
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И. СӘтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •050510 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін
- •Алматы 2012
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3. Пән пререквизиттері
- •1.4. Пән постреквизиттері
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Анықтамалық әдебиеттер
- •Интернет-көздері
- •Http://www.Ek-lit.Agava.Ru (кітапхана)
- •Http://www.Unіve.Kz (кітапхана)
- •Http://www.Eup.Ru (кітапхана)
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі.
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1. Тақырып Аймақ мемлекеттік басқару объектісі ретінде Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы
- •3 Тақырып. Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері
- •4 Тақырып. Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және олардың дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері.
- •5 Тақырып. Индустриялық-инновациялық стратегияның аймақтарда жүзеге асу барысы
- •Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар.
- •Аймақтық басқарудың (менеджменттің) тиімділігін арттыру жолдары
- •6.Семинар, практика, зертханалық және студиялық сабақтардың жоспарлары
- •1 Тақырып. Аймақ мемлекеттік басқару объектісі ретінде.
- •2 Тақырып. Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы
- •3 Тақырып. Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері
- •Тақырып. Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және олардың дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері.
- •Тақырып Индустриялық-инновациялық стратегияның аймақтарда жүзеге асу барысы
- •Тақырып Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар
- •Тақырып. Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару
- •Тақырып. Бюджетаралық қатынастарды реформалау
- •Тақырып. Аймақтық басқарудың (менеджменттің) тиімділігін арттыру жолдары.
- •Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары.
- •8.Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар: соөж-на арналған тапсырмалар;
- •9. Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін) мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар:
- •1 Аралық бақылау сұрақтары:
- •Аралық бақылау сұрақтары:
- •14. Оқу әдебиеттері және/немесе электрондық тасуыштардағы материалдар
- •Интернет-көздері
- •Http://www.Ek-lit.Agava.Ru (кітапхана)
- •Http://www.Unіve.Kz (кітапхана)
- •Http://www.Eup.Ru (кітапхана)
1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
міндетті түрде сабаққа қатысу, сабаққа кешікпеу;
оқу үрдісіне белсенді қатысу;
барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру;
сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру тәртібін сақтау;
дәрістер мен СОӨЖ жүргізуіне дайындалып келу;
өздік жұмыстарды өз еркімен белгіленген уақытта дайындау;
сабаққа іскерлік киіммен келу;
міндетті, төзірлі, ашық, тілектесті болу.
2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыптар |
Академиялық сағат саны |
|||
Дәрістер |
Тәжірибелік сабақтар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
||
1 |
Қазақстан Республикасы экономикасының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу |
2 |
1 |
3 |
3 |
2 |
Кәсіпорын шаруашылық субъектісі ретінде |
2 |
1 |
3 |
3 |
3 |
Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі |
2 |
1 |
3 |
3 |
4 |
Кәсіпорынның негізгі капиталы |
2 |
1 |
3 |
3 |
5 |
Шикізат, материалдық және өтын энергетикалық ресурстар |
2 |
1 |
3 |
3 |
6 |
Айналым капиталы |
2 |
1 |
3 |
3 |
7 |
Еңбек ресурстары. |
2 |
1 |
3 |
3 |
8 |
Еңбекақы төлеу |
2 |
1 |
3 |
3 |
9 |
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты |
2 |
1 |
3 |
3 |
10 |
Өнімді өткізу және өндіріс шығындары |
2 |
1 |
3 |
3 |
11 |
Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі |
2 |
1 |
3 |
3 |
12 |
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету |
2 |
1 |
3 |
3 |
13 |
Табыс және өндіріс рентабельділігі |
2 |
1 |
3 |
3 |
14 |
Кәсіпорын қаржысы |
4 |
2 |
6 |
6 |
|
Барлығы(сағат) |
30 |
15 |
45 |
45 |
2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
1. Тақырып Аймақ мемлекеттік басқару объектісі ретінде Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік- экономикалық және т.б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б. ) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтарымен дұрыс өзара қарым- қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекет реттеу – бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.