Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.

Қажу-бұл шаршау сезімі,жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерінің нашарлауымен білінетін,жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуі тән жағдай.Қажу демалғаннан кейін қалпына келетін және қорғаныстық тежелу түріндегі ағзаның қорғаныс реакциясы болып саналатын физиологиялық үрдіс.Қажу дамыған кезде және оны басуға мүмкіншілік болмаған жағдайда патологиялық үрдіс түрінде бағаланатын зорығу дамиды.Қажу дәрежесі мен оның даму жылдамдығы мен ауырлығы мен қауріттілік дәрежесі мен өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерлерімен байланысты.Қажуды болдырмауға жоғары жұмыс қабілеттілігіне,сондай-ақөндірістік оқу үрдісінде тұрақты түрде жаттығу жіне машықтану арқылы дағдылар алып қол жеткізеді.Соның нәтижесінде динамикалық өндірістік смереотип қалыптасады,бұл автоматты түрде қимылдар жасауға ,оларды көп күш салмай жоғары дәлдікпен орындауға мүмкіндік береді.Қажудың кәсібіне байланысты патологиялық алдын алу ауысымішілік жұмыс режимі мендемалу режимін дұрыс ұйымдастырудың маңызы бар.Әдетте түскі үзіліс,сонымен қатар регламенттелген қысқа мерзімдік үзілістер енгізіледі.

72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.

Еңбек гигиенасы өзініңерекшеліктері және шешетін мәселелерінің өзіндік мәні бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар бірқатар іргелі бөлімдерге бөлінеді.Оларға еібек физиологиясы ,өндірістік токсикология,еңбек психиологиясы жатады.

Еңбек физиологиясы еңбек іс әрекеттерінің әсерінен пайда болатын адам ағзасындағы функционалдық өзгерістерді зерттейдй,сондай-ақ,адам денсаулығын және жоғарғы деңгейде жұмыс қабілеттілігін сақтауға,қажудың алдын алуға мүмкіндік беретін физиологиялық тұрғыдан негізделген еңбек үрдісін қолайлы ететін әдістерді зерттеп дайындайды.Еңбектің барлық түрлерін жене және ой еңбегіне бөледі.Біріншісіне бұлшықет белсенділігінің басым болуы тән,ал екіншісіне –ой жұмысы мен шығармашылық іс әрекет тән.Белсенділіктің түрлеріне және айқындылығына байланысты келесі еңбек түрлерін ажыратады.

  • Едәуір бұлшықет белсенділігін қажет ететін еңбек түрлері

  • Еңбек топтық түрлері,конвейер

  • Механикаландырылған еңбек түрлері

  • Жартылай автоматтандырылған өндіріспен байланысты еңбек түрі

  • Өндірістік үрдістер мен механизмдерді басқарумен байланысты еңбек түрлері

  • Интелектуалды еңбек түрлері

73.Этиологиясы кәсіби емес аурулардың пайда болуына,ағымы мен нәтижесіне әсер ететін өндірістік факторлар.Қолайлы ,рұқсат етілген,зиянды жіне қауіпті еңбек жағдайының критерийлері.Өндірістегі сауықтыру шаралар жүйесі.Еңбек гигиенасы бойынша дәрігер жұмысының мазмұны мен негізгі формалары.

Еңбек ету - адамның денсаулығына қолайлы ықпал ететін және қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ететін қызметтің бір түрі болып табылады. Бірақ, жұмыстың кейбір түрлері, қолайсыз жағдайларда, кәсіби аурулардың себебі болуы мүмкін. Кәсіби ауруларға, өндіріс ортаның қолайсыз факторларының әсер етуінен себеп болған аурулар жатады.Кәсіби аурудың пайда болу уақытына байланысты, олар жіті және созылмалы болуы мүмкін.Жіті кәсіби аурулар және уланулар зиянды және қауіпті өндірістік факторларының шектеулі рұқсат етілген шоғырлануы (ШРШ) немесе шектеулі рұқсат етілген деңгейі (ШРД) артқан жағдайда кенеттен бір рет әсер етудің әсерінен пайда болған аурулар. Созылмалы кәсіби аурулар (уыттану) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторларының ұзақ мерзім әсер ету нәтижесінде пайда болған аурулар.Кәсіби аурулардың 70% шаң этиологиясымен байланысты.Технологиялық үдерістің қалыпты барысының бұзылуы, жұмыс үдерісінің дұрыс емес және бақылаусыз ұйымдастырылуы, санитариялық-техникалық құрылғылардың жарамсыздығы немесе жоқ болуы, жеке қорғаныс құралдарымен пайдаланбауы нәтижесінде зиянды факторлардың қарқынды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді әсер етуі кәсіби аурулардың негізгі себебі болып табылады.Осыған және  шаңға байланысты кәсіби аурулардың сауықтыру мақсатында мына ережелерді ұстану қажет:

- Үстіңгі тыныс алу жолдарын шаңнан қорғау үшін, сілтілі ингаляция, дем алу гимнастикасын жасап, құрамында метионин және витаминдер бар ем дәмді ұстану;

- МЕСТ-пен белгіленген,  зиянды заттардың жұмыс істеу аумағында таралуын шектеулі рұқсат етілген шоғырлану (ШРШ) талаптарына сәйкес сақтау;

- Шулы өндіріс ортасында рационалдық еңбек  үрдісін ұйымдастыру

- Жеке қорғаныс құралдарымен (шаңға қарсы респираторлар, қорғаныс көзілдірігі, шуға қарсы жеке қорғаныс құралдары) және арнайы киіммен пайдалануын бақылау;

- Кәсіби медициналық тексеру мерзімін сақтау;

- Өндірістік үдерістің автоматтандыру мен механизациялаудың жаңа технологияларын енгізу (қашықтықтан басқару);

- Құрғақ үдерістерді сулы үдерістерге алмастыру – сумен тегістеу, сумен елеу;

- Жабдықтарды бүрку құрылғыларымен қамтамасыз ету, форсункалық сулау әдісін қолдану;

- Шаң шығаратын жабдықтың жанында шаңды жергілікті сорып алу құрылғысын орнату;

- Құрал-жабдықтарды герметизациялау және тиімді аспиризациясы бар шаң өткізбейтін қаптамамен жабу.

74.Өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері мен алдын алу шаралары.Өндірістік микроклимат,сипаттамасы,адам ағзасына әсері.Алдын алу шаралары.Микроклимат параметрлерін нормалау қағидалары.Бағалау және зерттеу әдістері.

Өндірістік жарақат дегеніміз – қауіпсіздік техникасының талаптарын ескермегендіктен болатын жарақат.Кәсіби ауру – қызметкердің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы.Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

1. Физикалық факторлар - жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен діріл т.б.;

2. Химиялық факторлар - улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар;

3. Биологиялық факторлар - ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.;

4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нервпсихиялық және эмоциялық қажу т.б.

Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық факторларының-ауа температурасының,ылғалдылығының, қозғалу жылдамдығының және инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады.Өндірістік микроклиамт бұл факторлардың едәуір дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен ерекше ерекшеленеді және ол өндірістік үрдісінің сипатына,сыртқы метеорологиялық жағдайларға ,ауа алмасуының ұйымдастырылуына байланысты болады.Микроклимат жағдайларының адам ағзасына әсер етуіне байланысты,олар қолайлы ,рұқсат етілген,зиянды және қауіпті микроклимат жайдайларға бөледі. Өндірістік бөлмелердің микроклиматы қоршаған ортаның маңызды физикалық факторы болып келеді де, жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігі көбінесе оған байланысты болады. Өнеркәсіптің көптеген салаларында жұмысшылардың еңбегі микроклиматы жағымсыз келетін бөлмелерде өтеді. Адам ағзасына әсері. Әртүрлі климаттық жағдайларында адам организмінде, термореттеуде қатысушы бірқатар жүйелер мен органдардың функцияларын белгілі өзгерістері пайда болады — әсіресе қан айналым, нервтік және несеп бөлуші жүйелерінде. Адам организмінің жылулық жағдайының интегарльді көрсеткіші болып адамның температурасы саналады. Организмнің ысып кетуі – (жылулық гипертермия) организмде жылулық шамадан тыс көп жиналуында болады, оның негізгі белгісі болып дене температурасының 38°Сдейін одан жоғары шамаға көтерілуі саналады. Мұндай жағдайда адам бетінің гиперемиясы, қатты терлеуі, әлсіздік, бас ауруы, құсуы сияқты белгілері байқалады. Тынысы мен қан тамырының соғуы жиіленеді, артериялық қысымы басында көтеріліп, соңынан төмендейді. Ауыр жағдайларда гипертермия жылу соққысы түрінде өтеді, мұнда дене температурасы 40°С дейін және одан жоғары көтеріледі, беті бозарып, қан тамырының соғуы әлсіз және жиі болып, қан қысымы төмендеп, есінен айырылуы мүмкін.

75.Еңбек гигиенасы және гигиеналық пән ретінде анықтамасы.Әскери еңбектің гигиенада физиологиялық мәселе ретінде қарастырылатындығы.Әскери еңбек гигиенасының жағдайы анықтайтын негізгі факторларының қысқаша сипаттамасы.Әскери еңбектің қолайсыз факторларының әсерінің алдын алу.

Еңбек гигиенасы , кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Е. г-ның Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғыл. зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Е. г. мәселесімен Қазақ эпидемиол., микробиол. және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) айналысты. Е. г-ның негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физ., хим., биол. (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Е. г. физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Әскери медицина мен гигиена саласы. Оның міндеттері: әскери қызметшілердің денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне қоршақан ортаның, түрлі факторлардың әсер-ықпалын зерттеу; әскердің ұрысқа қабілеттілігіне осы факторлардың жағымсыз әсеріне қарсы күрес шараларын табу; медициналық қамтамасыз ету бөлігі болып табылатын ғылыми негізделген нормалар, ережелер мен санитарлық-гигиеналық шараларды талдап белгілеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]