Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гүлжанға.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.96 Кб
Скачать

Халықаралық әуе құқығы

1944 жылы қыркүйекте АҚШ үкіметі көпжақты үкіметаралық келісімді жасау үшін 55 мемлекеттің өкілдерін Чикаго қаласында өтетеін халықаралық конференцияға шақырды.

1944 жылы 7 желтоқсанда Чикаго конференциясының жұмысына қатысқан мемлекет өкілдері Қорытынды актіге, бір конвенцияға және үш келісімге қол қойды:

- Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенция;

- Халықаралық азаматтық авиация туралы Уақытша келісім (ол Конвенция күшіне енгенге дейін әрекет етті);

- Халықаралық әуе көлігі туралы келісім. 5 әуе бостандығын қосты: қатысушы мемлекеттің әуе кеңістігі арқылы қонбай ұшу құқығы; коммерциялық емес мақсаттармен қону құқығы; әуе кемесі мемлекетінен жолаушыларды шығару; почта және жүкті түсіру құқығы; әуе кемесі мемлекетіне жолаушыларды, пошта және жүкті алып кету құқығы; жолаушыларды, пошта және жүкті кез-келген мемлекет территориясына жеткізу үшін бортқа алу құқығы.

- Алғашқы екі әуе бостандығы енгізілген халықаралық әуе жолдарындағы транзит туралы келісім.

Күшіне енген халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясы Париж және Панамерикандық конвенциялардың күшін жойды.

Қазіргі таңда БҰҰ – ң мамандандырылған мекемесі ретінде жұмыс істейтін халықаралық азаматтық авиация ұйымын құру – Чикаго конвенциясының қосқан ең маңызды үлестерінің бірі.

Чикаго Конвенциясы халықаралық әуе қатынас жолдары саласындағы негізгі көпжақты үкіметаралық келісім болып табылады. Ол 96 баптан тұрады және де 4 бөлімге жіктелуі мүмкін:

  • әуе навигациясы;

  • халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО);

  • халықаралық әуе көлігі;

  • қорытынды ережелер.

Чикаго конвенциясының негізгі қағидалары:

  • мемлекеттік шекара шегінде орналасқан әуе кеңістігінде әр мемлекеттің толық және шексіз егемендігі;

  • азаматтық авиацияны тек қана дүние жүзінің мемлекеттері мен халықтары арасындағы достық қарым қатынасты қалыптастыру немесе сақтап қалу мақсатында қолдану міндеті;

  • екіжақты немесе көпжақты келісімдерді бекіту арқылы тұрақты әуе қатынас жолдарын қалыптастыру;

  • халықаралық әуе қатынас жолдарын жүзеге асыру үшін керекті құралдарды беру және жағдай жасау;

  • халықаралық ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • келісуші мемлекеттер арасында тұрақты әуе қатынас жолдары туралы келісім жоқ болған жағдайда, олардың террриториясында бір – біріне тұрақты емес ұшу құқығын беру.

Халықаралық әуе қатынас жолдарының қарқынды дамуы жаңа мәселені тудырды. Бұл – азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерімен күрес. Бұл мәселелерді реттеу мен шешуде көжақты конвенциялар маңызды рөл атқарады : әуе кемесі бортында жасалған құқықбұзушылықтар мен басқа да әрекеттер туралы Токио конвенциясы 1963 жыл, әуе кемесін заңсыз жаулап алу туралы Гаага конвенциясы 1970 жыл, Азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күресу туралы Монреаль конвенциясы және т.б.

Өткен ғасырдың екінші он жылдығының аяғына таманәр мемлекеттің өз территориясы үстінен толық және шексіз егемендік қағидасы, бұл мәселе бойынша халықаралық қатынастар тәжірибесіне талдау жасау нәтижелері көрсеткендей, халықаралық құқықтың жалпы нормасының сипатын иеленді. Көпжақты халықаралық келісімде бекітілмеген жағдайына қарамастан мемлекеттер оның заңи міндетті күшін таныған болатын.

Авиацияның қалыптасуымен және әуе хабарландыруының дамуымен қатар пайда болған әуе қызметін құқықтық реттеу қажеттігі, әуе кеңістігі үстінен егемендік қағидасының тұрақтануына алып келді. Әуе құқығының негізін қалаушы бұл қағтданың дамуы егеменді мемлекеттердің егеменді құқықтары мен мүдделерінің қамтамасыз ету қажеттігімен анықталды.

Әуе кеңістігі үстінен егемендік қағидасы мемлекеттің ішкі құқық нормасы ретінде пайда болып, жалпыға ортақ пайдаланғандықтан және мемлекеттердің бұл қағиданың заңи міндетті күші керек екендігіне көздері жеткендіктен, кейіннен халықаралық құқықтың жалпы құқықтық нормасының мазмұнын иеленді. Бұл қағида бірнеше көпжақты және екіжақты халықаралық шарттарда заңи бекітіліп, көрініс тапқан.

Мемлекеттер өз қалауы бойынша, теңдік және екіжақты тиімділік негізінде әуе кеңістігі үстінен өз егемендігін шектей отырп, халықаралық келісім бекіту арқылы басқа мемлекеттерге өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат бере алады.

Әуе кеңістігі үстінен егемендік қағидасы әмбебап сипатқа ие. Және де әрқашан да нақты бекітілген келісімдерге тәуелді болмайды. Барлық мемлекеттер бұл қағиданы, олардың әуе құқығы туралы келісімдердің қатысушылары болмағанына қарамастан сақтауға міндетті. Мемлекеттер өздерінің халықаралық қатынастарында бұл қағидадан ауытқушылықты жасай алмайды.

Әуе кеңістігі үстінен мемлекеттік егемендік қағидасын тану мемлекеттер үшін нақты міндеттерді жүктейді. Мемлекеттер ұшу аппараттарының мемлекеттік шекарадан, тиісті мемлекеттің айқын білдірілген рұқсаты негізінде ғана өтіун бақылауы тиіс.

Территориясындағы әуе ұшу аппараттарымен жүзеге асырылатын барлық қызметін реттеуге қатысты мемлекеттің толық және шексіз құқықтарының жиынтығы аталған қағиданың заңи мазмұнын құрайды.

Әуе құқығы ғарыш құқығы нормаларынан өзгешеленетін нормаларға негізделеді. Әуе құқығының маңызды нормаларының бірі – бұл әуе кеңістігіне мемлекеттің егемендігі.

Халықаралық әуе құқығының келесі маңызды қағидаларының бірі – теңіз кеңістігі мен құрлық үстінде ашық әуе кеңістігінің еркіндік қағидасы. Әлемдік мұхит сулары үстіндегі әуе кеңістігінің құқықтық табиғатын түсіну, ашық теңіздің халықаралық құқықтық режимі мен құқықтық мәртебесінің қалыптасуы және бекітілуімен қатар жүрді. Ашық теңіз үстіндегі әуе кеңістігінің құқықтық мәртебесінің қалыптасу тарихы, орта ғасырда түрлі мемлекеттермен жасалған теңіз кеңістігін бөлу мүмкіндіктерімен байланысты.

XX ғасырдың басына дейін әуе кеңістігінің құқықтық мәртебесі халықаралық құқықтың реттеу пәні болмаған және тек мемлекеттің өз территориясы аймағындағы құрлық және су кеңістіктері үстінен толық және шексіз егемендігін, ең алдымен құқықтық жолмен тану , ал кейіннен 1919 жылғы Париж конвенциясында бұл қағиданы кодификациялау арқылы “қалған” әуе кеңістігінің құқықтық мәртебесі туралы мәселе туындады.

Шетел элементімен шиеленіскен, халықаралық құқық және ұлттық құқық нормаларының әрекет етуіне байланысты әуе кемелерінің ұшу классификациясын жасау маңызды рөль атқарады. Әуе ұшулардың классификациясы техникалық және заңи сипатта болуы мүмкін. Заңи сипаттан қарастыратын болсақ, нормативті құқықтық актілердің қолданылу көлеміне байланысты ұшу ішкі және халықаралық болып бөлінеді.

Жекелеп алғанда, “халықаралық ұшу” түсінігі халықаралық ұщуға байланысты түрлі субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін, халықаралық құқық және ұлттық құқық әрекет ету және орнату мәселесімен байланысты.

Халықаралық құқықта әмбебап негізде бұл түсінік кодификацияланбағандықтан нақты теоретикалық және тәжірибелік қиындықтарды туғызады. 1944 жылғы Чикаго конвенциясында және көптеген екіжақты келісімдерде халықаралық әуе хабарландырудың бір мемлекеттің территориясынан артық әуе кеңістігі арқылы жүзеге асырылатын хабарландыру түрі деген анықтама берілген. Бұл жағдайда хабарландыру түсінігі халықаралық тасымалдауды атқару деп түсіндіріледі. Яғни негізі ретінде коммерциялық аспект алынады. А.Н. Верщагин сияқты халықаралық заңгерлер оны халықаралық ұшу және халықаралық әуе қозғалысы сияқты түсініктерден ажыратады. Халықаралық әуе тасымалдау ішкі ұшу кезінде де жүзеге асырылуы мүмкін деген көзқарастарын келтіреді. Жанама түрде халықаралық ұшу анықтамасын әуе хабарландыру туралы екіжақты келісімдерде кездесетін халықаралық әуе жолы деген түсініктерден шығаруға болатын еді. Бірақ барлық халықаралық ұшулар шарттық жолдар арқылы жүргізілмейді, сол себептен көрсетілген критерий бұл анықтаманың негізі бола алмайды.

Халықаралық ұшу анықтамасы көбінесе ұлттық құқықпен реттеледі. Сәйкесінше бұл өз кезегінде ұлттық-құқықтық нормалардың коллизиясын тудырады. 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заң күші бар Жарлығы, әуе кемесі шетел мемлекеттің шекарасынан өткен кездегі ұшу түрін халықаралық ұшу ретінде көрсетеді.

Басқа мемлекеттердің заңды және заңға тәуелді актілері халықаралық ұшудың түрлі анықтамалары бар.Ол, халықаралық ұшу кезінде әрекет ететін белгілі бір халықаралық және ұлттық құқық нормаларының тобын қолдануға әсерін тигізеді.

Мысалға келесі екіжақты келісім формуласы типтік болып келеді.Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасында жасалған 1994 жылғы 24 наурыз әуе хабарландыруы туралы келісім. Келісіші тарап халықаралық ұшуларды жүзегеасыратын әуе кемелердің келіп қонуын және ұшып кетуін оның территориясынан реттейтін немесе келу, ұшып кету және келу кезіндегі навигациясын реттейтін Басқа тараптың әуе кәсіпорынның тағайындалған әуе кемелеріне қолданылады.

Халықаралық шарттарда халықаралық ұшу анықтамасының жоқтығы бұл норманы бланкеттік немесе келісуші тараптың ұлттық құқыққа жасырын коллизиялық привязка ретінде қарастыруға болады. Бірақ та ол екітүрлі болуы мүмкін.

Әдетте талқылауда бірыңғайлылық бұл түсінікті әуе кемесі бір мемлекеттің территориясына екінші мемлекеттке қонумен жүретін ұшу түрінде ғана байқауға болады. Басқа жағдайларда нақты ұшу сипатын анықтауда қосымша анализ әр түріне бөлек-бөлек географиялық жағынан және оған қолданыладын құқықтық режимдер жағынан қарастыру қажет. Жалпы алғанда әуе кеңістігіндегі ұшу түрлерін келесідей жіктеуге болады:

- Бір мемлекеттің территориясынан екінші мемлекеттің территориясына;

- Іргелес жатқан мемлекетке сәттте дерлік екі мемлекеттің шекарасынан өту арқылы;

- ашық теңіз ауданын өту арқылы;

- үшінші мемлекеттің территориясын қонбай транзиттік кесіп өту;

- территориалдық сулармен жабылатын халықаралық бұғаздар немесе архипелаг сулары арқылы транзиттік ұшу;

- Ашық теңіз немесе Антарктикадан шетел мемлекетіне және қайта ұшып келу;

- бір мемлекет шекарасының ішіндегі ұшу және т.б.

Халықаралық ұшуға қолданылатын нормативтік актілердің көлемін белгілеу жағынан қарастыратын болсақ, ұшуды халықаралық ретінде жоспарлау маңызды мәнге ие. Шетел элементімен шиеленіскенұ лттық және халықаралық құқық нормалары ұщу алдындағы дайындықтан бастап ұшу аяқталғанға дейін әрекет етеді. Мысалға, халықаралық деп жоспарланған ұшу кезінде әуе кемесі шекараға жетпей ұшу басталған мемлекете территориясына қайта қонғанның өзінде де заңи тұрғыдан, яғни белгілі бір құқық нормалар тобының әрекет етуі жағынан ол халықаралық деп саналады. Егер де кем дегенде екі мемлекеттің территориясына өткенің өзінде де олар халықаралық деп есептелінбейді. Бұл жағдай әуе кемесін айдап кету кезінде туындауы мүмкін.әуе кемесінің қасақана немесе қасақанаемес шетел мемлекеттің әуе кеңістігіне ұшып кіргендехалықаралық ұшуды жүзеге асыруа тапсырысы жоқ. Бұл ұшу DE facto халықаралық, бірақ de jure халықаралық емес.

Тәжірибе көрсеткендей ұлттық құқық нормаларының мазмұнына қарамастан, барлық мемлекеттер ашық теңізден шетел территориясына жасалған ұшуларды да халықаралық ұшу ретінде таниды.шетел мемлекетінен мұндай ұшуларға рұқсат берілген жағдайында халықаралық ұшу құқығына жататыннормалардың тобы әрекет ете бастайды. Осы сияқты фактілік халықаралық ұшулар да орын алуы мүмкін.

Халықаралық ұшулар мазмұны жағынан әуе кеңістігіндегі қызмет түрі болып табылмайды. Көп жағдайларда, олар мемлекеттің халықаралық қатынастарға деген егеменді құқығының жүзеге асыру нысаны болып табылады. Ал тәжірибелік жағынан, әуе тасымалдауы, авиациялық жұмыстар, ғылыми зерттеулер,ұшу апараттарын сынау, шетел мемлекетте өтетін іскерлік кездесулер сияқты мүдделерін қанағаттандыру құралы қызметін атқарады.

Жеке және заңды тұлғалардың мүдделері үшін де халықаралық ұшулар жүзеге асырылады. Халықаралық ұшуға құқықтың заңи сипатын түсінуде белгілі бір теориялық қарама қайшылықтар оларда түрлі құқық субъектілері қатысу салдарынан туындайды. Бірақ та заң әдебиеттерінде бұл мәселе бойынша талқылау пайда болғанға дейін жиырмасыншы ғасырдың басында нақты факті болған, халықаралық ұшулардың құқықтық негізін жасап шығару қажет болды.

Халықаралық қауіпсіздіктің түсінігі және қалыптасу тарихы

«Қауіпсіздік» түсінігі «ұлттық қызығушылықтар» категориясымен тығыз байланыста жатыр. Тіпті, бірінші ұғым екінші ұғымнан туындайды деп те айтуға болады. Ұлттық қауіпсіздік мәселесі ең алдымен ұлттық суверенитетінің өмірлік маңыздылығы бар қызығушылықтары мен мемлекеттің немесе ұлттың өзіндік шекаралық тұтастығы үшін жетістіктерге жету мақсатында өзара келісімге келуден гөрі соғысу бағытын ұстануынан туындайды. Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттік немесе ұлттық маңызды қызығушылықтарын жүзеге асыруға бағытталған стратегиясы болып табылады.

Саяси реализм теориясы көзқарасы бойынша, Р.Арон: «халықаралық қатынастар соғыс көлеңкесінде өмір сүреді» деп айтқан болатын. Әр мемлекет өз елінің, жерінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету, қорғау барысында тек өзінің күші мен мүмкіндіктеріне ғана сенеді. Неореализм, бұл мәселеге байланысты «есейген, жетілген анархия» түсінігін еңгізді, яғни халықаралық институттар және олар арқылы шығарылған нормалар мен ережелер арқылы мемлекеттердің өзіндік қызығушылықтары арасындағы қайшылықтарын жеңілдетіп, халықаралық қатынастарды «соғыс көлеңкесінен алып шығу» жолдарын қарастыруды көздейді. Неореалист өкілдері пайымдауынша, ұлттық қызғушылық пен ұлттық қауіпсіздік халықаралық құрылымы жүйесімен тығыз байланыста өмір сүреді. Реализм теориясы бойынша да, неореализм тұрғысынан да алғанда, ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізу мен оны қорғау құралы – күш; ал, халықаралық қауіпсіздіктің кепілі ретіндегі басты құрал – күштердің жұмылдырылуы немесе бірігуі болып табылады. Ұлттық және халықаралық қауіпсіздіктің саяси тұрғыда жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші басты тұлға - мемлекет, яғни халықаралық тұрғыда, қауіпсіздікті жүзеге асырушы, қорғаушысы, сондай-ақ, қауіптің немесе ұлтаралық, халықаралық дау-жанжал, қақтығыстардың шығу көзі, себепшісі де мемлекет болып табылады. Сонымен бірге, қауіпсіздік түсінігінің либералдық-идеалистік парадигма негізіндегі анықтамалары да өмір сүруде. Аталған парадигманың орталық идеясы - адамзат қызығушылықтары мен әмбебап құндылықтарына негізделген халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, қауіпсіздікке қауіп төндіру негізінің пайда болуы мен туындауы, ең алдымен халықаралық қатынастарда өзара ынтымақтастықтан бас тартып, жалпыға ортақ моральдық және құқықтық нормаларды бұзатын қатысушылардың тарапынан орын алады. Сондықтан ұжымдық қауіпсіздік – қауіпсіздікке төнетін қауіп түрлерін жеңіп шығудың басты жолы, оның негізінде халықаралық институттар құрылып, қуаттанады; халықаралық құқықтың одан әрі дамып, іс жүзінде нәтижелі жүзеге асырылу мүмкіндігі жоғарылап, жалпыға бірдей нормалардың бұзылуына жол берілмеу мүмкіндіктері артады.

Қауіпсіздіктің тағы бір түсінігі, «жалпы қауіпсіздік» ұғымымен түсіндіріледі, яғни өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бірнеше мемлекеттер арасында ортақ қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мен оған жоғары кепілдігін арттырушы бағыттарын жасауда ынтымақтастық пен күштердің бірігуін білдіреді. Қауіпсіздіктің келесі бір анықтамасы ретінде, «жалпы және ұжымдық қорғану » түсінігі сипатталады, мұның астарында қауіпсіздік қоғамдастықтары қатысушыларының сыртқы агрессиядан бірігіп қорғануы жатыр. Кейін келе, «жалпыны қамту қауіпсіздік» ( comprehensive security) немесе «жалпыға ортақ қауіпсіздік» (overall security) түсінігі қалыптасты, мұнда енді көпжақтылық сыйпат орын алып, тек саяси және диломатиялық дау-жанжалдармен ғана шектелмей, сонымен бірге әлсіз даму үстіндегі экономика, сауда қайшылықтары, халықтың бақылаусыз орын ауыстырылуы, экология мәселелері, наркобизнес, терроризм мен адам құқықтары аясындағы мәселелерді де қамту мен оларды шешу бағыттары, жұмыстары жүзеге асырылатын болды.

Қазіргі таңда қауіпсіздік теориясын терең зерттеу үрдістерін байқауға болады және олар дәстүрлі түсінікті (әскери стратегия, мелекетті басқару өнері және т.б) ығыстырып, бір мезгілде басқа көптеген ғылым бағыттарының нысанына айналуда. Қауіпсіздік мәселелерін зерттеудегі осындай алуантүрлілік осы ұғымның жай-күйі мен сипаттамасына сәйкес келеді. Яғни, қазір қауіпсіздік ұғымы көзқарастар мен тұжырымдамалардың пәнаралық және парадигмааралық жиынтығына айналды. Дәстүрлі түрде көптеген зерттеушілер (ресейлік, сондай-ақ қазақстандық) 1996 жылғы РФ Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасында көрсетілген көзқарастарды ұстанады. Осы тұжырымдамада қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің сыртқы және ішкі қауіптіліктен сақтану жағдайы ретінде анықталады. Сондай-ақ осы тұжырымдама 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі туралы» ресми қабылданған Заңында көрініс тапқан. Қауіпсіздік мәселесіне назар аударудың күннен күнге артуы «қауіпсіздік» ұғымының анықтамасы мәселесімен байланысты. Қауіпсіздіктің «жұмсақ» және «қатты» аспектілерін бөліп ажыратады. Өзінің «халық, мемлекет және қорқыныш» атты кітабын жариялаған британдық ғалым Б. Бузан – қауіпсіздікке қатысты осындай көзқарастың негізін қалаушы. Әрі қарай тұжырымдаманың «жұмсақ және қатты» аспектілер тұжырымдамасы жалпыға ортақ сипатқа ие болды. « жұмсақ» аспектілер құрылымдық ауқымы бойынша «қатты» аспектіден де асып түседі. Ол – экономикалық қауіпсіздік пен рухани-мәдени қауіпсіздікті қамтитын жаңа қауіпсіздік аспектісі. Екіншілері қауіпсіздікті дәстүрлі түсінуге сәйкес келеді және әскери күш тәсілдерімен қамтамассыз етілетін аспектілер болып табылады. Қауіпсіздікті құрылымдай отырып, әдетте оның тік құрылымдарына – тұлға, қоғам, мемлекет, аймақ пен планетаны жатқызады, ал көлденең жағынан саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ақпараттық, әскери және рухани-мәдени салаларды бөліп ажыратады.

Қауіпсіздік ең алдымен, (қауіп - қатердің) деструктивті элементтері жоқ жағдайдағы жай-күйді білдіреді. Қауіпсіздік жүйесінің қызмет етуіне кері әсер ете алатын құбылыстар, іс-әрекеттер ,үрдістер, факторлар, оқиғалар осы арқылы түсіндіріледі. Әдетте олардың қатарында, біріншіден, қатерді, қауіп пен тәуекелдікті бөліп ажыратсақ, екіншіден, қоқан-лоққы көрсетуді айттуға болады. РҒА корреспондент-мүшесі В.Н. Кузнецовтың анықтамасы бойынша, «тәуекелдіктер – әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарға әсер ете отырып, олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзатын, әлеуметтік жүйелерді құлдырау мен ыдырауға әкелетін әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, техногенді және экологиялық құбылыстар мен үрдістердің кешені (жүйесі)» деп суреттеледі. Сондай-ақ, біз, поляк ғалымы М.Добросельскийдің ''қауіпсіздік'' ұғымына айқын анықтама беруге әрекеттенген кез келген талпыныс алдын ала сәтсіздікке ұшырайды және оның ешқандай іс – тәжірибелік маңызы болмайды, өйткені барлық жағдайларда қауіпсіздікке кепіл беретін элементтерді, құрылғыларды немесе процесстерді алдын ала білу және ескеру мүмкін емес – деген пікірімен де толықтай келісеміз[2, 261 б.].

Халықаралық қауіпсіздіктің түрлері

Ұжымдық қауіпсіздік және оның түрлері

Ұжымдық қауіпсіздік - бұл БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында және осы әмбебап ұйым мен аймақтық ұйымдар аясында бейбітшілікке қауіп төндіретін және басқыншылық актілерінің немесе бейбітшілікті бұзатын басқа қауіп-қатерлердің алдын алу және жою үшін мемлекеттердің жүзеге асыратын ортақ іс-әрекеттерінің жүйесі.

Ұжымдық қауіпсіздік осы заманғы халықаралық қатынастарда кез келген мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттердің қауіпсіздігімен тығыз байланысты және кез келген жергілікті дау-жанжал дүниежүзілік соғысқа айналып кетуі мүмкін деген мағынадағы бейбітшіліктің бөлінбейтіндігі туралы ұғымның бейнеленуі болып табылады. Ұжымдық қауіпсіздік, біріншіден, халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары мен нормаларының жүйесі. Соның ішінде, ең маңыздылары күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасауға тыйым салу; туындайтын халақаралық дауларды тек бейбіт құралдар арқылы шешу; тәуелсіздікті құрметтеу; мемлекеттердің тең құқылығы; ішкі істерге қол сұқпаушылық және басқалары.

Екіншіден, ұжымдық қауіпсіздік халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жүйесі ретінде белгіленген.

Үшіншіден, мемлекеттер қауіпсіздігі бейбітшілікке қауіп төндіру, бейбітшілікті бұзу және басқыншылық актілерінің алдын алу және жою үшін ұжымдық шаралар жүйесін қолдануды белгілейді. Төртіншіден, ұжымдық қауіпсіздік қарусыздану жөнінде ұжымдық шараларды қолдануды көздейді.

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне мынадай белгілер тән:

1. Мемлекеттердің мынадай міндеттемелерді қабылдауы: мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарында күш қолданбау; пайда болған дауларды бейбіт жолдармен шешу, бейбітшілікке төнген кез келген қауіпті жою үшін белсенді ынтымақтасу.

2. Мемлекеттердің ұйымдық бірлігінің болуы. Бұған ұжымдық қауіпсіздіктің классикалық нысаны арқылы, атап айтқанда, әмбебап және аймақтық халықаралық ұйымдардың қызметі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті консультативтік немесе үйлестіруші органдар құру арқылы, халықаралық конференциялар мен жиналыстарды шақыру арқылы қамтамасыз етуге болады.

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің екі түрі бар: олар әмбебап және аймақтық жүйелер. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі, алғаш екінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болып, антигитлерлік коалиция деген атпен тарихта қалды. Алғаш ол 26 мемлекетті біріктірсе, ал гитлерлік Германияның күйреген сәтінде коалиция қол астына 47 ел бірікті. Ұжымдық қауіпсіздіктің әмбебап жүйесіне 1945ж. Біріккен Ұлттар Ұйымын құру мысал бола алады. БҰҰ Жарғысында бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қолдау жөніндегі ұжымдық шаралар жүйесі көзделген. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі мынадай сипатта белгіленген:

  • Мемлекеттер арасындағы қатынастарда күш қолдану және күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасауға тыйым салу жөніндегі шаралар (БҰҰ Жарғысының 2-бабының 4-тармағы);

        • Қарусыздану шаралары (БҰҰ Жарғысының 11,26,47-баптары);

        • Аймақтық қауіпсіздік ұйымдарын пайдалану жөніндегі шаралар (БҰҰ Жарғысының VIII тарауы);

        • Өтпелі кезеңде қауіпсіздікті қамтамассыз ету жөніндегі шаралар (БҰҰ Жарғысының Х,VII тараулары);Жарғысының 40-бабы);

        • Қауіпсіздіктің қарулы күштерді қолданбай, мәжбүрлеу шаралары (БҰҰ Жарғысының 41-бабы).

        • Қарулы күштерді қолданып, мәжбүрлеу шаралары (БҰҰ Жарғысының 42-бабы).

Аймақтық негіздегі ұжымдық қауіпсіздік белгілі бір талаптар сақталған жағдайда аймақтық келісімдер мен қауіпсіздік ұйымдарының болуына жол береді. БҰҰ Жарғысы оларға талаптар қояды, олардың ішіндегі ең бастысы бір географиялық аудандағы мемлекеттердің қатысуы; мемлекеттер әрекеттері БҰҰ мақсаттары мен қағидаларына қайшы келмеуі керек.

БҰҰ Жарғысының 52-бабына сәйкес, аймақтық қауіпсіздік ұйымдарының ұжымдық шаралары жүйесіндегі ең бастысы бейбіт құралдар арқылы соғыстың алдын алу, бірінші кезекте аймақта туындайтын дауларды бейбіт жолмен шешу болып табылады.Қарулы күштерді қолдану арқылы мәжбүрлеу шараларын ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне қатысушылардың біреуіне жасалған басқыншылыққа ғана қолдануға болады, яғни БҰҰ Жарғысының 51-бабының негізіндегі ұжымдық қорғану. БҰҰ Жарғысының 53 және 107-баптарына сәйкес,бұл ережеден екі ауытқушылық болуы мүмкін: аймақтық қауіпсіздік ұйымы мәжбүрлеу шараларын Қауіпсіздік Кенесінің жетекшілігімен және бұрыңғы дұшпан мемлекеттерге қатысты дербес жүзеге асыра алады. Ұжымдық қауіпсіздіктің бірнеше аймақтық жүйелері бар. Африка континентінде Африкалық бірлік ұйымы (АБҰ), Америка континентінде - Америка мемлекеттерінің Ұйымы құрылған. Таяу және Орталық Шығыста Араб елдерінің лигасы (АЕЛ) құрылды.

Америка мемлекеттерінің ұйымы (АМҰ) - 1948 ж. Құрылған үкіметаралық аймақтық ұйым және онда Батыс жарты шарының көптеген елдері біріккен. АМҰ 1970 ж. Редакциядағы Жарғы негізінде, сондай-ақ өзара қорғану туралы 1947 ж. Америкалық шарт негізінде әрекет етеді. Бұл аймақтық ұйымның мақсаттары мен қағидалары континенттегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау; мүше мемлекеттер арасындағы дауларды бейбіт жолмен реттеу; басқыншылыққа бірігіп қарсы тұру; Америка елдерінің саяси, экономикалық , әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени прогрестерді дамыту мақсатындағы біріктіру болып табылады.

Африка бірлігі ұйымы (АБҰ) - 1963 ж. Құрылған үкіметаралық қауіпсіздік ұйымы. Хартия ережелеріне сәйкес, АБҰ – ның мақсаттары мынадай: Африка елдері арасындағы көпжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамыту және өмір сүру деңгейін жақсарту үшін олардың халықаралық аренадағы ынтымақтастығын нығайту.Блоктарға қосылмау қағидасы және БҰҰ Жарғысының ережелеріне сәйкес ынтымақтасу қағидасы халықаралық аренадағы ұйымдар саясатының негізі болып табылады.

Араб елдерінің Лигасы (АЕЛ) - тәуелсіз араб мемлекеттерінің 1945 ж құрылған үкіметаралық аймақтық ұйымы. АЕЛ мақсаттары мүше мемлекеттер арасындағы байланыстар мен көпжақты ынтымақтастықты нығайту, олардың саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік ынтымақтасу салаларындағы ортақ іс-әрекеттерін үйлестіру болып табылады.

Еуропа континентінде жалпы еуропалық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдар қалыптасып келеді, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтық жөніндегі Кеңесті (ЕҚЫК ) айтуға болады,ол кейінірек Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым (ЕҚЫҰ-ОБСЕ) деп қайта аталды.Бұл ұйым шығыс және батыс елдері арасындағы диалог үшін көпжақты форум ретінде ойластырылған еді. 1975 ж.бастап, ЕҚЫК конференциялар мен кеңестер өткізіп жүрді, онда жаңа міндеттемелер қабылдау туралы келіссөздер жүргізілетін және бұрын қабылданғандардың орындалу деңгейі қарастырылатын. 1990 жылы жоғары деңгейдегі Париж кездесу өтті, ”қырғи-қабақ соғыс” жылдары аяқталғаннан кейін пайда болған мәселелерді шешуге бағытталған институтционализация процесі жүре бастады.

Қарусыздану және қарулануға шек қою

XIX ғ. екінші жартысында қарусыздану үшін күрестің ғылыми-негізделген келешегін ашқан және бұл күрестің маңыздылығын белгілеп берген алғашқы бағдарламалық ережелер жария бола бастады.Осы заманғы жағдайда мұндай ережелердің маңызы ерекше. Олар терең ғылыми болжалдың нақты мысалы бола алады және ол сол кездің өзінде-ақ қарусыздану бағдарламасының жүзеге асуының іс-тәжірибелік маңызының бейнесін суреттеуге мүмкіндік берген болатын. Қарусыздану мәселелері Ф.Энгельс пен К.Маркстің бірқатар еңбектерінде қарастырылып өткен. Ф.Энгельстің Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған белгілі еңбектерінде осы мәселелерге айрықша назар аударылған. Аталмыш еңбектерінде XIX ғ. екінші жартысындағы Еуропадағы қару-жарақты жаппай шығарудың алдын алу жөніндегі іс жүзіндегі шаралардың кең көлемдегі бағдарламасы мазмұндалған. Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша қарусыздану мәселелері жөнінде кешенді нормалардың жасалуы халықаралық құқыққа қатысты мәселелердің бірі еді. Осындай мәселелер туралы шарттар мен келісімдердің тұтастай жүйелері пайда болды. Қарусыздану - бұл соғысты жүргізудің материалдық құралдарын азайтуға, ақырында толық жоюға бағытталған мемлекеттермен келісілген шаралар кешені.

Қарусыздану проблемасының басты ерекшелігі – халықаралық құқықта қарусыздану қағидасының қалыптасуы. Осы қағиданың нақты мазмұны мынада:

А) БҰҰ Жарғысы қарусыздануды халықаралық бейбітшілікті қолдау саласындағы БҰҰ-ның басты органдарының алдына қойылған маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындайды (11-баптың 1-тармағы;26,47-баптар). Жарғылық ережелерде қарулануды реттеу және қарусыздану деген екі ұғым пайдаланылған. Екінші нұсқасы одан кеңірек ұғым, қарусыздану қарулануды қысқарту әрекеттерін көздейді деген сипатта [8, 196 б.]. Сонымен, БҰҰ Жарғысында қарусыздану жөніндегі шаралар жүргізу үшін қажетті заңдылық база орын алған. БҰҰ өзінің іс-тәжірибелік қызметінде қарусыздану проблемасының түрлі аспектілеріне біршама көңіл бөлді. БҰҰ-ның басты органдары, ең алдымен Бас Ассамблея БҰҰ Жарғысының тиісті ережелерін үдемелі дамытуға көмектесетін маңызды шешімдер қабылдады. Әсіресе, бұл процесс 1959 ж. жаппай және толық қарусыздану туралы белгілі кеңес ұсыныстарынан кейін жедел сипат алды. Содан кейін, қарусыздану мәселелері туралы қарарлар БҰҰ Бас Ассамблеясының барлық сессияларында қабылданатын шешімдердің құрамдас бөлігіне айналды. Мысалы, 1963 ж. ядролық сынақтарды ішінара тоқтату туралы шарт, ал 1968 жылы ядролық қаруды таратпау туралы шарт қабылданды.

Б) қарусыздану құқығының шарттық құқыққа айналуы:

В) қарусыздану мәселелерін талқылау және тиісті халықаралық-құқықтық құжаттарды жасау үшін арнайы халықаралық тетіктің болуы айтарлықтай маңызды фактор.

Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі

Халықаралық ғарыш құқығының пайда болуына 1957 жылғы 4 қазандағы Кеңес Одағындағы алғашқы жасанды Жер серігін ғарышқа ұшырумен тікелей байланысты, бұл адамзаттың ғарышты игеріп қана қоймай, сонымен бірге халықаралық қатынастың барлық салаларын қоса есептегендегі қоғам өмірінің көптеген салаларына үлкен әсер етті. Осы арқылы адамзат қызметінде оның Жерде өмір сүруі үшін маңызы үлкен жаңа сала пайда болды. Осыған сәйкес басты рөл халықаралық құқыққа тиісті болғандықтан оны құқықтық тұрғыда реттеу өте қажетті болып табылды. Халықаралық ғарыш құқығын құрудағы халықаралық қауымдастықтың қабілеттілігі норма шығармашылық процесінің кең көлемдегі арсеналын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ол алғаш рет жасанды Жер серігін ұшырғаннан кейін әдет нормасынан бастау алды десек те болады. Ол мемлекеттердің, яғни олардың аумағынан ғарышта ғана емес, сонымен бірге оған сәйкес әуе кеңістігінен ұшып өтуге және қонуға байланысты бейбіт ұшуды танудың нәтижесінде пайда болды. 1967 жылы ғарыш туралы алғашқы арнайы Шартты дайындауға дейін халықаралық ғарыш құқығының нормалары мен қағидаларының біразы жәй әдеттік-құқықтық нысанда болды. Ғарыш саласына қатысы бар бірқатар әдеттік-құқықтық нормалар мен қағидалар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бір ауыздан қабылданған резолюцияларында өзінің толық бекітілуін тапты. Олардың ішінен 1961ж. 20 желтоқсандағы 1721 (16) резолюцияны және 1963ж. 13 желтоқсандағы (18) резолюцияны ерекше атап көрсетуге болады. Соңғысы ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттердің қызметінің құқықтық қағидаларының Декларациясын ұстанады.

Халықаралық ғарыш құқығы негізінен шарттық құқық ретінде көрінеді. 1967 жылы ғарыш туралы алғашқы шарттың пайда болуына дейін ғарыш саласындағы қызметтің сол немесе басқа да қырларын реттейтін жекелеген шарттық нормалар әрекет етті:

1. 1963ж. 5 тамыздағы Мәскеуде қол қойылған Ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынақ жүргізуге тыйым салу туралы Шарт;

2. 1945ж. 26 маусымдағы БҰҰ-ның Жарғысы. Ол 1945ж. 24 қазанда заңды күшіне енді. БҰҰ-на қазіргі кезде 19-дан астам мемлекет мүше болып табылады, оның ішінде Қазақстан да бар.

3. 1970ж. 24 қазандағы БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастарға қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларация.

4. 1975ж. 1 тамыздағы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі жиналыстың қорытынды актісі. Оған Қазақстан да қосылды.

Халықаралық ғарыш құқығының дамуы халықаралық құқық сияқты негізінен халықаралық шарттарға отыру жолымен жүзеге асырылып отырады. Осы жерде бәрінен бұрын БҰҰ-ында дайындалған, одан кейін мемлекеттердің көпшілігімен қол қойылған немесе ратификацияланған халықаралық шарттардың негізгі тобын бөліп көрсетуге болады:

1. 1967ж. 27 қаңтардағы Айды және басқа да аспан денелерін қоса есептегендегі мемлекеттердің ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану жөніндегі қызметінің қағидалары туралы Шарт. Оған (1996ж. деректерге сәйкес) 222 мемлекет қатысады, соның ішінде Қазақстан да бар.

2. 1968ж. 22 сәуірдегі ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлерді және объектілерді қайтару және ғарышкерлерді құтқару туралы Конвенция. Ол 1968ж. 3 желтоқсанда заңды күшіне енді. Оған (1996ж. деректерге сәйкес) 198 мемлекет қатысады, соның ішінде Қазақстан да бар.

3. Ғарыш объектілерімен келтірілген зиянға байланысты халықаралық жауапкершілік туралы 1972ж. 29 наурыздағы Конвенция. Бұл құжат 1972ж. 1 қыркүйекте күшіне енді. Оған (1996ж. деректерге сәйкес) 176 мемлекет қатысады, соның ішінде Қазақстан да бар.

4. 1974ж. 12 қарашадағы ғарыш кеңістігіне жіберілген объектілерді тіркеу туралы Конвенция. 1976ж. 15 қыркүйекте өзінің заңды күшіне енді. Оған 18 мемлекет қатысады (1996ж. деректерге сәйкес).

5. Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі мемлекеттердің қызметі туралы 1979ж. 18 желтоқсандағы Келісім. Оған 9 мемлекет қатысады (1996ж. деректерге сәйкес).

Осылардың арасында басты, негізгі орынды ғарыш қызметінің жалпы халықаралық-құқықтық қағидаларын бекітуші 1967ж. ғарыш туралы Шарт алады. Біз бұны оның қатысушыларынан-ақ көруімізге болады, өйткені ол шартқа мемлекеттердің басым көпшілігі (222 қатысушы-мемлекет) қатысқан болатын. Атап айтқанда халықаралық ғарыш құқығын жалпы халықаралық құқықтың жекелеген саласы ретінде дамып, жетілуін тікелей осы шартпен байланыстырады.

Ғарыштағы мемлекеттердің бірлескен қызметін реттеуші көптеген халықаралық ғылыми-техникалық келісімдер, конвенциялар және т.б. халықаралық ғарыш құқығын құрады. Өзінің нормаларында ұсталатын мінездемесі бойынша ғарыш жөніндегі ғылыми-техникалық келісімдер алуан түрлі болып табылады. Мысалы:

1. Теңіздегі спутник байланысының халықаралық Ұйымы туралы 1976ж. 3 қыркүйектегі Конвенция (ИНМАРСАТ). Оған (1996ж. деректерге сәйкес) 72 мемлекет қатысады, соның ішінде Қазақстан да бар.

2. «Халықаралық тікелей телевизиялық таратылымдар үшін Жердің жасанды серіктерін мемлекеттердің пайдалануы қағидасы туралы» 1982ж. 10 желтоқсандағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 37/97 резолюциясы.

3. Ғарыш кеңістіктерін бейбіт мақсаттарда зерттеу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы 1976ж. 13 шілдедегі Келісім.

Осылардың ішінде үкіметаралық ұйымдардың (мысалы: «Интерспутник», «Интелсат» және т.б.) құрылтай құжаттары, мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметінің жалпы және нақты сұрақтары жөніндегі екіжақты және көпжақты келісімдері де бар.

Халықаралық ғарыш құқығындағы шарттардың келесі түрі ол – құтқару жөніндегі шарт болып табылады. Яғни, 1968ж. құтқару жөніндегі Келісім негізінен ғарышкерлердің және ғарыш объектілерінің қайтіп оралуын және оларды құтқару жөніндегі Жерде жасалынған операцияларды реттесе, ал 1972ж. халықаралық жауапкершілік туралы Конвенция Жерге құлаған ғарыш объектілерімен олардың құрамдас бөліктерінен келген залалды немесе шығынды қайтаруды өзінің басты мақсаты етіп қояды.

Ғарыш саласындағы Шығыс пен Еуропа және т.б. мемлекеттердің тобының жарты ғасырдан бергі өзара ынтымақтастығының құқықтық негізі ол – 1976ж. ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы Келісім («Интеркоскос» бағдарламасы) болып табылады. Осы аталған «Интеркосмос» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – ол ғарыш кеңістігін, ғарыш метеорологиясын, ғарыштағы биология мен медицинаның физикалық өзінділігін оқу, ғарыштағы байланысты және ғарыштан табиғи ортаны танып, білу болып табылады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта бұл ынтымақтастық енжар жүзеге асырылуда. Минскі қаласында 1991ж. 30 желтоқсанда ғарыш кеңістігін игеру мен пайдалану жөніндегі бірлескен қызмет туралы Келісімге қол қойылды және ол сол қол қойылған күннен бастап өзінің заңды күшіне енді. Бұл келісімге Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Түркменстан мемлекеттері қатысады.

Халықаралық ғарыш құқығы – бұл аспан денелерін қоса есептегендегі ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануға байланысты режимді анықтайтын, субъект ретінде қатынасқа түсетін мемлекет пен халықаралық ұйымның қызметінің арасындағы қатынасты реттеуші халықаралық-құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Бұл құқықтар мен міндеттер халықаралық қатынастың барлық салаларын реттейтін халықаралық құқықтың жалпы қағидалары мен нормаларынан және сонымен бірге ғарыш кеңістігі мен ғарыш қызметінің өзіндік ерекшелігін көрсететін арнайы қағидалар мен нормалардан да шығады.

Халықаралық ғарыш құқығы терминін қараған кезде аспан денелерін қоса алғандағы ғарыш кеңістігінің өзіндегі қызметті ғана емес, сонымен бірге ғарышты игерудегі және оны оқып, білумен байланысты Жердегі және оның әуе кеңістігіндегі қызметтерге де таратылады.

Халықаралық ғарыш құқығының нормаларының әрекет ету шеңбері, яғни мемлекеттер мүше болып табылатын «ғарыш клубының» мемлекеттерінің шеңберінен үлкен болып табылады. Қазіргі кезде өзінің техникалық құралдарының көмегімен ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануға тікелей қатысушылардың саны көп болып табылады. Алып қарайтын болсақ, халықаралық ғарыш құқығының нормалары ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттердің белсенділігінің дәрежесіне қарамастан оларға белгілі-бір анықталған құқықтар мен міндеттерді бекітіп көрсетті.

Халықаралық ғарыш құқығының объектілеріне: ғарыш кеңістігі (теңіз деңгейінен шамамен алғанда 100 км. биіктікті қоса алғандағы жер үсті кеңістігі), Күн жүйесі планетасы, Ай, Жасанды ғарыш объектілері және олардың құрамдас бөліктері, ғарыш экипаждары, ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу мен пайдалану жөніндегі қызметі, ғарыш қызметінің қорытындысы, мысалы: ғарыштан Жерді қашықтықтан барлап қарау мәліметтері және аспан денелерінен Жерге жеткізілген материалдар және т.б.

Жер кеңістігі әуе және ғарыш кеңістігі болып екіге бөлінеді. Кеңістікті бұлай екіге бөлу ұшу аппараттарының қозғалуының техникалық қағидаларының айырмашылығына байланысты. Мысалы. авиация үшін – қанаттың көтеру күші мен двигательдің тарту күші болса, космонавтика үшін – бұл негізінен Жер мен басқа да планетелардың арасында инерциялық қозғалыспен әсер етуі болып табылады.

Халықаралық құқықтың барлық субъектілері, яғни бірінші орында мемлекет және сонымен бірге ғарыш қызметін тікелей жүзеге асырмаса да Халықаралық Үкіметаралық Ұйымдар да жатқызылады.

«Айды және басқа да аспан денелерін қоса есептегендегі ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдаланудағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы» 1967ж. 27 қаңтардағы Шарт басты орынды иеленеді. Оның маңыздылығына келетін болсақ: халықаралық құқық пен ғарыш құқығының жеке саласының пайда болуы бекітіледі және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттердің қызметі тұңғыш рет реттелінді. Шарттың ережелері мемлекеттің егемендік теңдігі, ішкі іске араласпау және өзара көмек сияқты халықаралық құқықтың жалпымен қабылданған және міндетті қағидаларына негізделеді. Шарт ғарыш кеңістігіне әскери дайындықтарды таратпауға бағытталған.

Ғарышкерлерді құтқару мен ғарыш объектілерін қайтару мәселелері. 1967ж. 27 қаңтардағы ғарыш жөніндегі Шарт ғарышкерлерді құтқарудағы халықаралық ынтымақтастықты көрсетеді. Яғни V-бапта: «басқа да аспан денелерін қоса есептегендегі ғарыш кеңістігінде қызметті жүзеге асыру кезінде шартқа қатысушы бір мемлекеттің ғарышкерлері осы шартқа қатысушы басқа мемлекеттің ғарышкерлеріне қолдан келген барлық көмекті көрсетеді» деп бекітілген.

Бірақ бұл ғарышкерлерге көмек көрсетуді мемлекетке міндеттейтін жалпы ереже ғана болып табылады. Бұл жерде ғарыш кемелерінің экипажының оқыс пайда болатын қиындықтарға тап келетінін естен шығармау керек. (Кеменің белгілі-бір жүйелері істен шығуы мүмкін, радиацияның көлемі үлкен болуы мүмкін, есептеулерден қателіктер кетуі де әбден ықтимал).

Ғарыш кемелерінің экипажы кемені белгісіз бір себептерге байланысты басқара алмаса немесе т.б. жағдай болған кезде Жерге міндетті түрде хабар беруі тиіс. Осы кауіптілік жөніндегі радиохабарды кемені ұшырушы мемлекет қана емес, сонымен бірге басқа да мемлекеттер қабылдауы мүмкін. Осыған сәйкес, соңғысы хабарды алып қана қоймай, ғарышкерлерге қажетті көмекті бере отырып, оны ұшырған мемлекетке хабарлау міндеттілігі көрсетілген.

Апат жағдайында ғарыш кемесін нақты белгіленген орынға қондыру мүмкін емес және осыған байланысты ғарыш кемесі шетел мемлекетінің аумағына қонуы да мүмкін. Мемлекет ғарышкерлер мен ғарыш объектілеріне көмек көрсете отырып, БҰҰ-ның Бас Хатшылығымен бірге кемені ұшырған мемлекетке атқарылған көмектермен оның қорытындысы туралы хабардар етуі тиіс.

Ғарышкерлерге көмек көрсету және қорғау қағидасы 1968ж. 22 сәуірдегі ғарыш кеңістігіне ұшырылған ғарышкерлерді құтқару және объектілерді қайтару туралы Келісімде көрініс тапқан. Онда: «Егер апат болса, мәжбүрлі немесе амалсыз қонған ғарыш кемелерінің экипажы шартқа отырушы тараптың юрисдикциясына жататын аумаққа қонатын болса, онда ол сол экипажға жедел түрде көмек көрсету және құтқарудың мүмкін болар барлық шараларын қолданады» (ІІ-бапқа сәйкес) деп көрсетілген. Егер де бір мемлекеттің аумағына қонған кезде экипаждың бір мүшесі қозғала немесе жүре алмайтын болса, онда сол мемлекет ол экипаждың мүшесіне қажетті барлық медициналық қызметтерді көрсетіп, бұл туралы жоғары билікке ақпарат беруге міндетті.

Ғарыш кеңістігінің құқықтық жағдайы аспан денелерін қоса алғанда, алдымен оларға ешбір мемлекеттің суверенитеті таратылмайтынымен анықталады; бұл – ашық немесе зерттеу үшін еркін және барлық мемлекеттердің қолдануына жататын кеңістік. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде алғашқы жасанды Жер серігінің пайда болуымен және ғарыш дәуірінің басталуымен қазіргі жалпымен қолдау тапқан қағида қалыптасты, оның негізі Жер орбитасына шығарылған кез-келген жасанды серік мемлекеттердің егемендігі таратылатын кеңістіктен тыс орналасады.

1979ж. Айда және т.б. аспан денелеріндегі мемлекеттердің қызметі туралы Келісімде «Айдың беткі қабатындағы және оның учаскелері немесе сол жердегі пайдалы қазбалары қандай да бір мемлекеттің, ұлттық ұйымдардың немесе үкіметаралық мекемелердің және кез-келген жеке тұлғалардың меншігі болып табылмайды. Айдың бетіне немесе оның қазбаларына тікелей байланысты ғарыш аппараттарын, персоналдарды, құрылғыларды, станса және т.б. орналастыру бұл осы Айда, оның беткі қабатында немесе белгілі-бір учаскелерінде меншік құқығын көрсетпейді (11-бап, 3-тармақ)».

Сонымен бірге Ай туралы Келісімде Ай немесе т.б. аспан денелерінің беткі қабатынан Жерге жеткізілген минералды және т.б. заттардың үлгілеріне мемлекеттің иелену құқығы туралы қарастырылады. Келісімнің 6-бабында «Ай немесе т.б. аспан денелерінде ғылыми зерттеу жүргізу кезінде осы кеңістіктерден минералды және т.б. заттардың үлгілерін әкелуге мемлекеттің құқығы бар екені туралы» арнайы көрсетілген. Осындай әкелінген үлгілер мемлекеттің оны ары қарай бейбіт мақсаттарда зерттеуіне беріледі. Бұл жерде тағы бір көрсететін жәйт ол ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қажетті осындай үлгілердің бөліктерін жеткізу мүмкіндігін халықаралық ғылыми қауымдастыққа және басқа да мүдделі мемлекеттерге жеткізуге әмір береді.

Осы аталған ұсынысты басшылыққа ала отырып, Кеңес Одағы әлемнің көптеген елдерінің ғылыми лабораторияларына зерттеулерді жүргізу мен сараптама жасау үшін кеңестік автоматты станциялармен Жерге жеткізілген айдың топырағының үлгілерін жеткізіп берген болатын.

Сонымен бірге Ай туралы Келісім осы мақсаттарға қажетті экспедициялардың ары қарай өміршеңдігін ұстау мақсатында Ай және басқа да аспан денелерінен әкелінген минералды және т.б. заттарды пайдалануға рұқсат береді (6-баптың 2-тармағы).

Осы табиғи ресурстарды пайдалану мәселесіне келсек, ол яғни техникалық жағынан мүмкін болған және экономикалық жағынан тиімді болған жағдайда осы пайдалану Ай туралы Келісімнің 11-бабының 5-тармағына сәйкес оған тек сәйкес халықаралық режимді орнатқаннан кейін ғана жол беріледі.

Ғарыш туралы Шартқа сәйкес Ай және т.б. аспан денелеріне таратылатын шектеулер ол тек бейбіт мақсатта ғана қолданылуы тиіс, яғни кез-келген әскери сипаттағы қызметтер шектелген. Шарттың IV-бабында келтірілген Айда және т.б. аспан денелерінде шектеу көрсетілген қызметтердің түрлері көрсетілген. Онда: «ядролық қару немесе кез-келген жаппай қырып жою қаруын орнатуды, әскери базаларды, құрылымдар мен бекіністерді құру, қарудың кез-келген түрін сынау және әскери маневрлерді өткізуге тыйым салынады» деп көрсетілген. Әскери персоналмен бірге кез-келген құрылғыны немесе құралдардығылыми зерттеу немесе басқа да аспан денелерін бейбіт мақсатта зерттеуге пайдалануға жол берді.

Айда немесе аспан денелерінде қызмет жасауға шектеу жасалынған қызмет түрлерінің тізімін толықтырып, кеңейткен 1979ж. Айда немесе т.б. аспан денелеріндегі мемлекеттердің қызметі туралы Келісімнің 3-бабында көрсетілді. Ол жерде: жоғарыда көрсетілген қызметтің шектелген түрлерінен басқа Айдың жанына орбитаны шығару немесе Айға ұшудың басқа да траекториясын шығару және оның жанына ядролық қаруды немесе жаппай қырып жою қаруының кез-келген түрін шығару, сонымен бірге осындай қаруды Айдың беткі қабатына немесе оның пайдалы қазбаларына орнату және пайдалану көрсетілген. Сонымен бірге Келісімде күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқытуға, сонымен қатар Айда немесе оны пайдалану арқылы қастық әрекеттерді жасау қаупі немесе т.б. кез-келген дұшпандық әрекеттерге арнайы тыйым салушы ережелер көрсетілген.

Ғарыш кеңістігіне, соның ішінде Жерге жақын орналасқан «жақын ғарыш» кеңістіктеріне қатысты айтатын болсақ, бұл жерде әзірше әскери қызметті толық шектеу болған емес. Ғарышты әскери мақсатта шектеулі түрде қолдануға болатын шаралардың ішінде Ғарыш туралы Шарттың қатысушыларының Жердің шеңберіндегі орбитаға ядролық қарумен байланысты кез-келген объектіні немесе жаппай қырып жоюдың кез-келген түрлерін шығаруға және қандай да бір түрде ғарыш кеңістігінде осындай қаруды орналастырмау көрсетілген.

Халықаралық ғарыш құқығының ғарыштық объектілері болып табиғи аспан денелері (ай, ғалам шарлар,астероидтар және т.б.) емес, керісінше адаммен жасалынған Жер серігі, автоматты және ұшушы кемелер және станциялар, ракета тасымалдаушылар және т.б. табылады. Халықаралық ғарыш құқығы ғарыш кеңістігінде ұшыру немесе құрастыру кезінен бастап, ғраыш объектілерімен байланысты қызметті реттейді (сонымен қатар аспан денелерінде). Егер мемлекеттердің арасында өзара келісім болмаса (мысалы, бірнеше мемлекеттің бірігіп ғарыш объектісін құруы немесе ұшыруы), қазіргі уақытқа дейін оларды құру және ұшыруға дайындық қызметі мемлекеттің ішкі құқық ортасында болады. Жерге қайтіп қонғаннан кейін ғарыш объектісі ережеге сәйкес, ұлттық құқықтың қарамағында болады. Бірақ ұшырған мемлекеттің аумағынан тыс қонған жағдайда, мемлекеттердің арасында пайда болатын қатынас халықаралық ғарыш құқығымен реттеледі.

Халықаралық ғарыш құқығының келісімдерінде ғарыш ұшуларын жүзеге асыратын және ғарыш объектілері немесе аспан денелерінде болатын тұлғаларды анықтайтын келесідей терминдер бар: «ғарышкерлер», «экипаж», «персонал», «өкілдер», «ғарыш объектілеріндегі тұлғалар».

Ғарышкерлердің құқықтық мәртебесі.

«Ғарышкер» - термині орыс тілінен алынған, ол әдебиеттер мен халықараық келісімдерде қолданылады. Яғни, ғарышкер деп – арнайы медико-биологиялық және техникалық дайындықтан өткен және ғарышқа ұшырылған ғарыш кемесінің командирі немесе экипаж мүшесі болған адамды айтамыз. Ғарышқа ұшқан кезде ғарыш кемесіндегі тәртіп пен қауіпсіздікке жауап беретін және экипаждың іс-әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын ғарышкер командир деп аталады. Ғарышкердің арнайы анықтамасын беруде БҰҰ-ның Ғарыш жөніндегі Комитетінің заң жөніндегі шағын комиссиясында әзірше айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоқ. 1967ж. Ғарыш туралы Шарттың V-бабында мемлекеттер «ғарышкерлерді адамзаттың ғарышқа жіберілген елшісі» ретінде қарастырады. Ғарышкерлер біраз уақыттан бері ғарышқа ұшып жүрсе де қазіргі күнге дейін қандай да бір ұлттылық мәртебесін иеленген жоқ. Осыған қарамастан олар өз елінің азаматы болып байланыста бола береді.

Ғарышқа ұшуға дайындалумен бірге ғарыштағы жұмыстарға әскери кәсіби ұшқыштар да тартылады. АҚШ-та ғарышқа ұшуға кандидаттар ретінде әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынаушылардан таңдалып алынды. Халықаралық ғарыш құқығының нормалары әскерилерді ғарышқа ұшуға, яғни бейбіт мақсаттарда зерттеулер мен ғылыми тәжірибелерді жүргізу үшін ұшыруды қарастырады.

Халықаралық ғарышқа ұшулар кезінде қазіргі кездегі ғарышты игеру этапында ереже бойынша жалғасымсыз, негізгі тәжірибе жағынан юрисдикция және бақылау саласындағы мемлекеттердің тіркеу өкілеттігі ғарыш кемесінің бортындағы барлық тұлғаларға қатысты ұшу бағдарламасын орындау кезінде командир мен экипаж мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау және кеме командиріне сәйкес тәртіптік билікті ұсынуда көрініс табады. Халықаралық ғарыш құқығымен ғарышқа ұшуда барлық ғарышкерлерге бірдей мәртебе беру, бұл ішкі мемлекеттік құқықтың экипаж мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін нақты шектеуді және ғарыш бортында тәртіпті ұстау, персоналдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұшу міндеттерін орындау мақсатында арнайы биліктік құқықтар мен өкілеттіктерді кеме командиріне беруді шектемейді. Ғарыш кемесінің командирінің биліктік функцияларының көлемін ғарышқа ұшудың жағдайын есептей отырып, әуе кемесінің командирі немесе теңіз кемесінің капитанының биліктік функциясынан кем болмауы керек (ал ұзақ мерзімді ұшулар болған кезде одан да үлкен болуы мүмкін).

Қазақстанда қазіргі кезде ғарыш экипажының құрамында лауазымның мынандай түрлері көрсетілген: кеме командирі, бортинженер, ғарышкер-зерттеуші. «Интеркосмос» бағдарламасы бойынша ғарышқа ұшуларды жүзеге асыратын халықаралық экипаждағы басқа мемлекеттердің азаматтары ғарышкер-зерттеушінің қызметін атқарған болатын. Халықаралық ғарыш құқығында «бақылау мен юрисдикцияны жүзеге асыру тәртібін мемлекеттердің өзі сәйкес заңнамалармен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді шығару жолымен анықталады» деп көрсетіледі.

Ғарышкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп қатер төндіретін жағдайларда Айдан және басқа да аспан денелерін қоса есептегендегі ғарыш кеңістігінен қандай да бір қауіпті жағдайларды немесе көпшілікті анықтайтын болса ғарышкерлердің қауіпсіздігін ойлау мақсатында Ғарыш туралы Шартқа қатысушы-мемлекеттер бірін-бірі жедел түрде ескертуі керек немесе БҰҰ-ның Бас хатшысына осы жайында хабарлауы тиіс (V-бап). Бұл жердегі көріністерге, мысалы: ғарыштағы күннің тұтануы және осыған байланысты радиациялық жағдайдың жылдам өзгеруін айтуға болады. Осындай жағдайдағы көріністерді өз уақытында хабарландырса қауіпсіздіктің мынандай маңызды шараларын қолдануға болар еді. Атап айтсақ: ұшуды кейінге қалдыру, ғарышкерлерді Жерге кейін қайтарып алу, ашық ғарышқа тыйым салу және т.б. Мүдделі мемлекеттермен осы тектес хабарламаларды жеделдетіп алудың қажеттілігіне байланысты БҰҰ-ның Бас хатшысы осы хабарламаны қолда бар барлық құралдардың көмегімен жеделдетіп барлық елдерге таратуға міндетті (бұл туралы Шарттың V-бабында тікелей көрсетілмесе де).

Халықаралық ғарыш құқығының әрекет етуші нормалары ғарышқа ұшырған мемлекеттің аумағынан тыс апатты жағдайда амалсыз қонған ғарышкерлерді қайтару мен қону мәселелерін көбірек реттейді. 1968ж. 22 сәуірдегі ғарыш кеңістігіне ұшырылған ғарышкерлерді құтқару мен қайтару және ғарыш объектілерін де қайтару туралы Келісім және 1967ж. Ғарыш туралы Шарт апат жағдайында, амалсыз немесе ойламаған жерден қону арқылы басқа мемлекеттің аумағына қонған ғарыш кемесінің экипажына қажетті көмектерді көрсету мен құтқарудың барлық мүмкін болар шараларын қолдануға қатысуға мемлекеттерді міндеттейді(V-бап). Ғарыш туралы Шарттың V-бабына сәйкес осындай жағдайларға тап болған экипажға «олардың ғарыш кемесі тіркеуге алынған алынған мемлекетке» немесе Құтқару туралы Келісімнің 4-бабына сәйкес «ұшыруды жүзеге асырған билік өкілдеріне» жеделдетіп қайтарылуы тиіс және оған барлық қауіпсіздік шаралары қолданылады. Ешқандай құжатта ғарышкерлерді азаматы болып табылатын мемлекетке қайтаруда азаматтық мәселесі тікелей көрсетілмеген болатын. Апат жағдайына түскен халықаралық экипаж оның жеке мүшелерінің азаматтық қағидасы бойынша емес, осы жоғарыда аталған критерийлерден шығатын толық көлемде өз мемлекетіне қайтарылуы тиіс.

Бір мемлекеттің аумағына шетел мемлекетінің кемесінің экипажы апатты жағдайда қонған кезде сол мемлекет өздігімен құтқару жөніндегі операцияларды жүргізуге толықтай шамасы жетпеуі мүмкін, осындай жағдайларда ол мемлекет басқа мемлекеттің көмегімен құтқару жөніндегі операцияларды тиімді және тез ұйымдастыра отырып шешуі мүмкін. Бұл жағдайда осыған сәйкес мемлекеттік егемендікті құрметтеу қағидасына сәйкес Құтқару туралы Келісімде осындай операциялар осы құтқаруды жүргізіп жатқан мемлекеттің басшылығына алынып, бақылауында болуы тиіс. Егер апатқа ұшыраған ғарыш кемесінің экипажы ашық теңізге немесе ешқандай мемлекетке тиесілі емес аумаққа, мысалы: Антарктидаға қонса, онда Құтқару туралы Келісімге сәйкес, осы құтқаруды жүргізе алатын мемлекет экипажды іздестіру мен құтқару жөніндегі операцияны жүргізуге көмек көрсетуі тиіс.

Халықаралық гуманитарлық құқықтың түсінігі, мәні және қағидалары.

Соғысты жұмсарту және оның қиратқыш әсерлерін азайту әрекеттері соғыстың өздері сияқты ертеден келе жатыр. Бірақ олар ұзақ уақыт бойы елеулі нәтижелер көрсетпеді.

    Үлкен өзгеріс XIX ғасырда болды. Мұнда гуманизмнің кең өріс алуы, сонымен қатар қоғамдық құқықтық санасында, әскери істерде өзгерістердің болуы, техникалық прогрестің өсуі үлкен роль атқарды.

Қоғам, сонымен қатар үкіметтік және әскери топ соғыста өз құрамының көбісі қарсыластың талқандалуынан емес, ал жаралыларды ешқандай көмексіз қалдырғаннан, аурудан қырылатынын ұғынды.

1863 жылдан бастап мемлекеттерде жаралыларға көмек көрсететін қоғамдар құрыла бастады. Қоғамдар ең бастапқыда аз болды, ұйымдастыруда нашар болды, және бір бірімен байланысы болмады. Бірақ бастамасы салынды. Енді халықаралық өзгешелікке ие болған қоғамдық қозғалысқа құқықтық негіз қажет болды.

     1864 жылы Женевада соғыс майданында жаралылардың халін жақсарту туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенция соғыс майданында жаралыларға арнайы дайындалған персоналмен көмек көрсетілетінін, және оларды госпитальға жеткізілетінін бекітті. Көмек дұшпандарды қоса алғанда бүкіл жаралыларға көрсетілуі тиіс. Жаралыларға көмек көрсететін персонал бейтарап және қол сұғылмайды. Оны тұтқынға алуға болмайды. Оны тану үшін арнайы белгі – ақ алаңда Қызыл Крест қабылданды. (Швейцариялық тудың трансформациясы)

Женевалық конвенция соғыс және басқа да қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғауды реттейтін гуманитарлық құқықтың бастамасын салды.

1864 жылғы Женевалық конвенцияны гуманитарлық құқықтың бастамасы ретінде санайды, дегенмен оның басқа қайнар көзін яғни, соғыс жүргізудің белгілі бір ережелерін және қарудың белгілі бір түрлерін қолдануға шектеуді бекіту туралы ұмытылып жатады.

Бұл бағытта үлкен өзгеріс болып 1899 жылғы дүниежүзілік Бірінші Гаага конференциясымен қабылданған Құрлықта соғыс жүргізу заңдары мен әдет – ғұрыптары туралы конвенция болып табылады. (Ол кейін 1907ж екінші Дүниежүзілік Гаага конференциясымен бекітілді.)

Ең алдымен Гаага конференциясы соғысушының (комбатант) мәртебесін анықтады. Гаага конвенциясының арнайы бөлімі әскери тұтқындардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттеріне арналған.

1864 жылғы Жаралылар туралы Женева конвенциясы және соғыс әдет ғұрыптары мен заңдары туралы Гаага конвенциясы бір мақсатты көздеді: соғысты адамгершілікке бұру, оның зардаптарын жұмсартуды көздеді.

Айтып өту қажет, «гуманитарлық құқық» түсінігі жақында пайда болды. Ұзақ уақыт бойы Гаага конвенциялары «Гаага құқығы»,ал Женева конвенциялары - «Женева құқығы» деп аталды. Бірақ біртіндеп гуманитарлық құқық ерекшеленді. Мұнда маңызды роль атқарған 1929 жылғы екі Женева конвенциялары болып табылады. Гуманитарлық құқықтың нормалары абсолютті және жалпыға бірдей міндетті.

      1929 жылғы Конвенцияның қабылдануымен гуманитарлық құқықтың қалыптасуы басталды. Оны соғыс құқығының жеке саласы ретінде қарастыра бастады.

Халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуына байланысты мәселелер.

Женева конвенциялары толығымен бірінші дүниежүзілік соғыстың және одан кейінгі қақтығыстардың сынағы болды. Орындалмай қалған бір бап болды: тұтқынға алынған медициналық персоналды қарсылас тарап қайта жібермей, ал оны өзінің жаралылары мен ауруларды емдеуге пайдаланды. Барлық соғысушы мемлекеттер осылай жасады.

Гаага конвенциялары орындалды, дегенмен кейбір жекелеген баптар өрескел бұзылды. Мысалы: 23-баптың уды пайдалануды шектеуіне қарамастан кең масштабта олар улы газдарды қолданылып жатты.

Дегенмен халықаралық құқықтың прогрессивті дамуын да есепке алуымыз керек. Бұл міндетті 1949 жылғы төрт Женева конвенциялары және 1977 жылғы қосымша хаттамалар атқарды.

Көрсетілген төрт Конвенция және екі Хаттама қазіргі халықаралық гуманитарлық құқықтың негізін құрайды. Олар көптеген адамзаттың өзара қарым қатынасының реттейтін жүйелендірілген және кодификацияланған қағидалар мен нормалардың жиынтығын қамтиды. Осы төрт конвенцияның көмегімен қазіргі кезде гуманитарлық құқық халықаралық құқықтың кодификацияланған саласына жатады.

     Бұған жағдай жасаған гуманитарлық құқықтың ерекшелігі және оның Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалыстарымен үзілмес байланысы болып табылады. Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалыстары 3 автономдық құрылымнан тұрады: Халықаралық Қызыл Крест Комитеті, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық Федерациялары және өзінің қоғамдары. Қазіргі кезде дүние жүзінің басым санында Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары бар. «Халықаралық гуманитарлық құқық» терминін айналысқа алғаш рет 50-жылдары швейцар профессоры Ж. Пикте, енгізді. Женева конвенциялары Халықаралық Гуманитарлық құқықты нақты құрылымға әкелді. Олар ХГҚ-ты шын тәжірибемен анықталған келесі бөлімдер бойынша топтарға жіктеді:

         1. Санитарлық персонал және мекемелер

         2. Жаралылар және аурулар

         3. әскери тұтқындар

         4. азаматтық тұрғындар және азаматтық объектілер.

         5. Оккупацияланған территориялар.

         6. Интернирование.

         7. Азаматтық қорғаныс.

         8. әскери әрекеттерді жүргізу құралдары мен тәсілдері.

Халықаралық Гуманитарлық құқықтың ең басты мақсаты – қарулы қақтығыстарды гуманизациялау, оның идеалы – қарулы қақтығыссыз халықаралық қатынастар.

Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалары .

Қағидалар жүйесіне келсек, швейцар профессоры Ж. Пиктенің жасаған топтастыруы өте сәтті деп есептелінеді. Ол қағидаларды 3 топқа біріктіруді ұсынды: негізін салушы, жалпы қағидалар және қарулы қақтығыстар кезінде соғысушы тараптардың басшылыққа алуы тиіс қағидалар. Мұндай топтастыру ХГҚ-тың құрылымына толық жауап береді.

         1. Негізін салушы қағидалар

  1. ХГҚ жалпы әрекетке ие және ол сөзсіз және кез келген жағдайда орындалуы қажет. 1997жылғы 31 марттағы жағдай бойынша 1949 жылғы Женева конвенцияларының қатысушылары болып 188 мемлекет табылды, I Хаттама - 147 мемлекет, II Хаттама- 139 мемлекеттер мүше болды. Егер Конвенцияның мүшелері болып дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер қатысса, ескертпелер туралы әңгіме болуы мүмкін емес.

  2. ХГҚ-ты қолдану ішкі іске немесе қақтығысқа араласу дегенді білдірмейді және қақтығысып жатқан тараптардың құқықтық мәртебесіне немесе егемендігіне ешқандай тиіспейді.

  3. Тиісті айырықша белгілері бар медициналық персонал, көлік және мекемелерге қол сұғылмайды және бейтарап.

  4. Комбатанттар мен азаматтық тұрғындардың арасындағы айырмашылықты қатаң сақтау керек. Ол тұрғындарды және азаматтық обьектілерді әскери әрекеттерден сақтау нормаларын орындау үшін қажет.

  5. Мемлекет өз үстемдігіндегі тұлғаларға ұлттық және халықаралық деңгейде адамгершілікті қатынас жасауы тиіс.

  6. Кез келген белгі бойынша дискриминацияға шектеу қойылады.

  7. ХГҚ нормаларын қатаң бұзушылық – жазалауға жататын қылмыстық жазаға жатады.

         2. Жалпы қағидалар         Жалпы қағидалар адамның негізгі құқықтарымен тығыз байланысты. Олар келесілерді қамтиды:

        1. Әрбір адам өміріне құрметтеу, физикалық және психологиялық қол сұғылмаушылыққа, оның ар ожданына құрметтеу, жанұялық құқықтарына ие..

        2. Әрбір адам заң алдында оның құқықтарының мойындалуына, жалпы қабылданған заңдық кепілдеме құқығына ие. Ешкім өзіне гуманитарлық конвенциялармен бекітілген құқықтарынан бас тарта алмайды.

  1. Азаптауға, қорлайтын немесе айуандық жазаға щектеу қойылады. Репрессалийге, ұжымдық жазалауға, аманаттарды басып алуға болмайды. Азаматтық тұрғындарға, ХГҚ-пен белгіленген азаматтық объектілерге шабуылға шек қойылады.

  2. Ешкімді өз меншігінен заңсыз жолмен айыруға болмайды. Басқыншылар азаматтық объектілердің иелері бола алмайды, тек басып алынған объектке иелік ете алуы мүмкін. Басып алынған биліктер осы мүліктің сақталуы бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

        3. Қарулы қақтығыстар кезінде соғысушы тараптардың қарулы қақтығыс құрбандарына және соғыс әрекеттерін жүргізуге қатысты басшылыққа алуы тиіс қағидалар

  1. Рұқсат етілмеген қару түрлері мен соғыс жүргізу тәсілдеріне шек қойылады. Егер ХГҚ пен басқа да халықаралық келісімдер нормалары мен қағидаларын бұзатын болса, жаңа түрлері ойлап табылмауы керек.

  2. Соғысушы тарап қарсыласқа соғысу мақсатымен өлшеусіз зиян әкелмеуі тиіс, яғни қарсыластың әскери күшін жойып жіберу немесе әлсірету.

  3. Опасыздық жасауға болмайды, яғни қарсыластың әскери формасын, БҰҰ белгілерін, Қызыл Крестің және басқа да осыған ұқсас белгілерді пайдаланып сылтауратып келіссөздерге ұмтылу

  4. Соғыс әрекеттерін жүргізгенде қоршаған ортаны қорғау тиіс.

Әскери іс-әрекеттерді жүргізу әдістері мен тәсілдері.

Әскери іс- әрекеттің басталуы және оның құқықтық нәтижелері. 1907 жылғы Ашық әскери іс-әрекеттер туралы конвенцияның 1 бабына сәйкес мемлекеттер арасында әскери алдын ала келісімсіз, ескертпесіз басталмауы тиіс.

Сонымен бір уақытта бейтарап мемлекеттер жариялануы тиіс. Әскери іс-әрекеттердің жариялануы мен басталуының арасындағы қандай да бір мерзімді халықаралық құқық бекітпейді.

Соғысушы мемлекеттердің арасында соғыс жағдайын жариялағаннан бастап оларға мынадый құқықтық салдар пайда болады:

  1. Дипломатиялық және консулдық қатынастар тоқтайды;

  2. Дұшпан мемлекеттің меншігі конфискеленеді;

  3. Соғысушы мемлекеттің азаматтары үшін арнайы режим енгізіледі;

  4. Бейбіт кездегі халықаралық шарттар әрекет етуін тоқтатады;

  5. Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары өз күшіне енеді.

Соғыс театрысоғысушы тараптардың жауынгерлік әрекеттер жүргізетін кеңістік. Бұл құрлықтағы, теңіз, әуедегі аумақ, сонымен қатар бейтараптанған және демилитаризацияланған аумақты есептемегенде халықаралық аумақ. Мысалы: халықаралық теңіз каналдарында, Шпицберген архипелагында, Айда, және басқа да аспан денелерінде әскери әрекеттер жүргізуге болмайды.

Қарулы қақтығыс қатысушылары комбатанттарға на (соғысушылар) және комбатант еместерге (соғыспайтындарға) бөлінеді. Комбатанттарға бүкіл соғысушы құрам кіреді: 1)қарулы күштер; 2) жасақтанған ерікті және партизандық отрядтар, қарсыласушы куштер. Комбатант мәртебесіне жауап беру үшін олар:

  1. Бағыныштылар үшін жауап беретін басында бір тұлға болу керек.

  1. Алыстан ерекшеленіп көрініп тұратын белгісі болуы керек.

  2. Қаруды ашық ұстап жүру керек;

  3. Соғыс жүргізу ережелерін сақтау тиіс..

Комбатант еместерге: 1) медициналық персонал; 2) рухани персонал.

Комбатанттар мен комбатант еместердің құқықтық жағдайы әртүрлі. Біріншілерге әскери тұтқын режимі таралады, ал екіншісіне таралмайды.

Әскери барлаушы- өзінің армиясының формасында қарсылас туралы мәлімет жинайтын тұлға. Тұтқындалғанда әскери тұтқынның құқығын пайдаланады.

Әскери тыңшы (лазутчик) — қарсыластың армиясының әрекет ететін аумағында өз армиясына беру мақсатымен құпия түрде мәлімет жинайтын тұлға. Тұтқындалған жағдайда әскери тұтқын мәртебесін ала алмайды, басқаша айтқанда оны соттауға болады.

Соғыс жағдайының тоқтатылуы және оның құқықтық салдары. Қарулы қақтығыс кезінде мемлекеттер соғыс жағдайында болады. Әскери әрекеттердің тоқтатылуынан соң соғысушы мемлекеттер арасында бейбітшілік қатынастар қайта жаңартылады.

Әскери әрекеттер екі жолмен тоқтатылады: уақытша бітім және капитуляция.

Уақытша бітім — бұл соғысушы мемлекеттер арасында әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімін жүзеге асыру. Уақытша бітім жалпы және жергілікті болады.

Әскери әрекеттерді тоқтатудың басқа нысаны - капитуля­ция. Ол қарулы күштердің қарсылығын немесе соғысушы тараптардың бір бөлігінің қарсылығын тоқтату.

Уақытша бітім немесе капитуляция кезінде тек қана әскери әрекеттер тоқтатылады. Бірақ соғыс жағдайы мемлекеттер арасында сақталады. Ол бейбітшілік шартын бекіткеннен кейін ғана тоқтатылуы мүмкін.

Соғыстағы бейтараптылық.

Соғыстағы бейтараптылық —мемлекеттердің соғыста қатыспауы және соғысып жатқан мемлекеттерге көмек көрсетпеу. Соғыстағы бейтараптылық тұрақты, яғни кез келген соғысқа қатыспау, уақытша, ол нақты бір соғысқа қатыспау түрінде болады.

Бейтарап мемлекет міндеттенеді:

  1. Өз аумағында соғысушалар тарапынан жинақ пункттерін ашуға, әскери отрядтарын құруға жол бермеуі тиіс;

  2. Соғысушыларға қарумен, әскери материалдармен көмек көрсетпеуі тиіс;

  3. Өз аумағында соғысушы тараптардың радиостанцияларын және басқа да техникалық құралдарын орналастырмау керек;

  4. Егер бейтарап мемлекеттің аумағында соғысушы тараптардың әскерлері жүрген болса оларды интернированиелеуге тиіс;

  5. Өз аумағы арқылы соғысушы мемлекеттердің әскерлерін және әскери көліктерін өткізбеу тиіс;

Бейтарап мемлекет құқылы:

  1. қарулы күштерімен өзінің егемендігіне қастандық білдіруге

  2. соғысушы тараптардың жаралылары мен ауруларын өз территориясы арқылы өткізуге рұқсат етуге құқылы

  3. бейтарап мемлекеттің тұлғалары соғысушы тараптардың біреуінің армиясына ерікті кіруіне болады.

Теңіз соғысындағы бейтараптылық. Соғысушы мемлекеттерге бейтарап мемлекеттің аумақтық теңізінде соғысуға болмайды:

  1. басқа соғысып жатқан тараптың сауда кемелерін басып алуға;

  2. оларда, порттарда, рейдтерде әскери-теңіз операцияларын жүргізу үшін құруға;

  3. өз қарулы күштерімен байланыс жасау үшін радиостанциялар жасауға; ж.т.б

Әуе соғысындағы бейтараптылық. Бейтарап мемлекеттің аумағы жоғарысындағы кеңістікке қол сұғылмайды. Ол аумақ арқылы соғысушылардың ұшу аппараттарын ұшыруға, қарсыластың ізіне түсуге немесе онымен соғысуға тыйым салынады. Соғысушы мемлекеттерге бейтарап мемлекеттің әуе кеңістігі арқылы әскерлерді және әскери мүлікті тасуға жол қойылмайды. Дегенмен ұшақтарда аурулар мен жаралыларды тасымалдауғы рұқсат етіледі.

Халықаралық гуманитарлық құжаттарда орындау, бақылау, санкциялар мәселесі.

1949 жылғы барлық төрт Женева конвенциялары мына ережеден басталады: «Жоғарыда Келісуші Тараптар кез келген жағдайда осы Конвенцияны сақтауға және сақтауға мәжбүр етуге міндеттенеді.» (1б). Орындамауды бір тараптың осы конвенцияда қатыспауы ақтау ретінде қызмет ете алмайды.

      Дегенмен, басқа халықаралық құқық сияқты ХГҚ мәжбүрлеуші күшке ие емес. Сондықтан, ХГҚ орындау мақсатында 3 тәсілді қолданады: сыртқы бақылау, бұзушылық үшін жауапкершілік, және үйрету. Гуманитарлық құқық 1929 жылғы конвенцияда Қорғаушы –Держава институтын енгізді, ал 1949 жылғы конвенцияларда осы жаңа институтын толық жасап шықты.        

Женевалық конвенциялар мен Хаттамалар тек қана құқықбұзушылықтарға көңіл бөліп қана қойған жоқ. Әсіресе олар қылмыстық тергеуге алынатын «қатаң бұзушылықты» бөлді. Бұл бұзушылықтар нақты және арнайы тізімде белгіленген.

ХГҚ құжаттары өз ережелерін қатаң бұзушылықтар үшін жазалау шараларын және тиісті әділет органдарын белгілемейді. Коенвенциядан шығатынындай, бұлардың барлығы тиісті мемлекетпен, сонымен қатар олардың қызметтесуі шегінде белгіленеді.

Сонымен қатар, қарулы қақтығыстар кезінде жасалынған қылмыстарға қатысты халықаралық трибуналдардың құрылуы туралы прецеденттер де бар.

    Бірінші прецедентті халықаралық процесс Нюрнбергте 1945-1946 жылдардағы басты нацист қылмыскерлердің үстінен құрылды. Нацистік басшыларды КСРО, АҚШ, Англия арасындағы келісіммен құрылған Халықаралық Әскери Трибунал бейбітшілікке қарсы қылмысы, әскери қылмыс және адамзатқа қарсы қылмысы үшін соттады. Жекелеген жағдайда, Гаага конвенциясының өрескел бұзылуына айып тағылды. Егер айыптаудың нақты пункттеріне қарасақ, онда процесс уақытына тиісті дәрежеде құрылмаған ХГҚ-тың көптеген ережелерін білуге болады.

Халықаралық гуманитарлық құқықтағы жауапкершілік.

Барлық соғысушы мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларын кез келген жағдайда орындауы міндетті. Бұл ереже әсіресе 1949 жылғы Женева конвенцияларында екерше атап өтілген.

Мемлекеттің халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын орындауындағы ролі төмендегіден көрінеді:

  1. Бар шарттарды ратификациялау;

  2. Олардың мазмұны туралы білімді тарату;

  3. Алдын ала белгіленген міндеттемелерді орындау

Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының сақталуынҚорғаушы- Державалар немесе өз құзыреті шегінде ХҚКК атқаруы мүмкін

Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзған мемлекеттер шығындарлы өтеу керек, егер оған толық негіз болса.

Бәрімізге белгілі, қарулы қақтығыстар кезінде жасалынған кейбір әрекеттер халықаралық қылмыс ретінде қарастырылады және ол үшін әскери әрекеттер қатысушылары жеке жауаптылыққа тартылады.

Халықаралық өзгешеліктегі қылмыстардың ішінде әскери қылмыстар да бар, яғни соғыс кезінде халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзушылық. (бейбітшілікке қарсы, террористік актілер, қинау, жалдамашылық ж.т.б.)

Соғыс құрбандарын қорғау

Соғыс құрбандарына халықаралық гуманитарлық құқық : 1) жаралыларды; 2) ауруларды; 3) теңіздегі теңіз апатынан қарулы күштерінің зардап шегуі; 4) әскери тұтқындар; 5) азаматтық тұрғындар.

Жаралылар мен аурулардың құқықтық мәртебесі 1949 жылғы конвенциялармен белгіленген. «Жаралылар» және «аурулар» түсінігі комбатанттар мен комбатан еместерге де терейды.

Дұшпанның билігіне түскен соғысушы армияның жаралылары мен аурулары әскери тұтқындар деп саналады, және оларға әскери тұтқынның режимі белгіленеді.

Әскери тұтқындарға тұтқынға түскен соғысушы тұлғалар, яғни комбатанттар жатады. Олар қарсы мемлекеттің билігінде жатады. Әскери тұтқындарға күш көрсетуге, қорқытуға, азаптауға болмайды. Олардың жеке басы мен ар ожданын құрметтеуі тиіс.

Тұтқынға алынғаннан соң әскери тұтқындар соғыс әрекеті болып жатқан зонадан алыс жердегі лагерлерге жіберіледі. Әскери тұтқындар ерекшеленетін және мемлекеттік тиістілігін белгілейтін белгілерді киіп жүруге құқылы. Оларға хат алысып тұруға, азық- түліктермен, медикаменттермен посылкалар алып тұруға құқылы.

Әскери тұтқынның азаматтық құқыққабілеттігі толық сақталады. Әскери әрекеттер біткеннен соң егер олар әскери қылмысы үшін жауаптылыққа тартылмайтын болса әскери тұтқындар босатылады.

Азаматтық тұрғындар соғысқа қатыспайтын комбатанттарға жатпайтын тұлғалар. Азаматтық тұрғындардың құқықтық мәртебесі 1949 жылғы конвенциямен реттеледі.

Азаматтық тұрғындарға расалық белгісі, ұлты, саяси пікірі бойынша дискриминациясыз құқықтар мен бостандықтар беруі тиіс.

Қарулы қақтығыс кезінде азаматтық тұрғындарға физикалық азап келтіруге тыйым салынады. Халықты құртуға әкелетін кез келген шараға тыйым салынады: кісі өлтіру, дене жазалары, медициналық және ғылыми тәжірибелер.

Мәдени құндылықтарды қорғау

Халықаралық гуманитарлық құқық мәдени құндылықтарды қорғауға бағытталған. 1954 жылы14 мамырда Қарулы қақтығыс кезінде мәдени құндылықтарды қорғау туралы конвенция қабылданды. Мәдени құндылықтарды қорғау мақсатында мемлекеттер:

  1. Мәдени құндылықтарды қорғаныс ретінде пайдалануға тыйым салынады, себебі ол олардың құртылуына, жойылуына әкелуі мүмкін.

  2. Осы құндылықтарға қатысты вандализм актілеріне тыйым салынады.

  3. Мәдени құндылықтарды кез келген репрессивті шараларды қабылдауға және реквизициялауға тыйым салынады .

  1. жылғы Қосымша Хаттамаға сәйкес тарихи естеліктерге, өнер туындысына, немесе халықтардың мәдени және рухани мұрасы болған нәрселерге қарсы дұшпандық әрекеттерге тыйым салынады. ЮНЕСКО Бас Директоры әлеуметтік қорғанысқа алынатын мәдени құндылықтардың Халықаралық реестрін жүргізеді. Осы реестрге қоса барлық мәдени құндылықтар әскери иммунитетке ие және соғысушылармен қорғалуы тиіс.

Мемлекеттер бейбіт уақытта мәдени құндылықтарды сақтауға қатысты жарғылар мен инструкцияларды енгізіп, әскерлерді барлық халықтың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеп, қарулы күштер құрамында мәдени құндылықтардың сақталуы мен қорғалуын бақылап тұратын қызметтер мен арнайы персонал дайындауы немесе құруы керек.

Халықаралық шарттар құқығының тарихы

Халықаралық шарттар құқығының қалыптасу процесі рим құқығының әсеріне, оның ішінде міндеттемелік құқық нормаларының әсеріне көп ұшырады. Мәселен, “ pacta sunt servanda ” - “шарттар орындалуы тиіс” деген шарттар құқығының негізгі ережесі рим құқығынан алынған. Ежелгі Римде шарт жасауды ерекше діни тұлғалар – фециалдар жүргізген. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп, шартқа адалдық антын берген. Сол сәт шарттың жасалу және күшіне ену уақыты деп есептелген.

Құл иеленушілік дәуірде шарттар бейбітшілік, бітімгершілік, әскери көмек, сауда мәселелеріне арналды.

Шарт жасау мемлекеттердің ерекше құқығы болды. Шарт жасау рәсімі діни сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді. Егер ол жасалмаса, шарт жарамсыз болып табылды.

Шарттық құқықтың жүйеленуі тұтастай алғандағы халықаралық құқық жүйеленуінің ажырамас бөлігі болып табылады. 1935 жылғы Гарвард университетінің негізінде бір топ заңгерлердің Гарвард Жобасы деп аталатын еңбектері жарыққа шықты. Халықаралық жария құқықтың осы саласының ресми жүйесін 1924 жылы Ұлттар Лигасы қабылдады. Алайда, сарапшылырдың дайындаған баяндамасы талқыланбаған күйде қалды. Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928 жылы қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гавана конвенциясы.

Шарттар құқығы туралы мәселе 1950 жылдан бастап халықаралық құқық Комиссиясының жүйелеу жұмыстарының тізіміне енгізілді. 1968 жылы шақырылған халықаралық шарттар құқығы жөніндегі Вена конференциясы 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясын қабылдаумен аяқталды. Конвенция 1980 жылы 27 қаңтарда күшіне енді, себебі 1969 жылы Конвенцияның 84-бабына сай, ол “қосылу туралы отыз бесінші бекіту грамотасын немесе отыз бесінші құжатты сақтауға бергеннен кейін отыз күн өткенде” күшіне енеді деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы оған 1993 жылы 31 наурызда қосылды. Сонымен қатар, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан да осы шартқа мүше елдер қатарына жатты. Конвенцияның кері күші болмады.

Бұл жүйелеу құжаты 85 баптан және қосымшадан тұрады. Оның кіріспесінде, халықаралық шарттар құқықтарының жүйеленуі және үдемелі дамуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға және бір-бірімен ынтымақтастықты жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп көрсетілген.

Кейінірек халықаралық құқық Комиссиясы халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттардың әрекетін реттейтін нормалардың жүйеленуін жүзеге асырады. 1986 жылы халықаралық қауымдастық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена конвенциясын қабылдайды. Осы нормативтік актлерді қолдану тиімді болу үшін екі Конвенция баптарының нөмірлері сәйкестендіріледі.

1978 жылы тағы бір маңызды жүйелеу актісі мемлекеттердің шарттарға қатысты құқық мирасқорлығы туралы Вена конвенциясы қабылданды. Сонымен, халықаралық құқық Комиссиясының осы аталған жүйелеу жұмыстары халықаралық құқық қызметінің маңызды сатысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 – бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттар мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай – ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.

Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Қазіргі заманғы халықаралық шарт өз құрылымы бар келісім документі болып табылады. Ол кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден және шарт жасасып отырған жақтардың қолынан тұрады. Кіріспеде келісуші тараптардың, уәкілеттілердің атаулары, дәлелдері және өкілеттерінің жарамдылығы ғана емес, сонымен бірге шарттың мақсаты да көрсетіледі. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 жылғы Жарғысының кіріспесінде соғыстың зардаптарынан құтқару, адамның негізгі құқықтарына деген сенімді бекіту, міндеттемелердің әділдігі мен құрметтеуді сақтауға шарт – жағдайлар жасауға көмектесу.

Халықаралық шарттың орталық бөлігі бөліктерге, тарауларға, баптарға, параграфтарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. Осындай бөліктерге бөлу халықаралық шарттардың мәтінін пайдалануды, олар үлкен болған жағдайда жеңілдетіледі. Аталған элементтердің бар немесе жоқ болуы шарттың мазмұнына, қатысушылардың санына, мақсаттарына және өзге де факторларға байланысты.

Халықаралық шарттардың қорытынды ережелерінде қол қою, бекіту, қосылу актсі, шарттың заңды күшіне ену негіздері, шарт жасалатын тілдер жөнінде мәліметтер, дипозитарийді көрсету және мәтіннің түпнұсқалығы туралы тезис болады.

Халықаралық шартта қосымша материалдардан, қол қоюдың қорытынды хаттамаларынан, ноталармен хаттар алмасудан, реттеу рәсімінің ережесінен тұратын қосымшалар болуы мүмкін. Қосымшаның кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімдерден өзгешелігі, ол шартта немесе қосымшада тікелей көрсетілсе, шарттың ажырамас бөлігі бола алады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 жылғы Жарғысының 92 бабына сєйкес, Халықаралық Сот статуты Жарғының ажырамас бөлігі болып табылады.

Барлық мемлекеттердің халықаралық шарт жасасу құқықтары бар. Мұндай ереже халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының 6-бабында: “Әрбір мемлекеттің шарт жасасу құқық қабілеттігі бар” деп бекітілген. Сонымен бірге, мемлекеттердің шарттардың белгілі бір түрлерін жасау құқығы шектелуі мүмкін. Мысалы, халықаралық келісімдерге сәйкес, бейтарап мемлекеттердің қорғану сипатындағы одақтық шарттарды жасау, әскери одақтар, әскери көмектер туралы келісімдер жасау құқығы жоқ. Өздерінің тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттардың шарттық құқық қабілеттілігі олардың халықаралық құқық субъектілігінің бір бөлігін құрайды. Мысалы, Иорданиядағы жағдайды қалпына келтіру туралы 1970

жылғы Каир келісімі; тәуелсіздік үшін қарулы күрес кезеңіндегі алжир ұлтында шарттық қатынастар болды, олардың Алжир Республикасы құрылғанға дейін өздерінің қарулы күштері ғана емес, сонымен бірге өз үкіметі де бар болатын. Ұлттардың отарлық режимін қандай да бір нысанынан тәуелсіз және басқа мемлекеттердің, олардың ішінде метрополиялардың тануынан да тәуелсіз күйде халықаралық шарттық қатынастарға түсе алатынын халықаралық құқық тәжірибесі дәлелдеуде.

Кез келген халықаралық шарттың ажырамас қасиеті және оның халықаралық дәстүрден ерекшелігі, мұнда субъектілердің еркі анық көрсетілетіндігінде.

Халықаралық шарт және халықаралық шарттар құқығы

Халықаралық шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп халықаралық құқық субъектілерінің ортақ құқықтары мен міндеттері белгіленген жазбаша түрдегі келісімі. Халықаралық шарт ортақ келісім документі болғандықтан, оның мәтінінің төменгі жағында шарт жасасып отырған жақтардың қолдары мен мөрлері тұрады. Кейбір жағдайда шарттар ауызша нысанда жүзеге асады. Ондай шарттарды джентльмендер келісімі деп атайды.

Халықаралық шарттардың құқығы осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі салаларының бірі, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтық нормаларымен, институттарымен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады. Бұл сала осы заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртібін, шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтату рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салаларын айқындайды. Шарттық құқықтың мұндай басымдылық рөлі оның реттеу обектісінің ерекшелігімен, осы заманғы халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар құқықтарының қайнар көздерінің өзгешелігімен айқындалады.

Шарттарды орындауды қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдар үлкен рөл атқарады, Өйткені оның органдары қатысушы мемлекеттердің өз міндеттерін орындауды бақылау құзыретіне ие. Одан бөлек шарт тараптарын орындауды қамтамасыз етуге халықаралық жауапкершілік институты өз үлесін қосады.

Қазақстанда жасалған халықаралық шарттың, соған байланысты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Республика Президентіне, Үкіметіне жүктелген. Халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді.

Халықаралық шарт мемлекеттер арасында туындайтын дауларды бейбіт жолмен шешудің жалғыз құралы.

Халықаралық шарттар құқығы қазіргі таңда халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Қазіргі халықаралық құқықтың басым бөлігі шарттық құқық десек те артық болмайды. Халықаралық құқықтық міндеттемелерді бекітетін нысан ретінде халықаралық шарттар ежелгі заманнан-ақ халықаралық қатынастардың неғұрлым маңызды құқықтық және саяси реттеушісі рөлін атқарған.

Қорыта айтқанда, халықаралық шарттар құқығы халықаралық құқықтық реттеу механизмінің әрекет етуінде негізгі рөл атқаратын және халықаралық құқықтық арақатынас аясын түгелімен қамтитын негіз б.т.

Халықаралық шарттың өзі халықаралық шарттар құқығының объектісі б.т. Олар саяси, экономикалық, ғылыми техникалық, мәдени және т.б.салалардағы тараптардың өзара түсіністікке негізделген құқықтар мен міндеттерді ұстанады.

Халықаралық шарттар құқығы мемлекеттердің және т.б. халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеуші халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, оның әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын, өзіне халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығын ұстанушы халықаралық жария құқықтың бір саласы б.т.

Халықаралық шарттар құқығының теориясы шарттарды тең құқықты және тең құқықсыз деп екіге бөледі. Халықаралық жария құқықтың субъектілерінің сапалы шарттық қатынастары үшін тең құқықты шарттардың алар орны ерекше. Олар шарттық процеске қатысушылардың тәуелсіздігі мен дербестігін өзара мойындауға негізделген. Бірақ, тең құқықсыз шарттар да өмірде көптеп кездесіп тұрады. Оларға: шарттық процестің негізгі субъектілері мемлекеттің тәуелсіздігін сыртқы жағынан шектеу; өз мемлекетінің заңдарын бағындыру әрекеті; халықаралық құқық субъектілерінің ішкі құзыреттерін құрайтын мәселелерге қол сұғу; қаржылық міндеттемелердің сәйкессіздігі; өзара тиімділіктің болмауы; жол беруге бірдейіліктің, теңдіктің жоқ болуы жатады.

Халықаралық құқық субъектілерінің арасында өзара келісілетін әрекеттердің барлығы халықаралық шарттың объектісі немесе заты б.т. Ол материалдық немесе материалдық емес құндылықтар, әрекет немесе әрекетсіздік болуы мүмкін. Халықаралық, соның ішінде, ішкі мемлекеттік мәселелер де халықаралық шарттың объектілері болуы мүмкін. Оларды шешу шарттық процестің барлық қатысушылары үшін ортақ болады. Шарттық тәжірибеде халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидаларының орындалуы міндетті б.т.

Халықаралық шарттарды жасау. Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз – бірнеше жүйелі сатылардан құралатын күрделі процесс. Осы шарт процесіне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заңи әрекеттері мен тұтастай бірқатар нақты сатылары кіргізіледі.

Олар: келіссөздер жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау, уәкілеттерді ұсыну және тексеру, шарттың мәтінін үйлестіру, шарттың жобасын талқылау және қабылдау, шарттың түпнұсқасын жасау (парафирлеу), шартқа қол қою, ескертулерді жариялау, шартты бекіту, бекіту грамоталарымен алмасу және депоненттеу, шартты промульгациялау (жариялау), Біріккен Ұлттар Ұйымында шартты тіркеу.

Шарттың процесіне жоғарыда аталған сатылардың бәрін енгізу міндетті емес. Ол шарттың нысанына, тараптың қатысушыларының алдын ала келісуіне байланысты.

Халықаралық шарттың мәтінін жасау. Халықаралық шарттың келісілген мәтінін жасау шарт процесіндегі міндетті саты болып табылады. Осы сатыға шарт жобасын талқылау мен қабылдау және оның түпнұсқасын бекіту де кіреді. Келіссөздер жүргізу келісілген мәтінді дайындаудың негізгі сатысы болып табылады. Олар халықаралық шарттың келісілген мәтінін дайындаудың мынандай сатыларынан өтеді:

1) Әдеттегі дипломатиялық көздерді пайдалану;

2) Халықаралық конференциялардың қызметі;

3) Халықаралық ұйымдардың қызметі.

Шарт мәтінін жасау дипломатиялық жолдар арқылы халықаралық ұйым және халықаралық конференцияларда жүзеге асырылады. Дипломатиялық келіссөздер арқылы көбінесе екі жақты шарттар мәтіні жасалады. Халықаралық ұйымдарға шарт мәтінін жасау олардың бас органдарына немесе арнайы сол үшін құрылған органдарға жүктеледі. Кейде халықаралық конференциялар шарт жобаларын өздері де жасайды.

Шарт мәтінін дайындау бойынша келіссөздер оның мәтінін қабылдаумен аяқталады. Мәтінін қабылдау барлық қатысушы мемлекеттердің келісімімен жүзеге асырылады. Мәтінін қабылдау нысаны қол қою немесе парафирлеу болуы мүмкін. Халықаралық конференцияларда шарт мәтінін қабылдау ішкі ережелерге сай жүргізіледі. Бірақ мұндай ережелер бекітілмеген болса, онда 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларға сәйкес, қатысушы мемлекеттердің үштен екі дауысымен қабылданады. Шарт мәтінін қабылдаудың тағы бір әдісі консенсус арқылы қабылдау. Ол дауыс берусіз ешбір тарап қарсылық білдірмеген жағдайда қатысушылардың өзара келісімімен қабылдауы.

Әдеттегі дипломатиялық арналар келісуші тараптардың дипломатиялық өкілдіктерінің қызметінен тұрады. Келісуші тараптар шарттың жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстарды талқылап, мәміле, өзара талаптан қайту арқылы өздерінің позицияларын үйлестіреді. Жүргізілген келіссөздердің нәтижелері бойынша халықаралық шарттың біртұтас келісілген мәтіні жасалады. Халықаралық шарттың жобасын дайындау процесінде тараптар негізгі мәселелер жөнінде алдын – ала келісімдерге қол жеткізеді.

Қазіргі кезде шарттың келісілген мәтінін дайындау үшін мемлекеттер мен Үкімет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері кеңінен тарап келеді. Мысалы, Шанхай кездесуі, Дауостағы экономикалық форум, Алматы басқосуы.

Қазіргі кезең тәжірибесінде халықаралық шарттар мәтіндерін жасау халықаралық ұйымдардың қызмет аясына кіреді. Бұл көбіне халықаралық ведомствоаралық шарттарға байланысты болып келеді. Шарттың мәтінін үйлестірудің мұндай нысаны шарт тәжірибиесінің арнаулы мәселелерін толық қамтиды, шарт процесі қатысушыларының құзыреттері мен кәсібилігін жақсартады.

Шарт мәтінін қабылдау. Шарт мәтінін қабылдау – дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары шарттың мәтінімен келісетіндіктерін білдіреді.

Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердің дауыс беруі арқылы қабылданады. Халықаралық қауымдастықтың қалыптасқан тәжірибесінде халықаралық конференцияларда шешім қабылдау рәсімі білікті дауыстар санына, атап айтқанда 2/3 дауысқа келтірілген. Консенсус жолымен де шешім қабылдануы мүмкін, яғни пікірталас нәтижесінде даулы мәселе бойынша қол жеткізетін ортақ келісімге келу және халықаралық келіссөздерге қатысушылар позицияларының жақындасуы, шарттың мәтінін ресми дауыс берусіз қабылдау.

Рәсім ережелері дауыс беру нысанын да айқындайды. Оның ішінде ең көп қолданылатыны – қол көтеру арқылы дауыс беру. Маңызды шешімдер қабылданатын жағдайда конференцияға қатысушы барлық мемлекеттер альфавитті тәртіпте жеке – жеке дауыс береді, оны конференцияның төрағасы жеребе бойынша айқындайды. Дауыс беру қорытындысы көпшілікке дауыстап айтылып, конференцияның хаттамасында бейнеленеді.

Мәтінді үйлестіру және қабылдау. Мәтінді үйлестіру және қабылдау рәсімінен кейін осы мәтінді түпкілікті деп тану және өкілетті тұлғалар тарапынан өзгертілмейтіндей бір тәсілді анықтау қажеттігі туындайды. Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп танылатын рәсім мәтіннің түпнұсқалығын бекіту деп аталады.

Түпнұсқалық мәтін деген – бір немесе бірнеше тілде жасалатын мәтін, олар бірдей түпнұсқалық деп қарастырылады және бірдей заңдық күші болады. Қазіргі кездің шарттық тәжірибесінде мәтіннің түпнұсқалылығын бекітудің мынандай нысандары қолданылады:

1) Қол қою – халықаралық шартқа уәкілетті адамның аты – жөндерінің бас әріптермен алдын – ала қол қою;

2) Халықаралық конференцияның қорытынды актілеріне шарттың мәтінін енгізу;

3) Халықаралық конференцияның қарарына шарттың мәтінін енгізу.

Халықаралық шарттарға қол қою. Халықаралық шарттың өзі үшін міндетті болатындығына мемлекеттің келісім беруінің маңызды тәсілдерінің бірі оған қол қою. Халықаралық шарт жасасудың қазіргі кезең тәжірибесінде шарттың қол қою сатысынан өтпейтін кездері де пайда болады. Мысалы, Халықаралық Еңбек ұйымының кейбір көп тарапты конференцияларын мемлекеттер қол қоймай-ақ бекітеді.

Халықаралық шартта қол қоюдың екі түрі бар: түпкілікті және түпкілікті емес. Ad referendum шартқа қол қою, егер шарт кейін үкіметтің бекітуін қажет етсе, яғни жоғарғы заң шығарушы орган шарт мәтінін бекітуі қажет болған жағдайда уәкілетті адам жүзеге асырады. Алайда қол қоюдың бұл түрі соңғы емес және парафирлеуден мынандай айырмашылықтары бар:

а) ad referendum - мемлекеттің шарттың өзіне міндетті екендігімен келісу тәсілі; ал парафирлеу тек түпнұсқалықты анықтау мақсатымен ғана шектеледі, яғни парафирлеуден кейін қол қойылады.

б) ad referendum – қол қоюды растаудың кері күші бар, яғни қол қойғаннан кейін мемлекет шарттық міндеттемелердің субъектісі болып табылады; ал парафирлеуде ондай кері күш болмайды.

в) ad referendum – ға қол қою, парафирлеудегі сияқты уәкілетті адамның аты-жөнінің бас әріптерін қоюмен шектелмейді; мұнда алдын ала қол қою (шартты түрде) үшін уәкілеттің болуы шарт.

г) ad referendum-ды мемлекет мақұлдағаннан кейін ол аяқталған болып табылады, ал шартты парафирлегенде мемлекет оған қол қоюға міндетті.

Екі тарапты шартқа қол қойған кезде қол қою балама немесе кезектесу негізінде жүзеге асырылады. Ол шарттың мәтініне қатысушылардың қол қою кезегін реттейтін тәртіп. Мысалы, Егер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында шартқа қол қойылатын болса, онда Қазақстан жағына берілетін шарттың нұсқасында қазақ тіліндегі мемлекеттің атауы, уәкілетті адамның қолы, мөрі, шарттың мәтіні бірінші орынға қойылады.

Қойылатын қолдар үшін бірінші орын болып шарттың мәтіні астындағы сол жақ, егер мәтін араб тілінде болса – оң жақ есептеледі. Егер қойылған қолдар бірінің астында бірі орналасқан болса, онда уәкілдің қолы жоғары орында тұрған мемлекет бірінші орын құқығын иеленеді.

Көп тарапты шарттарға қол қойған кезде уәкілетті адамдардың қолы бірінен кейін бірі қойылады орысша, ағылшынша немесе шарт қатысушылары таңдаған өзге де алфавиттік тәртіпте қойылады. Балама ережесі шарт саясатындағы мемлекеттердің дербес теңдік қағидаларының бірі. Егер уәкілетті адам өзінің уәкілеті көлемінде әрекет етсе және олар жарамды болса, қойылған қол жарамды болып есептеледі. Халықаралық құқық субъектілерінің арасында өзара келісілетіннің барлығы халықаралық шарттың объектісі немесе заты болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес құндылықтар, әрекет немесе әрекетсіздік болуы мүмкін. Халықаралық, сонымен қатар ішкі мәселелелер де халықаралық шарттардың объектілері болуы мүмкін, оларды шешу шарттық процесстің барлық қатысушылары үшін мүдделі болады. Шарттық тәжірибеде халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидаларының орындалуы міндетті. Мысалы, егер халықаралық құқық субъектілері мемлекеттік шекараларды делимитациялау және демаркациялау туралы шартқа қол қойса, онда мұндай жағдайда аумақтық тұтастық қағидасы мен шекаралардың қол сұғылмайтындығы қағидаларын орындау басты орында болады.

Шарттық процесске қатысушылар экономикалық келісім ережелерін талқылаған кезде, олардың назары өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасына, туындаған дауларды бейбіт түрде реттеу қағидасына, мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасына аударылады. Егер шарттық ережелер адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне қатысты болса, онда мемлекеттер өздеріне адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасына, халықтардың тең құқықтығы мен өзін-өзі басқару қағидасына сай міндеттемелерді алады.

Халықаралық шарттардың нысаны. Халықаралық шарттардың нысаны деген халықаралық құқық субъектілерінің еріктерінің айқын сипат алуына көмектесетін құралдар мен тәсілдер. Оларға ауызша тұжырымдар және анықтамалар, сондай – ақ шарттың әртүрлі бөліктерінің орналасу арақатынасы мен рөлі, оның құрылымы мен атауы жатқызылады. Белгілі болғандай шарттар ауызша және жазбаша нысанда жасалады. Мысалы, халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена конвенциясының шарттық ережесі сауда шарттарының жазбаша да, ауызша да жасалу нысандарын қарастырады.

Халықаралық шарттардың тілі деген халықаралық шарт субъектілерінің ниеттерін айқын көрсететін және шарттық процесс қатысушылары қолданатын элемент. Халықаралық шарт мәтінделген, сөзбен бекітілген келісім түрінде болуы мүмкін. Халықаралық шарттың қандай да бір міндетті тілі жоқ.

Халықаралық шарттардың тілі субъектілердің келісімі бойынша анықталады. Көпжақты шарттар халықаралық тілде құрылады. Мысалы; ағылшынша, французша, орысша, испанша, қытайша, арапша. Шарт мәтініндегі әртүрлі тілдердің бірдей заңдық күші болады.

Екі тарапты шарттар келісуші екі тараптың білетін тілдерінде жасалады. Екі тараптың тілдерінде жасалған мәтіннің бірдей заңдық күші болады. Бұл ереже шарттың қорытынды баптарында жиі көрсетіледі. Кейбір жағдайларда екі тарапты шарттар екі тілде емес, үш тілдегі нұсқада жасалуы мүмкін. Оны тараптардың серіктестерінің тілін білмегендіктен, екі тарапқа да белгілі тілге жүгінуімен түсіндіруге болады. Мұндай жағдайларда қарама қайшылықтар туындайтын болса, бір мемлекеттің тілі келесі тарапқа түсініксіз болса, үшінші тілдегі мәтін түпнұсқалық (аутентикалық) болып табылады.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Балтық елдерімен шарт жасау тәжірибесінде шарттарды үш тілде жасау кездеседі: қазақ тілінде және шарт жасасушы Балтық елінің бір тілінде – литва, латвия, эстон тілдерінде; үшінші қолданылатын тіл – орыс немесе ағылшын тілінде болады.

Халықаралық шарттарды жасауға мемлекеттердің ішкі заңдары да өз үлесін қосады. Қазақстан Республикасында 2005 жылғы қабылданған “Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы” Қазақстан Республикасының Заңы жүзеге асуда. Бұл Заң халықаралық шарттардың ұғымын, түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады.

Халықаралық шарттарға берілетін өкілеттілік. Халықаралық шарт мемлекет өкілдері арасында жасалады. Осы мақсатта мемлекет өкілдеріне арнайы документ - өкілеттілік беріледі. Осы документ бойынша мемлекет өкілдерінің халықаралық шарт жасауда қандай іс - әрекет атқаратындығы анықталады. Өкілеттілік мемлекеттің жоғарғы органдарынан беріледі.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға берілетін өкілеттіліктер:

1) Қазақстан Республикасында мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға арналған өкілеттілік. Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы шартқа өкілеттілік Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан беріледі.

2) Қазақстан Республикасында мемлекетаралық сипаттағы халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға арналған өкілеттілік немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы шартқа өкілеттілік Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арнайы тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі тарапынан беріледі.

3) Ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға арналған өкілеттілік мемлекеттік комитет төрағасы немесе министрі тарапынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты органдар тарапынан беріледі

Арнайы өкілеттіліксіз халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер және халықаралық шартқа қол қою:

Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі арнайы өкілеттіліксіз-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға құқылы.

  1. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі дипломатиялық уәкілеттілігінің басшысы немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым ішіндегі уәкілеттілігінің басшысы Қазақстан Республикасының халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға арнайы өкілеттіліктің қажеті жоқ. Ол үшін шарт халықаралық ұйым шеңберінде болуға тиіс.

  2. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі дипломатиялық уәкілеттілігінің басшысы немесе Қазақстан Республиткасының халықаралық ұйым ішіндегі уәкілеттілігінің басшысы тек арнайы өкілеттілік арқылы халықаралық жасаудағы келіссөздер жүргізуге және халықаралық шартқа қол қоюға құқылы.

  3. Мемлекеттік комитет төрағасы, министр, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқару органы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты мемлекеттік орган төрағасы ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарт жасаудағы келіссөздер жүргізу және халықаралық сипаттағы шартқа қол қою үшін арнайы өкілеттіліктің қажеті жоқ.

Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүделерін қорғауды, Республикасының Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі Республика Конституцияның, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

Халықаралық шарт туралы Вена конвенциясында мемлекет басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, дипломатиялық уєкілеттілік басшылары арнайы өкілеттіліксіз-ақ халықаралық шарт жасауға құқылы делінген.

Халықаралық шарт жасау процесі халықаралық шарт жасау ұсынысынан бастап оның күшіне енуіне дейінгі кезеңдерден өтеді. Халықаралық шарт жасау туралы ұсыныс бір немесе бірнеше мемлекетті бірден, кей жағдайларда халықаралық ұйымдардан да шығуы мүмкін. Қазақстан Республикасында халықаралық шарт жасау туралы ұсыныс: Қазақстан Республикасы Президентіне Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының сыртқы істер митнистрлігінің тарапынан. Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасының министрліктері, мемлекеттік комитеттері және басқа да орталық атқару органдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасның сыртқы істер министрлігі мен бірге Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты мемлекеттік органдар тарапынан.

  1. Қазақстан Республикасы Президентіне халықаралық шарт туралы ұсынысты қарастырған Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан.

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметіне Үкіметті басқаруды өзгерту туралы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі тарапынан.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ведомствоаралық сипаттағы шарт туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті және басқа орталық атқару органы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты мемлекеттік орган тарапынан жасалады. Халықаралық шарт жасау процесін ұйымдастыру туралы өзіне міндеттеме алатын орган – ұйымдар болып табылады.