- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •3. Өндірістік ғимараттарға және үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •4. Өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістер мен жабдыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •5. Өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •6. Сумен жабдықтауға, су бұруға және өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалау
- •4. Санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеу
- •5. Санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режимі
- •1. Химиялық өндірістер
- •2. Металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері
- •3. Кен, кенсіз қазбалар, табиғи газ өндіру
- •4. Құрылыс өнеркәсібі
- •5. Ағашты өңдеу
- •6. Тоқыма өндірісі және жеңіл өнеркәсіп өндірісі
- •7. Мал өнімдерін өңдеу
- •8. Тамақ өнімдерін және дәмдеуіш заттарды өңдеу
- •9. Микробиология енеркәсібі
- •10. Ауыл шаруашылығы объектілері
- •11. Санитариялық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілер
- •12. Жүк қоймалары, айлақтары және түсіру және сақтау орындары, жүктер мен кемелер фумигациясы, газ дезинфекциясы, дератизациясы және дезинсекциясы өндірістері
- •13. Минералды отын жаққан кездегі электр және жылу энергиясын өндіру
1. Химиялық өндірістер
1. 1 сынып - СҚА 1000 м-ден кем емес: 1) байланысқан азот (аммиак, азот қышқылы, азот-тук және басқа тыңайтқыштар) өндірісі. Аммиак, құрамында азот бар қосындыларды (несепнәр, тионесепнәр, гидразин мен оның туындылары және басқалары), азот-тук, фосфат, концентрацияланған минералды тыңайтқыштарды, азот қышқылын және басқаларды шығаратын комбинаттар осы Санитариялық қағидалардың36-тармағына сәйкес анықталатын кеңейтілген СҚА қажет етеді; 2) бензол және эфир қатарындағы анилинді-бояу енеркәсібі өнімдері мен жартылай өнімдері - анилин, нитроанилин, алкилбензол, нитрохлорбензол, фенол, ацетон, хлорбензол және басқалары өндірісі; 3) нафтален және антраценов қатарындағы жартылай өнімдер - бетанафтол, аш-қышқылы, фенилпери қышқылдар, периқышқыл, антрахинон, фтал ангидриді және басқалары өндірісі; 4) күкіртті немесе құрамында күкірті бар материалдарды жағу әдісімен қышқылды сульфитті және бисульфитті немесе моносульфитті целлюлозаның және жартылай целлюлозаның өндірісі, сондай-ақ сульфатты әдіс (сульфат-целлюлоза) бойынша целлюлозаны өндіру; 5.) электролиттік жолмен хлорды, хлордың негізінде жартылай өнімдерін және өнімдерін өндіру; 6) хлорлау әдісімен (титомагний, магний және басқалары) сирек металдар өндірісі; 7) жасанды және синтетикалық талшықтар (визкоза, капрон, лавсан, нитрон және целлофан) өндірісі; 8) диметилтерефталат өндірісі; 9) капролактам өндірісі; 10) күкіртті көміртек өндірісі; 11) синтетикалық полимерлік материалдарға арналған өнімдер мен жартылай өнімдерді өндіру; 12) күшәла және оның қосындыларын өндіру; 13) мұнайды, ілеспе мұнай және табиғи газды қайта өңдеу өндірісі. Құрамындағы күкірт қосындылары 1%-дан (салмақты) артық көмірсутекті өңдегенде СҚА аймағы негізделіп ұлғайтылуы тиіс; 14) пикрин қышқылын өндіру; 15) фторды, фторлы сутекті және олардың негізіндегі жартылай өнімдер мен өнімдерді (органикалық, органикалық емес) өндіру; 16) жанғыш тақта тасты қайта өңдеу өндірісі; 17) қара күйе өндірісі; 18) фосфор (сары, қызыл) және фосфорорганикалық қосындылар (тиофос, карбофос, меркаптофос және басқалары) өндірісі; 19) суперфосфат тыңайтқыштары өндірісі; 20) кальций карбиді, кальций карбидінен ацетилен алу және ацетилен негізіндегі туындылар өндірісі; 21) жасанды және синтетикалық каучук өндірісі; 22) көгертетін қышқыл, оның негізіндегі органикалық жартылай өнімдер және өнімдер (ацетонциангидрид, этилен-циан, метакрил және акрил қышқылдары эфирлері, диизоцианиттер және басқалары) өндірісі; цианды тұздар (калий, натрий және басқалары), цианплав, дицианамид, кальций дицианамиді өндірісі; 23) көмірсутекті газдардан және оның негізіндегі өнімдерден ацетилен өндіру; 24) синтетикалық химиялық-фармацевтикалық және дәрі-дәрмек препараттарын өндіру; 25) оттегімен тікелей тотықтыру арқылы синтетикалық май қышқылдарын, жоғары май спирттерін өндіру; 26) меркаптандар өндірісі, орталықтандырылған газды меркаптандармен одоризациялау қондырғылары, одорант қоймалары; 27) хромды, хромды ангидридті және оның негізіндегі тұздарды өндіру; 28) күрделі эфирлер өндірісі; 29) фенолформальдегид, полиэфир, эпоксид және басқа жасанды шайыр өндірісі; 30) метионин өндірісі; 31) металдар карбонилін өндіру; 32) таскөмірлі қара майды, мұнайды, қылқан жапырақты (гудронды, жартылай гудронды және басқаларын) айдаудың қалдықтарынан битумды және басқа өнімдерді өндіру; 33) бериллий өндірісі; 34) синтетикалық спирттер (бутил, пропил, изопропил, амил) өндірісі; 35) вольфрам, молибден, кобальт гидрометаллургиясы өндірісі; 36) жемдік амин қышқылдарын (жемдік лизин, премикстер) өндіру; 37) пестицидтер өндірісі; 38) оқ-дәрі, жарылғыш заттар өндірісі, қоймалар мен полигондар; 39) алифатиялық аминдер (моно-ди-үш-метиламиндер және басқалары) және оның негізіндегі өнімдерді (симазин және басқалары) өндіру. 2. II сынып - СҚА 500 м-ден кем емес: 1) бром, оның негізіндегі өнімдерді және жартылай өнімдерді органикалық және бейорганикалық) өндіру; 2) газдар (жарықтық, сулы, генераторлық, мұнайлық) өндіру; 3) көмірді жер астында газдандыру станциялары; 4) органикалық еріткіштерді және майды (бензол, толуол, ксилол, нафтол, крезол, антрацен, фенантрен, акридин, карбозол және басқалары) өндіру; 5) таскөмір және оның негізіндегі өнімдерді (таскөмірлі пек, шайыр және басқалары) қайта өңдеу объектілері; 6) шымтезекті химиялық қайта өңдеу объектілері; 7) күкірт қышқылын, олеумді, күкіртті газды өндіру; 8) тұз қышқылын ендіру; 9) күкіртті қышқыл әдісімен немесе тікелей гидратация әдісімен синтетикалық этил спиртін өндіру. Фосген және оның негізіндегі өнімдер (парофор және басқалары) өндіру; 10) қышқылдарды: аминоэнантты, аминоундеканды, аминопеларгонды, тиодиваленианды, изофталды өндіру; 11) натрий нитритін, тионилхлоридті, көмір аммоний тұздарын, көмірқышқылды аммонийді өндіру; 12) диметилформамид өндірісі; 13) этил сұйықтығы өндірісі; 14) катализаторлар өндірісі; 15) күкіртті органикалық бояғыштар өндірісі; 16) калий тұздары өндірісі; 17) ұшпа органикалық қосындылар қолданылатын жасанды тері өндірісі; 18) азотолдар және азоаминдер барлық сыныбының текшелік бояғыштарын өндіру; 19) этилен тотығы, пропилен тотығы, полипропилен өндірісі; 20) 3,3-ди(хлорметил)оксоциклобутан, поликарбонат, пропилен мен этилен сополимерлері, мұнайдың ілеспе газдары базасында жоғары полиолефиндер полимерлерін өндіру; 21) пластификаторлар өндірісі; 22) хлорвинил негізінде пластмасса өндірісі; 23) цистернаны (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдағанда) тазарту, жуу және булау пункттері; 24) синтетикалық жуғыш заттар өндірісі; 25) бастапқы өнімдері өндірілетін тұрмыстық химия өнімдерін өндіру; 26) бор және оның қосындыларын өндіру; 27) парафин өндірісі; 28) қарамай, ағаштан сұйық және ұшпа погондар, метил спирті, сіркесу қышқылы, скипидар, терпетин майы, ацетон, креозот өндірісі; 29) сіркесу қышқылы өндірісі; 30) сіркесу қышқылы мен сіркесу ангидридінің шикізат өндірісі мен ацетилцеллюлоза өндірісі; 31) пентозан қосындыларымен өсімдік шикізатын қайта өңдеу негізіндегі гидролиз өндірісі; 32) изоактил спиртін, майлы альдегид, май қышқылын, винилтолуолды, пенопласты, поливинилтолуолды, полиформальдегидті, органикалық қышқылдардың регенерациясын (сіркесу, майлы және басқалары), метиопирролидонды, пен-таэритритті, уротропинді, формальдегидті өндіру; 33) капрон және лавсан матасының өндірісі. 3. III сынып - СҚА аймағы 300 м-ден кем емес: 1) ниобий өндірісі; 2) тантал өндірісі; 3) аммиакты әдіспен кальцийленген сода өндіру; 4) аммиакты, калийлі, натрийлі, кальцийлі селитра өндірісі; 5) химиялық реактивтер өндірісі; 6) целлюлоза эфирлерінен пластикалық массалар өндіру; 7) корунд өндірісі; 8) барий және оның қосылыстарының өндірісі; 9) ультрамарин өндірісі; 10) ағаштан жемдік ашытқылар мен фурфурол және гидролиз әдісімен ауыл шаруашылығы қалдықтарын өндіру; 11) никотин өндірісі; 12) изомеризациялық әдіспен синтетикалық камфара өндірісі; 13) меламин және цианур қышқылының өндірісі; 14) поликарбонаттар өндірісі; 15) күшәла, фосфор, хром, қорғасын және сынап тұздарынан басқа, минералды тұздар өндірісі; 16) пластмасса (карболит) өндірісі; 17) фенолформальдегид прессматериалдарын, фенолформальдегидті шайыр негізіндегі қағаздан, матадан престелген және оралған бұйымдар өндірісі; 18) жасанды минералды бояулар өндірісі; 19) резеңке мен каучукты регенерациялау өндірісі; 20) шиналар, резеңкелік-техникалық бұйымдар, эбонит, желімделген аяқ-киімді, сондай-ақ олар үшін резеңке қоспаларды өндіру; 21) сурьма, висмут және басқалары тұздарын алу үшін сирек кездесетін металдарды химиялық қайтадан өңдеу; 22) электр өнеркәсібіне көмір бұйымдарын (щеткалар, электр көмірлері) өндіру; 23) резеңкені вулканизациялау өндірісі; 24) аммиакты судың өндірісі мен базисті қоймалары; 25) парофазалық әдіспен (металды сынапты қолданбай) ацетальдегид өндіру; 26) полистирол және стиролдың сополимерлерін өндіру; 27) кремний органикалық лактарды, сұйықтықтарды және шайырларды өндіру; 28) меркаптаннан одоризациялық құрылғысымен магистралды газ құбырларының газ тарататын станциялары, ашық алаңдағы компрессорларымен газ жинақтаушы (газды құятын) станциялары; 29) себацин қышқылын өндіру; 30) винилацетат және оның негізіндегі өнімдерді (поливинилацетат, поливинилацетатты эмульсия, винил спирті, винифлекс және басқалары) өндіру; 31) лак өндіру (майлы, спиртті, типографиялық, оқшаулаушы, резеңке өнеркәсібі үшін және басқалары); 32) ванилин мен сахарин өндірісі; 33) бөлудің сығылған және сұйытылған өнімдерінің өндірісі; 34) техникалық саломас (электролиттік емес әдіспен сутегі алынатын) өндірісі; 35) парфюмерия өндірісі; 36) ұшпа органикалық еріткіштер қолданылмайтын поливинилхлорид және басқа шайыр негізіндегі жасанды тері өндіру; 37) эпихлоргидрин өндірісі; 38) сығылған азот, оттегі өндірісі; 39) жемдік ашытқылар өндіру; 40) булану құрылғыларымен және қайта өңделетін шикізат бойынша өнімділігі сағатына 0,5-тен көп емес мұнай өнімдерін қайта өңдеу өндірісі. Тауарлы мұнайды бензинге, дизель отыны мен мазутқа тікелей айдауға индукциялық қыздыру жүйесін қолданатын, қуаттылығы жылына мұнайдың 100 000 тоннасына дейін аз күкіртті және күкіртті мұнайды қайта өңдейтін құрылғылар үшін атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шоғырлануына есептеу жүргізілуі тиіс. Осы қондырғыларды тұрғын үй құрылыс арасына орналастыруға және оларда жоғары күкіртті мұнайды қайта өңдеуге жол берілмейді. 4. IV сынып - СҚА аймағы 100 м-ден кем емес: 1) тук қоспаларын өндіру; 2) фтор пластарын қайта өңдеу өндірісі; 3) дайын целлюлоза мен ескі-құсқыдан қағаз өндіру; 4) глицерин өндірісі; 5) галалит және басқа белокты пластиктер (аминопластар және басқалары) өндірісі; 6) конденсациялық шайырда эмаль өндіру; 7) сабын өндірісі; 8) түзды қайнататын және тартатын өндіріс; 9) калийдің фармацевтикалық тұздарын (хлор, күкірт қышқылды, поташа) өндіру; 10) минералды табиғи (бор, охра және басқа) бояу өндірісі; 11) дубилді экстракт өндірісі; 12) полиграфиялық бояу зауыты; 13) фотохимия (фотоқағаздар, фотопластинкалар, фото және кинопленкалар) өндірісі; 14) дайын бастапқы өнімдерден тұрмыстық химия тауарларын өндіру және оларды сақтау қоймалары; 15) олифа өндірісі; 16) әйнек талшық өндірісі; 17) медициналық әйнек (сынапсыз) өндірісі; 18) пластмассаны өңдеу (құю, экструзия, престеу, вакуум-қалыптау) өндірісі; 19) полиуретан өндірісі. 5. V сынып - СҚА аймағы 50 м-ден кем емес: 1) дайын дәрі-дәрмек түрлерін (құрамдас бөлігін даярлаусыз) өндіру; 2) макулатурадан қағаз өндіру; 3) қуаттылығы тәулігіне 160 кг-нан артық киімді химиялық тазартатын фабрикалар; 4) пластмассадан және синтетикалық шайырдан (механикалық өңдеу) бұйым өндіру; 5) көмір қышқылын және "құрғақ мұз" өндіру; 6) Жасанды інжу өндірісі; 7) сіріңке өндірісі.
