Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика ака...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.23 Кб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Қазақ тiлi мен латын тілі кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қыз бен жігіт келбеті қандай болуы керек?

Дайындаған: Касымова Д.

Тобы: 105 «Б» ФР

Қабылдаған: Сәлім Е.

Шымкент, 2014ж.

План

Кіріспе

1.

2.

3.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

 Абайдың мына тамаша өлеңдерінен бастағым келіп тұр.

Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын. Өзі де білмей ме, Көп сөйлеп созбайын. Тереңдеп қарайсың, Телміріп тұрмайсың. Бейхабар жүргенсіп, Бек қатты сынайсың. Кең маңдай, қолаң шаш, Я бір кез, я бір құлаш. Ақ тамақ, қызыл жүз, Қарағым бетіңді аш. Абай сұлудың сыртқы сұлулығын осылайша жыр әуезіне қосады. Қарасаң шынымен де адам тамсанатындай көз алдыңа ару елестейді. Адамның қылығы, мінез-құлқы мен іс-қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие. Сондықтан олар бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан, жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Бұл екеуі яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам санасы мен қоғамдық санада ежелден бері-ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді. Сөйтсе де адамның айналадағы дүниеге қатысына табиғи тән эстетикалық сезімінің айқын межеленген өзіндік сипаттары бар.

Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі.Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті - адам, соның сұлулығы

.Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.

Абайдың да айтар ойы осымен ұласады. «Шу дегенде көрінер сұлу артық», – деп сақтандыра келе «Әйел жақсы болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей баға берме» – дейді.

Адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе нағыз сұлулық сол болмақ.

Бүгінгі дөңгелек үстел бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Сұлулық жайында халық сөзі, мақалдар.

Киіне білеміз бе?

Сұлулық сыры – күтімде.

Сұлулықтың сан сыры.

Өзіңді сүйе біл.

Ал енді осы сұлулық жайында айтылған халық сөзіне мақалына тоқталсақ. (оқушылар кезекпен тұрып мақал айтады, мақалдың мағынасын ашады).

«Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жаманның сөзі – түйеден түскендей», «Жылтырағанның бәрі – алтын емес», «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».

2. Киіне білеміз бе?

Үй киімін қалай кию керек?

Үйге киетін киімді бәріміз бірдей арнайы тіктіреміз бе (халаттан басқасын)? Көпшілігіміз мұның артық шығын екеніне сенімдіміз. Осылайша сәннен шыққан ескі киімдерімізді үйге киеміз. Бұл мүлде дұрыс емес. Үйде біз туыстарымыз бен кішкентай бауырларымыздың ортасында тек жүріс-тұрысымызбен ғана емес киімізбен де үлгі бола білуіміз керек. Әдетте біз ыңғайлы әдемі киімнің көңіл күйімізді көтеріп, ең іш пыстырарлық деген шаруаның өзін жылдам бітіруге әсер ететінін ұмытып кетіп жатамыз. Үйге киетін киімнің шыттан, сатиннен т.б. табиғи матадан тігілгені жөн. Үй киімі жиі жуылатындықтан, аталған маталар судан да, үтіктен де қорықпайды.

Үй киімінің кең таралған түстері – жіңішке сызық, майда және орташа шатыраш, ала және бір түсті маталар.

Үй киімінің ішіндегі ең жеңіл әрі ыңғайлысы үй шаруасын жасауға қолайлы көйлектер мен көйлек-халаттар, қарапайым үлгідегі белдемшелер мен қысқа немесе жартылай қысқа жеңді кеудешелер. Дене бітімі сымбатты жастардың үйге қыста – ұзын, ал жазда – тізеден төмен шалбар киюіне болады.

Сонымен қатар киімді шаң мен ластан қорғайтын алшапқыштар  мен ас үйде және тазалық жұмыстарын жасағанда қиық орамал тартқан дұрыс. Егер бұлар көйлек немесе кеудешеңізбен бірдей матадан тігілсе, ерекше үйлесіп тұрары сөзсіз. Үй киімінің қалтамен болғаны жөн.

Жұмыс киімін киюдің өз талғамы бар

Өз уақытымыздың біраз бөлігін жұмыста өткізетіндіктен, қызметтік киіміміз де маңызы зор. Олар әр түрлі: кеудеше мен белдемшелер, сарафан, көйлек, жакетті көйлек пен үнемі ыңғайлы, барлығына жарасатын костюмдер.

Жұмыс киімін жиі ауыстырудың қажеті жоқ. Ал үнемі бір киімді киіп жүруге де болмайды (гигиенаны айтпағанның өзінде).

Егер сіздің түсі мен матасы үйлесетін екі костюміңіз болса, оларды жеке киюмен қатар араластырып та кие аласыз, айталық басқа костюмнің жакеті мен белдемшесін екінші костюмнің кеудешесімен. Сонда сіздің екі костюміңіз төрт костюмге айналады Бір белдемше мен түрлі үлгідегі екі-үш кеудеше де түрлі мүмкіндік береді.

Ең дұрысы классикалық үлгідегі іскери костюм. Костюм сіздің бітіміңізге қонымды болып, сәл кеңдеу болғаны жөн, ал аксессуарлардың әр түрлі болуы мүмкін. Классикалық үлгідегі біршене белдемше алып, оны костюмдеріңіздің б ешпентімен киюіңізге болады.  Белдемшелер  тіке, қиық немесе қырлы болуы мүмкін.

Костюм барлық жағдайға бірдей қажет те бола бермес, кейде классикалық үлгідегі көйлекті үйлесімді бешпентпен кисеңіз ресми болып көрінері сөзсіз. Көйлекті костюмнің бешпентімен киюге болатына жоғарыда тоқталдық, бірақ олардың түсі, стилі мен матасы үйлесім табуы керек. Көйлектің түсі бешпенттен ашық болуы да мүмкін.

Бір киер киім (сәнді киім)

Жұмысқа киетін аяқ киім алғанда мына ережені естен шығармаңыз:

  • туфлидегі түрлі-түсті әшекейден аулақ болыңыз (олар тек би кешіне жарасады);

  • жаздың күні сәнге айналатын «металл» түсті аяқ киімді көптеген мекемелерде киюге болмайды;

  • жалпақ тақалы немесе өте жабық туфли тек шалбармен ғана киюге қолайлы, ал көйлек, костюм, белдемшемен киюге жарамайды;

  • туфлиіңіздегі әшекейдің мүмкіндігінше аз болғаны дұрыс;

  • қыста қою көк, қара, қоңыр түсті, ал жазда киіміңіздің түсіне сәйкесіп тұрғаны жөн, алайда жазғы аяқ киімнің кең таралған түсі ашық сұр мен қою қызыл не қан қызыл.

Шұлықтар

Мықты талшықтармен араластырылып жасалған (лайкра қосылған) сапалы, өлшемі шақ келетін шұлықтарды сатып алған дұрыс. Ал олардың түсі қандай болуы керек? Киіміңізге контраст беретін шұлық киюге тырыспаңыз. Одан да шұлықты белдемше, көйлек, туфлиіңіздің түсіне сәйкестендіріп алыңыз.

Жылы реңкті белдемше не туфлимен тері түстес  шұлықтар, ал қою көк түске жұқа қою көк немесе көкшіл сұр түсті шұлықтар үйлеседі. Қола түсті шұлық киіп күнге күйген түс жасаудан аулақ болыңыз, өйткені бұл нашар көрінеді әрі киіміңіздің сәнін бұзады. Сондай-ақ жұмысқа өрнегі бар шұлықтар киюге болмайды.

Егер аяғыңыз жіңішке болса ашық түсті, ал толық болса қоңырқай түсті шұлық киген орынды.