Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоба Каламкас Салтанат.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
309.76 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Экономика және бизнес факультеті

Бизнес және әскерлік әкімшілік жүргізу кафедрасы

Ғылыми жұмыс Аймақтық экономика дамуын мемлекеттік реттеу: басым бағыттары мен аймақтық саясаттың мәселелері

Авторлары

Жәнібекова С.Ж., Қызырбекова Қ.Қ.,

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенттері

Ғылыми жетекші

Домалатов Е.Б.,

Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің төрағасы

Өскемен қ., 2014 жыл.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жағдайларда экономиканы қайта құру үрдісі аймақтық деңгейде анағұрлым белсенділік танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі нарықтық экономиканың заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Осы шарттарда аймақтың ерекшеліктерін, аса маңызды өндірістік және өмір сүруді қамтамасыз етуші салалардағы жеке сектордың басымдылығын ескеретін аймақтық экономикалық саясатты қалыптастыру жүргізіліп отыр. Әр аймақ, жалпы экономикалық тенденциялар мен құбылыстардың күшті ықпалына ұшырай отырып, дәл сол уақытта өзінің қауіпсіздік мәселелеріне ие, олар аймақтың ерекшеліктерімен анықталады: жағрафиялық орны, климаттық жағдайлары, экономика салаларының құрылымы, тұрғындардың ұлттық құрамы және оның мінез-құлқының мәдени-тарихи дәстүрлері. Қазіргі уақытта мемлекеттің, оның аймақтарының және ұйымдарының, мемлекеттік және кәсіпкерлік қызмет салаларының экономикалық мүдделерін қорғау әдістері мен тетіктерін қалыптастырудың жаңа тұжырымдамалық әдістерін іздестіру жүргізілуде, ол Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясынан көрінеді.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған дұрыс.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасын мемлекеттік реттеу мен аймақтық саясаттың басым бағыттарын зерттеу және айқындау.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:

  • Аймақтық экономика түсінігі мен оның аймақ экономикасының дамуының теориялық негіздерін зерттеу;

  • Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасының даму деңгейінің қазіргі жағдайдағы ахуалын зерттеу;

  • Аймақ экономикасының дамуын мемлекеттік реттеу механизмдері мен әдістерін зерттеу;

  • Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты және аймақ саясатының тұжырымдамаларын негіздеу және зерттеу.

Зерттеу пәнi болып Қазақстан Республикасында аймақтық экономикасы дамуының қазіргі таңдағы жағдайы, мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылады.

Зерттеу нысаны ретiнде Қазақстан Республикасының аймақ экономикасы алынған.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығын келесі тұжырымдамалардан байқауға болады:

  • Қазақстан Республикасының аймақтық экономика дамуының теориялық негізін кеңінен қарастырылып тұжырымдама жасалды;

  • Қазақстан Республикасының экономикалық аймақтарының қазіргі жағдайдағы ахуалы зерттеліп, оны дамыту бойынша ұсыныстар жасалды;

  • Аймақтық экономика дамуын жеделдету мақсатындағы мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралары және басым бағыттары зерттеліп, тұжырымдама мен ұсыныстар жасалынады;

  • Қазақстан Республикасының аймақтық саясатын және аймақ саясатының тұжырымдамаларын негіздеу арқылы тұжырымдама жасау.

Күтілетін нәтиже: Аталған тақырып шеңберінде жүргізілген зерттеулер көмегімен еліміздегі аймақтық экономиканың дамуына бағытталған айтарлықтай ұсыныстар бере алады, сонымен қатар, ел экономикасының дамуына серпіліс беруге және тұрақтылықты сақтауға бағытталған үлгі мен ұсыныстар бере алады.

Ғылыми және қолданбалы мәні: Жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстары экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша студенттерге дәрістер оқуға (дайындауға) немесе оқу-әдістемелік материалдарды дайындауда көмектеседі. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасындағы аймақтық экономика мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу барысында методологиялық құрал ретінде және аймақ экономикасын дамыту бойынша негізгі кедергілерді азайту мен алдын алу және шешу мәселелері бойынша ұсыныстар береді.

Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі.

Жас ғалымдар мен студенттердің «Жасталап 2013», «Жасталап 2014» ғылыми жобалар байқауында, «Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіруі: адлғышарттары мен перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің Халықаралық конференциясында (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ) сынақтан өткізілді.

Зерттеу жұмысы тақырыбы шеңберінде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің оқу үрдісіне енгізілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМІ