Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.

Топырақтың тірі организмі микробтармен беріледі; 1 грамм топырақта 2 млрд – қа дейін микробтар өмір сүреді. Олардың түрлері әртүрлі: саңырауқұлақтар, бактериялар, қарапайымдылар (насекомдар, шыбындар олардың қуыршақтары мен личинкалары арқылы беріледі), вирустар және т.б.    Топырақтағы микроорганизмдердің жағдайы күн сәулесімен, аэрация топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруіне, температурамен тығыз байланысты.    Бұл микроорганизмдер топырақтың өзіндік тазалану процесінде алатын орны ерекше. Топырақтың  өзіндік тазалану процесі эпидемиологиялық жағынанөте қауіпті органикалық заттардың топырақты микроорганизмдермен қатынасқа түсіп органикалық емес заттарға айналуы. Бұл процесс екі кезеңде өтеді: I кезең – минерализациялануы, бұл процесс анаэробты  (оттексіз) және аэробты (оттекті) ортада өтеді, соңғы өнімдері су, аминқышқылдары мен аммиак болып табылады. Одан кейін бұл өнімдердің ыдырауының II кезеңі – нейрофикациялануы басталады. Бұл кезеңнің соңғы өнімі азот қышқылы мен нитраттар, гумус болып табылады.    Топырақтың өзіндік тазалану процесінің аэробты өтуі, гигиеналық жағынан ұтымды, себебі қатты сасық иіс және зиянды заттар пайда болмайды.    Топырақ арқылы әртүрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, гельминтердің личинкасы мен құрттары адамға беріледі. Топырақ құрамындағы микроорганизмдердің өмір сүру ұзақтығына байланысты шартты түрде II топ құруға болады.   I топ – топырақта тұрақты ұзақ өмір сүретін микроорганизмдер:  Зоонозды жұқпалы аурулар қоздырғыштары: сібір түйнемесі, сап, бруцеллез.  Вирустар: полеомиелит, вирусты гепатит.  Спора құрушы микроорганизмдер: ботулизм, гангрена, сіреспе  Шаң арқылы берілетін қоздырушылар: туберкулез.  Кеміргіштер арқылы берілетін қоздырушылар: оба, туляремия, жұқпалы гепатит.  Гельминтоздар: власоглов, аскарида, астрица, анкилостомы.  Актиномикоздар.      II топ – топырақта уақытша өмір сүретін жұқпалы аурулар қоздырғыштары.  Бұл топқа ішек таяқшалары жатады. Ішек таяқшаларының  топырақтан суға түсіп, су арқылы таралу жолы да қарастырылады. Бұл топқа тән қасиет тұрғындардың арасында эпидемиялық өршу тудыруы. Мысалы іш сүзегінің қоздырушысының организге түсу жолы схема түрінде былай өтеді: тасымалдаушы немесе ауру организм -> топырақ -> өсімдіктектес азық түліктер -> қабылдағыш организм.    Іш сүзегінің қоздырушысы 100 күнге дейін ғана өмір сүре алады. Топырақ арқылы гельминттердің таралу жолының ерекшелігі өте зор.             Аскаридалар                       Биогельминттер (шошқа және өгіз цепені)                          Науқас адам                               Науқас адам                Топырақ                                     Топырақ                Көкөніс, су, шаң                        Өсімдіктер (ірі қара мал азығы)                Адам организмі                          Адам организмі     Тұрғындар арасында топырақ арқылы әр түрлі ауру қоздырғыштарының таралуын төмендету мақсатында гигиенистер елді мекендерді санитарлық тазалау бөліміне көп көңіл бөледі. Гельминтологиялық зерттеу үшін топырақтан үлгі алу. Қажетті құралдар: металды гипател немесе күрек, банкалар. - 10 -  үлгіні алу көлемі 50 м 2 ,  ( жалпы салмағы 1 кг құрайтын) 10 үлгі алынады.  алу тереңдігі 2 – 3 см болады.  үлгіге жолдама толтырып лабораторияға жөнелту. Лабораторияға жөнелтуге немесе сынама өткізуге мүмкіндік болмаса топырақ үлгілерін 3 % формалин ерітіндісімен немесе 3 % тұз қышқылы құйып консервілейді, ашық банкалы 18 – 24 0С – та сақтайды.  Топырақтың «санитарлық санын» анықтау.   Химиялық сараптаманың нәтижесі бойынша таза топырақтың химиялық құрамының өзгергіштігіне байланысты (топырақтың санитарлық бағасын анықтау) өте қиын. Сондықтан топырақтың тазалану процесі мен ластану деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші ретінде «санитарлық сан» қолданылады.  «Санитарлық сан» - топырақтың белоктық азотының органикалық азот санына қатынасы:                            С=B/A                                                             А  Мұндағы, С – «санитарлық сан»; В – «топырақтың белоктық азотының» саны; А – топырақтағы органикалық азоттың саны (100 г құрғақ топыраққа есептелінеді, өлшем бірлігі  - мг).  «Санитарлық сан» - бірге тең немесе төмен болса, топырақ таза деп есептелінеді. Топырақты гельминтологиялық зерттеу әдістемесі. Қажетті құралдар:  5 – 10 мг топырақ үлгісі  20 мл 5 % ащы натрий ерітіндісі  центрифуга, пинцет  нитратты натрий ерітіндісі  Гольдман немесе Зейтц сүзгіштері Жұмыс барысы:  5 – 10 мг топырақ үлгісін 20 мл 5 % ащы натрий ерітіндісімен 1 сағат көлемінде араластыру.  Алынған массаны центрифугада 1 – 2 минут айналдыру.  Ерітіндінің артық көлемін төгіп тастау.  Алынған топырақты нитратты натриймен қанықтырылады.  Үлгіні 2 минуттан 5 рет центрифугалау.  Центрифугадағы әр айналымнан кейін, сынаманың бетіндегі қабыршағын ішінде суы бар стаканға салу  (құрт жұмыртқаларын нақты жинау үшін 15 – 20 рет қабыршақ жинаған жөн).  Стакандағы қабыршақты Гольдман сүзгіші арқылы сүзу.  Сүзгішті пинцеттің көмегімен шынының үстіне салу.  Сүзгіні түссіздендіру үшін үстінен 50 % глицерин ерітіндісі құйылады.  Алынған мәліметтер нәтижесін мына қатынаста оқу: а) топырақ сау – аскарида жұмыртқалары табылмайды. ә) топырақ әлсіз ластанған 1 кг топырақта 10 құрт жұмыртқасы табылады. б) топырақ лас 1 кг топырақта 100 – ге дейін құрт жұмыртқалары табылады. в) топырақ қатты ластанған1 кг топырақта 100 – ден көп құрт жұмыртқалары табылады.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]