Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan__1241_lemdik_reyting_zh_1199...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Кіріспе

Ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының танымалдық индексі төмен болып келеді. Бұл мемлекетіміздің имиджін төмендетіп, инвестициялық, саяси, әлеуметтік-мәдениеттк бағдарламалардың дамуын тежейді. Біздің мемлекетіміздежұмыс істемекші болып келген шетелдік инвесторлар мен компаниялар Қазақстан туралы дұрыс емес мәлеметтерді қолданып, мемлекетіміздің белгісіз болу қауіп-қатерін арттырады. Сондықтан маркетингтік зерттеулер де нашарлайды. Мемлекетіміз туралы сапалы мәлімет жеткіліксіздігі географ, публицист және тарихшы ғалымдарымыздың танымалдық индексін арттыруға деген төмен белсенділігімен тікелей байланысты. Осы себептер тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Ғылыми зерттеу жұмысыныңмақсаты: География ғылымы бойынша Қазақстан Республикасының танымалдық рейтингіні арттыру мақсатындағы алгоритмін ұсыну, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау.Белсенді экспорттық саясатты жүргізу, тұрақты дамуға, білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі болатын қолда бар және келешектегі қауіптерді болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен қазақстандықтардың әл-ауқаты мен игілігін өсіру.Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік туғызатын бағыттарды, тетіктерді және құралдарды дамыту.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері: Қазіргі кезге дейін, география ғылымында еліміздің танымалдық индексін арттыру сұрақтарын қарастыратын жұмыстар, монографиялар, оқулықтар мен оқу құжаттары жоқ. Ресейлік географ-ғалымдар В.Л.Бабурин мен Ю.Л.Мазуровтың «Географиялық басқару негіздері» оқу құралы мен Я.Г.Машбицтың «Елтану» монографиясында осындай мәліметтер айқын көрсетілген. Қазақстандық зерттеуші-географтар осыған ұқсас тақырыптарды әлі күнге дейін қарастырмаған.

Ғылыми зерттеу жұмысының жаңалығы: Қазіргі заманның география мамандары танымалдық индексін арттыру бағытындағы бағдарламаларды ұйымдастыру үшін техникалық, технологиялық, ғылыми түрде жеткілікті дамыған деп санаймыз.

Ғылыми зерттеу жұмысыныңзерттеу әдістері: Ғылыми жоба жазу барысында біз теориялық, аналитикалық, статистикалық әдістерді қолдандық.

Ғылыми зерттеу жұмысыныңнегізгі нәтижелері:

  1. Қазақстанның танымалдық индексін арттыру бағыттары белгілі болды;

  2. Қазақстанның әлемдік рейтингтер жүйесіндегі орны белгілі болды;

  3. Қазақстанның танымалдығын арттыру мақсатындағы географиялық әдістер белгілі болды.

Ғылыми зерттеу жұмысының тәжірибелік қолданысы: Жобаның нәтижелері Қазақстан және оның өңірлері үшін маркетингтік бағдарламалардың практикалық оқу құралы бола алады. Мәлімет жинағы ретінде, жобаның бөлек бөліктерін білім беру мекемелерінде, маркетинг, туризм, өлкетану, геосаясат курстарында қолдануға болады.

Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны және құрамы: Ғылыми жоба барлығы 20 беттен құралған, оның зерттеу бөлімі 16 беттен тұрады. Ғылыми зерттеу жұмысын жазу үшін 12 ақпарат көзі қолданылды, оның алтауы ғылыми кітаптар, алтауы ғаламтор беттері.

1. Қазақстанның саяси картадағы орны.

1.1. Қазақстанның саяси картасы мен мемлекетінің пайда болуы.

А

Карта №1:Қазақстан және Орта Азияның 1213 жылға дейінгі картасы

зия мен Еуропаның арасында орналасқан Қазақстан, бұрынғы тарихи кезеңдерден бастап сауда және саяси байланыстың орталығы болып саналған. Қазақ хандығының құрылуы Батыс Дашт Қыпшағының, Жеті тілдің және Түркістанның ауқымды аумақтарындағы әлеуметтік-экономикалық және этнополитикалық процесстердің заңды жиыны болған. Қазақстан аумағын бұрынғы тарихи жазбалардағы рулар мен тайпалар мекен еткен. Ғұндар б.з.б. ---- жылдардан бері, скифтер, сарматтар мен сақтар б.з.б. VII-VI ғасырлардан, түрктер, қаңлылар, қыпшақтар мен қарлықтар б.з.б. II ғасырлардан бері, дулаттар, арғындар, наймандар, керейлер мен алшындар б.з. VII-ХIII ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде белгілі болған. Қазақстан жерінде мекен еткен осы тайпалар қазақ халқының пайда болуына бар күшімен ықпал етті. Қазақтардың шыққан тегі және тарихы М.Тынышбаевтың жұмыстарында терең зерттелген. Ол қазақтардың Үлкен, Орта және Кіші жүз болып бөлінетіндігін жазған. Ал Ш.Уалихановтың айтуы бойынша, Алаш, әйгілі үш жүздің бірінші ханы, ХIV ғасырдың ортасында өмір сүрген. Сол кездерде халық арасындағы білім даму процессі оның саяси бірлестігінен де асып түскені белгілі болды.

Қазақ тарихының Геродоты А.И.Левшиннің және басқа да батыс тарихшыларының мәліметтері бойынша, қазақтар бұрынғы кездерден бері тәуелсіз халық болып келген. «Қазақтар - Азияда бұрыннан бері белгілі болған түрік тайпаларының бірі.Олар басқа түркі тілдес рулар мен тайпаларға қарағанда даму деңгейі мен білімі бойынша алда тұр» - деп жазған тарихшы А.И.Левшин.

ХVI ғасырдың тарихшысы Фазаллах ибн Рузба-хани Исфахани, арабтар мен парсылардың тарихында татар әскерімен сипатталған мәліметтерде қазақтар туралы жазылған сөздер бұрыннан бері бар екенін дәлелдеді.

Осылайша, Қазақстан өте маңызды тарихи орталықтардың бірі болған. Евразияның нақ ортасында, Ресей мен Қытай сияқты мықты империялардың арасында орналасқан Қазақстан, ұлы түріктектес халықтарының бесігі болды.

1.2. Қазақстан қазіргі заман елдер типологиясында.

Қазақстанды қазіргі заман елдер типологиясында алып қарастырсақ, келесі тармақтарға тоқталып кетуге болады: Қазақстан Республикасының жер көлемі 2724,9 мың шаршы километр. Дүние жүзінде жер көлемі рейтингі бойынша Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан, Аустралиядан кейін 9-шы орында тұр. Мемлекетіміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе және Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика аумағында барлығын бірге алғанда келесі мемлекеттерді орналастыруға болады екен, олар: Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Австрия, Голландия және Жапония. Осылайша, жер көлемі жөнінен ең үлкен мемлекеттер қатарына кіреді.

Қазақстан Республикасы халқының саны 2014 жылдың 1 қыркүйегінде жүргізілген халық санағының қорытындысы бойынша - 17 417 447 адам (63-шы орында). Мемлекет астанасы – Астана қаласы. Географиялық ерекшелігі жағынан біздің республикамыз теңізге шығысы болмағандықтан ішкі континентальді елдер типіне жатады.

Қазақстан - Еуразия материгінің ортасында және Еуропа мен Азия дүние бөліктерінде орналасқан мемлекет. Жайық өзенінің жағасында орналасқан Атырау қаласының тұрғындары күнделікті Еуропадан Азияға саяхат жасауларына мүмкіндік бар. Физикалық-географиялық жағдайына қарағанда, Қазақстан Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттарынан біркелкі алыс орналасқан. Республиканың аумағының үлкендігі және мұхиттардан алшақ орналасуы оның климатына қатты әсер етеді. Қазақстан аумағы батыстан шығысқа қарай 3000 километрге (Еділ өзенінің төменгі ағысынан Алтай тауларының етегіне дейін); солтүстіктен оңтүстікке 1600 километрге (Батыс Сібір жазығынан Қызылқұм шөліне дейін) созылып жатыр. Республика аумағының солтүстік нүктесі (55О 26’ с.е. 98,30 ш.б.)Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігіне және Британ аралдарының оңтүстігіне, ал республиканың оңтүстік нүктесі (40О 56’ с.е.103,59ш.б.)Закавказия ендігі мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізінің елдеріне сәйкес келеді. Сонымен, республиканың географиялық ахуалын оның табиғат жағдайы анықтайды.

Қазақстан тек өзінің аумағымен ғана емес, сондай-ақ табиғатымен таңқалтырады. Мысалы, оңтүстікте орналасқан таулардың етегінде шие және өріктер гүлдеп жатқанда, солтүстікте аязды борандар соғып жатады. Қазақстан аумағында қатаң Сібірдің аязы және ыстық Орталық Азияның қапырығы кездеседі .

Мемлекеттік басқару түрінен Қазақстан унитарлық республикаға жатады. Қоғамдық құрылымы жағынан постсоциалисттік елге жатады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің мемлекетіміздің тарихындағы бұрмалы кезең болды, көптеген мемлекеттермен ауқымды экономикалық, дипломатиялық, саяси, мәдени қатынастар орнатылды. Мемлекетіміз этникалық және тілдік құрамына қарамастан көптеген халықтардың отанына айналды.

Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі халқының жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан экономикасы дамыған мемлекеттер типіне, ал ТМД мемлекеттер тобында орташа дамыған топқа жатады.

Адамзат күш-әлеуетін арттыру жөніндегі көрсеткіштерде Қазақстан орта деңгейде, 177 әлем елдерінің арасынды 73-ші орында[7].

Кесте№1: Елдердің аумағы бойынша алатын орны

Мемлекеттер

Ауданы

1

Ресей

17075400

2

Канада

9976139

3

Қытай Халық Республикасы

9598961

4

Америка Құрама Штаттары

9519431

5

Бразилия

8511965

6

Аустралия

7686850

7

Үндістан

3287590

8

Аргентина

2766890

9

Қазақстан

2724900

10

Алжир

2381740

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]