Ццццццц
Цементобетондар.
Цементтік-бетондық жамылғыларда
келесілердей артықшылықтар бар:-Жоғарғы
мықтылық, кез-келген жыл мезгілінде
барлық көлік түрлерін өткізе алады;-Жөндеу
аралық жұмыстарының ұзақтылығы (30-40
жыл);-Дөңгелектерінің тұтасуының жоғарғы
коэфиценті, жамылғы дымқыл болған
жағдайда да өзгермейді;-Жамылғының
ашық түсі, түнде жүру қауіпсіздігін
жоғарлатады.Құрылыс мезгілінің
ұзақтылығы органикалық тоқылымдарды
қолдануынан көп. Жамылғының төменгі
тозуы (0,1-0,2 мм./жыл.)Кемшіліктері:-Көлденең
тігіндердің көп болуы, ал бұл жамылғының
сапасын және түзулігін төмендетеді.-Жөндеу
жұмыстарының қиын болуы;-Жамылғыны
орнатқаннан кейін қозғалысты бірден
ашу мүмкін еместігі.Цементтік-бетон
қозғалысы күшті жолдардың асфальттық-бетон
жамылғыларының астынан негізгі құрал
ретінде салуға да қолдануға
болады.Цементтік-бетон жүрілетін жолдың
бүкіл жалпақтығы бойынша бір немесе
екі қабат болып бірдей қалыңдықта
салынады. Екі қабат көбінесе бетонның
төменгі қабатында жай тасты материалдар
қолдану мақсатында салынады. Екі қабатты
жамылғының жоғарғы қабатының қалыңдығы
10 мм. аспайды.