Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.

Т.тың химиялық құрамы алуан түрлі, оған, минералды және органикалық қосылыстар түріндегі барлық дерлік белгілі химиялық элементтер кіреді. Судағы, өсімдіктердегі және азық түлік өнімдеріндегі белгілі бір минералды элементтердің құрамы, демек, адам ағзасының олармен қамтамасыз етілуі топырақтың химиялық құрамына байланысты. Сумен және мал шаруашылығы мен топырақта өсірілген егін шаруашылығы өнімдерімен бірге адам ағзасына күкірт, көміртек, азот, фосфор, кальций, натрий, калий, хлор, т.б. сияқты биогенді макроэлементтер, эссенциалды, салыстырмалы эссенциалды және уытты микроэлементтер, сол сияқты ультрамикроэлементтер түседі. Эссенциалды микроэлементтер ағзаның тіршілігі үшін өте қажет, оларға темір, йод, мыс, хром, кобальт, молибден, марганец, мырыш, селен жатады. Әр түрлі аймақтардағы топырақтың химиялық құрамы бірдей болмайды, өйткені, бұл көрсеткіштер сол аудандардағы геологиялық және топырақ түзілу үрдістерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Осыған байланысты, кейбір аудандарда микроэлементтердің белгілі бір түрлері артық мөлшерде болса, ал екіншілерінде керісінше, олардың жетіспеушілігі байқалады. Осындай табиғи биогеохимиялық провинциялардың тұрғындарында топырақта және осыған байланысты қоршаған ортаның басқа да нысандарында микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе артық мөлшерде болуына байланысты туындайтын түрлі эндемиялық аурулар байқалады. Аномалиялық биогеохимиялық провинциялар туралы ілімнің негізін салушы академик А. П. Виноградов болды. Организмдердің химиялық құрамы мен жер қыртысының химиялық құрамы арасындағы тығыз байланысты дәлелдеген В. И. Вернадскийдің еңбектерін негізге ала отырып, ол жер шарының әр түрлі аудандарында химиялық элементтердің біркелкі таралмағандығын және сол территориядағы тұрғындарда спецификалық патологияның дамуында биогеохимиялық провинциядардың элементтік құрамының маңыздылығын анықтады. Адам ағзасына микроэлементтердің артық мөлшерде түсуімен байланысты классикалық табиғи эндемиялық селен токсикозы, молибден подаграсы, Кашин- Бек ауруы, флюороз, бор энтериті және тағы басқалар жатады. Микроэлементтердің тапшылығына байланысты туындайтын эндемиялық аурулардың арасында эндемиялық жемсау, гипофтороз, селендік гипомикроэлементоз көп тараған.

49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.

Ғылыми-техникалық үрдістің қарқындылығы, халық шаруашылығы мен тұрмысты химияландыру, минералды тыңайтқыштарды және ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресудің химиялық құралдарын барынша көптеп қолдану, атом энергетикасының дамуы топырақтың химиялық және белсенді заттармен ластану қауіпін арттырады. БДДҰ анықтамасы бойынша, топырақты ластаушылар деп саналатындар, тиісті емес жерде, тиісті емес уақытта және тиісті емес мөлшерде кездесетін химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, гельминттер) мен олардың тіршілік үрдістерінің өнімдері. Химиялық ластаушылар топыраққа агрохимикаттарды- минералдық тыңайиқыштарды, пестицидтерді, топырақтың құрылым түзушілерін, өсімдіктердің өсуін ынталандыратын және тағы басқаларды жоспарлы түрде енгізу нәтижесінде топыраққа түседі. Олардың қауіпті әсері қолдану кезінде тиісті агрохимиялық және гигиеналық талаптардың орындалмауынан жиі байқалады. Минералдық тыңайтқыштар ретінде құрамына өсімдіктердің өсуін тездететін азот, фосфор, калий кіретін заттар пайдаланылады. Топыраққа енгізілген тыңайтқыштарды өсімдіктер пайдаланады, олар жер асты суларымен, жер бетіндегі су ағындарымен бірге ағып кетеді, ауға түсетін ұшқыш қосылыстар түзіп, топырақта ыдырайды. Адам денсаулығына шынайы қауіп тудыратындығына байланысты азот тыңайтқыштарына ерекше көңіл бөлінеді. Олардың артық мөлшерде қолдану топырақта, жер беті және жер асты суларда, өсімдіктерде нитраттар мен нитриттер концентрациясының едәуір жоғарлауына, сондай ақ нитрозоаминдер түзілуіне әкеп соғады. Зияндылықтың жалпы санитарлық көрсеткіші химиялық заттардың топырақтың өздігінен тазару қабілеті мен оның биологиялық белсенділігіне тигізетін әсерін сипаттайды; органолептикалық- эксперименттің экстремальды жағдайларында, тағамдық азықтардың қоректік құндылығы, атмосфералық ауаның иісі, тағамдық өнімдер мен судың иісі, дәмі және түсі өзгеруінің дәрежесін сипаттайды. Токсикологиялық көрсеткіш бойынша, адам ағзасына миграцияның белгілі бір жолы арқылы немесе тікелей контакт арқылы, сол сияқты топырақ шаңымен бірге немесе барлық жолдар арқылы түскен заттардың бірлескен әсерінің улылық деңгейі анықталады. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерінің бірі термофилдердің титрі- органикалық ластаушылардың ыдырау және өзгеру үрдістеріне белсенді қатысатын микроорганизмдер болып табылады. Топырақты санитарлық қорғау, топырақпен байланысты инфекциялық және паразиттік аурулардың, сол сияқты экологиялық тізбектің барлық тармақтары арқылы топыраққа экзогенді химиялық заттар мен радионукдидтердің тікелей немесе жанама жолмен түсуі нәтижесінде пайда болатын аурулардың дамуына әкеп соқпайтын топырақтың сапасын сақтауға бағытталған шаралар кешені болып табылады. Гигиеналық нормативтерді әзірлеу топырақты санитарлық қорғау жүйесіндегі аса маңызды буындардың бірі болып талылады. Қазіргі уақытта топырақ құрамында ондаған мың заттар кездесетін болса, олардың ішінде тек 200 астам заттарға бекітілген нормативтер бар. Технологиялық іс шаралар өнеркәсіп орындарында қалдықсыз немессе аз қалдықты, жабық циклді технологиялар жасауға, уытты заттарды уыттылығы аз заттармен алмастыруға, елді мекендерді тазарту технологияларын жақсартуға, қалдықтарды залалсыздандыруға, т.б. мақсаттарға бағытталған. Олар топырақтың ластануының алдын алады және топырақты санитарлық қорғау жөніндегі ең пәрменді шаралар б.т. Жоспарлау шаралары қалдықтарды залалсыздандыру мен қайта пайдалануға арналған қондырғылардың құрылысы үшін жер телімін дұрыс таңдап алу, олардың айналасында санитарлық қорғаныс аймақтарын орнату және сақтау, полигондардың территориясын аймақтарға бөлу, қалдықтарды тасымалдайтын автокөлік қозғалысының сызбасын таңдау мәселелерін шешеді. Заңнамалық шаралар орындалуының заңдық күші бар және заңдар мен өзге де заңдық күші бар құжаттар жүйесінде бекітілген іс шаралар болып табылады. Санитарлық бақылау топырақтың ластануының алдын алу жөніндегі, қалдықтарды залалсыздандыру, жою және қайта пайдалануға арналған құрылыстардың дұрыс ұйымдастырылуы, пайдаланылуы және күтіп ұсталуы, жерді рекультивациялаудың қауіпсіз әдістерін қолдану мен тиімді пайдалану жөніндегі барлық шаралардың орындауына жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]