана ішілік инфекцияның пайда болуы мен таралуының жоғарылығы, емдік-қорғаңыш және санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптерді ұйымдастыру мен сақтаудың қиындауы, шу деңгейінің жоғарылауы, микроклимат жағдайының нашарлауы, аурулардың аурухана бауын пайдалануының қиындауы жатады. Аралас құрылыс жүйесі, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылыс жүйелерінің жеке қасиеттерін біріктіреді. Әдетте, 4 – 5 қабатты бас корпуста оқшаулауды қажет етпейтін соматикалық бөлімдер мен орталықтандырылған емдеу-диагностикалық бөлімшелерді орналастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]