- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
1. Тамақ өнiмдерiнiң сапасына, буылып-түйiлуiне, таңбалануына, бақылау (талдау) әдiстерiне, бағалау рәсiмдерiне және тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растауға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiткен нормативтiк құжаттарда белгiленедi. 2. Тамақтық және энергиялық құндылықтарға, тамақтық және биологиялық белсендi қоспалардың, тамақ өнiмдерiнiң (малдан алынатын азық-түлiк шикiзатынан басқа) қауiпсiздiгiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау тасымалдау сату (сауда) және қоғамдық тамақтандыру қызметтерiн көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттiк (мемлекетаралық) стандарттар мен санитарлық ережелерде және нормаларда белгіленедi. 3. Малдан алынатын азық-түлiк шикiзаттарын (ет, балық, құс, жұмыртқа және басқа) дайындау сақтау тасымалдау және сату кезiндегi сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар мемлекеттiк (мемлекетаралық) стандарттар мен малдәрiгерлiк ережелерде және нормаларда белгiленедi. Өсiмдiктен алынатын азық-түлiк шикiзатының сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар санитарлық ережелер мен нормаларда және фитосанитарлық ережелер мен нормаларда белгiленедi. Жоғарыда көрсетiлген талаптар ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне, халықтың тамақтану ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайына, тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ықтимал қауiптi қасиеттерiне, оларды тамаққа пайдаланудан адамдардың денсаулығына зиян келуi қаупiне, сондай-ақ олардың әлеуметтiк және экономикалық зардаптарына негiзделедi. 4. Мемлекеттiк стандарттарды, санитарлық, малдәрiгерлiк-санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларды стандарттау және сертификаттау саласындағы қадағалау санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау малдәрiгерлiк қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi фитосанитарлық қызмет, олардың құзыреттерiне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтедi. Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 1. Заңды және жеке тұлғалар тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн: нормативтiк және техникалық құжаттардың талаптарын, ал олар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген, ұқсас өнiмдердiң сапасы мен қауiпсiздiгiне талаптар белгiлейтiн нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарды сақтау; азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң дайындау, сақтау тасымалдау және сату кезiндегi сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы, малдәрiгерлiк-санитарлық, технологиялық, инженерлiк-техникалық, агрохимиялық және фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзу; сапаны басқару жүйесiн енгiзу арқылы тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне, оны дайындау, сақтау, тасымалдау және сату шарттарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды жүргiзу; нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiкке мiндеттi түрде сертификаттауға жататын тамақ өнiмдерiне сертификаттауды және өнiмдi санэпидсараптаманы жүргiзу арқылы қамтамасыз етедi. 2. Нәтижелерi сертификаттаудың мақсаттары үшiн пайдаланылмайтын азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн зерттеудi белгiленген тәртiппен аттестациядан өткен зертханалар жүзеге асырады. 3. Тамақ өнiмдерiн сертификациялық сынауды сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiнде тiркелген зертханалар сынақтарды жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзедi. 4. Дайындаушы мүмкiн болатын бұрмалаушылықтан өз өнiмiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.
|
