- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •3. Өндірістік ғимараттарға және үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •4. Өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістер мен жабдыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •5. Өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •6. Сумен жабдықтауға, су бұруға және өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалау
- •4. Санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеу
- •5. Санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режимі
- •1. Химиялық өндірістер
- •2. Металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері
- •3. Кен, кенсіз қазбалар, табиғи газ өндіру
- •4. Құрылыс өнеркәсібі
- •5. Ағашты өңдеу
- •6. Тоқыма өндірісі және жеңіл өнеркәсіп өндірісі
- •7. Мал өнімдерін өңдеу
- •8. Тамақ өнімдерін және дәмдеуіш заттарды өңдеу
- •9. Микробиология енеркәсібі
- •10. Ауыл шаруашылығы объектілері
- •11. Санитариялық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілер
- •12. Жүк қоймалары, айлақтары және түсіру және сақтау орындары, жүктер мен кемелер фумигациясы, газ дезинфекциясы, дератизациясы және дезинсекциясы өндірістері
- •13. Минералды отын жаққан кездегі электр және жылу энергиясын өндіру
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын өндірістік объектілерді (бұдан әрі - объект) жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып өнеркәсіптік алаң сыртында пайда болатын ластану деңгейлері рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі - РЕШШ) және/немесе рұқсат етілген шекті деңгейден (бұдан әрі - РЕШД) 0,1-ден асатын объектілер болып табылады, осындай объектілер үшін санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасы өнеркәсіптік шекарамен сәйкес келуі мүмкін. 2. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға мыналар: 1) санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеуге қойылатын талаптар; 2) санитариялық-қорғаныш аймағын жобалауға қойылатын талаптар; 3) санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режіміне қойылатын талаптар кіреді. 3. Қызметі атом энергиясын пайдалануға байланысты объектілерге осы талаптар қолданылмайды. 4. Санитариялық қағидалар кәсіпорындардың, өндірістердің қауіптілігін сыныбына, санитариялық-қорғаныш аймағының өлшеміне қойылатын талаптарды, санитариялық ажыраулар мен қашықтықтарға, осы өлшемдерді қайта қарауға негіздемелерді, жекелеген объектілер үшін оларды белгілеу әдістері мен тәртібін, санитариялық-қорғаныш аймағының аумағына шектеулерге, оларды ұйымдастыруға және абаттандыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қауіпті коммуникациялар мен құрылыстардың (автомобиль және теміржол жолдары, авиациялық базалар, магистральды құбырлар) санитариялық ажырауларға қойылатын талаптарды белгілейді. 5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасы - санитариялық-қорғаныш аймағының аумағын немесе шекараларынан тыс жерде әсер ету факторлары белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын жоспарлы кескіндердің ең көп кеңістіктерін шектейтін сызық; 2) ластану аймағы - шегіндегі атмосфераның жер бетіндегі қабаты РЕШШ-дан асатын зиянды заттармен ластануы мүмкін ластану көзінің айналасындағы аумақ; 3) объектінің қауіптілік сыныбы - қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін ластайтын заттардың, пайда болатын шудың, дірілдің, иондамайтын сәулеленудің қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін сипатына және мөлшеріне байланысты белгіленетін, кейіннен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беретін, қызметтің осы түріне құқығы бар жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты; 4) қолайлы тәуекел - қолайсыз әсерді төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдауды қажет етпейтін және халықтың күнделікті өмірі мен қызметіндегі тәуекелдерге қатысты тәуелсіз, елеусіз ретінде бағаланатын қолайсыз әсердің даму тәуекелінің деңгейі; 5) өндірістік объект - адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмыс орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі; 6) өнеркәсіптік алаң - өнім шығару, жұмыс орындау және қызмет көрсету бойынша өндірісті орналастыруға арналған және қызметі адамның өмір сүру ортасына әсер етуі мүмкін негізгі объектілер орналасқан аумақ; 7) санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемін негіздеу жобасы - штаттық режімде жұмыс істеу үшін, апаттық жағдайларда фонды есепке ала отырып, объектінің толық жобалық қуатына шығарындылардың барынша қолайсыз сейілу жағдайларын және аналогтарды зерделеуді анықтайтын өлшем; 8) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерден бөліп тұратын аумақ (бұдан әрі - СҚА); 9) санитариялық ажырау - зиянды әсер ету көзінен бастап тұрғын үй құрылысының, ландшафты-рекреациялық аймақтың, демалыс, курорт аймағының шекарасына дейінгі ең аз арақашықтық; 10) апаттық жағдайларды есепке алу - жобалау құжаттамасында халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиісті шығарындылардың сейілу есептеулерінің және іс-шаралар жобаларының болуы.
