Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика ака...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.23 Кб
Скачать

Мұсылман әйелінің сыртқы келбеті қандай болу керек?

Мұсылман әйелінің киімі оның беті мен қолынан басқа бүкіл денесін жауып тұруы керек. 

Киім әйелдің дене мүшелерін көрсетпеуі керек. Әйел адамның киімі еркек адамның киіміне ұқсамауы тиіс.  Биік өкшелі аяқ-киімнен бас тарту мұсылман әйелі үшін қалаулы іс.  Хиджаб әйелдің басын, мойнын және кеудесін түгел жабуы тиіс.  Киімін кәпір-әйелдердің киіміне ұқсатуға тырысатын мұсылман әйел күнә жасайды.  Ислам киімге қатысты әдеп нормаларын нұсқау еткен:  1. Киімнің тазалығын сақтау қажет. Тирмизидің хадистер жинағында келесі хадис келтірілген: «Тазалық – иманның жартысы».  2. Киім дене пішіндерін көрсетпеуі керек. Әсіресе бұл шарт әйелдерге қатысты. Муслим келтірген сахих хадисте былай делінген: «Ақырет күні тозақ адамдарының екі санаты болады: сиыр құйрығына ұқсас қамшымен адамдрады сабайтын еркектер мен киінген, сонымен бірге жалаңаш тәрізді әйелдер. Олар өздерінің артынан ер-адамдарды еліктіреді, олардың басындағы шаш түйенің өркештері тәріздес. Бұл адамдар жаннатқа кірмейді және Жаннаттың алысқа таралатын иісін де сезбейді. 

3. Кәмелет жасына жеткеннен кейін мұсылман қызы беті мен қолдарынан басқа өзінің бүкіл денесін көрсетпегені жөн. Шашы, қолы, аяғы және т.б. тиым салынған дене мүшелері көрінетін киім кию әйел адам үшін харам болып саналады. Абу Дауд жеткізген хадисте былай делінген: Әйел бала кәмелет жасына жеткеннен кейін ол үшін беті мен қолдарынан басқа жерлерін көрсету харам болады. 

4. Әйел адамның киімі ер адамдардың киіміне ұқсас болмауы тиіс. Себебі пайғамбырымыз Мухаммад әйелдерге еліктейтін еркектер мен еркектерге еліктейтін әйелдерге лағынет жасады деп Абу Хурейрадан риуаят етілген. 5 Үйден шыққанда немесе өзіне махрам емес ер адамдардың жанында болған уақытта әйел адамға иіссумен (парфюм) қолдануға тиым салынады. Бұл Абу Хурейра, Абу Муса аль Ашари сияқты сахабалардың пайғамбарымыздан жеткізген хадистерінен көрінетіні айдан анық. 6. Киім мақтанушылық пен менменшілікке әкелмеуі тиіс. Пайғамбарымыз былай деген: «Егер кімде-кім бұл өмірде киімді мәртебелі және атақты болу үшін киетін болса, Алла Тағала оларды Ақырет күні кемсітеді.» (Хадис ибн Умардан риуаят етілген).

Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, өзінің есейгенін сезіп, айналасындағыларға әдемі, сымбатты көрінуге тырысады. Осы айтылғандар – шаш күтімі, бет, тіс күтімі, сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық атрибуттар. Мәселен, қыз баланың көркі алдымен арқасына өрген білектей бұрым, яғни шаш күтіміне байланысты болатыны хақ. Бойжеткеннің өңіне шашының қалыңдығы мен ұзындығы, өрген қос бұрымы жарасымды. Бойжеткенге сырт келбетке қарау, оған уақыт табу, киім киюде өзіндік өрнегіңді іздеуге ұмтылу, бет-ауызға шетелдік опа-далапты жаға салудан әлде қайда қиын. Модаға сай киіну – қымбат киімдерің болсын деген сөз емес, ол – азғана киімнің болып, соны ұқыптылықпен, орны-орнымен, сәнімен киіну, яғни үстіндегісінің бәрі бір-бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз. Қыз баланың талғаммен киінуінің бір сыры – өз тұрқының кейбір табиғи кемістігін жасырып, жақсы жағының бәрін айқын көрсете алатындай, яғни моданы өзіне бейімдей ала білуінде. Ішкі, рухани мәдениеті төмен адамның дұрыс талғаммен әдемі талғаммен киіне алуы да екіталай. Жас адамның, әсіресе, қыз баланың бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы, жүріс-жүгірісі, сөз саптауы, жұртпен қарым-қатынасы т.б.) әсем де нәзік болуы тиіс. Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана, ол бойға қонымды болмақ.

Көрік дегенді тек әсемдік, әдемілік деп түсіндірілсе, онда ол жансыз бұйым ғана болар еді. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерінде «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын» – дегені бар. Әлбетте, қазіргі кезеңде әдепті болып, елдің көркіне айналу – кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат. Десек те, жаһандану үрдісінен қалмай, ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдын кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ қызы деген атқа лайық болу керек. Бүгінгі күні ана тәрбиесімен бірге көше тәрбиесі де әсер етуде. Қызды да, ұлды да орта тәрбиелейді. Қазіргі орта – айналаңда кіндігін ашқан қыздар. Ата-ана жеңілтектіктен бойларын аулақ ұстауға, қыздарға тән ізеттілік пен инабаттылықты бойларына сіңіріп, өсіруге тырысуда.

Күлкінің қымбат екенін ұғындырып, «Жігіттің күлегеші – атының соры, қыздың күлегеші – бақытының соры» деп тәрбие беруде. Бұдан шығатын қорытынды, қыздың сыры ішінде болып, жұмбақ қалпын берік ұстанғаны абзал. Осы орайда ақын Қадыр Мырза Әлі: «Қыздың сыры – шөлдің суы сияқты, тереңде ғой, тереңде ғой, тереңде» десе, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов: «Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске, шын сұлулық тереңдікте емес пе?» дейді. Барлығының түйіні бір тереңдік – ақыл, парасат, ұстамдылық.

Өзге жұрттың жылтырауығының бәріне қызығып, оны талғаусыз қабылдай беру қашанда ұлт бітімі үшін жақсылық әкелмейді. Қаракөз қарындастарымыз, әрқашан ақылды, арлы, ибалы болса, әсем де сүйкімді көрінеді. Өйткені «Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейтіні» сияқты адамның қымбаты ақылы мен ары арқылы айқындалады. Адамның сыртқы сымбаты мен ішкі қымбаты қабысса ғана, жарасымдылық өз орнын табады. Заттар өмірлік құндылыққа ие бола алмайды: сән өзгереді, киім тозады, машиналар сынады, телефондар жоғалады. Жаңа заттарды қуалау – тұлғаны қызықсыз, шектелген адамға айналдыруы мүмкін. Мұнда келесі оқиға жақсы мысал бола алады.

• Тахмина сәнді және әдемі киінгенді жақсы көретін. Ол қиынға соқпайтын, себебі бай адамдардың қызы болатын, ата-анасы еш нәрседен кенде қылған жоқ. Өзінің бос уақытын ол танымал дүкендерде өткізіп, өзінің онсыз да үлкен гардеробын жаңа киімдермен толықтыратын. Басқа қыздармен сөйлескен әр кезде, Тахмина оның басынан аяғына дейін сынап қарап шығатын. Адамдарды тек киімі бойынша қабылдап, тұрпатына қарай сыйлап, ол «әдемі орамға» тәуелді болды және өз сенімділігін тек осыдан алатын. Таныс сурет пе?

• Райхан ерке болғанымен, анасының алып берген киімін ғана киеді. Оған ешқашан қарсы келіп көрген емес. Қалаға келгеннен кейін құрбыларының көйлектерін кигісі келді, сондай сатып алғысы келді. Алайда ол ең алдымен анасы бұл қылығын құптамас деп ойлады. Өз киімдерін таза ұстап, артық киім сатып алмауға тырысты. Құрбыларымен дүкенге барса да, көзі қызықса да, өзіне өзі сенімді бола алмады. Райхан адамды киіміне емес, біліміне қарап бағалаған дұрыс деп есептейді.

• Күнсұлу қолына ақша тисе, оған киім немесе аксессуар алу үшін базарға жүгіреді. Ол үшін ең бастысы – әдемілік. Әдемілік көп ақшаны қажет етеді. Әкесі меселін қайтарған емес. Қасындағы құрбыларынан бұрын алтын сырға, сақина тақты, ақ, қара, қоңыр түсті етіктерді бір жылда ғана киеді. Шаштаразға, маникюр мен педикюрге тұрақты түрде барып тұрады. Оның гардеробында әр көйлекке арналған аяқ киім мен аксессуарлар бар. Сондықтан шығар ол өзін ерекше жақсы көреді, үнемі макияж жасайды. Білімді болу міндет емес, әдемі қыз болсаң, бақытты етер жігіттің өзі қасыңнан табылады деп санайтын...

• Римма қараторы қыз. Ол кейбір киімді сатып алуға ақша қимай, оның орнына мата сатып алып тігетін. Үнемдеген ақшасына бетін әрлендіретін бояулар алатын. Ақсары өңді жігітпен жолығуды армандайды, бірақ сондай жігіт жолықса, оған қояр талаптары шексіз көбейетін. Сөйтіп жүріп, қарапайым ауылда өскен Римма қасындағы жандардың барлығын киім киісіне, жүріс-тұрысына қарап сынайты. Риммаға ұнайтын адам табу мүмкін емес шығар деп ойлаушы едік. Қазір оның отбасы бар, ол - әйел, ана, келін.

Тапсырма. Киім таңдау кеңестерін қойын дәптеріңізге түртіп алыңыз. кейін кәдеге жарайды.

Киімді дұрыс таңдай біліңіз

Адам көркі - шүберек. Сіздің әдемі көрінуіңіз ең алдымен киген киіміңізге байланысты.

Дегенмен, адам ең бірінші өзінің талғамына сүйенуі керек. Кейде шкафтың есігін ашып қалсаң, үстіңе ілетін бір дені дұрыс киім таппай әбігерге түсесің. Бұндай жағдай барынша жиі болады. Шалбарлар толып жатыр, ал мына жейдемен сәйкес келетін ешқайсысы жоқ!..

Сондықтан, ең алдымен жүрегіңіз қалаған стильді анықтап алыңыз! Әр түрлі жерлерге киіп баратын киімдеріңізді жұбымен алғаныңыз жөн.

Тізім жасаңыз. Алдымен өзіңіз қызығатын киімдердің тізімін жасап алыңыз, сосын өзіңізде бар киімдерді қайтадан қарап шығыңыз. Қолыңыздағы тізімге сүйене отырып, қай киімді қалдырып, қай киімді лақтырып тастау керектігін анықтаңыз. 1-2 жыл бойы киген киіміңізді ойланбастан лақтыруға болады.

Киімнің қымбатынан бұрын, өзіңізге үйлесетінін таңдаңыз.

Киімнің түсін жыл мезгіліне сәйкестендіріп алғаныңыз жөн. Басты қағидасы түстердің өзара сәйкес келуі.

Тағы бір қатаң қағида: бір үлгіде үш түстен артық түс болмағаны жөн. Ал, егер киіміңіз алабажақ не әртүрлі түстен болса, онда аксессуарыңыз бір ғана түстен болсын.

Киімді мүсініңізге сай таңдағаныңыз дұрыс. Мүсіні әдемі адамдарды көргенде, еріксіз күрсініп, "Шіркін, менің де мүсінім осындай болса ғой!.." деп армандаумен шектелеміз. Бар мәселе мүсін мінсіздігінде емес, бар мүсініңізді пайдалана алуыңызда.

Өз мүсініңіздің кемшілігін жасырып, әдемі жерлерін тани біліңіз. Көлденең сызық адамды толық қылып, ал тіке сызық ұзартып көрсетеді. Қара түсті киім толықтықты жасырады.

Аяқ киімге көп нәрсе байланысты. Қазақта "Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды" деген сөз бар. Аяқ киіміңіздің таза әрі сәнге сай болғанын қадағалаңыз...

Киімнің көмегімен адам өзінің көңіл-күйі мен денсаулығын бақылай алады екен. Өз-өзіңізге сенімді жүруіңіз үшін киімді дұрыс таңдай біліңіз!

Үлкен салпыншақ сырға мен жалпақ қалың білезік тағудан және ұзын шашыңызды жайып жүруден аулақ болыңыз;

Мүмкіндігінше сапалы киім алуға тырысыңыз, демек қымбаттау киім алған дұрыс;

Белдемшеңіздің (юбка) жабысқан тар емес еркін тұрғаны жөн, өйткені олар онсыз да жүріп, тұрғаныңызда тартылып тұрады;

Кеудешенің (блузка) алдының ойығы қолтығыңыздың деңгейінен төмен болмауы керек, әрі іскери кездесу кезінде үнемі жакетпен жабылып тұрғаны жөн;

Шұлық пен колготка кию міндетті;

Жұмыста иісі өткір иіссу жағудың қажеті жоқ. Сізден үнемі тазалық пен жағымды иіс аңқып тұруы тиіс.

Тапсырма. Сәнді киіну ережелерін мүмкіндігінше демонстрациялап көрсетіңіз. Мүмкін болмағанын суреттер арқылы баяндап беріңіз. Өзіңізге қажеттіні қысқаша жазып алыңыз.

Қыздардың сәнді киіну ережелері

Бас киім

Дұрыс таңдалған қалпақ немесе орамал сіздің киіміңізбен тұтасып қана қоймай бет әлпетіңіз бен шашыңызды да ажарландыра түсері сөзсіз. Кез- келген бас киім үстіңіздегі киімнің қолданысына сәйкес болуы керек. Егер мұны білсеңіз, басыңызға еш уақытта жұқа орамалды қалың тонмен тартпайсыз. Өкінішке орай мұндай жағдайды өмірде жиі ұшыратып қалып жатамыз.

Үшкіл орамал (косынка)

Үшкіл орамал қарапайым көйлектер мен жакеттерге ерекше үйлеседі. Олар кез-келген киімді өзгерте алады. Жаңа костюм не пальтоға үшкіл орамалдан артық ештеңе әр бере алмайды.

Белбеулер

Белбеу костюмге сәйкес келуі тиіс. Белбеу таңдағанда бейтарап түсті, өз дене бітіміңізге үйлесетін жалпақтықта таңдаңыз. Белбеудің түсі аяқ киіміңізбен сәйкесуі керек, алайда киімнің түсін де назардан тыс қалдырмау керек.

Егер туфлиіңіз жылы түсті, мысалы қоңыр болса, онда көйлегіңіз бен белдемшеңізге сары немесе зәйтүн түсті белбеу жарасады. Кейде белбеуді белдемшенің, кеудешенің не үшкір орамалыңыздағы түстердің біріне сәйкестеуге де болады. Белбеуі жоқ белдемше «аяқталмаған» өң береді.

Көзге түсетін тоғасы немесе басқа да жылтырақ әшекейлері бар белбеулер дене бітімі сымбатты кісілерге ғана үйлеседі.

Аяқ киім

Аяқ киім қалған киіміңізді толықтырып тұрады. Оған қойылатын ең басты талап - ыңғайлылығы. Егер аяқ киіміңіз тым тар немесе кең болса, қаншалықты әдемі аяқ киім болса да барлық көңіл-күйіңіз бен жүрісіңізді бұзары сөзсіз. Оның үстіне тар аяқ киім башпайыңыздың қисаюына әкелуі мүмкін.

Егер сіздің жүрісіңіз орнықсыз болса, биік тақалы аяқ киім кимеңіз ол сіздің жүрісіңізді одан сайын бүлдіреді. Одан күнделікті ыңғайлы төмен тақалы немесе тіпті тақасыз, ал салтанатты жағдайларда орнықты орташа тақалы аяқ киім киіңіз. Егер биік тақалы аяқ киімдер сәнде болса, сіз тақасы емес, түрі сәнді туфли алыңыз.

Аяқ киімнің түсі де маңызды рөл атқарады. Ол қалған киіміңіздің түсімен үйлесуі керек. Егер аяқ киіміңіз көп болмаса, олардың бейтарап түсті болғаны жөн. Мысалы: қара, қоңыр, сұр, ақ.

Дұрысы бірнеше пар туфлиіңіздің болғаны жөн. Олар әртүрлі стильде болып, кез-келген киіммен мінсіз үйлесуі тиіс.

Жұмысқа табиғи былғарыдан тігілген аяқ киім киген дұрыс.

Жазды күні жұмысқа тұмсығы ашық аяқ киім кимеңіз (әдеп бойынша жұмыста өкшені көрсетуге болғанымен, башпайды көрсетуге болмайды).

Егер жұмысқа жаяу баратын болсаңыз, онда берік, ыңғайлы туфли киіңіз, ал жұмысқа келген соң аяқ киіміңізді сәнді туфлиге ауыстырып алуды ұмытпаңыз.

Аяқ киімді түрін жоғалтып алмайтындай (майысып қалмайтындай) етіп шкафта сақтаңыз. Былғары аяқ киімді 2-3 күн аралатып (демалтып) кисеңіз, ол ұзақ киіледі.

Ұзын баулы сәнді бәтеңкелер мен етіктерді тек практикалық қолайлылығы (қыста қар мен суықтан, күзде қатты жауыннан қорғану) үшін киген жөн. Бірақ жұмыста әрдайым ауыстырып киетін аяқ киіміңіз болуы керек.

Жұмысқа киетін аяқ киім алғанда мына ережені естен шығармаңыз:

• туфлидегі түрлі-түсті әшекейден аулақ болыңыз (олар тек би кешіне жарасады);

• жаздың күні сәнге айналатын «металл» түсті аяқ киімді көптеген мекемелерде киюге болмайды;

• жалпақ тақалы немесе өте жабық туфли тек шалбармен ғана киюге қолайлы, ал көйлек, костюм, белдемшемен киюге жарамайды;

• туфлиіңіздегі әшекейдің мүмкіндігінше аз болғаны дұрыс;

• қыста қою көк, қара, қоңыр түсті, ал жазда киіміңіздің түсіне сәйкесіп тұрғаны жөн, алайда жазғы аяқ киімнің кең таралған түсі ашық сұр мен қою қызыл не қан қызыл.

Аксессуарлар

Ақшыл-сары, талшын түсті шашты қыздар мен әйелдердің алтын әшекейлер таққаны жөн.

Сырға.

Ер адамдарға галстук тағу қандай маңызды болса қыздар мен әйелдер үшін сырға тағу да соншалықты маңызды. Оны үнемі тағып жүру керек. Дегенмен сырға таңдағанда шаштың түсін, беттің пішінін ескерген жөн. Қандай да ір ерекше болмасын ешқашан құрбыңыздың не әріптесіңіздің стилін қайталамаңыз. Стильді таңдамас бұрын оның өзіңізге үйлесетініне әбден көз жеткізіп алыңыз.

Сырғаның пішіні бет әлпетіңізге үйлесуіне назар аударыңыз. Егер сіздің иегіңіз сопақша болса дөңгелек сырға, ал иегіңіз дөңгелек болса ұзынша пішінді сырға таққаныңыз жөн. Сырға көрнекі болғаны дұрыс, бірақ бет әлпетіңізден басым болып кетпеуі керек. Сіздің құлағыңыздың ұшы емес, көзіңіз назарға іліну керек.

Ер азаматтың сәнді киiну ережелері

Бұл ереже бойынша киiнсеңiз ciз «сәндi» киiнген адамға ешқашанда ұтылмайсыз.

• Ешқашан костюммен спорттық аяқ киiм кимеңiз, өйткенi бұлар бiр-бiрiне келiспейтiн киiмдер.

• Костюм киiп, спорттық үлгідегі қолдарба ұстамаңыз. Қағаз және қажеттi заттарды дипломат, портфельдерде немесе папкаға салған лазым.

• Егер сiз костюм кисеңiз, әрдайым галстук тағыңыз. Іскерлік костюмді галстуксiз кимейді.

• Костюммен киетiн жейде ұзын жең болуы керек. Қысқа жеңдi жейденi іскер жағдайда кигенiңiз дұрыс болмайды, өйткенi, егер де пиджак жеңінiң астынан жейденiң манжеттерi 1.5-2 cм. көрiніп тұрмаса, бұл әдемi болып саналмайды

• Галстуктiң созылатын ұшы беткi жағына шықпауын қадағалаңыз, мұндай жағдайдың болуына жол бермеңiз.

• Жұмыс уақытында өзiңiздiң киiмiңiзбен ерекшеленбеңіз. Бұл - негiзгi ережелердiң бipi.

• Егер сiз қандай бәтеңке (немесе аяқ киiм) немесе жейде таңдауды

бiлмесеңiз, онда ақ жейде мен қара бәтеңке (немесе аяқ киiм) киiңiз.

• Галстук байланған күйде төменгi ұшымен шалбардың белбеуіне тиіп тұруы тиiс.

• Галстуктiң енi пиджактiң қайырмаларымен бiрдей болуы керек.

• Галстук костюмнiң түсiнен ашық және жейдеден қанығырақ болуы тиiс. Бұл да -негiзгi ежелердiң бiрi.

• Өрнектердің сәйкессіздігіне жол бермеңiз.

Қазiргi іскер костюмдерде жолақты жейделер қолданылмайды. Бір түсті жейделер сәндi болып есептеледi. Ал егер де жейдеде өрнек болса, онда ол көзге ұрып көрiнбеуi тиiс. Тор көзді өрнегі бар жейдейлер ешқашан қолданылмайды.

Сәндi көрiну үшiн осы он бip негiзгi ережені ұстану керек.

Ер адамдардың сәні әйел адамдарға қарағанда консервативті болып келеді. Алайда ер адамның киімі сәннен жұрдай деп айтуға болмайды. Соңғы жылдары ер адамдарға арналған сән үлгісінің өскені байқалады.

Ер адамның гардеробында мына киімдердің болғаны дұрыс:

• жіңішке жолақ сызықты немесе тор көзді түсі ашық емес – күнделікті костюм;

• мүмкіндігінше қатаңдау, сұр, қара көк немесе т.б. қоңыр түсті - күнделікті костюм;

• Түсі, матасының сапасы жағынан шебер таңдалған осындай екі костюмді бір-бірімен үйлестіріп киюге де болады. Бұл жағдайда бір түсті бешпентке тор көзді немесе жолақ сызықты шалбар, ал керісінше тор көзді не жолақ сызықты бешпенке бір түсті шалбар үйлеседі.

• салтанатты жағдайға арналған, қара, қара көк немесе қара сұр түсті – қатаң костюмдер;

• Мерекеге киетін қоңыр түсті костюмдермен міндетті түрде ақ жейде, қара бәтеңке, қара шұлық киіледі. Мұндай костюмнің төс қалтасынан ақ түсті бет орамалдың шеті көрініп тұруы керек.

• спорттық үлгіде тігілген шалбары мен бешпенті түсі, матасының сапасы жағынан бір-біріне ұқсамайтын, бірақ өзара үйлесетін - аралас костюм;

• жылдың жылы мезгілінде киюге арналған мақта-мата немесе жасанды матадан тігілген – жеңіл костюм;

• Киетін жейдеңіз, жемпіріңіз бен бәтеңкеңіздің жиынтығына қарай мұндай костюм бір түсті немесе суретті, ашық немесе қоңыр болуы мүмкін.

• аса салтанатты жағдайлар мен қабылдауларға арналған - смокинг, фрак, сако.

Бешпенттің үлгісі маңызды болып саналады, өйткені киім үлгісінің жалпы стилі соған байланысты. Егер өз бейнеңізге қатаңдық пен байсалдылық енгізгіңіз келсе классикалық үлгідегі бешпент таңдаңыз. Ал спорттық үлгідегі бешпент, күрте-бешпент сіздің киіміңізге тәуелсіздік, кейде тіпті ұшқалақтықтың жеңіл реңкін береді.

Бешпенттің түсі сіз туралы көп нәрсе айта алады, сондықтан түсін дұрыс таңдай біліңіз. Әдетте классикалық бешпент дәстүрлі түстерден, ал еркін стиль мейлінше ашық түсті болады. дей тұрғанмен соңғы уақытта дизайнерлер жаңа қызықты шешімдер тауып жүр. Олар түрлі түстер мен үлгілерді араластырып «ойнайды», классикалық үлгідегі бешпентті ашық түсті, керісінше спорттық бешпентті ұстамды сұр түсті етіп те шығарады.