- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар д.а. ДДСҰ жіктеуі бойынша олар: 1) дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар 2) жарамсыз тағамдарды қабылдаумен байланысты аурулар 3) ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ферментопатиялар, тағам аллергиялары) деп бөледі7 Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды 4 топқа бөледі: -толық аштықпен және жалпы жеткіліксіз тамақтанумен байланысты аурулар- алиментарлық дистрофия -тамақтанудың бірлі жарым жеткіліксіздігімен байланысты аурулар- бір немесе бірнеше тағамдық заттардың салыстырмалы түрде немесе абсолюттік жеткіліксіздігімен байланысты -артық тамақтанумен байланысты аурулар -тағамдық азықтардың дұрыс балансталмағандығына және тамақтану режимінің сақталмауына байланысты аурулар Азықтың тамақтық құндылығы азықтың сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Басқа маңызды сапа көрсеткіштерінің бірі- азықтың қауіпсіздігі. Патогенді ағзалармен, паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен, микроағзалардың уларымен, ксенобиотиктермен ластануы кезінде, азықта оған тән улы компоненттер және басқалардың болуы кезінде азық адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін, өйткені тағам инфекциялары, гельминтоздар, тамақтан уланулар, онкологиялық аурулар және басқа да патологиялар дамуының себебі болады. Сондықтан, азықтың сапасы, яғни оның тамақтық құндылығы және қауіпсіздігі, осыларға қатысты ҚР нормативтік құжаттарында жазылған гигиеналық талаптарға сай келуі тиіс. ксенобиотиктердің тағамдық азықтардағы максималді рұқсат етілетін деңгейлері немесе шектік рұқсат етілетін концентрациялары деп аталатын нормативтерін рұқсат етілетін тәуліктік дозасы(РЕТД) және рұқсат етілген тәуліктік (ағзаға) түсуі(РЕТТ) негізінде есептеп шығарады. РЕТД- адамның бүкіл өмірі бойына ағзасына күнделікті түсіп отырғанда, оның денсаулығына және ұрпағының денсаулығына зиянды әсер етпейтін, денесінің 1 кг массасына келетін максималды доза. РЕТТ анықтау үшін, РЕТД адамның массасына көбейтеді. Тағамдық азықтардың сапасы гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне өндірістік бақылау және санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі.
57. Тамақтың химиялық зиянсыздығы, эпидемиологиялық маңызы. Тамақтан уланулар, олардың жіктелуі. Табиғаты микробты, микробты емес және анықталмаған тамақтан уланулар. Шығу көздері, ластану жолдары, клиникалық көріністері. Алдын алу.
Санитарлық эпидемиологиялық қызметтің мекемелері мен органдарының жұмысындағы негізгі орындардың бірін тағамдық азықтарды санитарлық эпидемиологиялық сараптау алады. Ол азықтарды зерттеуден және олардың сапасының санитарлық гигиеналық талаптарға сай келуі туралы қорытынды беруден тұрады. Санитарлық- эпидемиологиялық сараптаманың мақсаты азықтың тамақтық құндылығын және оның халықтың денсаулығына зиянсыздығын анықтау болып табылады. Санитарлық эпидемиологиялық сараптау тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтану нысандарында, сауда орындарында, сонымен қатар тағамдық азықтарды ұзақ уақыт сақтауда сақтық санитарлық бақылауды да және күнделікті санитарлық бақылауды да іске асыру кезінде жүргізіледі. Сақтық санитарлық бақылауда жүргізуде міндетті түрде сараптауға жататындар: -өндірістен шығарылатын тағамдық өнімдердің жаңа түрлері -жаңа рецепттерге немесе жаңа шикізат түрін қолданумен байланысты құрамы өзгерген тағамдық азықтар -жаңа тағамдық қоспалар енгізген азықтар -тағамдық азықтарды өндіру технологиясына өзгерістер енгізгеннен кейінгі, азықтарды өндіру, сақтау және тарату үшін жаңа технологиялар, агрегаттар, машиналар, жабдықтар енгізгеннен кейінгі кәсіпорындардың өнімдері -бұрын берілген қорытындыларының іс жүзіндегі күшінің мерзімі өткен азықтар -тамаққа қолданылатын жаңа ыдыстар, мүліктер, буып түйетін заттар, жабдықтарға арналған бетін жабатын заттар -өнімдердің тәжірибелік партиясы -сырттан әкелінетін өнімдер. Тамақтан улану- бұл микроағзалар мен өте көп ластанған немесе құрамында микроб текті, не микроб текті емес улары бар тағамды қабылдаумен байланысты аурулар Этиологиялық факторы бойынша тамақтан уланулар 3 топқа бөлінеді: 1. Микробтық (әр түрлі микроағзалардан және олардың уларынан п.б.) уланулар 2. Микробтық емес- микроб текті емес улар тудыратын уланулар 3. Этиологиясы анықталмаған уланулар (алиментарлық пароксизмалды- уланудан пайда болған миоглобинурия- Гафф, Юкс, Сартланд ауруы) Микроб текті тамақтан улануларға микроағзалар өте көп тұқымданып кеткен немесе құрамында микроб текті улары бар тағамды қабылдау кезінде пайда болатын жедел асқазан ішек аурулары жатады. Микроб текті тамақтан улануларға мыналар тән: -микроағзалармен ластанған тағамды қабылдаған адамдардың үлкен тобында аурудың бір мезгілде пайда болуы; -аурудың алиментарлық жолмен берілуі және жанаспалы жолмен жұқпалы еместігі -жасырын кезеңі қысқа, бірнеше сағат ішінде болуы. Микроб текті тамақтан уланулар, даму механизмі бойынша 3 топқа бөлінеді: токсикоинфекцияларға, токсикоздарға, этиологиясы аралас Тағам токсикоинфекцияларының даму механизмінде негізгі рөл тірі микроағзаларға және олардың жансыздануы кезінде бөлінетін эндотоксиндерге беріледі. Ағзаға түскен кезде, микроағзалардың едәуір бөлігі асқазан ішек жолдарында және мезентериалдық лимфа бездерінде жансызданады, басқа өмір сүру қабілеті жоғарырақ бөлігі қанның ағысымен ретикулоэндотелиалдық жүйенің мүшелеріне жетіп, сол жерде жансызданады. Сөйтіп, тағам токсикоинфекциялары кезінде бактериемия байқалады, оған ағзаның жауабы ретінде спецификалық антиденелер синтезделеді, бұл тамақтан улану диагнозын қою үшін өте маңызды.
