Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
маала Сания.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

NFC ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАЙТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАР

2.1 NFC антеннасына сипаттама

Кіріспе

Аз ара қашықтықтарда мәліметтерді тарату қызметі қазіргі таңда белгілі бола бастаған NFC (Near Field Communication) технологиясы. NFC - бір бірінен 5 см шамасындағы ара қашықтықта орналасқан құрылғылар арасында мәліметтерді алмастыра алатын әрекеттілік радиусы аз сымсыз байланыс. Телефонға орнатылған NFC таратқышы мобильді құрылғының функционалын айтарлықтай үлкейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, телефонды небәрі 1-5 см ара қашықтыққа арнайы белгіге жақындастырса, осы белгідегі ақпарат лезде телефон экранында пайда болады. Телефондағы ақпарат санауышқа жапсарсыз жолмен беріле алатыны рас.

Пайдаланушының мобильді телефонының үлгісі өздігінен NFC технологиясын қолдамаса, оған арнайы антенна орнатып, бұл функцияны іске қосуға болады. NFC антенна жапсарсыз төлемдерді мобильді телефон арқылы өтеу үшін шығарылған. Бұл антеннамен көлікте жолақыны өте жылдам төлеуге болады: операцияны орындау үшін мобильді телефонды терминалға жай ғана жақындату керек.

NFC антенна әлемде қолданылатын жапсарсыз төлем терминалдарының көбісімен сәйкес келеді. Ол мобильді телефон ішіне оңай әрі тез орнатылады да, телфонның сыртқы түрін ешқалай өзгертпейді. NFC антенна өте жеңіл болғандықтан, телефон салмағын еш арттырмайды.

2.1 Сурет - nfc антеннасының сұлбасы

Техникалық сипаттамалары

- Өлшемі 106*23 мм

- Антенна өлшемі 35*35 мм

-Антеннаға жалғанатын ұзындығы 45 мм сым NFC антеннаны телефон үлгілерінің көбісіне орнатуға мүмкіндік береді

-Максималды қалыңдығы 0,7 мм

-Салмағы 2,5 г жуық

-SIM картамен сәйкес алты жапсары бар тетік

-Қате жағдайда карта орналасуын өзгертуге болатын көп қолданылатын желімді құрам

-ISO 14443 A/B және Mifаre қолдайтын 13,56 МГц RF интерфейс

2.2 VX 675 ықшам POS-терминалы

Терминал автобус ішіне орнатылып, мобильді телефон мен карталардан төлем жинауға арналған. Әмбебап сымсыз төлем қондырғы өзінің эргономикалық дизайны арқасында әр жолаушы үшін жұмыста ыңғайлы болып келеді.

2.2 Сурет - VX 675 ықшам pos-терминалы

Соққыға қарсы денесі және өзін жақсы ұсынған VX платформасы VX 675 терминалын қолдануын дұрыс шешімге айналдырады. VX Evolution өнімдер қатарының негізіндегі қосымшалардың кері сәйкестілігі үйрету мен жаңа нарыққа шығу уақытына кететін шығындарды минимумге дейін азайтады [5].

2.1 К е с т е - Құрылғының техникалық сипаттамалары

Микропроцессор

400 МГц ARM 11 32-разрядты

Дисплей

Түсті QVGA, кеңейтілімі 240*320, диагональ 2,8*, 26 қатар 26 символмен

Магнитті жолағы бар карта ридері

Үш трек (1,2,3), сезімталдылығы жоғары, карта оқудың кез келген бағыты

Қауіпсізділігі

PCI PTS 3.0 сертификаты, EMV сертификаты, VeriFone VeriShield қауіпсіздік шешімдерін қолдау

Физикалық сипаттамалары

Биіктігі 52 мм, ені 78 мм, ұзындығы 163 мм, салмағы 0,3 кг

Жұмыс температурасы

100С - 500С дейін

Жұмыс ылғалдылығы

5% - 90% дейін, конденсациясыз

Қорек көзі

Кірісі: 100-240 В айнымалы ток, 50/60 Гц; шығысы: 12 В тұрақты ток, 2.0 А

Қолдану аялары:

- кафе мен мейрамханаларда;

- курьерлік жеткізілімдерде;

- сақтандыру агенттіктерінде;

- таксилерде;

- лотты саудада;

- қоғамдық көліктерде, т.б.

Жаңа бағдарламалық қамтамасыздандыру:

- мультивендорлігі (UNIPOS);

- желіні мониторингілеу;

- БҚ автоматты түрде жаңаруы;

- бұлттық технологиялар

2.3 Сурет - Желіні мониторингілеу функциялары

2.4 Сурет - unipos Monitoring есеп беруінің визуалды көріністегі үлгісі

Құрылғының артықшылықтарына төлем қабылдаудың оңайлығы және уақытының жылдамдығы, сонымен қатар үздік GSM/GPRS модемі мен жоғары өндіргіш платформа кез келген түрдегі карталар мен операциялармен тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз етуі жатады [5].

2.3 Өлшенетін құрылғы таңдауы

Бұл бөлімде NFC Forum Device (құрылғының) төрт функциясын қосқандағы (Peer Mode Initiator, Peer Mode Target, Reader/Writer Mode және Card Emulation Mode) барлық үш технология үшін (NFC-A, NFC-B, NFC-C) және барлық әртүрлі жылдамдық үшін (106 кбит, 212 кбит, 424 кбит) аналогты интерфейсі қарастырылады.

Спецификация NFC Forum Device РЖ интерфейсінің аналогты сипаттамаларына бағытталады. Оның мақсаты - NFC Forum Device үшін сыртқы зерттелінетін дабылдарды антенна дизайнын көрсетпей ақ сипаттау және анықтау. Ол өзіне қорек талаптарын (операциялы көлемді анықтау), тарату талаптарын, қабылдағыш талаптарын және дабыл формаларын (уақыт/жиілік/модуляция сипаттамалары) қосады.

Аналогты сипаттамаларды анықтау үшін дабыл өлшейтін құрылғының сипаттамаларын көрсету керек. Спецификация аналогты интерфейсті беруге қажетті минимум құрылғыны анықтайды. Ол РЖ облысында тікелей өзара әрекеттесетін құрылғыдан ғана тұрады. Әртүрлі аналогты дабылдарды басқа өлшеуіш құрыл,ылармен бағалау керек. Бұл талаптар құрылғының қай режимде жұмыс істейтініне тәуелсіз қолданылады (мысалы, автономды қорегі бар құрылғы күш қоры таусылғанда жұмыс істей алады).

Мұндағы мақсат радиобайланыстан туындайтын өзара әрекеттесудің қиыншылықтары мен мәселелерін тексеру мен сәйкестілік үшін негіз ретінде қолданыла алатын және жұмыспен байланысты тәжірибелерге негізделген спецификацияны қамтамасыз ете алатындай минимумге жеткіздіру болып табылады.

Құрылғы электронды тізбекпен жалғанған антеннамен жабдықталуы керек. Жұмыс барысында екі құрылғының комбинациясы (дауыс санаушы PD және тыңдаушы LD) өзін трансформатор секілді ұстайды. Айнымалы тоқ бірінші катушка арқылы өтіп, екінші орамада тоқты индуцирлейтін электромагниттік өрісті тудырады. Тыңдаушы құрылғы LD дауыс санаушы PD құрылғының жіберген электромагниттік өрісін (немесе РЖ өрісін) өзін күшейту үшін пайдалана алады. Екі антеннаның конфигурациясы мен баптаулары бір құрылғыдан екіншісіне тізбекті тиімділікті анықтайды [6].