3. Cұлулықтың сыры -күтімде
Бояулар мен макияж
Жақсы киінумен қатар өзіңнің сырт келбетіңді толықтырып, киіміңе үйлесіп тұратындай бояна білу де керек. Яғни сәндік бояулар жөнінде әңгіме етпекпіз. Алдымен мына нәрсені ескерткіміз келеді. Бояулар өзіңді күтіп, дұрыс ұйықтап, ас ішуде мөлшер сақтап, таза ауада сейілдеп, күн сайын таңертеңгілік жаттығу жасап жүсең ғана, қажетті әсер бере алады. Сәндік бояуларды қалай қолдануға болады? Ең алдымен өз бет пішініңнің ерекшелігін ескергенің жөн. Дұрыс жағылған бояу сенің келбетіңді ашып, шашың мен сырт пішініңді қайталанбастай етіп көрсетеді. Макияж күндізгі, кешкі, іскери, мерекелік және карнавалдық бөліп бөлінеді. Сондықтан макияждың өз бейнеңе сай келетіндей табиғи болуы аса маңызды. Бұл орайда сәнге еліктеудің керегі жоқ, өйткені сырт келбетіңе қайталанбас көрік беріп, сұлулығыңды асырып, кемшілігіңді жасырып тұратын бояу ғана сәнді болмақ.
Күтім қалай жасалады?
Кеңес: Жеке басыңызға ғана тән ерекшеліктерді ескере отырып, сұлулық салонына барудың міндетті кестесін жасап қойыңыз.
1. Тазалыққа табынушылық
Бұл күнделікті күтім жасаудың альфасы мен омегасы. Бұл ереже сан ғасырлар бұрын шыққан, маңыздылығын бүгінгі күнге дейін жоғалтпаған. Орта ғасырда суға шомылу өте қауіпті саналды. Соған қарамастан, ол заманның адамдары екі аптада бір рет жуынатын болған. Бетке бояу жағу ықылым заманнан бері бар, орта ғасырлық адамдар бояу лас бетке ұқыпты жағылатынын және жақсы сақталатынын білген. Алайда, бұл ескінің дәстүрі.
Қазіргі таңда тазалық—денсаулықтың кепілі. Сұлулықтың да кепілі тазалық болып тұр. Күнделікті қоршаған ортаның зиянды факторларынан бетті тазартып тұру үшін күніне екі рет бетке арналған сусабынның көмегімен жуынып тұруыңыз шарт. Кірдің әсерінен бет терісі астында қосымша қабық пайда болады. Қабық болса, бет терісін күтімсіз көрсетеді. Қоршаған ортаның кейбір жағымсыз мінездері адамның сырт келбетіне қатты әсер етеді. Сол үшін бетті тазалап отыру — күтімнің басты әрі негізгі ережесі. Маңызды бір жайт, барлық істі орындаған кезде ләззат ала отырып, шын ынтамен жасаңыз. Міндет санап, амалсыздан күтім жасау күтім емес. Бет жуған сәтте рахат ала отырып, жусаңыз, оның әсері екі есе болады.
Бетіңіздің терісіне мән беріп, келісті иіссу таңдай білу маңызды. Бет терісі әдетте майлы, құрғақ болып бөлінеді. Майлы бетті құрғақтандырғыш иіссумен, құрғақ бетті ылғалдандырғыш иіссумен жуу қажет
Шаш күтімі
Қыс бойы бас киімнің астында басылып, аязға әбден тоңған шашыңыздың қазіргі жағдайы мәз емес болар? Көктем жақындағанда шашыңызға ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс.
Алдымен, шашты дұрыс кептіріп үйренейік. Шашыңызды күнде кептіруден шаршасаңыз, мына ережелерді ұстанып, шаш кептіруді ішті пыстырмайтын, шаш саулығына зақым тигізбейтін шараға айналдырыңыз. Сонымен шаш кептірудің 5 алтын ережесі:
1. Шашыңызды қыстырғыштар көмегімен бірнешеге бөліп, қыстырып қойып, әр шаш бұрымын тарақтың көмегімен кептіріңіз. Шаш кептіретін фенді шашқа 10 сантиметрден кем тақатпаңыз. Осылайша, уақытты да үнемдейсіз, шашыңыз да сәнді көрініп тұрады.
2. Шашты отырып кептіріңіз. Арулардың көбі шаштарын ваннада айнаның алдында тұрып, оның үстіне асығып кептіреді. Шаш сәндеу шеберлері бұл істі ойдағыдай атқару үшін ыңғайлы жайғасып, қол астыңызға керек болатын заттардың бәрін жиып қою керек дейді. Сондай-ақ, шашты отырып кептірген уақытты үнемдейді екен.
3. Тарақты оң қолға алып (солақай болмасаңыз), фенді сол қолмен ұстағаныңыз жөн болады.
4. Шашыңызды түбінен көтеріп кептіріңіз. Тарақпен шашты жоғары қарай тартып отырыңыз. Бұл шашыңызға көлем бермек.
5. Шашыңызды кептіргенде ауа ағынын шаштың бойымен бағыттаңыз. Бұл шаштың түбінен ұшына дейін дұрыс кебуін, сондай-ақ зақымданбауын қамтамасыз етеді.
Келесі кеңес ұзын шашты арман қылған аруларға арналады. Шашты ұзын әрі сәнді қылып өсіру үшін бірталай тер төгудің керек екені бәріне мәлім. Шаштың ұштарын 2 айда қысқартып тұру, шашқа арналған маскалар мен сұйықтықтарды қолдану керек Сондай-ақ, шашты дұрыс таңдалғантарақпен жиі тарап отыру керек. Шаштың тез өсуіне көмектесетін мына масканы да қолданып көріңіз.
Ерініңіз жарылса…
Суық мезгілде еріннің жағдайы нашарлайды: жырықтар пайда болып, шытынайды. Оның себебі неде?
Бұл қиындыққа көбінесе темекі шегетін, суды аз ішетін және еріндерін жалай беретін жандар ұшырайды. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанбау, ағзадағы гормондар жұмысының бұзылуы, А, Е, В дәрумендерінің тапшылығы ерін жарылуына себеп болады. Диабет, диарея, фарингит ауруларымен ауырған кезде және дене температурасы көтерілген жағдайда да ерін жарылып кетуі мүмкін.
Осындай қиындыққа тап болсаңыз, рационыңызға дәрумендері мол азық-түліктерді қосыңыз. Әсіресе, Е дәруменіне ерекше көңіл бөліңіз. Көкөніс, жеміс-жидек, балық, бауыр етін көбірек жеуге тырысыңыз. Ерінге арналған сұйықтықтар мен кремдерді молынан қолданыңыз.
Сондай-ақ ерініңіз жарылған болса, сізге А мен В2 дәрумені жетіспегені. Бұл жағдайда ауызқуысы гигиенасынажеткілікті көңіл бөліну керек. Сондықтан, тек ерініңізге күтім көрсетіп қоймай, ауыз қуысына да көңіл бөліңіз. Тісті дұрыс күтіп, дұрыс тазалап, тілді тазалауды да ұмытып жүрмеңіз.
Егер ерініңіз ерекше қанап, қатты ауырып жатса, стрептокок, стафилокок және Candida саңырауқұлақтарына анализ тапсырғаныңыз жөн болады. Мәселе сонда болса, ем алуыңыз қажет. С және В дәрумендерін, иммунитетті жоғарылататын сироптарды ішіп, ішімдік, ащы мен тұзды қысқартыңыз.
«КЕРЕК КЕҢЕСТІҢ» КІШКЕНТАЙ ҚҰПИЯСЫ: Кірпік әдемі, қалың да ұзын болып көріну үшін көзді дұрыс бояудың маңызы зор. 1. Көз өте дөңес болса, оған жасыл, көк бояуларды жақпайды. 2. Көз шүңірек болса, оған жағатын бояу өте ашық түсті болуға тиіс. 3. Көздің арасы алшақ болса, қастың арасына қоңыр опа жағады. 4. Көз дөңгелек болса, бояуды қабақтың үстіңгі жағына ғана жағады. Қорытындылау:
Қалай болғанда да, қыздар, өмірде нендей жағдай болмасын сұлу болудан бас тартпаңыз. Еш бір мәселе сіздің “сабалақ” түріңізге себеп болып, “ұсқынсыздыққа” жол бергеніңізді ақтай алмайды. «Жұмақтың табандарыңыз астында жатқанын» ескерсек, мұңаюға мүмкіндік бар ма? Әлемді тербеткен әдемі қалыптарыңыздан таймаңыздар! Қазақтың қайсар ұлдары тұрғанда қаракөздерге қайғыруға уақыт табылмас!
