- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
1980-1994 жылдары АММИ-дің жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған, көрнекті ғалым, гигиена маманы профессор Қ.Р.Әмрин қоршаған ортаны қорғау, адамның өмір сүретін ортасын болжау, Қазақстанның биогеохимиялық аймақтарындағы медициналық-экологиялық мәселелеріне қатысты, жаңа ғылыми бағытты дамытты. Профессор Әмринді Қазақстандағы қоршаған орта гигиенасының негізін қалаушы деп айтуға болады.
1960-1991 жылдар тағамтану гигиенасының қарқанды даму кезеңі болды. Қазақстанда оның мектебін құрудағы баға жетпес рөл академик Т.Ш.Шармановқа тиесілі. 1962 жылы Өлкелік патология ғылыми зерттеу институтында тағамтану бөлімі құрылды, бұл 1973 жылы Шармановтың ынтасымен КСРО Медицина ғылым академиясының Тағамтану ғылыми зерттеу институтының Қазақ филиалының ашылуына негіз болды.
Еңбек гигиенасы мен кәсіби патология жөнінде жүргізілген зерттеулер, Қарағанды мемлекеттік медицина институтында да негізгі зерттеулердің бірі болды. Мұнда көмір, полиметалл кендерін шығару кезіндегі, қара металлургиядағы еңбек гигиенасы мен физиологиясының сұрақтары, жұмыс істейтін жасөспірімдердің еңбек гигиенасының сұрақтары жете дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстардың іске асырылуына көрнекті гигиена мам андары Б.Е.АЛТЫНБЕКОВ, Сраубаев, Филин және басқада маңызды роль атқарды.
Гигиенада қолданылатын зерттеу әдістері: гигиенаның өзіндік әдістері, әдістемелері(санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, гигиеналық эксперимент, санитарлық сараптама, санитарлық ағарту) және басқа пәндердің әдістемелері
Санитарлық тексеру әдісі адамдардың денсаулығына және олардың санитарлық-тұпмыстық жағдайына әсер ететін факторларды зерттеуге мүмкіндік беретін негізгі әдістердің бірі. Ол екі түрден: санитарлық бейнелеп жазудан және тереңдетілген санитарлық тексеруден тұрады. Санитарлық бейнелеп жазу нысанының санитарлық жағдайын тек субъективті түрде, яғни сапа жағынан сипаттауға мүмкіндік береді, ал тереңдетілген санитарлық тексеру нысанының санитарлық жағдайын объективті түрде, саны жағынан бағалауға мүмкіндік береді.
Эпидемиологиялық әдіс әр түрлі факторлардың тек адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар адамдар тобының-ұжымның, тұрғындардың, популяцияның да денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу үшін қолданылады. Осы мақсатта:
-халықтың денсаулық жағдайын санитарлық-зерттеу іске асырылады
-халық топтарына медициналық тексерулер жүргізіледі
Гигиеналық эксперимент әдісі бұл әдісті табиғи немесе зертхана жағдайында жүргізіледі. Табиғи эксперимент деп сыртқы орта факторларының адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеуді немесе шынайы еңбек жағдайында немесе тұрмыстық іс әрекет жағжайымен өмір сүру жағдайындағы сыртқы орта факторларын зерттеуді айтады. Зертханалық экспериментте үодістер моделденеді. Олар келесі мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді:
Факторлардың халық денсаулығына әсері тікелей ме, әлде басқа орта арқылы ма дегенді
Сыртқы орта факторларының өздерін және олардың қоршаған ортаның сандық және сапалық параметрлеріне тигізетін әсерән айқындауды
Санитарлық сараптау әдісі – бұл санитарлық гигиеналық талаптарға сай келуі туралы зерттеулер жүргізу және қорытынды беру. Бұл әдіс негізінен, алдын алу мақсатындағы бақылауды жүргізу кезінде қолданылады. Яғни нысанды пайдалануға беруге дейін немесе әр түрлі өнім түрлерін, материалдарды, өнімдерді тұтынушыға өткізгенге дейін бақылау жүргізу кезінде қолданылады.
Қ.Р-дағы санитарлық эпидемиологиялық қызметтің құрылымы. Негізгі міндеттері, функциясы мен әдістері.
Қазақстан аумағында біртұтас денсаулық сақтау және санитарлық эпидемиологиялық қызметті құру бастамасын 1917 жылғы қазан социалистік революциясы бастады. 1921 20-мамырда бірінші рет санитарлық эпидемиологиялық бөлім енгізілді. Оның құрамына төрт бөлімше: санитарлық, эпидемиялық, санитарлық-статистикалық және медициналық санитарлық ағарту бөлімшелері кірді.
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметін Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқарады. Оның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының территориясында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мемлекеттік органдардар және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кіретін бірыңғай жүйені реттейді.
Міндеттері:
-қоршаған табиғи ортаның ластануының алдын алуға және жоюға
-мекемелердің құрылысын салу кезінде санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге
-аурушаңдықтың алдын алу, жұмысшылардың жұмыс жағдайын сауықтыруға
-балалар мен жасөспірімдердің дамуы, оларды оқыту және тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасауға
-халықтың тұрмысын санитарлық қорғауға және халықты санитарлық ағарту деңгейін көтеруге
-дұрыс тамақтануды ұйымдастыруға, тамақтан уланудың алдын алуға
-жұқпалы аурудың алдын алу мен жоюға бағытталған
-
