- •1.Жабық болмелер ауасының химиялық құрамының гигиеналық маңызы.
- •2. Азық түлітерді стандартау ж/е сертификаттау
- •26 Билет
- •2.Т амақтануды зертханалық зертеу әдістері.Зертханалық сараптамаға тағамдардан сынама алу әдісі.Тағамдардың энергетикалық құндылығын ж/е тағамдардан құрамындағы ақуыз май с дәруменін анықтау әдісі
- •27 Билет
- •3. Өндірістік улар, олардың жіктелуі. Әсер етуінің жалпы заңдылықтары . Қауіптілігі мен токсикалық бағалау гигиеналық нормалау қағыдалары
- •1. Инфрақызыл радиацияның бтологиялық әсері. Инфрақызыл радиация қарқындылығын зерттеу әдістері. Оны анқтайтын құралдардың жұмыс істеу және құрылымның қағидалары.
- •2. Нан ,жұмыртқа,шұжық,балық,еттің санитарлық сараптамасы.
- •1.Көрінетің жарықтың ағзаға әсері . Бөлмелердегі табиғи жарықтану мен күн сәулесі
- •2 Концеентраттардың ,консервілердің ,сүттің сапасын бағалау.
- •30 Билет
27 Билет
1. күн радиациясы, оны құрайтын корпускулярлы ж/е электромагниттік толқындар. жарық климаты туралы түсінік . күн саулесінің энергиясын сіңіру кезінде тірі ағзаларда жүретін фотобиологиялық процестің негізгі ретіндегі фотохимиялық реакциялар
2. Жердегі барлық тіршіліктің өмір сүруі, жер шарындағы жылудың, жарықтың және энергия көзі болып табылатын, күн радиациясына тәуелді.
3. Күн радиациясы айқын биологиялық әсер етеді. Күн сәулесі энергиясының ағзада, фотобиологиялық үрдістер деп аталатын, әр түрлі биохимиялық және физиологиялық айналымдар жүреді. Олардың негізінде: фотоиондану, фотоқалпынакелу және тотығу, фотодиссоциация деп аталатын фотохимиялық реакциалар жатады. Фотобиологиялық үрдістердің сипаты сәулелену энергиясына байланысты. Күн сәулесінің энергиясының әсеріне байланысты зат алмасу үрдістері, көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың, дәрумендердің және пигменттердің синтезі сонымен бірге өсімдіктердегі хлорофилдің синтезі және т.б. ынталандырылады. Күн спектрін құрайтын бөліктер жануар ағзаларының көру үрдісін қамтамасыздауда және өсімдіктердің фототаксис, фототропизм, фотопериодизм қасиеттеріне байланысты дамуы мен өсуін реттеуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге едәуір энергиясы бар сәулелер ағзаға зақымдайтын әсер береді.
4. Күн сәулесінің энергиясы оның толқын ұзындығымен анықталады: ұзындығы неғұрлым аз болса, энергиясы соғұрлым көп болады. Жер бетіне жететін күн спектрінің ішіндегі ең үлкен толқын ұзындықтағы (760-1400 нм) сәуле – инфрақызыл сәулесі, ал содан кейінгісі (400-760 нм) көрінетін сәуле болып табылады. Ең аз толқын ұзындықтағы (290-400 нм) сәулелерге ультракүлгін сәулесі жатады, сондықтан бұл сәуленің кванттары ең көп энергия қорына ие болады. Жасушаларға берілетін энергияның әр түрлі деңгейіне байланысты инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәулелері адам ағзасына біркелкі әсер етпейді.
5. Күн радиациясының спектрлік құрамы.
6. Күн көзінен корпускулярлық және электромагниттік сәулелер шығады. Корпускулярлық сәулелену күн желі деп аталады, оның құрамына электрондар, протондар, гелий ядролары және басқа бөлшектер кіреді. Күн сәулесінің электромагниттік спектрі өте кең, оған радиожиілік диапазонындағы сәулеленулер, инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, гамма және ретген сәулелері кіреді. Күннің электромагниттік сәулеленуі 300 000 км/сек жылдамдықпен таралып, жерге 8 минутта жетеді. Ал күн желінің бөлшектерінің жылдамдығы оларға қарағанда аздау – 300 км/сек сондықтан олар жерге бірнеше тәуліктен кеін ғана жетеді.
7. Жарық климты.
8. Жер бетіне тек орта, ұзын толқынды ультракүлгін сәулелер мен көрінетін және қысқа толқынды инфрақызыл сәулелер ғана жетеді. Әр түрлі жерлердегі жер бетіне жететін күн сәулесінің мөлшерін жарық климаты деп атайды. Жарық климаты табиғи (географиялық ендік, жергілікті жер, жыл мезгілі, тәулік уақыты, жер бедері, климаты, ауа – райы), антропогендік факторларда ( атмосфераның ластануы) байланысты болады.
9. 14. Инфрақызыл сәулелену, оның биологиялық әсері.
10. Күн радиациясының электромагниттік спектрінің негізгі бөлігі инфрақызыл сәулесі болып табылады. Күннің тұру биіктігі жер бетінде 60 0 болғанда, ол 53 %, ал көкжиекке жақындағанда – 72 % құрайды. Толқын ұзындығы жоғары болатын ИҚ сәулелер атмосферадан өткен кезде ұсталып калады да, жер бетіне толқын ұзындығы қысқа ИҚ сәулелер жетеді. ИҚ сәулесінің тигізетін негізгі әсері – жылу әсері. Нақ осы әсері ИҚ сәулесінің масштабты ғаламдық үрдістердегі маңызды рөлін анықтайды. ИҚ сәулесінің энергиясы әсерінен жер бетінің жылынуы жүреді, жылынудың біркелкі еместігі жердегі ауа мен су массаларының қозғалысына және ауа райы мен климаттық жағдайлардың қалыптасуына себеп болады.
11. Күннің ИҚ сәулесінің тікелей әсері тіндердің беткі немесе терең қабаттарының қызуына әкеледі. Қысқа толқынды 760-1500 нм ИҚ сәулелер тіндерге терен 4-5 см дейін енеді, ал толқын ұзындығы 1500-4000 нм сәулелер, терморецепторлары көп , терінің беткі қабатында сіңіріледі, сондықтан ұз.толқынды сәулелердің әсерінен дененің күйгенін сезіну басымырақ болады. Фотондарының энергиясының аздығына қарамастан ИҚ сәулелер әлсіз болса да фотохимиялық әсер береді. Ол зат алмасулардың біршама жоғарылауымен, ферментативті және иммунобиологиялық әсерлерінің күшеюімен сипатталады.
12. ИҚ сәулесі әсер еткенде, тіндердің қызуы, терінің жүйке рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде қан айналым күшейеді,бұлшықет пен тамырлардың тонусы төмендейді, вегетативті реакциялар қалпына келеді, осыған байланысты ауруды басатын және қабынуға қарсы әсері білінеді.
13. Көрінетін сәуленің ағзаға әсері.
14. Күннің көрінетін сәулесінің фотохимиялық әсері, ИҚ сәулесіне қарағанда едәуір жоғары, ол көбіне фотосенсибилизаторлардың қатысуымен іске асырылады. Фотосенсибилизаторлар деп сәуле энергиясыныі кванттарын алып, қысқа уақыттық өзгерістерге ұшырайтын содан кейін бұл энергияны қоршаған тіндерге шоғырланған түрінде беріп, өз қасиеттерін қайтадан қалпына келтіретін заттарды айтады. Осындай фотосенсибилизаторлардыі бірі – көз торының пигменттері. Күннің көрінетін сәулелері бұл пигменттермен әсерлесіп , көру талдағышының жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл кезде көрінетін сәуленің ең маңызды қабілеттілігі біртүсті емес, түрлі – түсті көру ақпараттарын қамтамасыз ету болып табылады, себебі оның спектрінде түрлі-түсті сәулелер: қызыл, күлгін, қызғылт – сары, жасыл, сары, көк түстер кіреді. Күн жарығынан пайда болған түстердің гаммасы ағзаға әртүрлі әсер етеді, ең әуелі психоэмоционалдық саласына: көк және күлгін – көңіл күйді төмендетеді, көгілдір – тыныштандырады, жасыл – индифферентті болады, ашық сары түс – тітіркендіреді, қызыл – қоздырады. Жасыл және сары диапазонындағы толқындар көру талдағыштарының жұмысына ең қолайлы деп есептеледі. Күн жарығы сонымен қатар шеткі жүйке ұштары арқылы әсер етіп жалпы биологиялық әсер береді. Ол ағзада зат алмасуды ынталандырады, үлкен ми сыңарларының белсенділігін жоғарылатады, гипофиз секрециясын күшейтеді, адамның тіршілік тонусы жоғарылайды, өзін – өзі сезінуі және эмоционалдық күй жағдайы жақсарады. Сонымен қатар ол жылылық әсер береді. Оның үлесі күн сәулесінен берілетін жылу энергиясының жартысын құрайды.
2. Tамақтанудың ұйымдастырылуын оның гигиеналық ж/е эпидемиологиялық каупсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау. санитарлық сараптама әдістері . азық-түлікдердің биол-қ ж/е хим-қ қауіпсіздігін н/гі көрсеткіштері . тағамдық өнімдердің сапа категориясы
Санитарлық эпидемиологиялық сараптаманың мақсаты азықтың тамақтық құндылығын және оның халықтың денсаулығына зиянсыздығын анықтау болып табылады.
сараптау тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында,қоғамдық тамақтану нысандарында,сауда орындарында,сонымен қатар тағамдық азықтарды ұзақ уақыт сақтауда сақтық санитарлық бақылауды да және күнделікті(ағымдағы) санитарлық бақылауды да іске асыру кезінде жүргізіледі.Сақтық ( өндіріске енгізгенге дейінгі) санитарлық бақылауды жүргізуде міндетті түрде сараптауға жататындар:
-Өндірістен шығарылатын тағамдық өнімдердің жаңа түрлері;
-Жаңа рецепттерге немесе жаңа шикізат түрін қолданумен байланысты құрамы өзгерген тағамдық азықтар;
-Жаңа тағамдық қоспалар енгізген азықтар;
-бұрын берілген қорытындыларының іс жүзіндегі күшінің мерзімі өткен азықтар;
-Өнімдердің тәжірибелік партиясы;
-Сырттан әкелінген өнімдер;
Азықтың тамақтық құндылығы азықтың сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады.Бсақа маңызды сапа көрсеткіштерінің бірі-азықтың қауіпсіздігі.Патогенді микроағзалармен,паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен,микроағзалардың уларымен,ксенобиотиктермен ластануы кезінде,азықта оған тән улы компоненттер және басқалардың болуы кезінде азық адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін,өйткені тағам инфекциялары,гельминтоздар,тамақтан уланулар,онкологиялық аурулар және т.б себебі болады.Сондықтан азықтың сапасы яғни оның тамақтық құндылығы және қауіпсіздігі,осыларға қатысты ҚР нормативтік құжаттарда жазылған гигиеналы талаптарға сай болуы тиіс.ҚР 4.01.071.03 «Тағамдық азықтардың қауіпсіздігі мен тамақтық құндылығына қойылатын талаптар» деп аталатын СанЕменН ға сәйкес тағамдық азықтарда улы химиялық элементтердің,пестицидтердің,микотоксиндердің,биологиялық қосылыстардың адам денсаулығына қауіп тудыратын биологиялық организмдердің рұқсат етілген мөлшері нормаланады.Әр түрлі азықтарда нақты нормаланатын көрсеткіштердің тізімі жоғарыда көрсетілген СанЕменН да келтірілген.Атап айтқанда азықтың биологиялық қауіптілігі жоқ деу үшін,келесілерді анықтайды.
-Cанитарлық көрсеткіштік микрофлоралар
-Шартты түрде патогенді микроағзалар
-Патогенді микроағзалар
-Тағамды бұзатын микроағзалар
Азықтардың химиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің ішінен жаһандық таралу алған,адамның денсаулығы үшін қауіптілігі жоғары,бірінші дәрежелі ластаушы заттарды анықтайды:
Өнеркәсіп кәсіпорындарының,көліктің,жылу энергия кәсіпорындарының және атом энергетикасы,ядролық сынақ кезіндегі қалдықтармен және шығарындылармен қоршаған ортаға түсетін ксенобиотиктерді және азық түліктерді басқа орта арқылы ластайтын қорғасын,мышьяк,кадмий,сынап,нитрозаминдер және басқалар.
