- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
|
Ағзаға әсер ететін факторлардың бұл тобына:
· табиғи иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен өрістер;
· статикалық электрлік өрістер;
· тұрақты магниттік өрістер;
· электромагниттік сәулелену мен өнеркәсіптік жиіліктегі және радиожиілікті диапазонындағы өрістер;
· лазерлік сәулелену жатады.
Өндіріс жағдайында адамға аталған өрістер мен сәулеленулердің соңғы төрт түрі әсер етеді.
Табиғи иондаушы емес сәулеленулер мен өрістер салыстырмалы түрде жақын арада зерттеле бастады және соңғы он жылдықтарда жерде тіршілік пайда болуында, одан әрі дамуы мен реттелуінде олардың маңызды ролі дәлелденді. Табиғи электромагниттік өрістердің спектрін шартты түрде бірнеше құрам бөліктеріне бөлуге болады. Олар жердің тұрақты магниттік өрісі, немесе геомагнитті өріс (ГМӨ), және 10-3 -нен 1012 Гц дейінгі жиілік диапазонындағы электростатикалық өріс пен айнымалы электромагниттік өрістер.
Табиғи электромагниттік өрістер, оның ішінде геомагнитті өріс ағзаға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Бір жағынан, геомагниттік ауытқулар экологиялық қауіп-қатер факторы ретінде қарастырылады – биологиялық ырғақтардың, мидың функционалдық жағдайы модуляциясының синхрондылығын бұзады, клиникалық тұрғыдан ауыр медициналық патологиялар (миокард инфарктысын, инсульттерді, жол-көлік жағдайлары мен апаттарын, соның ішінде әуе апаттарының) санының өсуіне себеп болады. Басқа жағынан, ГМӨ-нің кезеңдік емес түрінің циркадтық, инфрадтық және циркосептадтық биологиялық ырғақтармен және олардың ара қатынастарымен байланысы анықталған.
Ағзаға тек магниттік толқу (буря) ғана қолайсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар, адамның әлсіз электромагниттік өріс жағдайында ұзақ уақыт болуы факторы да, оның ішінде, жұмысы экрандалған бөлмелер мен құрылыстарда істелетін бірқатар өндірістерде де қолайсыз әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда жұмыс істеушілер жиі көңіл-күйінің және денсаулығының нашарлағанына шағымданады, бұл-геомагниттік өрістің әсерін зерттейтін гигиенаның жаңа бағытының пайда болуына негіз болды. Геомагниттік өрістің төмен деңгейі тек экрандалған құрылыстарда ғана емес, сонымен қатар метрополитеннің жерасты құрылыстарында (2-5 есе), темір-бетонды конструкциялардан салынған ғимараттарда (1,3-2,3 есе), тез жүретін лифт кабинасында (15-19 есе), бұрғылау қондырғылары мен эксковаторлардың кабиналарында, жеңіл автокөліктердің салонында (1,5-3 есе) және басқаларда да байқалады.
Гипогеомагниттік өрістің орталық жүйке жүйесіне (негізгі жүйкелік үрдістердің дисбалансы, ми тамырларының дистониясы, жауап реакциясы уақыттының ұзаруы), вегетативтік жүйке жүйесіне (тамыр соғуымен, артериалды қысымның лабильділігі, гипертензивті типті нейроциркуляторлық дистония, миокардтың реполяризация үрдісінің бұзылуы), иммундық жүйеге (Т-лимфоциттердің жалпы санының, IgG және IgA концентрацияларының азаюы, IgE концентрациясы жоғарылауы) әсер ететіні анықталған.
Әлсіз геомагниттік өрістің әсерін регламенттейтін гигиеналық ұсыныстар жоқ. Берілген жергілікті жерге тән геомагниттік өріс деңгейі, адам үшін қолайлы болып есептеледі.
Статикалық электрлік өрістер (СЭӨ). Бұл-қозғалыста болмайтын электр зарядының өрісі, немесе тұрақты тоқтың стационарлық элетрлік өрісі. Бұлар электрмен, газбен тазалауда, рудаларды және материалдарды электростатикалық жолмен бөліп алуда, сырларды және полимерлі материалдарды электростатикалық жолмен жағу кезінде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ диэлектрлік материалдарды жасау өңдеу, тасымалдау кезінде өнімнің электрленуінен электростатикалық зарядтар мен өрістер пайда болатын бірқатар өндірістер мен технологиялық үрдістері (тоқыма, ағаш өңдейтін, целлюлозді-қағаз, химия өнеркәсіптері және басқалары) бар.
Статикалық электрлік өрістің негізгі физикалық параметрлеріне өрістің кернеулігі және жеке нүктелердің потенциалдары жатады. СЭӨ нүктелік зарядқа әсер ететін күштің заряд шамасына қатынасымен анықталады және вольттің метрге қатынасымен өлшенеді (В/м). Статикалық электрлік өрістің энергиялық сипаттамасы өріс нүктелерінің потенциалымен
Тұрақты магниттік өрістер. Жұмыс орындарындағы тұрақты магниттік өрістің көздеріне тұрақты магниттер, электрлік магниттер, тұрақты токтың күшті ток жүйелері (тұрақты токтың берілу желісі, электрлік- магниттік ванналар және т.б.) жатады.
Тұрақты магниттер мен электрлік магниттер аспап жасауда, көтергіш крандардың магнитті шайбаларында, магниттік сепараторларда, суды магнитпен өңдеуге арналған құрылғыларда, магниттік гидрадинамикалық генераторларда (МГД), ядролық магниттік резонанс (ЯМР) және электрондық парамагниттік резонанс құрылғыларында, сондай-ақ физиотерапия практикасында кең қолданылады.
ТМӨ 2 Тл дейінгі деңгейлері ағзаға айтарлықтай әсер көрсетпейді. Сонымен қатар, ТМӨ көздерімен жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайындағы өзгерістер болатыны анықталған. Бұл көріністер жиі вегетодистония, астеновегетативті және шеткі вазовегетативті синдромдар немесе олардың қатар жүретін түрінде байқалады. Қан құрамындағы эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшерінің төмендеу жағына беталуы, орташа дәрежеде лимфо- және лейкоцитоз болуы мүмкін.
Жұмыс орындарындағы ТМӨ кернеулігі 8 кА/м (10мТл) аспауы тиіс. (1991 ж.) иондаушы емес сәулеленулер жөніндегі Халықаралық комитет ұсынған тұрақты магниттік өрістің рұқсат етілген деңгейлері жұмыс істейтін адамдар, денеге әсер ететін жері және жұмыс уақыты бойынша дифференциаланған. Кәсібі тікелей тұрақты магниттік өріспен байланысты мамандар үшін – толық жұмыс күнінде (8 сағат) әсер еткенде 0,2 Тл; денеге қысқа уақыт әсер еткен кезінде - 2 Тл; қолдарға қысқа уақыттық әсер еткен кезінде - 5 Тл. Халық үшін тұрақты магниттік өрістің үздіксіз әсер ету деңгейі - 0,0011 Тл аспауы керек.
Радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленулер. Радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленулерге (ЭМС) жиілігі 3-тен 3·1012 Гц дейінгі (100000км-ден 0,1 мм дейінгі толқын ұзындығы сәйкес келетін) электромагниттік өрістер (ЭМӨ) жатады. Халықаралық регламентке сәйкес жиілігіне және толқын ұзындығына байланысты, 12 кіші диапазондарға бөлінеді.
Электромагниттік тербелістердің ең жиі кездесетін екі түрін ажыратады – үйлесімді және өзгертілген.
Үйлесімді тербелістерде электрлік (Е) және магниттік (Н) құрамдастар синус немесе косинус заңы бойынша өзгереді. Өзгертілген тербелістер кезінде амплитудасы мен жиілігі белгілі бір заң бойынша өзгереді.
Радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленудің көздері халық шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады: қашықтан ақпараттарды беру үшін (радиохабарлар, радиотелефонды байланыс, теледидар, радиолокация және басқаларда). Өнеркәсіптерде радиотолқынды диапазондағы электромагниттік сәулеленулер материалдарды индукциялық және диэлектрлік қыздыру үшін қолданылады. Ғылыми зерттеулерде электромагниттік сәулеленулер радиоспектроскопияда, радиоастрономияда, медицинада– физиотерапияда, сондай-ақ хирургтар мен онкологтар практикасында қолданылады. Электрлік берілістің әуе желісінің, трансформаторлық кішістанциялардың, электрқұралдарының, оның ішінде тұрмыстық құралдардың маңайында электрмагниттік сәулелену жанама қолданылмайтын фактор ретінде түзіледі. Қоршаған ортада радиожиілікті электромагниттік өрістердің пайда болатын негізгі көздеріне радио және телерадиостанциялардың, радиолокациялық станциялардың антена жүйелері, сондай-ақ ұялы радиобайланыс жүйелері мен электр берілістерінің әуе желілері жатады.
Адам ағзасы радиожиілікті электрмагниттік өріс әсеріне аса сезімтал болып келеді. Аса сезімтал мүшелер мен жүйелерге ОЖЖ, көз, гонадалар, ал кейбір авторлардың пікірі бойынша қан түзуші жүйелер де жатады. Бұл сәулеленулердің биологиялық әсері толқын ұзындығына (немесе сәулелену жиілігіне), түзілу режиміне (үзіліссіз, импульсті) және ағзаға әсер ету жағдайына (тұрақты, үзілісті, жалпы, жергілікті), әсер ету қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты болады.
Биологиялық белсендігі толқын ұзындығы өскен сайын (немесе сәулелену жиілігі төмендеген сайын) азая береді. Радиотолқындардың санти- және дециметрлік диапазондары ең белсенділері болып табылады. Радиожиілікті электромагниттік сәулеленулер тудыратын зақымданулар жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Жедел зақымданулар қарқынды лығы үлкен, айқын жылулық әсері бар сәулеленулер әсер еткен кезде дамиды. Олар өте сирек кездеседі – радиолокациялық станцияларда апаттар болғанда немесе қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған кезде орын алады. Электромагниттік сәулелену көздерімен жұмыс істейтіндерге, әдетте, ЭМС микротолқынды диапазонындағы көздерімен бірнеше жылдар жұмыс істегеннен кейін анықталатын созылмалы кәсіби зақымданулар көбірек тән. Оның клиникалық көріністерінде үш негізгі синдромды ажыратады: астениялық (бас ауруы, жоғары дәрежеде қажығыштық, ашушаңдық, жүрек тұсында кезеңді түрде пайда болатын ауыру сезімі), астеновегетативтік (гипотония, брадикардия, гипертония түріндегі нейро-циркуляторлы дистония) және гипоталамустық (ұстамалы жыпылық аритмия ұстамалары, қарыншалық электросистолалар, кейіннен ерте пайда болатын атеросклероз, жүректің ишемия аурулары, гипертония ауруы дамиды) Нормативтік құжаттарда электрлік (Е) және магниттік (Н) өрістерге арналған энергетикалық экспозиция (ЭЭ), сондай-ақ, жұмыс күніндегі энергия ағынының тығыздығы (ЭАТ) нормаланады.
Радиожиілікті диапазонының облысында жұмыс істейтін аппараттарға жеке адамдық компьютерлердің терминалдары бейнедисплейлері, сондай-ақ ұялы телефондар жатады.
Иондаушы емес сәулеленулердің адам ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу.Ең алдымен, алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізу. Иондаушы емес сәулеленулердің жеке түрлеріне қатысты алдын алу шараларының өзіндік ерекшеліктері бар.
Тұрақты магниттік өрістің жұмысшылардың ағзасына жалпы әсері кезінде деңгейлері ШРЕД-тен асатын өндірістік зонаның учаскелеріне «Қауіпті. Магниттік өріс» деген арнайы ескерту белгілері қойылуы тиіс. Сонымен бірге рационалды жұмыс режимі мен демалу режимін ұйымдастыру және тұрақты магниттік өріс әсер ететін жағдайда болу уақытын шектеу, цех ішінде тұрақты магниттік өрістің деңгейі минимальды маршруттармен жүру сияқты ұйымдастыру шараларын жүргізу керек. Электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарында тұрақты магниттік өрістің қол басына әсер етуі кезінде жартылай өткізгіш құралдарды жинаумен байланысты жұмыстар үшін өтпелі технологиялық кассеталарды қолданған жөн. Тұрақты магниттер өндірісінде - өнімнің магниттік параметрлерін өлшеу үрдісін автоматтау, магнитті материалдарды ұстау үшін қашықтықтан ұстауға бейімделген заттарды қолдану, қол басы тұрақты магниттік өрістің әсер ететін зонасына түскен кезде электромагниттік қондырғыны өшіретін блокадалайтын құрылғыларды қолдану.
Жұмысшыларға өнеркәсіптік жиіліктегі электромагниттік өрістердің әсер етуі кезінде үш қорғаныс қағидасы қолданылады: уақыт арқылы қорғау, ара қашықтық арқылы қорғау және ұжымды немесе жеке басты қорғайтын заттардың көмегімен қорғау. Бұларға әр түрлі қорғайтын экрандар жатады.
Радиожиілікті электромагнитті сәулеленуден қорғану кезінде ұйымдастыру (қондырғылардың жұмыс істеу режимі; персоналдың сәулелену әсер ететін зонада болатын орнын және уақытын шектеу), инженерлік-техникалық (қондырғыларды рационалды орналастыру, экрандау) шаралар жүргізіледі, жеке басты қорғау құралдары (қорғайтын көзілдіріктер, дулығалар, қорғайтын киім) қолданылады.
Лазерлік сәулеленуден қорғану ұйымдастыру-техникалық (бөлмелерді жоспарлау және ішкі бетін өңдеу, лазерлік қондырғыларды дұрыс орналастыру, жұмыс орнын ұйымдастыру, лазерлермен жұмыс жүргізілетін жерге кіруді шектеу) және санитарлық-гигиеналық (жұмыс орындарындағы зиянды және қауіпті заттардың деңгейіне бақылау жасау, сәулеленудің әсер ету уақытын шектеу, қорғайтын заттарды пайдалану, алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерден өтуін бақылау) шаралармен іске асырылады.
88. Ауруханалардың негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орналасуына , микроклимат , жарықтану және ауа ортасының сапасына қойылатын гигиеналық талаптар . Ауруханаішілік инф.алдын алу.
Емдеу мекемелеріндегі қорғану режимі, науқастардың ауруханада болуы үшін қолайлы гигиеналық жағдайлар жасаумен қамтамасыз етіледі:
· Аурудың жасына, сырқатына, жалпы жағдайына және т.б байланысты қолайлы микроклимат жасаумен;
· Ауа ортасының сапасын жақсы етумен;
· Бөлмеде жеткілікті инсоляция табиғи және жасанды жарық деңгейін жасаумен;
· Таза химиялық және биологиялық ластаушы заттар жоқ ауамен,бөлменің жақсы санитарлық жағдайымен;
· Әр түрлі тітіркендіргіштердің (шуды, психологиялық факторларды және т.б.) жоюмен немесе әсер ету қарқындылығын төмендетумен;
· Тыныш және қолайлы, эстетикалық жағынан ұнамды жағдай жасаумен;
· Таза ауада, көкжелектер зонасында болуымен;
· Рационалды және қауіпсіз тамақтану ұйымдастырумен;
· Аурухана ішінде инфекция жұғу мүмкіншілігін төмендетумен;
Емдеу мекемелерінің өз жұмысын қалыпты атқаратынын сипаттайтын осы жағдайларды ұйымдастыру, көбінде аурухананың техникалық және санитарлық-техникалық жабдықталуына: жарықтандырылуына, жылытылуына, ауа алмасуына, кондиционерлеуге, сумен қамтамасыз етілуіне, канализацияға, қалдықтарды жоюға және т.б. байланысты болып келеді.
Жарықтану туралы жоғарыда айтылды. Ауруханаларды жылыту үшін негізінен, орталықтандырылған сумен жылыту жүйесі қолданылады. Жылу тасымалдаушы ретінде тек қана су қолдануға рұқсат етіледі, басқа сұйықтарды қолдануға тыйым салынады. Қыздыратын құрал қызметін бөлменің сыртқы қабырғасында, терезелердің астында орнатылған радиаторлар (конвекциялық жылыту) немесе бетон панельдер (сәулелік жылыту) атқарады. Қыздыратын құралдың температурасы 85ºС аспауы керек. Ауаның қызуы біркелкі қамтамасыз етіліп және зиянды заттармен ластанбауы керек. Панельді жылыту операция және реанимация залдарында, операция залының алдындағы, наркоздық, әйелдер босанатын бөлмелерде, күйік ауруларымен және иммунитеті төмен науқастарға арналған палаталарда және басқаларда орнатылады. Панельді жылыту аурулардың ағзасынан сәулелену арқылы қоршаған ортаға жылу берілуінің азаюына, ауаның төменірек температурасы кезінде қолайлы жылу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мысалы, операциялық столда жартылай киімсіз жатқан науқас бөлменің суық қабырғасымен терезесіне сәулелендіру арқылы жылу береді. Егер, панельдік-сәулелену жолымен жылытылатын болса, бөлменің жылы қабырғалары, мұндай жылу жоғалту түріне кедергі жасайды және бөлмедегі ауаның температурасын жоғарылатудың қажеті болмайды, оның жоғары мәні, науқас пен медицина қызметкеріне қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Ауруханаларда желдетуді қолайлы микроклимат жағдайын және бөлме ауасының бактериалдық, химиялық ластану деңгейін төмендету мақсатында қолданады. Аурухана ғимараттары, жұқпалы аурулар бөлімінен басқасы, механикалық қоздырғышы бар желдету түрімен жабдықталады, мұнда ауа әрбір қабатқа, секцияға және басқа бөлмелерге өз алдына бөлек механикалық қоздырғышы бар, енбелі желдету жүйелерімен беріледі, ал сормалы желдету гравитациялық қоздырғышы бар, өз алдына жеке каналдармен іске асырылады. Енбелі-сормалы желдету, ауа райының жағдайына байланыссыз бөлмелерде ұйымдастырылған ауа алмасуын қамтамасыз етеді.
Операциялық залдан басқа барлық бөлмелерде, жасанды желдету түрінен басқа, терезелер, желкөздер, фрамугалар арқылы қамтамасыз етілетін табиғи желдету түрі де болуы тиіс. 1 адамға есептелген, енетін ауаның көлемі сағатына 80 м3.болуы қажет.
Ауа алмасуын ұйымдастыру кезінде «лас» бөлмелерден «таза» бөлмелерге қарай ауа ағынын болдырмау керек. Ластанған ауа баспалдақ-лифт жүйесінен палата секцияларына ену мүмкіншілігін болдырмау үшін, олардың арасындағы бейтарап зонада, ауа қысымы қамтамасыз етілуі тиіс, ал палата секциясына кіретін жері өз алдына, жасанды ауаны сорып әкететін желдеткіші бар шлюзбен жабдықталған. Ауа қысымы бар шлюз операциялық блоктың алдына да орнатылады. Операциялық залдың өзінде де, ауа қысымы жасалады, яғни ауа ағымы операциялық бөлмеден қасындағы бөлмелерге, одан дәлізге қарай жүреді.
Ауаны кондиционерлеудің маңызы өте зор, ол операциялық, наркоздық, әйелдер босанатын бөлмелерде, операциядан кейінгі палаталарда, қарқынды емдеу палаталарында, реанимация залында, терісінде күйігі бар науқастардың палатасында, жаңа туған, шала туған және жарақат алған балалар палаталарында қарастырылады. Кондиционерлеу арқылы берілетін ауа бактерицидтік фильтрлерде тазартылуы тиіс, ал ауа алмасу есесі жоғары болуы керек (10.2.-кесте).
Жаз уақыттарында ауаны кондиционерлеу, жылы және ыстық климаттық аудандарда қажет, өйткені, бөлменің қатты қызуы науқастарға қолайсыз әсер етуімен бірге аурудың ағымын нашарлатып, сырқатынан тез айығып кетуіне кедергі болады. Шала туған балалардың палатасындағы ауаны кондиционерлеу, олардың дене массасының жақсы қосылуына, аурушаңдығының, өлім-жітімінің төмендеуіне ықпал етеді. Кондиционерленген ауаны операциядан кейінгі палаталарға операция жасағаннан соң, бірінші күндері беру, науқастардың операциядан кейінгі кезеңінің жақсы өтуіне оң әсер етеді. Ауасы кондиционерленетін бөлмелерде реттелетін температура (18-25°С), 55-60% салыстырмалы ылғалдылығы, 0,15 м/сек.-тан аспайтын ауаның қозғалу жылдамдығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Механикалық қоздырғышы бар желдету түрін рентгенологиялық, физиотерапиялық кабинеттерде, сумен емдейтін, кір жуатын бөлмелерде, ас блоктарында, патологиялық-анатомиялық бөлімдерде ұйымдастыру міндетті түрде болып табылады.
Операциялық, әйелдер босанатын залдардың, қарқынды емдеу, реанимация палаталарының, ем-шара және аурухананың басқа бөлмелерінің ауасындағы, азот оксидтері, диоксидтері сияқты химиялық заттардың, ампициллиннің, бензилпенициллиннің, оксациллиннің, стрептомициннің, тетрациклиннің, аминазиннің, аммиактың, бензолдың, диэтил эфирінің, озонның, сынаптың, қорғасынның, фторотанның, формальдегидтің және басқалардың мөлшері бақылауға алынады. Олардың концентрациясы ШРЕК-тен аспауы керек.
Барлық жаңадан салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған ауруханалар, су тасымалдайтын құбырлармен, канализациямен, ыстық сумен жабдықталуы қажет. Апат жағдайлары болуын алдын ала ойлап, ерекше санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті қажет ететін бөлмелерде, суды қыздыру үшін электрлік құрылғылар орнатылады. Сумен қамтамасыз ету көзі ретінде артезиан ұңғысын немесе басқа дебиті жеткілікті жер асты су көзін пайдаланады.
Ауруханалардан шыққан ағынды суларды зарарсыздандыруға және жоюға айрықша көңіл бөлінуі қажет, себебі, суаттардың ауруханалардан шыққан ағынды сумен ластануы, халық арасында эпидемиялық өршулерге әкеп соққаны туралы көп жағдайлар жазылған.
Жұқпалы аурулар бөлімі жоқ, соматикалық ауруханалардың ағынды суларын алдын ала өңдеусіз қалалық канализацияға жіберуге болады. Жалпы канализациясы жоқ елді мекендерде, ауруханалар салу кезінде ағынды суларды механикалық (тұндырғыш) және биологиялық (биосүзгілер) тазартудан өткізгеннен кейін, хлорлау арқылы зарарсыздандыратын, жергілікті тазарту құрылыстарын алдын ала қарастыру керек. Егер аурухана шағын болса, ағынды суларды жер астындағы сүзу алаңдарында тазартқан дұрыс.
