Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gigiena_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.4 Кб
Скачать

20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.

Табиғи желдету кезінде ауа бөлмеге табиғи жолмен беріледі және шығады, ал жасанды желдету кезінде механикалық қоздырғыш құралдар көмегімен іске асырылады. Желдетудің маңызы.Нашар желдетілген жабық бөлмелердің ауасы адамға қолайсыз әсер етеді. Бұл кезде адамның көңіл күйі нашарлайды, қапырыққа, тыныс алуының қиындауына, басында ауырлық сезімі болуына, бас ауруына, тершеңдікке, ұйқышылдыққа, ой еңбегіне, одан кейін дене еңбегіне, одан кейін дене еңбегіне де қабілеттілігінің төмендеуіне шағымдар айтады. Жабық бөлмелердің ауасы үнемі биологиялық ластануға ұшырайды. Ластаушы көзі негізінен науқас адамдардың, бацилло тасымалдаушылардың тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары, үй жануарлары, құстар б.т. осындай жұқпалы аурулардан сақ болуымыз үшін бөлмені жиі желдетіп тұруымыз керек.

Қатты ластанған және тұрақты ластанып отыратын бөлмелерді табиғи жолмен желдету жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бөлмелерді механикалық жасанды желдетумен жабдықтайды. Бұл ауа алмасуының қажетті есесін қамтамасыз етеді және бөлмелер арасында ауа қозғалысын басқарып отыруға мүмкіндік береді. Оның енбелі, сормалы және енбелі сормалы түрлері бар.

Енбелі желдету кезінде таза ауа бөлмеге желдеткіш көмегімен беріледі, ал лас ауа табиғи жолмен сыртқа шығарылады. Сормалы желдету кезінде, ластанған ауа бөлмеден желдеткіштің көмегімен сорылып шығарылады, таза ауа табиғи жолмен түседі. Ал енбелі сормалы желдету кезінде ауа бөлмеге механикалық қозғағыш(вентилятор) көмегімен беріліп, одан сыртқа шығарылады.

Ауа алмасуды бағалау үшін желдетудің қажетті және іс жүзіндегі көлемін, ауа алмасу есесін. Желдетудің қажетті көлемі бұл бөлме ішіндегі зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден асып кетпеуі үшін, бір адамға бір сағат ішінде бөлмеге берілуі қажет таза ауаның мөлшері.

Әдетте, ауасы негізінде адамдардың есебінен ластанатын тұрғын үй бөлмелері мен аудиторияларда желдетудің қажетті көлемі адамның тыныс алу кезінде шығарған көмір қышқыл газының мөлшері мен оның ауадағы рұқсат етілген концентрациясына байланысты анықталады.

41. Судың сапасын жақсартудың негізгі әдістері: тазарту және зарарсыздандыру. Суды хлорлау әдістері. Хлор қажеттілікті, хлор сіңірушілігін және хлор қалдығын анықтау. Су сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

Су көздерінің суы өңдеуден кезең кезеңмен өтеді. Өңдеудің негізгі әдістеріне тазарту ( суды мөлдірлендіру және түссіздендіру) және зарарсыздандыру жатады, ал қажет болғанда судың органолептикалық қасиеттерін жақсарту, суды жұмсарту, кейбір химиялық заттардан бөлу үшін қосымша әдістер қолданылады. Тазарту- суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде маңызды кезең болып табылады, өйткені, ол судың физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Араласқан заттардан тазарту кезінде, судағы микроағзалардың да едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы оның зарарсыздандыруын жеңіл және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді. Мөлдірлендіру және түссіздендіру мақсатында суды тазарту механикалық (тұндыру арқылы), физикалық (сүзу) және химиялық (коагуляция, флокуляция) әдістер арқылы жүргізіледі. Судың сапасын жақсартудың келесі кезеңі- оны зарарсыздандыру, яғни- микроағзаларды жою. Бұл әр түрлі химиялық, физикалық және механикалық әдістер көмегімен жүргізілуі мүмкін. Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі, оған судағы микроағзаларды жоятын, әр түрлі химиялық қосылыстар- реагенттер қосу арқылы жүзеге асырылады. Реагенттер ретінде газ күйіндегі хлор, хлордың әр түрлі қосылыстары (хлорлы әк, гипохлориттер, хлорамин және басқалар), озон, сутектің асқын тотығы т.б. заттар қолданылады. Санитарлық практикада суды зарарсыздандырудың ең жақсы сыналған және сенімді әдісі- хлорлау болып табылады. Хлорлаудың негізгі қағидасы, суға хлорды қосқанда, ол гидролизденіп, нәтижесінде тұз қышқылы мен хлорлылау қышқылы түзілуінен тұрады: CI2+ H2O= HCl+ HOCl Ірі су құбыры станцияларында суды зарарсыздандыру үшін газ күйіндегі хлор қолданылады, жиі суды хлорлауға хлорлы әктің 1% ерітіндісі қолданылады, ондағы белсенді хлордың мөлшері 25% кем болмауы керек. Суды хлорлау арқылы зарарсыздандыру кезінде хлор органикалық және минералды қосылыстармен өзара әсерлеседі. Оларды тотықтыру үшін жұмсалған хлордың мөлшерін судың хлор сіңіргіштігі деп айтады. Судың бұндай заттар неғұрлым көп болса, хлор сіңіргіштігі де соғұрлым жоғары болады және зарарсыздандыру үшін белсенді хлордың көбірек мөлшерін қажет етеді. Толық бактерицидтік эффектісіне қол жеткізу үшін, белсенді хлорды суға тек органикалық қосылыстарды тотықтыруға ғана емес, сонымен бірге микроағзаларды да жоятын мөлшерде қосу керек. Оның үстіне, хлорлаудың тиімділігін көрсететін, суда хлордың біршама мөлшері қалуы тиіс; оны қалған бос күйіндегі хлор деп атайды. Оның мөлшері 1л суда 0,3- 0,5мг болуы керек. Суды өңдеудің арнайы әдістерне жататындар: -дегазациялау- судағы еріген газдарды кетіру; бұл әдіс судан күкіртсутек газын және басқа да, иісі жағымсыз газдарды кетіру үшін қолданылады; -суды жұмсарту- судан кальций мен магний катиондарын толық немесе ішін- ара кетіру; реагенттік, ион алмасу немесе термиялық әдіс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін; -суды тұзсыздандыру- өнеркәсіптік қолдануға дайындау кезінде суды толық тұщыландыру; жарым жартылай тұзсыздандыру немесе тұщыландыру судың құрамындағы тұздардың мөлшерін ауыз суда болатын мөлшеріне дейін төмендету үшін жүргізіледі; -суды темірсіздендіру- судан темірді кетіру аэрация, суға әк араластыру, коагуляция, катиондау арқылы іске асырылады; -суды дезодарациялау- судың иісі мен татыған дәмін кетіру, дегазациядағы сияқты әдістермен іске асырылады; микроағзалардың болуынан және бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және әр түрлі органикалық заттардың ыдырау өнімдері болуынан пайда болған иістерді жою үшін, озондау, калий перманганатымен, сутектің асқын тотығымен өңдеу, сорбциялық сүзгілер арқылы сүзу, сияқты әдістер қолданылады.; -дезактивация-суды, құрамындағы белсенді заттардантазарту; -фторлау-суда фтор жетіспеген жағдайда, оған фтор қосу; -фторсыздандыру- суда фтордың мөлшері көп болған жағдайда, оның мөлшерін азайту.

42. Суды зерттеу әдістері. Ашық су көздерімен су өткізгіш нүктелерден органолептикалық, санитарлық- химиялық және бактериологиялық зерттеулерге судан сынама алу тәсілдері.

Судың сапасын бағалау, суды пайдалану мақсатына қарай белгілі бір критерийлер мен көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Судың сапасы негізінен, ондағы еріген және суға араласқан заттардың, биомассасының және микроағзалардың құрамамымен және мөлшерімен анықталады. Табиғи сулардың сапасын бір жағынан, ортаны сипаттайтын көрсеткіштер(гидрохимиялық көрсеткіштер) бойынша, ал екінші жағынан, судағы биотаның жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер (гидробиологиялық көрсеткіштер) бойынша бағалау жүйесі тарихи қалыптасқан. судың сапасы ҚР «Шаруашылық- ауыз су және мәдени- тұрмыстық су пайдалану пунктеріндегі су нысандарының су құрамы мен сапасына қойлатын гигиеналық талаптарына» сәйкес бағаланады: -суға араласқан заттардың -қалқыған қоспалары -кейбір органолептикалық көрсеткіштері -кейбір физикалық көрсеткіштері -бірқатар химиялық көрсеткіштері Судағы химиялық заттарға арналған шектік рұқсат етілген концентрация зияндылықтың лимиттеуші белгісін: -санитарлық токсикалық -салпы санитарлық -органолептикалық белгісін ескеріп бекітеді. Судың органолептикалық қасиеттерінің өзгеру сипаты келесідей түсіндіріледі: иіс- судың иісін өзгертеді; түс- түсіне әсер етеді; көбік- көбік түзеді; қабыршақ- судың бетінде қабыршақ пайда болуы; дәм- суға дәм береді. Суды ластайтын барлық химиялық заттар келесі түрге жіктеледі: 1 класс-өте қауіпті 2 класс-қауіптілігі жоғары 3 класс- қауіпті 4 класс- орташа қауіпті Судың микробиологиялық және паразиттік көрсеткіштері судың бактериялық және биологиялық ластануы тұрғысынан су сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Судың бактериялық және биолониялық ластаушыларына түрлі тірі микроағзалар: ашытқы және зең саңырауқұлақтары, ұсақ балдырлар, бактериялар, вирустар, олардың ішінде адамдар мен жануарлардың шығарылымдарында болатын сүзек, парасүзек, дизентерия қоздырғыштары, энтеровирустар, гельминттердің жұмыртқалары және т.б. жатады. Бұл ластаушылар тұрмыстық ағынды сулармен суаттарға түсуі мүмкін, мысалы, тұрғын үйлерді өзендердің арнасын бойлай жоспарлау және салу жөніндегі талаптар сақталмағанда, сондай ақ, жер бетілік, жер астылық сулардың, сол сияқты ауыз судың да қарқынды биологиялық ластануын тудыратын, сумен қамтамасыз ету немесе канализация жүйелерінде ақаулар немесе апатты жағдайларда.

43. Судың органолептикалық (иісі, дәмі, түрі, мөлдірлігі) және физикалық (температурасы, РН, түсі) әдістері мен зерттеудің гигиеналық маңызы.

Органолептикалық көрсеткіштері бойынша (адамның сезі мүшелері арқылы анықталатын): иісі- судың оған тән емес иістердің қарқындылығы 1 балдан аспауы керек, түсі- 1 санатқа жататын суаттар үшін биіктігі 20 см су бағанасында, ал II санатқа жататын суаттар мен теңіздер үшін- биіктігі 10см су бағанасында анықталмауы тиіс. Физикалық көрсеткіштері бойынша: температура- ағынды суларды жіберу нәтижесінде, судың жазғы температурасы соңғы 10 жыл ішіндегі жылдың ең ыстық айының орташа айлық температурасымен салыстырғанда, 3 градустан артық аспауы керек.

44. Судың негізгі тұздық құрамын: қаттылығын, хлоридтерін, сульфаттарын, темірлігін, фторлануын зерттеу әдістері.

Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы, оның құрамындағы химиялық заттардың мөлшері- табиғи суларда ең жиі кездесетін зиянды химиялық заттардың, сондай ақ, антропогенді текті зиянды заттардың нормативтеріне сәйкес келуімен анықталады. Химиялық құрамы бойынша ауыз судың сапасын бағалайтын көрсеткіштерге жалпылама көрсеткіштер, табиғи суларда ең жиі кездесетін және жаһандық таралу алған антропогенді зиянды органикалық және бейорганикалық химиялық заттар, суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетін зиянды химиялық заттар, адамның іс әрекет нәтижесінде сумен қамтамасыз ететін су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар жатады. Хлоридтер – сумен қамтамасыз ету көздеріндегі  суларда хлоридтердің көп  мөлшерде табылуы  судың жануар текті органикалық  заттармен ластанғандығының жанама көрсеткіші болуы  мүмкін. Бұл жағдайда хлоридтердің концентрациясынан гөрі  олардың уақыт ішіндегі  өзгерісінің маңызы бар  хлоридтердің көп мөлшері  құдық суларда топырағы сортаңдау жерлерде  байқалуы мүмкін. Бұндай судың дәмі тұздылау болып келеді. Суда хлоридтердің мөлшері 350 мл/г аспауы керек.  Сульфаттарды анықтау – ауыз суында сульфаттардың көп мөлшерде болуы организмге зияншылығымен қатар судың дәмін өзгертеді. 3.01.67-97 санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес ауыз суда сульфаттардың мөлшері 500 мг/л аспауы керек.  Темірді анықтау – ашық су қоймаларында темірдің көп мөлшерде болуы, өнеркәсіптік еркінді сулардың  түсуінен болуы мүмкін. Су құбырындағы суда темір тұңбаларының коррозияға ұшырауынан көбеюі мүмкін. Темірдің көп мөлшерде болуы суға сары түс лайлылық, ащы металл, дәм беруі және су құбырлары жолында түзілетін темір бактериаларының пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұндай суларды тұрмыста қолданғанда ыдыстарда қақ түзіледі, ақ киімдер де тотты дақтар пайда болады және  кір жууға қолайсыз, өйткені сабын жақсы көпірмейді. Суда темірдің мөлшері 0,3 мг/л аспауы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]