Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.

Адам тамаққа өте көп,әр түрлі азықтар қолданылады,жануар текті,өсімдік текті және минерал текті ғана емес,сонымен қатар синтездеу жолымен алынған және генетикалық түр өзгеру нәтижесінде алынған азықтарды да қабылдайды.Кез келген азықтың құрамы химиялық қосылыстардың бірқатар кешені болып саналады,олар азықтардың табиғи құрам бөліктері немесе оларға сырттан түсетін бөгде заттар болуы мүмкін.

Тағамдық құндылық - өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін, яғни энергетикалық, биологиялық, физиологиялық, органо-лептикалық құндылығын, сіңімділігін, сапалылығын сипаттайтын күрделі қасиет. Өнімнің энергетикалық құндылығы оның құрамындағы май, ақуыз, көмірсу мөлшерімен анықталады. Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы 100 г-ға шаққанда кило-джоульмен (кДж) немесе кило-калориямен (ккал) өрнектеледі. Адам ағзасында 1 г май тотыққанда 9,3 ккал (37,7 кДж); 1 г ақуыз — 4,1 ккал (16,7 кДж); 1 г көмірсу — 3,75 ккал (15,7 кДж) энергия бөлінетіні белгілі. Ағза энергияның белгілі бір мөлшерін сол сияқты органикалық қышқылдар мен спирттер тотыққанда алады. Өнімнің химиялық құрамын біле отырып, оның энергетикалық құндылығын анықтауға болады. Өнімнің биологиялық құндылық өнімде биологиялық белсенді заттар мөлшерімен сипатталады: қажетті аминқышқылдары, витаминдер, макро- және микро- элементтер, полиқанықпаған май қышқылдары.

63.Тамақтанудың ұйымдастырылуын,оның гигиеналық және эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау.Санитарлық сараптама әдістері.Азық-түліктердің биологиялық және химиялық қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері.Тағамдық өнімдердің сапа категориясы.

Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану жүйесін ұйымдастыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет. Тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуына жүргізілетін медициналық бақылаудың негізгі міндеттері:

  • Тағам рационының құндылығын қамтамасыз етілуін бақылау

  • Тағамнан уланулардың, тағам инфекциялары мен гельминтоздар пайда болуының алдын алу

Бұл мәселелерді келесі шаралар арқылы шешуге болады;

  • Ас блогын ұтымды жоспарлау

  • Ас блогтарының санитарлық абаттандырылуын,жабдықталуын,кутіп ұсталуын кунделікті бақылау

  • Тағамдық өнімдерді жәнеитағамды дайындаудың,жеткізіп берудің,сақтаудың,өңдеудің барлық кезеңдерінде санитарлық ережелердің сақталуын бақылау

  • Тағамды дайындау технологиясын бақылау

  • Ас блогы қызметшілерінің санитарлық және асапаздық сауаттылығын бақылау

  • Олардың денсаулық жағдайын және бас гигиенасын сақтауын жүйелі тексеру

  • Тамақтанудың гигиенасын бағалау

  • Дайын тағам сынамаларын оқтын оқтын зертханалық талдау жасау

Санитарлық –эпидемиологиялық қызметтің мекемелері мен органдарының жұмысындаңы негізгі орындардың бірін тағамдық азықтарды санитарлық эпидемиологиялық сараптау алады.Ол азықтарды зерттеуден және олардың сапасының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі туралы қорытынды беруден тұрады.

Азықтың тамақтық құндылығы азықтың сапа категориясы болып табылады.Сапа категориясының бірі-азықтың қауіпсіздігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]