Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие жоспарыны лгісі .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
958.98 Кб
Скачать

VIII. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілермен әдістемелік жұмыс

Міндеттері:

  • сынып жетекшілер мен мұғалімдердің кәсіби дайындығының педагогика, психология және тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы бойынша теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру.

Сынып жетекшілердің ӘБ отырыстарының жоспары

Отырыс тақырыптары

мерзімі

1

Тәрбие жүйесі сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдісі ретінде.

Қазан

2

Тұлғаға бағытталған сынып сағаттарын дайындау мен өткізу технологиясы

қаңтар

3

Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері

наурыз

4

ӘБ өткен жылғы жұмысына талдау

мамыр

5

Жаңа оқу жылына арналған перспективті жұмыс жоспарын талқылау

мамыр

Сынып жетекшілерге кеңес беру

Тақырып

мерзімі

1

Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны

қыркүйек

2

Сыныптың тәрбие жүйесі. Оқушылардың іс-әрекет түрлері.

қазан

3

Сыныпта шығармашылық істер ұйымдастыру әдістемесі

қараша

4

Ата-аналар жиналысын дайындау мен өткізу технологиясы

желтоқсан

5

Сынып белсенділерімен жұмыс

қаңтар

6

Қиын балалармен жеке жұмыс

ақпан

7

Тәрбие шараларын педагогикалық талдау

наурыз

8

Сынып жетекшісінің жыл бойғы жұмысына өзіндік талдау

Сәуір

Тәрбие қызметін ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілердің нұсқаулық-әдістемелік кеңестері

айы

Тақырып

тамыз

Тақырып: Жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының стратегиясын анықтау. 1. Сынып жетекшілерін Білім министрлігінің, аудандық (қалалалық) білім бөлімдерінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік хаттарымен, білім мекемесінің нұсқаулары және бұйрықтарымен таныстыру. 2. Жаңа оқу жылының жылдық жоспарының мазмұнымен таныстыру. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны және жоспарлау. 3. Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері және қызмет мазмұны. Сынып жетекшісінің құжаттамасы. 4.Мектеп оқушыларының сыртқы келбеті мен тәртібіне қойылатын бірыңғай талаптар. 5. Білім күнін мерекелеуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

қыркүйек

Тақырып: БМ өмір сүру қауіпсіздігі.1. Мектептің өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша жұмыс бағдарламасымен таныстыру. 2. Мектепте және одан тыс жерлердегі техника қауіасіздігін сақтау туралы. 3. Қауіпсіздік онкүндігі жоспарымен таныстыру. «Қауіпсіз жол» айлығын өткізу бойынша әдістемелік нұсқау. 4. Сынып жетекшілерін қалада, мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хаттармен, ережелермен, БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.

қазан

Тақырып: Әлеуметтік қатерлі отбасыларымен, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс ұйымдастыру. 1. КТІЖП мен мектепішілік есепте тұрған оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыру. 2. Отбасымен жұмыс бойынша қабылданған құжаттар жасақтауға ұсыныстар: «Қиын жасөспірімді жеке зерттеу мен сүйемелдеу кар­тасы», «Әлеуметтік қатерлі отбасылар картасы», «Әлеуметтік қатерлі жағдайдағы отбасылармен және балалармен жеке жұмыс журналы». 3. Күзгі каникул кезінде «Жасөспірім» рейді мен «Қорғаныш» операциясын өткізу. 4. Сынып жетекшілерін қалада, мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хаттармен, ережелермен, БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.

қараша

Тақырып: Оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту. 1. Оқушылар арасында шылымқұмарлық, маскүнемдік, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру. 2. Спорттық-сауықтыру жұмысы бойынша «Салауатты ұрпақ» айлығын өткізу жоспары. Айлықты өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. 3. Сыныптағы «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сынып жетекшіге ұсынбалар.

4. Сынып жетекшілерін қалада, мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хаттармен, ережелермен, БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.

желтоқсан

Тақырып: Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу. 1. Құқық бұзушылықтың және қаңғыбастықтың алдын алу. 2. Жасөспірімдер құқық бұзушылығы және қаңғыбастықтың алдын алу айлығын өткізу жоспары. Айлықты өткізу бойынша әдістемелік ұсынбалар. 3. «Жасөспірім» рейді мен «Қорғаныш» операциясын дайындау және өткізу. 4. Сынып жетекшілерін қалада, мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хаттармен, ережелермен, БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.

қаңтар

Тақырып: Тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы. 1. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жоспарын талдау схемасы. 2. Тәрбие шараларын талдау бағдарламасы. 3. Сабақтың тәрбиелік қызметін талдау. 4. Сынып жетекшілерін қалада, мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хаттармен, ережелермен, БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.

ақпан

Тақырып: Оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі.1. Оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі бағдарламасын жүзеге асыру. Оқушылардың азаматтық-патриоттық мәдениетін қалыптастыру бойынша жаңа тәрбиелік технологиялар. 2. Азаматтық-патриоттық тәрбие айлығын өткізу жоспары. Айлықты өткізу бойынша әдістемелік ұсынбалар. 3. Отан қорғаушылар күні мен 8 наурызды мерекелеу бойынша әдістемелік ұсынбалар. 4. Сынып жетекшілерін қалада, мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хаттармен, ережелермен, БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.

наурыз

Тақырып: Қайырымдылық акцияларын өткізу туралы. 1. МДҰ мен балалар орталықтары тәрбиеленушілері үшін «Досыма сыйлық» қайырымдылық акцияларын өткізу туралы. 2. Оқушылардың экологиялық тәрбие айлығын өткізу. 3. Сынып жетекшілерін БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.

Сәуір

Тақырып: Тәрбие үрдісін жүйелі талдау оны оңтайландырудың шарты ретінде. 1. Сынып жетекшілерінің жыл бойындағы кәсіби қызметін бағалау және талдау. Сынып жетекшісі қызметіне өзіндік талдау. 2.Оқушылардың тәрбиелік деңгейі сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметінің өлшемі ретінде. 3. Мектептегі Есте сақтау апталығын өткізу бойынша әдістемелік ұсынбалар. 4. Сынып жетекшілерін қалада, мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хаттармен, ережелермен, БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.

Мамыр

Тақырып: Оқушылардың жазғы еңбек қызметі мен жазғы демалысын ұйымдастыру. 1. Әлеуметтік қатерлі отбасы балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру проблемалары. 2. Мектептің сауықтыру лагерлері жұмысын ұйымдастыру. 3. Оқушылардың жазғы еңбек практикасын ұйымдастыру. 4. Соңғы қоңырау мен Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынбалар. 5. Сынып жетекшілерін БМ нұсқауларымен, тапсырма және бұйрықтарымен таныстыру.