Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TGP2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152.06 Кб
Скачать

Кіріспе.

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуын қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызды. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс, бірақ жеткіліксіз.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.

«Құқық» деген – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады. .

«Құқық» деген – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқық туралы Конституциясының 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері» болып табылады. «Құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық құқық , әкімшілк құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы т.б. .

«Құқық» термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық жүйе.

Сонымен, «құқық» терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді.

Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Менің бұл тақырыпты тандау себебім: Қазақстанда мемлекеттік құқық туралы Конституциясының 4-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері» болып табылады. Яғни ;  Құқықтың дамуын – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарын зерттеу.

Мақсаты:қоғамның жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау, қарым-қатынастарды реттеп, басқару,қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси - әлеуметтік, мәдениеттілік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

Зертелгендігі:Бұл тақырыпта өзіміздің ғалымдарымыз  А.Б.  Венгеров , Г.С. Сапарғалиев ,  А.С. Ибраева ,А Бейсенова , К Біржановтың негізгі еңбектерінде қарастырылған.

Нормативтік заңы:Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995

Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996 ж.

Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

Құрылысы:Менің курстық жұмысым кіріспе негізгі бөлім қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. Құқықтың мазмұны.

1.1. Құқық туралы негізгі түсініктер.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады; біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі -  құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардын байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің коғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін, коғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

  • 1.Норма мемлекеттік органнын қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

  • 2.Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.

  • Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

  • Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

  • 5 .Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида. Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген. Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді; Қоғамның  әр  саласына  қарай  өндірістік,  ауыл-шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т. б. бағыттағы нормалар. Құқықтың    әр    саласына    қарай    мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық- процессуалдык, т.б. саладағы нормалар.

Атқаратын   жұмысына   қарай   нормалар   екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар. . Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар. .Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық,заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б. Құқықтьқ нысаны - мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:

Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам   тарихында мемлекеттің   қалыптасу   кезеңінде өмірге  келген  құқық  нысаны.  Әдет-ғұрып  нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде   жан-жақты   тәжірибе арқылы   қалыптасқан.  Мысалы, Maнy заңы, орыс правдасы,  "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның   "Жеті   жарғысы"   т.б.   айтуға   болады.   Қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық әдеттерін    дамытқан.    Қиыннан    қиыстырып    тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Әдет-ғұрып    нормалары   арқылы    қазіргі    кезеңде   де дамушы елдерде    біраз   қарым-қатынастар    реттеліп,басқарылып жатады.

Референдумда қабылданған  нормативтік кесімдер  заңның   бір  түрі. Сондықтан   бұл   кесімдер құқықтың   ең   күрделі,   ең басым негізі.    Референдум жалпы  мемлекеттік  түрде  және  жергілікті   мақсатпен өткізіледі. .

Нормативтік-құқықтық кесім мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.

Заңдық, күшіне қарай нормативтік кесімдер екі түрге бөлінеді: заңдар және заңға тәуелді актілер. Бұл нормалар мемлекеттік көлемде, қоғамды басқаратын ең жоғарғы мемлекеттік органның бекіткен құжаттары (президент, парламент, үкімет т.б.).

Мазмұнына қарай нормативтік актілер қоғамның әр саласына сәйкес бөлінеді: азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, қылмыстық т.б. Сонымен қатар, нормативтік кесімдер бірнеше саланы біріктіріп реттеп, басқарып отырады. Мысалы, шаруашылық, сауда, әскери, сауда, теңіздік, табиғат т.б. жүйедегі актілер.

Көлеміне қарай нормативтік кесімдер үш түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, шектеулі, төтенше актілер.

Кесімдер қабылдаған субьектісіне қарай үшке бөлінеді: Парламенттің актілері, атқарушы органның актілері, сот билігінің актілері.

Заң - мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күші бар нормативтік кесім. Барлық заңдар және заңға тәуелді нормативтік кесімдердің Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдігі дейді. Заңның белгі  нышандары:

1.  Мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органы немесе референдумда қабылданған, бекіткен кесімі.

2.  Ең күрделі мәселелер туралы қабылданған кесім.

3.  Заңның өзіне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады:  заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекіту; заңды жариялау.

4.Заңды  ешкім  өзгертпейді,  толықтырмайды.   Тек қана қабылдаған орган ғана өзгерте алады, толықтырады.

5. Заң - барлық нормативтік актілердің негізі, діңгегі. Қоғамда заңның үстемдігі қалыптасу керек.

Заңның үш түрі қалыптасқан: Конституциялык заңдар, жай заңдар, төтенше заңдар, Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік кесімдер арқылы қалыптасады. Құқықтың нәр алатын бастауы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.

Заңның күші төрт "өлшемде" жүзеге асырылады: мерзімде, кеңістікте, тәнінде, тұлғаларға байланысты. Заңның қолданылуы екі бағытта жүзеге асырылады:

1. Заң колма-қол, басылған күннен бастап күшіне енеді. Тек сол күннен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

2. Егер заңда бұрын пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады деген қағида болса, заңның кері күші болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі. Жауапкершілік белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері  күші  болмайды.  Егер  іс-әрекет жасалғанда  оған жауапкершілік заңда белгіленбеген болса, онда ешкім ол жауапқа тартылмайды.

Заң шығарған орган, әдетте заңмен бірге заңды күшіне еңгізу туралы қаулы қабылдайды, Заңның жүзеге асырылуы тоқтатылса, ол күшін жойған болып есептеледі. Ол мынадай жағдайларда күшін жояды: көрсетілген мерзімі өтсе; күші жойылғаны туралы кесім қабылданса; іс жүзінде күшіндегі заңның орнына басқа заң қабылданса.

Заңның кеңістіктегі күшінің шет мемлекеттің аумағымен және егемендігімен байланысты. Мысалы, Қазақстанның аумағы оның жергілікті әкімшіліктерінің аумағынан, ішкі сулардан, теңіздерден, оның жоғарғы ауа кеңістігінен тұрады. Заңға тәуелді нормативтік кесімдер - бұлар заңға қайшы келмеуі керек және заңды орындау үшін өмірге келеді. Заңның уакытында әрі дұрыс, орындалуын камтамасыз етеді. Заңға сәйкес жергілікті ерекшеліктерді, жағдайды ескере отырып кесім қабылданады. Мазмұнына қарай   заңға   тәуелді   нормативтік кесімдер бірнеше түрлерге бөлінеді.        

1.1.Жалпылама заңға тәуелді нормативтік кесімдер - мемлекеттің барлық аумағында күші бар экономикалық, әлеуметтік т. б. салалардағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормалар. (Елбасының жарлықтары, үкіметтің қаулылары).

2. Жергілікті заңға тәуелді нормативтік кесімдер - жергілікті басқарушы аппараттардың қабылдаған кұжаттары. Бұл кесімдер Президенттің жарлығын, үкіметтің қаулысын орындау негізінде қабылданып және өздерінің құзырында әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік т. б. мәселелерді шешу үшін негізгі бағыттарды белгілейді, шешімдер бекітеді.

Мекемелік нормативтік кесімдер - бұйрықтар, нұсқаулар арқылы өз құзырындағы   мәселелерді   іске асырудың жолдарын, бағыттарын анықтап,   жұмысқа кіріседі.   

Бірлестіктердің, одақтардың, ұйымдардың т. б. ұжымдардын заңға тәуелді нормативтік кесімдері.

Com билігінің актілері. Сот жүйесінің көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, қорытынды ұсыныстар жасалады. Оның маңызы өте зор. Нормативтік кесімдердің кемшіліктерін, қателіктерін толықтырады, жетіспейтін жерлерін жетілдіреді.

Жоғарғы сот мемлекеттің көп жылғы тәжрибесіне сүйене отырып жаңа нормативтік кесім жасайды және оны сот жүйесі қолдануға міндетті. Сөйтіп сот саласының жұмысын жақсартуға тиісті мүмкіншілік жасайды. Қоғамның диалектикалық процесіне сәйкес құқықтың актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі молаяды. Сондықтан мемлекет қабылдаған барлық нормативтік кесімдерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп отырады. Оның үш түрі бар: кодификация (мазмұны өзгерген кодекстер, жарғылар, жарнамалар, әскери заңдар, салық заңы т.б.), инкорпорация (мазмұнын өзгертпей сала-салаға, алфавит, шықкан уақытына сәйкес жүйеге келтіру), консолидация (бір саладағы кесімдерді мазмұнын өзгертпей жүйелеу).

Құқық шығармашылығы – мемлекеттің жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілігі зор   түрі.   Құқықтық шығармашылық тікелей мемлекеттік органның нормативтік кесімдерді, өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды және нормаларды референдум арқылы бекіту арқылы жүзеге асырылады.

  • мәслихаттар   және   жергілікті   атқарушы   органдар   өз өкілеттіктерінің ауқымында нормативтік-құқықтық кесімдер жасауға құқылы.

Құқық - қолдану, жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықты жүзеге асырудыц ерекше тәсілдері бар:

  • құқықты сақтау (мәні: тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тарту);

  • құқықты   орындау   (мәні:   жүктелген   міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау);

Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:

  • істің нақтылы мән жайларын анықтау;

  • істің заңды негізін анықтау;

  • құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;

  • шешімді жүзеге асыру.

Қоғамдық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін, және де басқа себептермен бір-бірімен қатынаста (саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т. б.) болады. Бұл байланыс-қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Осылардың ішіндегі құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар болып табылады. Бұл үшін бір-бірімен байланысты үш негіз болуы керек:

1) құқық нормасы;

2) субъективтік құқықтар мен міндеттер;

3) заңға негізделген айғақ болуы керек. Мысалы, студент қыз бен жігіт достасып жүреді. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалардың, әдет-ғұрыптың негізінде жүріп жатады. Ал, екеуі заңды некеге тұрғаннан кейін, қарым-қатынастары құқықтық қатынастарға, мемлекеттік органға барып тіркелуі, заңға негізделген айғаққа айналады.

Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады. субъект, объект, субьективтік құқық, заңды міндеттер.

1.Құқықтық қатынастардың субъектісі - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары сондай-ак азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып үғынылады. Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.

Құқықтық қабілет - құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.

Әрекеттілік - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіліктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормадағы белгілі жасқа толу болып табылады.

Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат -мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабілеттілігі бар деп саналады.

2. Құқықтық   қатынастың   объектісі   (заты)   -қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық,әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбектік және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылыктың өнімдері,жеке

мүліктік   емес   игіліктер,   құқық   субьектілерінің мінез-құлқы және құқық қатынастарының нәтижелері -құқық қатынастарының обьектілері.

3.Субьективтік құқық - құқықтық қатынастардағы субьектілердің      екі      жақты      мүдде-максаттарының орындалуы. Субьективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші - қатынастың күрделі мақсатын толық орындау;   үшінші   -   көрсетілген   міндеттердің   дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші - егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субьектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды.

4. Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субьектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субьектілердің міндеттері бар. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]