Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сыртқы есту жолының фурункулы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.02 Кб
Скачать

Сыртқы есту жолының фурункулы- сыртқы есту жолында инфекцияның түсуінен қоршаған дәнекер тіннің және шашты фолликуланың жіті іріңді-некротикалық қабыну ауруы.

Есту жолының сүйекті бөлігінде шаштар және май бездерінің болмауына байланысты, мұнда фурункулдар шықпайды.

Әсер ететін факторлар:

  • әр түрлі манипуляциялар, шимен, саусақпен құлақты тазалағанда;

  • құлағынан ірің ағып ауыратын адамдарда дамиды.

Бейімдеуші факторлар:

  • зат алмасу бұзылысы, әсіресе көмірсу алмасу;

  • дұрыс тамақтанбау;

  • авитаминоз;

  • жалпы фурункулездың бір көрінісі болуы да мүмкін.

Клиникасы:

  • тіске, мойынға, басқа жайылатын құлақтағы жіті ауырсыну.Ауырсыну сөйлеу, шайнау кезінде күшейеді. Отоскопияны мұқият тар астаушамен жүргізу керек. Фурункул сыртқы есту жолының қабырғасының кез келген жерінде орналасуы мүмкін. Отоскопия кезінде сыртқы есту жолын тарылтып тұратын, домалақ, томпайған, гиперемияланған, қабынған тері көрінеді (93-сурет). Дабыл жарғағы өзгермеген.

  • тері инфильтрациясының жұмсақ тіндерге, қоршаған құлақ қалқанына, емізік тәрізді өсіндіге жайылуы;

  • регионарлы құлақ маңы лимфа түйіндерінің үлкеюі, тығыздалуы және пальпация кезінде ауырсынуы;

  • фурункулдың санториний саңылаулары маңында орналасқан жағдайда инфекцияның құлақ маңы сілекей бездеріне жайылып, қабынуды тудыруы.

  • дене температурасы интоксикация деңгейіне байланысты; кейде күрт дене қызуының көтерілуін және қалтырау байқауға болады.

  • сыртқы құлақ фурункулы инфильтрация фазасында ем әсерінен тарап кетуі мүмкін, көбінесе 5-7 күні терінің ұшында іріңді ыдырауы және сыртқы есту жолына іріңнің ағуы болады.Бұл уақытта науқастың жағдайы жақсарып, ауырсынудың қайтуы байқалады.

Диагностика

  • диагноз шағымдары

  • анамнез мәліметттері

  • отоскопия т.б. зерттеу нәтижелеріне негізделіп қойылады.

Қарау: егер фурункул сыртқы есту жолының кіреберісінде орналасса, оны ешқандай құралдар көмегінсіз көруге болады, ал басқа жағдайларда тар құлақтық астауша көмегімен қарайды.

Отоскопияда: сыртқы есту жолын тарылтып тұратын, домалақ, томпайған, гиперемияланған, қабынған тері көрінеді.Дабыл жарғағы өзгермеген(93-сурет).

Ажырату диагнозы

  • жіті отиттың асқынуы мастоидиттен ажырату

  • ісіну және ауырсыну ең бірінші айқын құлақ қалқанында, мастоидит кезінде емізік тәрізді өсінді маңындакөрінеді;

  • рентгенограммада самай сүйегінің қараюы көрінеді;

  • дабыл жарғағы қалыпты және есту қабілеті төмендемейді.

Емі:

  1. қабыну процессінің абортивті ағымына қол жеткізу үшін антибиотиктер қолданылады. Антистафилококкты әсері бар оксациллин, ампициллинді –тәулігіне 4 рет тамаққа дейін 1 сағат бұрын 0,5 г-н ішке қабылдайды. Ауру ағымы ауыр болған жағдайда аугментин 0,375 г күніне 3 рет немесе цефалоспориндер тобының препараттары-цефалексин, цефазолин тағайындалады.

  2. жергілікті қабынуға қарсы терапия. Сыртқы есту жолына 3% бор қышқылы және глицериннің спиртті ерітіндісіне батырылған турунданы енгізеді.

  3. дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы препараттар-панадол, эфералган тағайындалады.

  4. рецидивирлеуші фурункулдарда аутогемотерапия қолданылады.

  5. кейбір жағдайларда стафилококкты анатоксин тағайындалады.

  6. медикаментозды терапиямен физиоемді: УФО, УВЧ, СВЧ қатар жүргізіледі.

Фурункулды ашуға көрсеткіштер:

  • фурункулдың пісіп (көбінесе 4-і күні), жетілуі;

  • ауырсынудың күшеюі;

  • қоршаған тіндердің инфильтрациясы;

  • регионарлы лимфадениттің күшею кезі.

Фурункуезді тілу тактикасы:

  1. кесуді жергілікті инфильтрационды анестезиямен фурункулдың үлкейіп тұрған жерінен бастайды;

  2. іріңді алып тастап,дренаж мақсатымен сыртқы есту жолына гипертониялық ерітіндімен турунданы енгізеді;

  3. Оны әр 3-4 сағат сайын ауыстырады.

Диффузды сыртқы отит (otitis externa diffusa)

Анықтамасы:

Сыртқы дыбыс жолы терісінің іріңді жайылған қабынуы, сүйекті бөлігіне, теріасты қабатына және көп жағдайда дабыл жарғағына таралады (96-сурет).

96-сурет. Сыртқы отит

Этиологиясы:

  • механикалық жарақат

  • жылулық жарақат

  • химиялық жарақат

  • іріңді ортаңғы отит кезінде инфекцияның түсуі

  • қоздырғыштар :грам оң Pseudomonas aerugenosa , S. Pyogenes

  • саңырауқұлақтар

  • организмдегі көмірсу алмасуының бұзылысы

  • организмнің тұрақтылығы төмендегенде, аллергиялық жағдайлардың әсер етуі.

Клиникасы:

Ағымы бойынша:

  • жіті

  • созылмалы

Жіті сатысында:

  • тері қышуы

  • емізікшені басқанда ауырсынуы

  • құлақтан іріңді бөліністердің бөлінуі

Отоскопияда жіті сатысында сыртқы дыбыс жолының жарғақты –шеміршекті бөлігінде:

  • айқын көрінетін тері гиперемиясы мен инфильтрациясы анықталады (96-сурет).

  • ісінген тері дыбыс жолының тесігін әртүрлі дәрежеде тарылтады.

  • десквамацияға ұшыраған эпидермис және жағымсыз иісі бар іріңнен тұратын ботқа тәрізді масса көруге болады.

  • дабыл жарғағы біраз гиперемияланған және ыдыраған эпидермиспен қапталады.

Аурудың созылмалы ағымында белгілері:

  • айқын көрінбейді

  • бірінші орында дыбыс жолы терісінің және дабыл жарғағының қабыну инфильтрациясы нәтижесінде қалыңдауы

Дифференциальды диагноз:

  • ортаңғы құлақ аурулары;

  • саңырауқұлақты отит;

  • вирусты отитпен;

Сыртқы отит кезінде ортаңғы отитке қарағанда есту төмендейді. Саңырауқұлақты қабыну жоқ екенін көз жеткізу үшін саңырауқұлаққа тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, вирусты инфекция кезінде өзіне тән герпестік бөртпе және артқы құлақ кеуілжірі беткейінде,сырғалықта және дыбыс жолының артқы қабырғасында көпіршіктер, ал тұмау кезінде –өзіне тән буллалар болады. (97-сурет)

Емі :

  1. Диетотерапия: ащы және бұрышталған тағамдары жоқ, көмірсуды шектейтін, витаминдерге бай емдәм тағайыналады.

  2. Қабынуға қарсы терапия. Гипосенсибилиздеуші (димедрол супрастин, товегил кларитин , кальций препараттары ) және флораға себу

. 97-сурет Отоскопия

нәтижесін ескере отырып және оның түрлі антибактериальды заттарға сезімталдығын анықтап өткізеді.

  1. Процесс өршіген кезде және құлақтан бөліністер болғанда 1:5000 фурацилин ерітіндісімен дұрыстап жуады және құрғатады. Құлаққа тамшылар, ал қышыну кезінде 2-5 % ақ сынаптық май, 1% шабдалы майындағы ментол, 2-3 % салицилді спирт тағайындалады.

  2. Жергілікті гликокортикостеройдтармен емдеу. Құрамында глюкортикоиды бар майларды қолдану жақсы нәтиже береді, ол майларға: белогент, белодерм, белосалик, целестодерм және т.б.

  3. Физиоем. УФО, УВЧ, гелий –неонды лазермен сыртқы дыбыс жолының қабырғасын сәулелендіреді. Үнемі рецидивирлеуші ағымда стафилококқа қарсы анатоксин,аутогемотерапия қолдану көрсетілген.

Дабыл жарғағының зақымдалуы.

Эпидемиологиясы:

Ортаңғы құлақ жарақатындағы дабыл жарғағының жарылуы науқастардың 90% - да кездеседі.

Этиологиясы:

- құлақтан соққы алған кезде;

- есту жолындағы қысымның кенеттен жоғарлағанда немесе төмендегенде;

- суға секіргенде;

- механикалық зақымдалулар кезінде: дабыл жарғағының тура зақымдалуы құлаққа манипуляция жасағанда, әртүрлі заттармен құлақты шұқығанда, яғни шимен, түйреуішпен тазалағанда байқамай жарып алуында;

Дабыл жарғағының жарылуы жиі ортаңғы құлақтың отитіне әкеледі.

Отоскопия:

  • дабыл жарғағында қан құйылу

  • гематома

Дабыл жарғағыныңтолық зақымдалуы:

  • ыстық сұйықтық немесе химиялық заттар құйылып кеткенде болады.

  • самай сүйегінің пирамидасының көлденең сынығында болуы мүмкін, яғни сыну сызығы дабыл сақинасы арқылы өткенде пайда болады.

  • дабыл жарғағының жарылуында құлақта ауырсыну, шуылдар мен естудің бұзылуы болады (98-сурет).

Емі:

  1. Біріншілік көмек: есту жолына стерильді турунда немесе бор спиртіне малынған мақталы шарикті енгізумен шектелу керек.

  2. Ортаңғы құлаққа қабыну тарамас үшін антибиотиктер тағайындалады.

  3. Ал тесікті жабу үшін әртүрлі көлемдегі пластикалық материалдар қолданылады: меатотимпанальды лоскут, самай бұлшықетінің фасциясы және т.б.

Отогематома – құлақ қалқанының шеміршек аралығына және шеміршек арасына қанның құйылуы мен гематоманың пайда болуы.

Әсер етуші ықпал: құлақтан соққы алғанда немесе құлақ қалқаны ұзақ жаншылғанда пайда болады.

Типтік локализациясы – құлақ қалқанының алдыңғы бетінің үстіңгі үштен бір бөлігі.

Отгематома кезінде:

  • теріде жұмсақ көгерген ісіктер

  • жиі флюктуация

  • кейде терінің түсі қалыпты

  • науқасты кейде ауырсыну мазалайды

  • жайсыз күйде сезінеді. (99-сурет)

Болжамы:

  • өзінен өзі жазылуы мүмкін

  • ұзаққа созылса іріңдеуі мүмкін

  • хориперихондритке, одан кейін құлақ қалқанының әжімденуіне ұшырауы мүмкін.

Ортаңғы жарақаттық отит және мастоидит.

Анықтамасы:

Ортаңғы жарақаттық отит –бұл жарақаттың әсерінен пайда болатын дабыл жарғағының әрбір бөлімінің және емізікті өсіндінің жіті қабынуы.

Ортаңғы жарақатты отитте қабыну белгілерімен қоса, диагностика мен емінде ескеретін өзінің ерекшеліктері бар.

Ықпал ететін факторлар:

Бассүйектің, мидың, омыртқаның зақымдануы. Патогенезі:

  • дабыл жарғағы зақымданбағанда инфекция ортаңғы құлақ қуысына есту түтігі арқылы енеді;

  • дабыл жарғағының үзілуімен қоса жүреді;

  • дабыл қуысының екіншілік инфицирленуі және жіті ортаңғы отиттің дамуы;

  • есту сүйекшелерінің зақымдануы, балғашықтың, төстіктің сынығы шығуы мүмкін.

  • жарақаттан кейін тін реактивтілігінің төмендеуі, мастоидиттің дамуы;

Диагностикасы:

  • отоскопия

  • отомикроскопияның

  • импедансометрия

  • тимпанометрия және тимпанопластика

  • невропотолог пен нейрохирург кеңесі

Емі

  1. ашық жарада біріншілік хирургиялық өңдеу, есту жолына бор спиртіне малынған турунда салынады;

  2. антибактериальды терапия;

  3. тампонопластика, есту сүйекшелерінің және дабыл жарғағының жарақаттарында қабынудан кейін дабыл жарғағының трансформациялық механизімін қалпына келтіру мақсатында қолданады.

Жіті талаураған ортаңгы отит

Анықтамасы:

Талаураған ортаңғы отит – ортаңғы құлақтың іріңсіз қабынуы.

Бұрын бұл ауру әртүрлі атаулармен аталғандығы белгілі:

  • Евстахий түтігінің талаураған кабынуы;

  • ортаңгы құлақтың сірнелі талаураған кабынуы;

  • секрегорлы отит;

  • тубоотит;

  • талаураған сальпингоотит;

  • туботимпаналды қатар;

  • Евстахий түтігінің жабылуы және т.б.

Осылардың біреулері этиологиясын (ауру тудыратын себепті), ал кейбіреулері оргаңғы құлақтағы және есту тутігіндегі морфологиялық өзгеріс ерекшеліктерін анықтайды.

«Талаураған ортаңғы отит» термині бұл процестің маңызын әбден толықтырып, яғни есту түтігі жабылғаннан кейінгі ортаңғы құлақтағы өзгерістерді сілемейлі қабықтағы талаураған өзгерісті және жиналған сірнелі транссудатты көрсетеді (108-сурет).

Аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар:

  • Мұрын қуысы мен мұрын-жұтқыншақ қуысындағы қабыну процестерінің есту түтігі мен дабыл қуысының сілемейлі қабықтарына таралуы; Әдетте бұл ауру кезінде жалпы организмде катты езгерістер байқалмайды.

  • есту түтігінің өткізгіштік қызметінің жіті бұзылуы.

Евстахий түтігінің қызмпеттері:

  1. ауа алмастыру (вентиляциялык) қызметі: қалыпты жағдайда есту түтігі шеміршекті-жарғақты бөлігінде бір-біріне тиіп жатады, сондықтан жабық күйде болады және есту түтігінің саңылауы жұтыну қимылында, есінегенде ашылады да ауа ортаңғы құлаққа енеді. Бұл жағдайда ортаңғы құлақтағы сыртқы және ішкі ауа қысымы теңеседі.

  2. дренаждық қызметі: ортаңғы құлақта жиналған сұйықтықты немесе іріңді мұрын куысына қарай жіберу.

Аурудың дамуы (патогенезі):

  • мұрын және оның қосалқы қойнауларының, мұрын-жұтқыншақ қуысының қабыну процестері (мысалы ринит, синусит, аденоидит) есту түтігіне таралып, қабыну тудырады.

  • есту түтігі кабынғанда, түтіктің саңылауы бітеледі де, дабыл қуысына ауа өтпейді, яғни дабыл қуысында ауа алмасу қызметі бұзылады.

  • қалған ауа біртіндеп капиллярға сорылу (оттегі) әсерінен азаяды, дабыл қуысының ауа қысымы біртіндеп сиреп, төмендейді.

  • дабыл жарғағы ішке тартылады.

  • дабыл куысындағы және сырқы есту жолындағы дабыл жарғағына түсетін ауа қысымдарының айырмашылықтары пайда болады.

  • дабыл қуысындағы кысым азаяды, дабыл қуысындағы ауа кысымының бәсеңдеуі әсерінен сілемейлі қабықтың қан тамырларының қанға толуы, қанның іркілуі (стаз) пайда болады.

  • тамырлардың ішіндегі қанның сұйық бөліктерінің дабыл қуысына шығып, транссудат пайда болады.

  • жіті талаураған ортаңғы құлақтың қабынуы пайда болады. Дабыл куысының сілемейлі қабығының қабынуының салдарынан транссудат экссудатқа айналады.

Клиникасы:

Біріншіден:

  • науқас кұлағының ішінде бөгде зат тұрғандай,

  • құлақтың бітелуі,

  • есту қаблетінің төмендеуі.

Екіншіден:

  • құлағының ішінде ызың пайда болуы,

  • басын қимылдатқанда құлақтың ішінде сұйық заттектің қозғалысын сезінуі.

  • қатты сіңбіргенде және түшкіргенде есту қаблетінің кенеттен жақсаруы (Евстихий түтігі арқылы ауаның ортаңғы құлаққа баруының салдарынан).

  • суық және ылғалды ауада болған уақытта есту қаблетінің төмендеуі.

  • аутофония, науқас өз даусының ауырған құлаққа дүңгірлеп, қатты естілетінін айтады (ауырған құлағы бірге сөйлейді немесе жаңғырады).

Отоскопия кезінде:

  • дабыл жарғағының ішке қарай тартылуы;

  • балғашаның қысқа өсіндісі сыртқы есту жолына қарай шығып түруы (109-сурет);

  • балғашаның үлкен сабы горизонтальды қалыпта орналасып, отоскопиялық қысқаруы;

  • дабыл жарғағының алдыңғы және артқы балғаша қатпарларының айқын көрінуі;

  • конус тәрізді сәуле кейде көрінбей, өте қатты қысқарып кетуі;

Егер дабыл куысында транссудат көп мөлшерде жиналса, ол дабыл жарғағының сыртқа қарай томпаюына әкеледі. Дабыл қуысының төменгі бөлігінде жасыл-сарғыш түсті сұйықтық дабыл жарғағы арқылы айқын көрініп тұрады, кейде басын әртүрлі бағытта қозғап – ауыстырғанда сұйықтық козғалып, естуінің жақсарғаны байқалады. Дабыл жарғагының түсі көбінесе көрініп тұрған транссудаттың түр- сипатына байланысты.

Отоскопияда транссудаттың жиналуына байланысты дабыл жарғағының түсі:

  • сарғыштау,

  • ақшыл сұр,

  • коңыр,

  • көкшіл.

Көп жағдайда мысалы, транссудат букіл дабыл куысын толтырмаған жағдайда сұйықтықтың денгейін аңғаруға болады және бұл сұйықтықтың деңгейі науқас басын козғалтқанда ауысатындығын аңғаруға болады.

Диагностикасы:

  • Аудиометриялық тексеру: есту қаблетінің нашарлауы көбінесе дыбыс өткізгіш аппаратының зақымдалғандығын көрсетеді, әсіресе ауа арқылы өткізудің төменгі жиілігінде.

  • Аурудың толық белгілерін анықтау:

  • анамнезді мұқият жинау

  • жоғарғы тыныс жолдарын карау(риноскопия)

  • отоскопиялык қарау

  • есту қабілетін зерттеу әдістері. Барлық жағдайда да, мысалы құлақтың есту қабілеті кенет төмендегенде, бұл кезде құлағы қақсап ауырмаса, онда жіті талаураған ортанғы отит деп ойлауға болады (кұлақ құлыгының жоқтығына көз жеткізгеннен соң).

Емі:

  1. негізгі мақсат есту түтігінің өткізгіштік қабілетін қалпына келтіру

  2. дабыл қуысындағы транссудатты алу. Ол үшін: мұрын қуысына тамыртарылтқыш тамшыларды тамызамыз: галозалиннің 0,05-1% ерітіндісін, нафтизин ертінділерін т.б бұл кезде есту түтігінің қуысы кеңейеді. Полптцер әдісі бойынша мұрын арқылы құлақты үрлейміз, бұл кезде есту түтігі ашылады да дабыл куысының ішіндегі сұйық заттек мұрын қуысына келуі мүмкін.

3.физиоем (УВЧ, соллюкс). Дабыл қуысында жабыспалар мсн тыртықтардың пайда болуын болдырмау үшін дабыл жарғағына ауамен массаж жасау керек (вибро және пневмо-массаж).

4. жасалған емдеу әдістері көмектеспесе, мұрын және мұрын-жұтқыншақ қуысындағы әртүрлі патологиялық өзгерістерді операция жасау арқылы қалпына келтіреміз (мұрын далдасының қисаюы, мұрын полиптері, мұрын-жұтқыншақ бадамша безінің ұлғаюы т.б). Кей жағдайда дабыл қуысындағы сұйықтық кетпейтін болса, дабыл жарғағын қолдан тесіп, дабыл қуысын ашуға тура келеді (парацентез).

- арнайы парацентез инесі арқылы дабыл жарғағының артқы төменгі ширегіне жасайды.

- парацентез дабыл қуысындағы транссуддатты қайтарып қана қоймайды, сонымен бірге дабыл қуысында жабыспалар мен тыртықтырдың пайда болуынан сақтандырады,

- жарғақтың өзінше жарылуынан, тесілуінен сақтайды, өйткені парацентез жасаған жердің тегіс шеттері өте тез бітіп кетеді. Мұндай операциядан кейін науқастың есту қабілеті жақсарады.

5. аллергияға карсы дәрілерді, мұрын қуысының сілемейлі қабықтары да аллергиялық өзгерістерге ұшыраған жағдайда қолданамыз (супрастин, тавигиль, кальций хлориді т.б.).

Ортаңғы құлақтың ірінді жіті қабынуы.

Анықтамасы:

Дабыл қуысының шырышты қабығының іріңді жіті қабынуы, қабыну процессіне ортаңғы құлақтың барлық бөлімдері қатысады(синонимы – жіті ортаңғы іріңді отит) – жиі кездесетін, кең таралған және катты көңіл аударатын отиатриялық аурулар қатарына жатады.

Ортаңғы құлақтың барлық аурулары:

  • қабынудан кейінгі дабыл жарғағындағы тыртық,

  • дабыл қуысының жабысып қалуы,

  • әртүрлі дистрофиялық кұбылыстар (есту сүйекшелері құрылымының өзгеруі),

  • аурудың созылмалы түрге ауысуы

Америка авторларының мәліметтеріне қарағанда, Америка халқының 60 % жағдайдағы кұлақ мүкістігі, бала кезіндегі ауырған жіті іріңді отитпен байланыстырылады.

Жіті ортаңғы іріңді отит – жалпы аурулар қатарына жатады, инфекциялық қабыну процесі ортаңғы құлақтың барлық ауа тасығыш қуыстарының сілемейлі қабығын қамтиды.

Талаураған ортаңғы отитпен салыстырғанда, жіті ортаңғы іріңді отитке мынандай ерекше белгілер тән:

1.Басталуы кенет, дамуы қарқынды, құлағы қатты қақсап ауы- рады, есту қабілеті шұғыл төмендейді, дабыл жарғағында өзгерістер пайда болады.

2.Ірінді экссудат-бұл ортаңғы құлақтың сілемейлі қабығындағы қабыну процестерінің ақырғы өнімдерінің пайда болуы.

3.Ағзада жалпы өзгеріс реакциялары байқалады.

Этиологиясы:

Жиі монофлора- әртүрлі патогенді микроорганизмдермен шақырылады (стрептококк, стафилококк, пневмококк, күл таяқшасы, протей т.б).

Ең жиі қоздырғышы – гемолитикалық стрептококк және пневмококк.

Патогенезі:

Ортаңғы құлаққа инфекцияның ену жолдары:

  1. Ең жиі жол – ринотубарлық жол (есту түтігі арқылы).

  2. Тым сирек жол – гемотогенді (қан арқылы әртүрлі жұқпалы ауруларда –қызылша, қызамық, күл, сүзек, туберкулез)

  3. Ең сирек жол – жарақаттық (травмалық).

Жіті отитте және оның асқынулар патагенезінде келесі жағдайлардың маңызы (ролі) зор:

1. Микробтың түрі мен оның биологиялық қасиеті

2. Ағзаның иммунобиологиялық жағдайы (ағзаның реактивтілігінің ерекшелігі)

3. Науқастың жас шамалары (жаңа туған және емшек жасындағы балалардың дабыл қуысында, антрумында миксоидты (эмбрионалды) тіндер болады

4. Емізік тәрізді өсіндінің кұрылысы

5. Бұрынғы ауырған аурулардың әсерінен, құлақта пайда болған морфологиялық өзгерістерге байланысты.

6. Мұрынмен және мұрын-жұтқыншақтың жағдайы.

7. Жалпы аурулармен және әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлар. Емізік тәрізді өсіндінің құрылысы ортаңғы құлақтың жіті қабыну барысына өз әсерін тигізеді және мастоидиттің, субпериосталдық іріңдіктің даму және инфекцияның бассүйек куысына таралу мүмкіншілігін анықтайды.