Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сыртқы есту жолының фурункулы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.02 Кб
Скачать

Барысы:

Жіті отиттің клиникалық көріністері әралуан, осыған байланысты белгілерін және барысын жеке топтарға сәйкес орынды көрсете білу керек, бірақ бір-бірінен патогенезінде және клиникалық көріністерінде айырмашылықтары бар.

Сондықтан практикалық тұрғыда келесі топтарға бөледі:

  1. Дағдылы немесе әдеттегі отиттер.

  2. Жұқпалы аурулар және қатты ауыр аурулар кезінде кездесетін отиттер.

  3. Зақымдалу салдарынан пайда болған отиттер.

  4. Жаңа туған және емшек жасындагы балалар отиттері.

Патологоанатомиялық тұрғыдан: асқынған және асқынбаған отиттер деп бөлінеді. Асқынған отиттер – кабыну процесінің сүйекке өтуімен түсіндіріледі.

Клиникасы

Жіті отиттің барысында:

  • субьективтік белгілер

  • жалпы белгілер

  • обьекгивтік белгілер

Бірінші кезеңнің субъективтік белгілеріне мыналар жатады:

а)құлағының ауруы, ауруы құлақтың тереңінен сезіліп, біртіндеп көбейіп және ауру сезімі әр алуан түрлі болып келеді:

  • шаншып,

  • қақсап,

  • бұрғылап,

  • сұққылап,

  • атқылап ауруы,

  • кейде сондай мазасын кетіріп, тыныштығын бұзады,

  • түнге қарай күшейіп ұйқысын қашырады.

Бұндай құлақтың қатты ауру себебі - дабыл қуысының сілемейлі қабығының ісінуі және ондағы іріңді экссудаттың тіл-жұтқыншақ жүйкесінің дабыл тармағын және үшкіл жүйкені кернеп-қысуыэкссудат әсерінен болады (110-сурет). Дабыл жарғағы өздігінен тесілсе немесе парацентезден кейін ауырсыну азаяды.

Б)құлақтың есту қабілетінің төмендеуі, кейде науқас адам бұл белгіге көп көңіл бөледі.

Бұл белгінің пайда болу себебі:дабылжарғағының және есту сүйекшелері тізбектерінің қимылдауының шектелуіне байланысты, сондықтан бұл кезде негізінен дыбыс өткізгіш аппарат белгілерінің зақымдалғаны көп көрініс береді.

В) құлақтың шыңылына, бітіп қалу және бірдеңеге толып тұру сезіміне науқас бірінші күні-ақ көңіл бөледі. Құлақтың шыңылы, әдетте пульспен бірге соғып тұрады, өйткені бұл қан тамырлары қызметінің бұзылуы нәтижесінде, соларды нервтердің тітіркендіруі әсерінен пайда болады.

Жалпы белгілері;

а) Жіті отититтің бірінші сатысында науқастың жалпы жағдайы:

  • нашарлайды

  • дене ыстығының көтерілуі байқалады

- жеңіл түрінде 37-38° С,

- ауыр түрінде 38-39°С

  • дененің қалтырауы, бұл жағдайда дене қызуын әрбір 2-3 сағат сайын тексеру отыру керек. Өйткені дененің қалтырап-тітіркенуі әдетте аурудың асқынуы кезінде байқалады (мастоидитте, синустромбозда).

б) Көбіне қан тамыр соғысы жіті ортаңғы отиттерде дене кызуына сәйкес келеді. Қантамырының соғу жиілігі жылдамдаса, немесе соғуы сиректеніп бәсеңдесе, мүмкіншілік асқынулардың ха- баршысы ретінде дәрігерлердің назарының қырағы болуын талап етеді. Өйткені қан тамыры соғысының жылдамдауы – дененің канта- мыры арқылы улануында (сепсисте), ал бәсеңдеуі ми іріңдіктерінде байқалады.

в) Науқас адамның көңіл-күйі. Көбінесе жіті отитте дене ыстығының көтерілуі байқалсада, науқастың жалпы көңіл-күйі жақсы жағдайда болып тез арада жазылып кетуі мүмкін. Кейбір уақытта дене ыстығы қалыпты немесе субфебрильді болып, ал жал- пы көңіл- күйі жаман жағдайда болса, (тамаққа тәбеті жоқ, жаман ма- засыз ұйқы және т.б. жағдайлар) онда ауруы көпке созылып, әртүрлі асқынулар беруі мүмкін, (мастоидит, эпидуральды немесе перисину- озды іріндіктер).

г) Қан құрамы өзгерісінің жіті ортаңғы отиттің өту барысын және жалпы ағзаның жауабын бағалауда маңызы зор.

  • қаннын қызыл түйіршіктері (эритроциттер) саны азаяды

  • ал ақ түйіршікгері (лейкоциттер) саны көбейеді.

  • егер кабыну қатты немесе асқынған жағдайда өтетін болса, онда лейкоциттер саны 15-20 мыңға дейін жетуі мүмкін.

  • ЭТЖ айтарлықтай көтеріледі.

Емі:

Жіті оттиті емдеу барысында алға мынандай мақсат қоямыз:

1. қабыну процесін шектетіп, тоқтату негізінен консервативтік емдеу түріне бағытталған және оның самай сүйек ішіне, ортаңғы құлақтың ауа тасығыш қуыстарына таралып жайылуына кедергі жасау.

2. субъективтік және объективтік белгілерін жеңілдету (азайту).

3. тұрақты анатомиялық өзгерістердің және есту қызметінің бұзылуына жол бермеу, оның пайда болуының алдын алу.

Ең алдымен:

  • науқас адамға тыныштық беру керек, төсек режимін сақтап және жеңіл тамақ берілуі шарт.

  • мұрынға тамыр тарылтқыш тамшылар тағайындаймыз (әртүрлі пайыздағы галозолин, нафтизин, эфедрин ерітінділерін), бірінші кезеңдегі құлақтың қақсап ауырғандығын басу үшін сыртқы есту жолына ауру сезімін басатын дәрілерді тамызған жөн (кокаин қосылған карболды-глициринді тамшылар, камфор майы, глицерин, 1-3% бор қышқылы, 70% спирт т.б.).

  • құлақ зондымен және мақта аркылы сырткы есту жолынан іріңді тазарту (3 % сутегінің асқын тотығымен немесе әртүрлі дезинфекциялық дәрілермен жуған жөн). Әр түрлі антибиотиктер қосқан спиртпен жуу немесе құлақ ішіне дәрілерге малынған дәкемен тығын қою керек (диоксидин, иодинол, софра-декс ерітінділерін, күрделі эмульсия).

  • антибиотиктер, сульфаниламидтер, дене қызуын түсіретін және сезімталдықты төмеңдететін дәрілерді тагайындаймыз (пенициллин, норсульфазол, аспирин, аналгин, супрастин т.б.).

  • парацентезді 1-2 тәулік ішінде ауру саябырламай қайта ұлғайса, дабыл жарғағы өз бетінше жарылмаса және асқыну белгілері болса жасаймыз, яғни дабыл жарғағын қолдан тіліп дабыл қуысын ашамыз.

Шварц-Левин ұсынысы бойынша парацентез жасауға үш көрсеткішдердің бар болуы шарт:

  1. Құлақтың қатты ауыруы (қақсауы).

  2. Дене қызуының көтерілуі (38,5 – 39° С)

  3. Дабыл жарғағының томпаюы

Емнің соныңда Политцер немесе катетер әдістері арқылы құлақты үрлеу және дабыл жарғағына ауамен массаж жасау керек.

Жұқпалы аурулар кезіндегі отиттер

Отиттің бұл түрлерін айырмашылығы бойынша арнаулы топқа

бөледі:

1.Жалпы жұқпалы ауруларда жіті отит ағза әлсіреген жағдайда өтеді.

2.Аурудың барысында инфекция өзінің ерекше арнайы

таңбаларын калдырады.

Барлық жұқпалы аурулар (грипп, кызамык, кызылша, күл) көбінесе жоғарғы тыныс жолдарының қабыну процестерімен бір уақытта басталады немесе бірге жүреді. Бұл жоғарғы тыныс жолдарының қабыну процестері әдетте жіті отитті тудыратын бірден-бір себеп болып табылады. Арнаулы қоздырғыштар (инфекциялар) ортаңғы кұлаққа есту түтігі аркылы беріледі. Инфекциялық аурулардың алғашқы сатысында қоздырғыштар ортаңғы құлаққа қан аркылы беріледі.

Жұкпалы аурулар кезінде жіті отиттің екі түрін айырады:

1.Бірінші түрі, дағдылы – отиттерден айырмашылығы есту барысы көбіне ауырлау болады.

2.Екінші түрі, жұқпалы ауруларға тән белгілер мен

ерекшеліктер айқын көрінеді.

Гриппозды отит (тұмаудан кейінгі отит) - қанды отит (геморрагиялық).

Этилогиясы:

  • фильтрлі вирус ортаңғы құлаққа кан арқылы түсуі

Патогенезі:

Гриппозды отит кезінде ерекше гриппке тән – дабыл жарғағында, сыртқы есту жолдарының терісінің астына қан кұйылғандығын және көпіршіктердің пайда болатындығын көруге болады. Егер бұл процеске 2-3-ші күндері есту түтігі арқылы кіретін микробтар косылса, онда бұл қабыну өте ауыр өтеді, көп жағдайда бір уақытта ішкі кұлақтың қабынуы мумкін.

Клиникасы:

  • аурудың басталуы қарқынды

  • кұлағы қатты ауырады

  • басы ауырады

  • үшкіл нерв және үлкен шүйде нервтер бойымен ауырсыну байқалады

  • бір уақытта есту қабілетінің төмендейді

  • құлақтың шуылы байқалады

  • кейде науқас басы айналғандығын, лоқситындығын айтып шағымданады

  • дабыл жарғағы тесілгеннен кейін құлақтан қан араласқан экссудат ағады. Бұл аурудың тағы бір ерекшелігі , онда қабыну процессі және пайда болатын тесік дабыл жарғағының жоғары шрапнельді (керілмеген) мембрана бөлігінде орналасады.

Қызылша кезіндегі отит - некроздық отит.

Қызылшамен ауырғандардың ішінен жіті отитпен ауыратындар аз мөлшерде кездеседі, көбінесе аурудың бірінші немесе екінші аптасында.

Ауру барысы: отиттің белгілері және барысы жалпы инфекцияның ауырлығына байланысты. Көп жағдайда өту барысы -

  • ауыр және өте ауыр субьективтік белгілсрімен бірге жүреді.

  • қабыну жылдам басталып, дабыл жарғағы спонтанды тесіледі .

  • және катты ірінді-сілемейлі бөлініс байқалады.

  • өту барысы созылмалы түрде болады.

Туберкулезді отитбірінші реттік ауру түрінде өте сирек кездеседі,

Этиологиясы:

  • өкпе, сүйек туберкулездерінен кейінгі туберкулездік процесстер салдарынан;

  • спецификалық лифма түйіндеріндегі туберкулездік процестердің салдарынан Таралу жолдары: - есту түтігі арқылы

- сирек гематогенді

- лимфогенді жолмен.

Клиникасы:

  • дабыл жарғағы тесілгенге дейін де, тесілгеннен кейін де науқаста ауырсыну сезімі және дене қызуы болмайды

  • алғашқыда дабыл жарғағы бірнеше жерден тесіледі, кейін біртіндеп қосылады. Ортаңғы құлақта жиі грануляция, сүйектің шіруі кездеседі.

  • іріңсіз бөліністің жағымсыз иісі болады

  • жиірек алғашқы сатысында бет нервісінің салдануы байқалады.

Жарақаттан кейінгі пайда болған ортаңғы құлақтың жіті қабынуының айырмашылығы, бұл қабыну бірінші сатысыз өтеді. Жарақаттың салдарынан-

  • құлақтан қан кетеді,

  • құлақтың есту қабілеті күрт төмендейді.

Бұл қабыну да созылмалы түрде жалғасуы мүмкін.

Емізік тәрізді өсіндінің жіті қабынуы (мастоидит)

Анықтамасы:

Мастоидит – емізік тәрізді өсінді жасушаларының жіті ауруы, қабыну процесі сүйек элементтерін де қамтиды. Мастоидит көбінесе ортаңғы құлақтың жіті қабынуы аскынғанда немесе екінші реттік ауру болып есептеледі.

Мастоидитгің дамуына және оның қабыну процестерінің сүйек элементіеріне таралуына келесі жағдайлар әсер етеді:

  • Инфекция вируленттілігінің жоғары болуы.

  • Жалпы ағзаның әлсіреуі, мысалы келесі аурулардың болуынан: диабет, туберкулез, нефрит т.б.

  • Ортаңғы құлақтың іріңді ошағын – ағызғыш қою арқылы толық сыртқа ағызып-тазартудың жеткіліксіз болуы салдарынан (эпитимпанит, дабыл жарғағындағы болымсыз кішкентай тесік).

  • Жіті отитті орынды емдемеудің (рационалды емес) салдарынан: ағызғыш қоюды кешіктіріп ұйымдастыру, ягни дабыл жарғағының өз бетінше тесілуінің кешігуінен немесе дабылжарғағын қолдан тілудің кешіктіріліп жасалуынан болады.

  • Емізік тәрізді өсінді қуысынан іріңді – экссудаттың сыртқа жөндеп шыкпауы немесе онда калып қоюы әсерінен, өйткені өсінді жасушалары және тұрақты үңгір (антрум) арасындағы катынастың бұзылуы немесе үңгірмен (антруммен) және дабыл куысы арасындағы байланыс жолының бұзылуы нәтижесінде: ягни қабынып ісінген сілемейлі қабықтың байланыс тесігін бітеп қалуы әсерінен пайда болады.

Клиникасы:

Мастоидит кезіндегі клиникалык көрініс организмнің жалпы қызметінің бұзылуымен және жергілікті субъективтік, объективтік белгілерінің пайда болуымен сипатталады.

Мастоидит кезінде жалпы көрініс мынандай:

а) жалпы жағдай күйінің өзгеруі

б) дене қызуының көтерілуі

в) қан құрамының өзгеруі

г) бүйрек қызыметінің бұзылуы (зәрде әр түрлі патологиялық элементтер пайда болады).

Субьективті белгілер:

  1. Спонтанды кұлақтың ауруы. Бұл өз бетінше кездесуі мүмкін немесе емізік тәрізді өсіндісін қолмен басқанда пайда болады. Құлақтың кақсап ауырғандығының қай уақытта пайда болуының да маңызы зор: жіті отиттің бастапқы кезіндегі құлақтың қақсап ауруы мастоидиттің белгісі емес, егер біраз уақыт өткеннен кейін немесе 3 апта, бұдан кейініректеу пайда болса, онда,ол мастоидиттің белгісі болып табылады (жіті отитпен ауырғаннан кейін біраз уақытөткенде құлақтың, құлақ арты аймағының қақсап ауыруы қайтадан күшейеді). Ауру кенет басталып, емізік тәрізді өсіндінің сыртынан басқанда, жайлап ұрғанда ауыру сезімі байқалады және үдей түседі.

  2. Есту қабілетінің төмендеуі, көбінесе жіті отитпен ауырып өткеннен кейін көп уақыт бойы қайтпаса, 3-4 аптаға дейін созылса, бұл мастоидиттің бір белгісі болып саналады және дыбыс өткізгіш аппараты қызметінің бұзылу түрімен сипатталады.

  3. Құлақтан іріңінің пульстің соғуымен бірге ағуы, егер науқас жіті отитпен ауырса, бұл белгі бірінші күндері кездеседі, яғни бұл қан тамырларда қысымның жогарылауымен деп түсіндіріледі. Еғер 2-3 аптадан кейін мұндай көріністер қайтадан болса, ол мастоидиттің белгісі екенін дәлелдейді, өйткені сілемейлі қабықтың үлкейіп-ісінуі жоне қысымның жогарылауы тек дабыл қуысында ғана болып қоймайды, сол сияқты емізік тәрізді өсіндіде де және тұрақты үңгірде де (антрумда) кездеседі.

Обьективті белгілер:

1.Құлақтан ірің ағуы. Жіті отит кезінде құлақтан ірің ағу әдетте бір аптаның ішінде аяқталады. Егер ірің ағу көбейіп, қоюланып, қайтпай, тазалаған бетте қайтадан жылдам толып калса және 2 аптаға созылса, онда мастоидиттің белгісі болып табылады. Бұл жағдайда қосымша ірің корының көзі болып – тұрақты үңгірмен (ан- труммен) және емізік тәрізді өсінді жасушалары саналады.

  1. Дабыл жаргағының түр-түсі әр түрлі болып келеді. Көп жағдайда дабыл жарғағы мастоидит кезінде қызарып, ісініп-қанталап, қалыңдайды, тесіктен ірің ағады.

  1. Емізік тәрізді өсіндінің жұмсақ ұлпалары мен терісінің өзгерісі байқалады: ісінгені, қалыңдағаны және терісінің қызарғаны көрінеді. Ісінген бөлімді қолымен басқанда шұңқыр ізі қалады, кейбір жағдайда инфильтрациясына байланысты қаттылау болады. Айқын мастоидитпен ауырған науқасты сыртынан тексеріп қарағанда құлақ қалқанының алға қарай қалқиа-тікірейіп тұрғанын көреміз, сол сияқты кұлақ қалқаны бекітілген жердегі құлақ арты қыртыстарының жазылғандығын байқаймыз.(112-сурет)

  2. Мастоидиттің нағыз отоскопиялык белгілерінің бірі – сыртқы есту жолының сүйек бөлігіндегі – артқы-жоғарғы кабырғасының түсіп кетуі: осының аркасында дыбыс жолының сүйекті бөлігінің тарылғанын көреміз. Бұл сүйек айналасының қабынуы – периостит құбылысына байланысты. Емізік тәрізді өсінді үңгіріндегі (антрумындагы) ірің оның алдыңғы кабырғасын бұзып жайыла сыртқы есту жолының қабырғасына жетеді. Бұл есту жолының артқы-жоғарғы қабырғасының қалыңдап ісінуін, томпаюын, төмен түсу белгісін – Шварц белгісі деп атады. Бұл белгіні алгаш байқаған Шварц деген ғалым болатын.

  3. Левиннің оң белгісі – бұл белгі екі жақтағы емізік тәрізді өсінділердің сыртқы тұстарын саусақ аркылы ұрғанда пайда болатын айырмашылықтар: ауырған жақты ұрғанда пайда болатын дыбыстың дауысы нашарлау естілетіндігі байкалады.

  4. Термоөзгешіліктер – екі жақты салыстырғанда, ауырған жақтағы емізік тәрізді өсінді терісі қызарып көтерілгенін байқаймыз.

Емізік тәрізді өсінді құрылысының түрлері:

  1. Пневматикалық

  2. Диплоэтикалық

  3. Склероздық (қатаю)

  4. Аралас

Емі:

  1. Консервативтік ем

  2. Хирургиялық ем

Консервативтік жолмен емдеу әдісі ортаңғы жіті отиттің 2-ші кезеңін емдеу тәртібі схемасына ұқсас келеді. Мысалы, сыртқы құлақ жолын іріңді экссудаттан тазарту, әртүрлі дсзенфекциялык дәрілердің ерітінділерін тамызу, қабынуға қарсы антибиотиктер, сульфаниламидтер, аллергияға қарсы және дене қызуын түсіретін дәрілер тағайындаймыз және физиотерапиялық емшаралар қолданамыз.

Хирургиялық жолмен емдеу, егер дұрыс қолданған консервативтік емдеу әдісі 2-3 апта көлемінде толық жазылуға әкелмеген жағдайда қолдану көрсетілген: емізік тэрізді өсіндінің трепанациясы (сүйек қуысын ашу операциясы).

Операцияның аты – антротомия, мастоидотомия немесе антромастоидотомия деп аталады.

Бассүйек ішілік отогендік асқынулар – ортанғы және ішкі құлақтағы қабыну процестерінің бассүйек ішіне таралуы нәтижесінде пайда болатын асқынулар

Бассүйек ішілік отогендік асқынулар қатарына мыналар жатады:

  • Экстрадуралды және субдуральды абсцестер

  • Отогенді менингит

  • Мидың және мишықтың отогенді абсцестері

  • Отогенді сигма тәрізді қойнаудың тромбозы

  • Отогенді арахноидит

  • Отогенді сепсис

Этиологиясы:

Этиологиялық факторы созылмалы және жіті іріңді ортаңғы отит кезіндегі әр түрлі бактериалды флора болып табылады.

  • Стрептококк

  • Стафилококк

  • Пневмококк

  • Көк ірінді таяқша

  • Протей және т.б.

Патогенезі:

Инфекция бассүйек ішіне ену жолдары (113- сурет):

  1. Жанама немесе контактылы жол.

  2. Қалыптасып салынған жолдар арқылы.

  3. Лабиринттік жол.

  4. Гематогендік жол.

  5. Лимфогендік жол.

  6. Дегисценциялық жол.

Инфекцияның таралу кезеңдері

Бірінші кезең – инфекция бассүйек қуысына өтіп, экстрадуральды немесе эпидуральды абсцесс пайда болады.

  • перисинустық абсцесс – абсцестің венозды синустың маңында орналасуы, яғни оның сыртқы қабатымен және сүйектің аралығында жиналуы.

  • синусфлебит немесе синустромбоз – қабыну процесі венозды қуыстың қабырғасына таралып, сол жерде дамиды.

  • шектелген сыртқы пахименингит – экстрадуральды абцесс кезінде қабыну процесіне шалдығуын атайды.

Екінші кезің – инфекция мидың қатты қабығы мен жұқа торлы қабат аралығынан өтеді, мұны субдуралды абсцесс деп атайды.

Үшінші кезең – инфекция мидың тор қабығы асты кеңістігіне өтеді, бұл менингитке әкеледі.

Төртінші кезең – ми заттектерінің қабынуы.

Отогенді менингит мидың ішкі жұқа қабаты мен торлы қабаттарының жайылған іріңді қабынуы.

Отогенді менингит 2 топқа бөлінеді:

  1. Бірінші реттегі – инфекцияның құлақтан әртүрлі жолдар арқылы ми қабықтарына таралуы нәтижесінде п.б.

  2. Екінші реттегі – бассүйікішілік асқынулардың басқа түрлері салдарынан п.б. (синустромбоз, субдуральды және миішілік абсцесс)

Патологоанатомиялық көрінісі:

  • Ми қабаттары қызарады

  • Ісініп домығады

  • Қан тамыр қабырғалары ісінеді

  • Іріңді экссудат п.б.

  • Бассүйек ішілік қысым жоғарылайды

  • Ми қатпарларының қыртыстары жазылады

Клиникасы:

  • жалпы инфекциялық белгісі

  • менингиальдық белгілер

  • ошақтық белгілері бар

Үш сатыдан тұрады: 1) қозу сатысы

2) тежелу сатысы

3) салдану сатысы

О тогенді менингит

Айқын түрі Айқын емес түрі

Жалпы белгілер:

  • жалпы жағдайы ауыр

  • сандырақтап, есінен тану

  • түрі боз

  • тілі құрғайды, ақ жабынмен жабылған

  • тахикардия

  • дене қызуы 38,5-39°С

Менингеалды белгілер:

  • бастын ауруы

  • құсу, лоқсу

  • менингиалдық белгілер

  1. Желке шүйде бұлшықеттерінің сіресуі

  2. Керниг белгісі оң

  3. Брудзинский белгісі оң

Қан құрамындағы өзгерістер

  • лейкоциттер, оның ішінде нейтрофильдер көбеюі

  • ЭТЖ-ның жоғарлауы

Ошақты белгілер

Ми бөліктерінің зақымдалуы Бас милық нервтерінің белгісі

Диагностикасы:

  • Науқас шағымы

  • Сырқат жайында алынған мәліметтер

  • Қарау кезінде өзгерістер

  • Жұлын сұйықтығын тексеру

  • Құлақтағы қабыну процестерін анықтау

  • Лабораториялық зерттеулер

  • Рентген арқылы тексеру

  • Операция кезінде табылыстарға қарау

Ажырату диагнозы

  • Туберкулезді менингит

  • Эпидемиялық менингит

  • Серозды менингит

Ауру

Ликвор түсі және мөлдірлігі

Ликвор қысымы

Жасушалар саны (1мм3) формула

Ликворда-ғы нәруыз мөлшері, г/л

Ликворда-ғы қант мөлшері,

ммоль/л

Ликворда-ғы хлоридтер мөлшері, ммоль/л

Қалып

Ликвор түссіз, мөлдір

100-200 мм. Су.баған.

0-3 лимфоциттер

0,12 – 0,45 г/л

2,5 – 4,4 ммоль/л

120-130 ммоль/л

Отогенді іріңді менингит

Ликвор іріңді, лайланған

жоғарлаған

Лейкоциттер саны мындаған, кейде санауға келмейді, 70-80% нейтро-фильдер

1-3 г/л

1-2,4 моль/л

төмендеген

Туберкулезды менингит

Ликвор

түссіз, мөлдір

жоғарлаған

Лимфоциттер саңы жүздеген (200-800)

0,33-1,65 г/л және оданда >

1-2 ммоль/л

90-100 ммоль/л

Серозды менингит

Ликвор түссіз, мөлдір

жоғарлаған

90-95%лимфоциттер, саңы 50-1500

0,33 г/л

Қалыпты немесе төмен

Қалыпты немесе төмен

Емі

  1. Хирургиялық ем:

    • Жіті ортаңғы отитте – мастоидотомия

    • Созылмалы ірінді ортаңғы отитте – кеңейтілген, радикалды операция

  2. Антибактериалдық терапия – гематоэнцефалдық тосқауылдан өтетін (бір тәулікте 36 млн. ЕД пенициллин)

  3. Дезинтоксикалық терапия (гемодез, 5% глюкоза ерітіндісі, полиглюкин, Рингер)

  4. Дегидратациялық терапия (калий хлориді, панангин, манитол, лазикс, магний сульфатының 25% ерітіндісі)

  5. Гематоэнцефалдық тосқауыл өткізгіштігін азайтатын дәрілер (уротропин)

  6. Сенсибилизацияны төмендету үшін (супрастин, тавегил)

  7. Симптоматикалық терапия

Бассүйек ішілік асқынулардың жекелеген түрі

Асқынудың бұл түріне самай сүйегінің ауа тасығыш жүйелеріндегі ірінді процестермен байланыста болатын және дамитын ми қабықтарындағы, көк тамыр қуыстарындағы және мидың өзіндегі процестер қарайды.

Экстрадуралдық абцесс – іріңнің самай сүйегі мен мидың қатты қабығының араларында жиналуын айтамыз.

Этиологиясы:

  • қабыну процестерінің дабыл қуысынан немесе емізік тәрізді өсіндіден бассүйек ішіне таралуы

  • жіті ортаңғы отит

  • созылмалы іріңді эпитимпаниттің өршуі

  • іріңді лабиринтит

Белгілері:

Ауру ағымы көбінесе белгісіз өтеді.

  • Түңгі уақытта іріңдеген жағының жарты басының қатты ауруы

  • Жіті отиттің ақырғы кезеңдерінде тесіктен көп мөлшерде ірің ағуы және ол тамыр пульсімен бірге соғуы мүмкін

Диагностикасы: компьютерлі томография

Емі:Міндетті түрде хирургиялық әдіспен емделеді.

Субдуралдық абцесс

Анықтамасы.

Субдуралдық абцесс – іріңнің мидың қатты және жұмсақ қабығы аралығында жиналуы. Диагноз тек операция кезінде қойылады.

Мидың және мишықтың отогенді абцесі

Мидың және мишықтың отогенді абсцесі - ортаңғы отиттің ең қатерлі асқынуларының бірі

Ми абсцесінің даму кезеңдері:

- іріңді флора әсерінен мидың ақ заттектегінің реакциялар жиынтығы

- тромбоз пайда болып мида ишемиялық ошақтар дамиды

- капиллярлар жабылуы, ми тіндерінің қоректенуінің бұзылуы.

Клиникасы :

4 кезеңнен тұрады:

1. Алғашқы кезең 1-2 аптаға созылады, жеңіл менингиалдық белгілермен жүреді: бастың ауруы, өзін нашар сезіну, дене қызуы 37,5°С, лоқсу, жүрек айну, құсу.

2. Жасырын кезең 2-6 аптаға созылады. Белгілер барлығы жоғалып кетеді немесе ауырлаған түрде болады.

3. Айқын кезең 2 аптаға созылады

Жалпы белгілер:

* бұл жалпы іріңдік процестерге тән

Жалпы милық белгілер:

* бастың ауруы және ешқандай лоқсусыз, тамаққа байланыссыз «атқылап» құсу.

* брадикардия

* көз түбіндегі өзгерістер

* кейде отогендік абсцесс минингиалдық белгілермен бірге жүреді

* басын ұстау қалпы

* жұлын сұйықтығының өзгеруі

Алыстаған белгілер

* көз, бет нервтерінің салдануы

* ұстамалы тырысулар

* пирамидалық белгілер

Самай бөлігінің абсцесінің ошақты белгілері

* афазия (амнестикалық және сенсорлы)

* гемианопсия

* эпилептикалық сіреспе ұстамасы

* есту қабілетінің төмендеуі

* иіс, дәм сезу қабілетінің бұзылуы

4. Терминальдық кезең

* мидың ісінуі көбейіп – іріңнің жарылып, жайылу салдарынан және негізгі орталық салданудың әсерінен адам өліп кетуі мүмкін.

Мишық абцесінің белгілері:

  1. Қозғалыс координациясы және тонус бұзылады.

  2. Сөйлеу қабілеті бұзылады.

  3. Өздігінен байқалмайтын нистагм.

  4. Жартылай шала салдану (атаксия).

  5. Тырысулардың пайда болуы.

Диагностикасы:

  • Бассүйекті рентген арқылы тексеру

  • Самай сүйекті Шюллер, Майер, Стенверс арқылы тексеру

  • Ангиография

  • Электроэнцефолография

  • Эхоэнцефалография

  • Радионуклидті сцинтиграфия

  • Пневмо-, вентрикулография

  • Компьютерлік томография (116-117-сурет)

  • Магнит-резонастық томография (117-сурет)

Ажырату диагнозы:

  • Іріңді менингитпен

  • Іріңсіз жергілікті энцефалитпен

  • Серозды лептоменингитпен

  • Арахноидитпен

  • Іріңді лабиринтитпен жүргізіледі.

Емі:

  • Хирургиялық – ортаңғы құлаққа кеңейтілген радикалды операция және ортаңғы, артқы ми шұнқырларын ашу, абсцессті табу, ашу, дренаждау

  • Антибиотиктер.

  • Дезинтоксикалық ем.

  • Дегидратациялық ем.

  • Симптоматикалық ем.

Отогенді синустромбоз және сепсис

Сепсис – ауру қоздырғыштары зардабының денеге жайылуы.

Отогенді сепсис – ортаңғы құлақтағы іріңді процесінің нәтижесінде веноздық синустың, әсіресе сигма тәрізді синустың тромбофлебитімен сипатталады.

Сепсис

Септицемия Септикопиемия

Сепсис

Ерте түрі – жас адамдар жіті Кеш түрі – бұл сепсис созылмалы

отитпен ауырғанда бірінші отит немесе жіті отиттен кейін

күнінен пайда болады. Көп уақыттан соң пайда болады.

Клиникасы:

  • Жалпы клиникалық белгілер

  • Жергілікті клиникалық белгілер

Ошақты белгілер – күрделі көк тамырлар мидың қатты қабығының қуыстары мен мойындырық көк тамырдың жұмысының бұзылуынан басталады.

Жалпы белгілер:

  • Дене қызуы көтерілуі және кенеттен төмен түсуі.

  • Қалтырау және суық тер болады.

  • Терісі бозарған «құс терісі» сияқты болады.

  • Түсі сарғыш тартқан.

  • Мұрын қанаттарының үлкейіп, кеңеюі.

  • Интоксикация.

  • Төбе – желке аймағының ауыруы.

  • Тахикардия

  • Бассүйекішілік қысымның жоғарлауы

  • Жұлын сұйықтығының қысымының жоғарылауы.

  • Эритроциттердің ыдырауы.

  • Сүйек кемігі қызметінің төмендеуі.

  • Лейкоцитоз

Қандағы өзгерістер:

  • Нейтрофилез

  • Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы.

  • ЭТЖ жоғарлауы.

Ошақты белгілер:

  • Гризенгер белгісі

  • Уайтинга белгісі

  • Фосса белгісі

  • Квекенштедтің оң белгісі

КТ Ангиография МРТ

118-сурет. Отогенді сигма тәрізді қойнаудың тромбозы

Емі :

Хирургилық – ортаңғы құлаққа кеңейтілген радикалды операция және сигма тәрізді қойнауды ашу, тромбты табу, алып тастау

  • Антибиотиктер.

  • Дегидратациялық терапия.

  • Дезинтоксикалық терапия.

  • Антикоагулянттар – гепарин, дикумарин.