
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Кафедра: №2 акушерлік іс және гинекология
Реферат
Тақырыбы: Жүкті әйелдерді босануға психопрофилактикалық дайындау. Жүкті әйел немесе босанғаннан кейінгі әйелдерге патронаж жасау
Орындаған: Біләл Ғ.,Бодаева А.,Буркиталиев А.
Топ:ЖМ10-025-1
Курс: V
Тексерген: Акимбаева А.
Алматы 2015
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Жүкті әйелді босануға психопрофилактикалық дайынду.
Жүкті әйелге босанғанға дейігі патронаж жасаудың маңызы.
Босануға дейінгі патронаждың басты мақсаты.
Патронаждар кезіндегі жүкті әйелге ұсынымдар.
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Әйел үшін бала туу - өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Нәрестенің жайлы күйі, ана мен бала қосылуынан қуаныш пайда болуы әйелдің босануға жақсы дайындығына, көңіл күйіне, эмоциялық толқуына байланысты. Босану барысында қауіп-қатер болмаған жағдайда дені сау әйелдің табиғи мінезіне тән физиологиялық босануға жағдай жасалынады.
Босануға жан-жақты және психологиялық жағынан дайындалу керек. Бұндайда әйелдер «жеңіл босану» деп айтылатын сезім бастан кешіреді, және бұл өмір кезеңі ауырсыну, қорланушылық, қорғанысыздық естеліктерімен күнгірттенбейді. Сондықтан босануға дайындалған уақыт текке кетпейді. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Екінші және келесі бала туу алдында да ата-аналар аз уайымдамайды. Кейбір туысқандар әйелдің хал-жайын әдеттегідей, көп назар аударуды қажетсіз деп қабылдайды, кейде жүктілікке, әсіресе үшінші, төртінші бала болса қарсы болады. Әдетте, үлкен балалары анасының өздеріне назар аударуын қажет етеді, сондықтан көпжағдайда оның өзінің күйін қарауға, болашақ нәрестені ойлауға уақыты қалмайды.
Жүкті әйелдерді жеке гигиенаға, сондай-ақ оларды босануға жеке және психопрофилактикалық дайындау әйелдер консультациясына (кабинетіне) қаралған күннен басталады.
1. Дене шынықтыру әйелдердің тобына жүргізіледі. Әйелдер консультацияда (кабинетте) белгілі бір уақыттың ішінде үйде орындауға ұсынылатын арнайы жаттығулар кешенін (бұл кешенді жаңасымен ауыстырғанға дейін) игереді. Сондай-ақ жүкті әйелдерді ультракүлгін сәулелеу жүргізіледі. Босануға психопрофилактикалық дайындау жөніндегі топтық сабақтарды (8-10 адамнан кем емес) жүктіліктің 30-34 аптасында бастау орынды. Жүкті әйелдерді босануға дене шынықтыру психопрофилактикалық дайындауды учаскелік дәрігер немесе әйелдер консультациясы (кабинеті) дәрігерлерінің біреуі, арнайы дайындалған акушерка жүргізеді.
2. Әйелдерге "аналар мектебіндегі" сабақ жүктіліктің 15-16 аптасында басталады.
3. Болашақ әкелермен кейбір тақырыптар бойынша (жүкті әйелдің режимі туралы, жүктілік кезінде тамақтану туралы, баланы күту туралы және басқалар туралы) сабақ өткізу орынды.
Жүкті әйелге дұрыс тамақтану, сусын ішу, көп серуендеу, салауатты өмір салтын ұстау өте пайдалы. Бақытты ана болу үшін әйелге тәнінің дайындығынан басқа, психологиялық көңіл керек. Бұл кезде жүкті әйелге үй ішінің қарым-қатынасы өте маңызды, бәрінен бұрын жұбайы мен үлкен балаларының дұрыс көңілі. Қаншалықты адамдардың қатынасы сыпайы және жылы болса, соншалықты жүкті әйел өзін қолайлы сезінеді, жатыр да босансып, қанмен жақсы қамсызданады, сондықтан іштегі нәресте жақсы дамиды. Жүкті әйелдермен сабақ өткізу алдында тұлғаның психоэмоционалдық қалпын анықтау үшін тестілеу өткізіледі. Дайындықтан өтпеген әйелдердің мазасыздығы жоғары деңгейде болады, кейде олардың арасында депрессивтік жағдайлар да кездеседі. Тестілеу нәтижелері сабақ кездерінде жеке психологиялық коррекциялау үшін пайдаланады. Босануға психологиялық жағынан дұрыс дайындалған әйелге медикаментоздық басу қажеттілігі туындамайды, өйткені ауырсынуы бақытты сезімге ауысады. Физиологиялық босану барысында туған нәрестелер жыламай дем алады және кейде 5-10 минуттан кейін жымия да алады Бұл «өмірдің қиын тұсынын» өткендігінің белгісі, және бұндай сәтті жағдайлар тағы да қайта бала көтеруге ықылас туғызады және босану бағдарламасына әлуметтік маңыз береді.
Жүкті әйелдерге босанғанға дейін патронаж өткізу
1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек қызметінің (бұдан әрі – БМСК) педиатрия бөлімінің орта медициналық білімді қызметкері жүкті әйелді босанғанға дейінгі патронажды үйінде екі рет өткізеді: 1) жүкті әйелді есепке қою туралы ақпаратты алған кезде; 2) жүктіліктің 32-аптасында. 2. Жүкті әйелдің үйіне алғашқы келген кезде медицина қызметкері болашақ сәбидің отбасымен танысып, жүкті әйелдің жалпы жай-күйін, еңбек және тұрмыс жағдайын, санитарлық мәдениет деңгейін, кәсібінің зиянды жақтарын, анада ауруларының болуын (АИТВ, жыныстық жолмен берілетін жұқпа аурулары, туберкулез, қызамық және басқа) бағалайды және жүктіліктің өтуіне, болашақ баланың күтімінің сапасына әсер ететін қауіп-қатерді анықтайды, сонымен қатар тұрмыста зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу мен құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері жөнінде консультация жүргізеді. Қиын өмір жағдайына ұшыраған тұлғалар анықталған жағдайда көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының № 3 актілерінің жинағында жарияланған, 2010 жыл) бекітілген денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына (бұдан әрі - денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттар) сәйкес көрсетіледі. 3. Босанғанға дейінгі екінші патронаж кезінде медицина қызметкері жүкті әйел мен оның сүт бездерінің жағдайын бағалап, сәбиді емізуге дайындық бойынша ұсынымдар мен нәрестені емізу, оны күтіп-бағу дағдыларына үйрету мақсатында ДСБК-не қабылдауға шақырады. Сонымен қатар нәрестеге арналған бұрышты (орын, кереует, іш киімдер, киім және басқа күтім жасауға арналған бұйымдар) дайындау жөнінде ұсынымдар береді. 4. Медицина қызметкері жүктілік пен босану қалыпты өтіп жатқан кезде де, сондай-ақ акушер қауырт араласатын жағдай туындаған немесе толғақ қысқан кезде ана мен баланың денсаулығы мен амандығын қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз ету мақсатында отбасы мүшелерін үйретеді. 5. Медицина қызметкері жасы 18-ге толмаған немесе төртеуден артық бала туған 35 жастан асқан аналар (әсіресе босану аралығы жиі болған жағдайда) экстрагениталдық ауруларымен ауыртпалық түсіретін акушерлік анамнезі бар жүкті әйелдерге айрықша көңіл бөлуі тиіс. 6. Медицина қызметкері бала туылғанға дейінгі патронаждар кезінде жүкті әйелге мынадай ұсынымдар жөнінде: 1) қалыпты күн режімін, демалыс және ұйқы, белсенді қимыл-қозғалу режімін сақтауды; 2) құнарлы тамақтануды; 3) препараттарды (құрамында йод бар, құрамында темір-фоли қышқылы бар) аурудың алдын алу мақсатында қабылдауды; 4) жыныс жолымен берілетін жұқпалардың, оның ішінде АИТВ инфекциясының алдын алуды; 5) аналар мен жеке гигиена және тұрғылықты орнын дұрыс жабдықтауды; 6) темекі шегудің, ішімдік ішу мен есірткі пайдаланудың ұрықтың дамуына тигізетін әсері туралы ұсынымдар береді. 7. Босанғанға дейінгі патронаждар кезінде медицина қызметкері мыналарға назар аударады: 1) жүкті әйелдің күн режимі, диета еңбек ету, демалу, сүт бездеріне күтім жасау, санитариялық-гигиеналық режім мен емдеу-сауықтыру іс-шараларына қатысты акушер-гинекологтың ұйғарымын орындау; 2) шұғыл шаралар қабылдау мақсатында жүктіліктің өтуінің қауіпті белгілерін анықтау, сонымен қатар отбасы мүшелерін қатер тудыратын белгілерді тану және шұғыл медициналық көмекке жүгінуге үйрету. 8. Медицина қызметкері бала туылғанға дейінгі патронаж кезінде жүкті әйелді жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін «қатерлі белгілерін» тануға үйретеді және мынадай жағдайлар бір рет болған кезде тез арада медициналық көмекке жүгінуін ұсынады: 1) қынаптан қан аралас бөлінулер; 2) бұлшық еттердің тартуы және қол-аяқ, беттің жансыздануы; 3) бас қатты ауыруы; 4) іш ауыруы; 5) құсу; 6) ұрықтың сирек қимылдауы немесе қимылдамауы; 7) дененің қызуы 37,5оС-тан жоғары; 8) қағанақ суының ағып кетуі; 9) қол-аяқтың немесе дененің басқа мүшелерінің анық байқалатындай ісінуі; 10) демнің тарылуы немесе демікпе; 11) жүректің жиі қағуы; 12) көру қабілетінің бұзылуы.