Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.

Елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан санитарлық тазарту бір біріне ұқсас кезеңдерден тұрады: қалдықтарды жинау, шығарып тастау, залалсыздандыру және өндеп, қайта пайдалану. Қатты қалдықтардан тазарту. Қатты қалдықтарды жинау және уақытша сақтау жоспарлы аулалық және жоспарлы пәтерлік жүйелер бойынша жүзеге асырылады. Қалдықтардан санитарлық тазартудың ең маңызды элементі, оларды залалсыздандыру болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандырудың барлық әдістері 2 топқа бөлінеді: өңдеп, қайта пайдаға асыру және жою. Өңдеп, қайта пайдаға асыру әдістеру қоқыстызалалсыздандырып қана қоймай, оның бағалы компоненттерін пайдаға асыруды да көздейтін болса, жою әдісі тек залалсыздандыруға ғана бағытталған. Қолданылатын залалсыздандыру технологиясына байланысты қатты қалдықтарды залалсыздандыру әдістерінің келесі топтарын ажыратады: Биотермиялық (компостау, биотермиялық камералар, биотермиялық қайта өңдеу зауыттары, жетілдірілген қоқыс төгетін жерлер) Термиялық (қоқыс өртеу зауыттары, пиролиз) Химиялық (гидролиз) Механикалық (қалдықтарды құрамына қарай бөлу, әр қарай қайта пайдаға асыру, құрылыс блоктарын престеу) Сұйық қалдықтардан тазарту. Сұйық қалдықтарды жинау, сақтау және жою үшін екі жүйе пайдаланылады: тасып әкететін (ассенизациялық) және канализациялық (ағызып жіберетін). канализациялық жүйесі сұйық қалдықтарды жинаудың, жоюдың және залалсыздандырудың ең ұтымды жүйесі болып табылады, өйткені қалдықтар мен қоқыстар құбырлармен ағып кететіндіктен, ауа, топырақ, жер асты және жер беті сулары ластанбайды. Канализация деп, ағынды суларды жинау, оларды құбырлар арқылы елді мекеннен тыс жерге шығару, залалсыздандыру мен суаттарға немесе жер учаскелеріне ағызуды қамтамасыз ететін құрылыстар мен санитарлық шаралар жүйесін түсінеді. Тазарту құрылыстарына келіп түсетін ағынды сулар тазартудың бірнеше сатыларынан өтеді: 1. Суда қалқып жүрген заттардан және араласқан бөлшектерден тазарту 2. Еріген және коллоидты күйіндегі органикалық заттардан тазарту 3. Патогендік микрорганизмдерден тазарту. Ағынды суларды тазарту табиғи және жасанды жолдармен жүргізілуі мүмкін. Табиғи жолмен тазарту әдістерінде топырақ және биологиялық тоғандар қолданылады. Жасанды әдістерде механикалық тазартудан өткен ағынды сулар еріген органикалық заттардан арнайы құрылыстарда тазартылады, оларда органиканың ыдырауы мен минералдануы үшін, топырақта немесе суда болатын өздігінен тазару үрдістеріне тән жағдайлар жасанды жолмен жасалады. Тұндырғыштар арқылы өткен ағынды сұйықтың құрамында еріген органикалық заттар болады, олардың шіруі мүмкін. Сондықтан, механикалық тазартудан кейінгі келесі сатысы- суды биологиялық тазарту болып табылады. Оны табиғи немесе жасанды әдістермен жүзеге асырады. Тұрмыстық ағынды суларды тазартудың дәстүрлі әдістері әрқашанда тиімді бола бермейді, өйткені тіпті залалсыздандырылған судың өзінде биологиялық ыдырауға ұшырамайтын биогенді элементтердің- фосфор, калий, азот, сондай ақ синтетикалық органикалық заттардың көп мөлшері болады.

51. Топырақты санитарлық гигиеналық зерттеу әдістері. Зерттеулер жүргізу үшін топырақтан сынамалар алу және зертханалық тексеруге дайындау. Топыраққа физикалық- химиялық талдаулар жасау әдістемесі. Су сорғышты химиялық талдау әдісі.

   Топырақ механикалық құрамы бойынша төмендегідей бөлінеді: құмды (80 % құм – 10 % саздан) құмайт (30 % құм – 50 % саздан) ұсақ балшықты (80 % саздан) сазды (80 % жоғары саздан) ізбесті (20 % ізбестен) қара топырақ (30 % гумустан)       Санитарлық тәжірибеде топырақтың қасиетін бағалау елді мекендерді салуда, ашық спорт кешендерін, құдықтарды орналастыру, қатты залалсыздандыру әдісін таңдауда өте қажет.      Топырақтың түріне байланысты оның физикалық қасиеттерінің өзгеруі гигиенистер үшін өте маңызды. Топырақтың қуыстылығы: топырақ әр түрлі бөлшектерден, яғни түйіршіктерден және олардың арасындағы қуыстардан тұрады. Топырақ қуысының мөлшері оның түйіршіктерінің орналасуы мен мөлшеріне байланысты болады. Біркелкі топырақта түйіршік көп, сондықтан қуыстары да көп болады. Топырақтың қуыстылығы процентпен бағаланады және қуыстылығы 60 – 65 % топырақ биологиялық және химиялық ластардан тазалануы тиімді өтеді. Топырақтың тығыздығы: құрғақ топырақтың бірлік көлемінде көрсетілген абсолютті массасы. Топырақтың ауалық қасиеті. Бұл қасиет оның ауа өткізгіштігімен  сипатталады. Өзінің бойынан ауа өткізе алу қасиеті топырақтың ауа өткізгіштік қасиеті деп аталады. Ауа өткізгіштігі жоғары болса, топырақтың өзіндік тазалану процесі де жақсы өтеді, яғни органикалық заттар тез тотығады. Топырақтың сулық қасиеті:   а) ылғалдылық – зерттеген кезде топырақтың құрамында анықталған судың көлемі.   б) ылғалсыйымдылығы – топырақ өзінің қуысында суды ұстап қалу қабілеті. Ол топырақ түйіршіктерінің беті мен оларды шайып өтетін сүзілгіш су арасында пайда болатын беткі су  (адсорбция) күшінен туындайды. Ылғалсыйымдылық  (топырақтың сіңіру қасиеті) топырақ қуысының мөлшері азайған сайын жоғарылайды. Сондықтан топырақ ұсақ түйіршікті болған сайын, оның ылғалсыйымдылығы жоғары болады, яғни топырақтың бойынан су мен ауа өтуі төмендейді.    Мұндай топырақтар елді мекендерді салуда немесе қоқыстарды тазалау үшін пайдалануға жарамсыз. Ылғалсыйымдылығы жоғары топырақ сау емес және суық топыраққа жатады. Гигиеналық жағынан қарастырғанда мұндай топыраққа салынған үйдің дымқылдануы жоғары болып, фундаменттері жылдам бұзыла бастайды, грунт суларының тұру биіктігі өте жоғары болады.    в) Сүзгіштігі – топырақтың қуыстары арқылы суды өткізу қасиеті. Қиыршықты топырақтың сүзілу қасиеті өте жоғары. Гигиеналық жағынан мұндай топырақтарды елді мекендерді салуға пайдалану ұтымды.    г) капиллярлығы – төменгі горизонттардан суды өзінің қуыстары арқылы жер бетіне көтеру қасиеті. Ұсақ қуысты топырақтың капиллярлығы өте жоғары. Елді мекендерді салуда мұндай топырақ қолайсыз.    д) гигроскопиялығы – ауадағы су буларын өзінің қуысында қоюландыру қасиеті.    е) булану - өзінің бойындағы суды буландыру. Ол күн сәулесінің көмегімен, жер рельефіне, өсімдіктер, құрғақ ауаға байланысты жүреді.

Топырақтан үлгі алу әдістемесі.   Физикалық – химиялық зерттеулер үшін:  үлгіні «конверт» әдісі арқылы жинайды. Үлгі алу ауданы 25 м 2 болатын жерден 3 – 5 нүкте белгілеп, тереңдігі 0,25 метрде жүргізіледі (қажет болса 0,75 – 1 м дейінгі тереңдікте).   Қажетті құралдар: күрек, банка, жолдама.  Үлгі «конверт» әдісі арқылы 3 – 5 нүкте белгілеу.  Күректің көмегімен ауданы 25 м 2 жерден тереңдігі 0,25 (0,75 – 1 м) дейін үлгі алу.  Әр нүктеден жиналған үлгіні араластырып, 1 кг жинақталады.  1 кг топырақ үлгісін банкаға салып, жолдама толтыру, лабораторияға тексеруге жөнелту. Бактериологиялық зерттеу үшін топырақтан үлгі алу. Қажетті құралдар: стерильді күрек және банкалар (алу тәртібі жоғарыда айтылғандай). Гельминтологиялық зерттеу үшін топырақтан үлгі алу. Қажетті құралдар: металды гипател немесе күрек, банкалар. - 10 -  үлгіні алу көлемі 50 м 2 ,  ( жалпы салмағы 1 кг құрайтын) 10 үлгі алынады.  алу тереңдігі 2 – 3 см болады.  үлгіге жолдама толтырып лабораторияға жөнелту. Лабораторияға жөнелтуге немесе сынама өткізуге мүмкіндік болмаса топырақ үлгілерін 3 % формалин ерітіндісімен немесе 3 % тұз қышқылы құйып консервілейді, ашық банкалы 18 – 24 0С – та сақтайды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]