1.3. Құқықтың пайда болуы.
Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау- дамай осы күні де жалғасуда. Құқық мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте – бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды.
Әдет – ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашлық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет – ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тархи – құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өміріді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді3. Қазақтың мемлекеті тарихына, әдет – ғұрып заңдарын зерттеуге, билер институтының демократиялық халықтық жақтарын ашып көрсетуге арналған ғылыми еңбектері жарық көрді. Ең алғашқы соққыны қазақ халқының құқығы, әдет – ғұрып заң – қағидалары патшалық Ресейден алды. Қазақ құқықғы туралы талай еңбектер жазылды, жазылады да. Көшпелі қазақ қоғамы және әдет – ғұрып заңдарының қалыптасуын сөз еткенде, қазақ қоғамының өткен тарихы жазба деректерге кеміс болғанымен ауыз әдебиетіне өте бай. Соның бір көрінісі – шежіре. Қазақ халқының ежелгі замандағы озық, ойлы да білікті азаматтары ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан ата – бабалар шежіресін, өзінің ұлттық генеалогия тарихын жазып қалдырып отырған. Халық арасында бүкіл қазақтың жетпіс жеті атасын тарататын шежірешілері де болған.Адам мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі – нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп – басқару өте қажет. Американың ірі этнографы Л. Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам » деп аталатын еңбегінде, Ф. Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ олардың пікірлері қазіргі тарихи – құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынады бағалануда. Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормалармен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әртүрлі болды.
1.4. Құқықтың дамуы.
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте – бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді: — деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп – басқаруға өте қажет.Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан – жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық мемлекетті жақтайды.Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым – қатынасын реттеп , басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.Құқықтың белгі - нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.Материалистік теория – құқық саяси – экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде – мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады — деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстем таптың мүддесі.Бұл теорияның тарихи даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезең – құқықтың мазмұнын түсіну және оның қоғам дамуындағы мазмұны; екінші кезең – құқықтың болашағына көз – қарасы; үшінші кезең – марксистік көз – қарасты бұрмалау.Бірінші кезеңде ғылымның құқықтың мазмұнын түмінуі дұрыс еді – құқықтың экономикалық және таптың күреспен тығыз байланыста болуы. Екінші кезеңде – буржуазиялық мемлекетпен құқық теориясының мазмұнын біржақты зерттеп, оның процестік рөлін, маңызын дұрыс түсіндіреді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Ушінші кезеңде кейбір елдердің басшылары марксизмнің мазмұнын бұрмалап, өздерінің әкімшілік – әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:
Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болшақ емес;
Құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде – мақсатын қорғайтын негізгі құрал;
Құқық меншіктің барлық түрлерін қорғайтын негізгі куш;
Құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы, қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал. Сонымен, құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік т.б. бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара – қатынасын зерттейтін негізгі күш – құрал.Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды – деп түсіндерген. Цицерон – табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес – деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах,Радищев т.б.өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір – біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана – сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормаларды өзгертіге болады.Бұл теорияның өкілдері : Густав Гуго, Карл Савинын,Фридрих Пухта, Штиль т.б.Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс – әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана – сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс – әректінің байланысын Петрижицский этикалық сана деп атайды.Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды ( позитивтік ). Жеке тұлғалық құқық – жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық – басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
