Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СҚІТ УМКД 2014.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
927.23 Кб
Скачать

16.2 Қорытынды бағалау есебі

Пән бойынша қорытынды бағалау пайыздық түрде келесі формула бойынша анықталады:

И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4

2

мұнда:

Р1 – 1-рейтингтің бағалаудың пайыздық мөлшері

Р2 – 2-рейтингтің бағалаудың пайыздық мөлшері;

Э – емтихандық бағалаудың пайыздық мөлшері (тест-емтихан).

16.3 Студенттің оқу жетістіктерін бағалауда дәстүрлі бағалау шкаласына көшірілген балдық-рейтингтік жүйесі.

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Оқу пәнін меңгерудегі %-дық мөлшер

Дәстүрлі бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы /үздік/

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

    1. Академиялық мінез-құлық саясаты

Мінез-құлқын, тәртібін бағалау критерийі

Баллдар саны*

1.

Сабаққа кешігіп келуі

-1

2.

Сабақ уақытында ұялы телефонды қолдануы

-2

3.

Практикалық (семинарлық) сабақтарда белсене қатысуы

+3

4.

ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын тапсыру кестесін несоблюдение

-4

*Ескерту: студенттің рейтингісін төмендететін баллдар минус белгісімен, жоғарылататын баллдар плюс белгісімен қойылады.

Казақ-Орыс Халықаралық университеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Пән атауы «Сасяи – құқықтық ілімдер тарихы»

050301 – «Заңтану»

Ақтөбе, 2014

Дәріс сабақтарының қысқаша тезисі

Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, пәні және теориялық мәселелер.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні. Оның заң ғылымдары жүйесіндегі алатын орны. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының мемлекет және құқық теориясымен және тарихымен ара байланысты. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының әдістері. Тарихилық пен логикалық (теориялықтың) ара қатынасы.

Теориялық саяси және құқықтық сана және оның құрылымы. Ойлардың бағыттары, ағымдары, мектептері, идеялары, (теория, доктрина), ұстанымдары (концепция), ілімдері. Саяси және саяси-құқықтық сананың типтері. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының кезеңге бөлінуі. ХІХ ғасыр ХІ ғасырдың басынгдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымы. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы бойынша әдебиеттер.

Тақырып 2. Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер.

Ежелгі шығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы түсініктерге жалпы сипаттама. Саяси құқықтық идеялардың туындауы. Ежелгі Мысырдағы, Шумердегі, Хетт патшалығындағы, Вавилондағы, Ежелгі Израильдағы, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңы», «Ветхий завет», «Авеста». Ежелгі Үндідегі саяси-құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа», Брахманизмнің саяси-құқықтық идеялары. «Ману заңы». Джайнизм және буддизм. Артхашастра трактатындағы саяси және құқықтық теориялар.

Ежелгі Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар. Лао цзы және даосизм ілімдері. Конфуцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Мо-цзынның әлеуметтк- саяси және құқықтық иделары. Фацзч (легистер) мектебіндегі мемлекет және заң туралы ілімдер. Шан ян.

Тақырып 3. Ежелгі Грециядағы саяси-құқықтық ілімдер.

Ежелгі Грециядағы саяст-құқықтық ойлар: көрнекті өкілдері, негізгі бағыттары және проблемалары. Ерте кезеңдегі саяси және құқықтық ойлар. Пифагор. Гераклит. Софистердің саяси және құқықтық идеялары. Протагор. Антифонт. Киниктердің саяси және құқықтық идеялары. Антисфен. Диоген. Сократтың саяси –құқықтық идеялары. Платоннның мемлекет және құқық туралы ілімі, оның философиялық тұғыры. Мемелекет нысандарының жіктелуі және мемлекеттік нысандары айналымы. Жетілген мемлекет моделі. Аристотельдің құқық және мемлекет туралы ілімі. Аристотельдің «Саясаты. Мемелекет шығу тегі. Мемелекет нысандары және оның дамуы.»

Полибийдің саяси және құқықтық идеялары. Саяси өмір туралы Полибийдің ойлары. Аралас мемлекеттің концепциясы.

Тақырып 4. Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер.

Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ойларға жалпы сипаттама. Цицеронның құқық және мемлекет туралы ілімі. Рим стоиктерінің саяси және құқықытқ идеялары. Сенека. Рим заңгерлерінің құқық туралы ілім. Рим заңгерлері құқықтың табиғаты мен жүйесі туралы. Табиғи құқық. Халықтар құқығы. Жеке және көпшілік құқығы. Ежелгі христиандықтың саяси және құқықтық идеялары. Библия. Августиннің саяси және құқықтық ілім.

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНДЕГІ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕР.

Тақырып 5. Ортағасыр дәуіріндегі Шығыс Араб, Орта Азия және Қазақстан мемлекеттеріндегі саяси және құқықтық ілімдер.

Шығыс Араб, Орта Азия және Кавказия елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдердің ерекшеліктері. Азиядағы мұсылман елдерінің Ортағасырлық саяси және құқықтық ойлардың қалыптасуының негізгі ерекшеліктері.Исламның саяси және құқықытқ идеологиясы. Құран мен сүннет исламның заңдық нұсқауларының негізігі қайнар көзі ретінде. Негізгі бағыттары мен секталардың саяси және құқықтық идеялары. Суннизм және шиизм. Аль-Фарабидің саяси және құқықтық идеялары. Мемелекеттің пайда болуы. Қала мемлекеттердің жіктелуі. Жетілген мемлекет туралы көзқарастар. «Мемелекет қайраткерлерінің афоризмдері». Ибн- халдунның мемлекет туралы ілімі. Халифат теориясы.

Тақырып 6. Ортағасырдағы Еуропаның саяси және құқықтық ілімдері.

Ортағасырдағы Батыс Еуропаның саяси және құқықтық ойларының ерекшелігі және негізгі белгілері. Фома Аквинскийдің мемлекет және құқық туралы ілімі. Биліктің мәні және нысандары. Шіркеулік және зайырлы биліктердің ара –қатынасы. Заң түрлері.

Батыс Еуропалық Ортағасырлық еретиктік қозғалыстардың және шаруалық соғыстардың саяси және құқықытық идеялары. Ортағасырдағы заңгерлердің құқық туралы идеялары. Марсилий Подуанскийдің саяси және құқықтық ілімі. Халық биліктің қайнар көзі ретінде. 11-14 ғғ. Ресейдегі саяси және құқықтық идеялар. Орталықтанған мемлекеттің құрылу кезіндегі Ресейдегі саяси және құқықытық ойлардың негізгі бағыттары. «Москва – Үшінші Рим» теориясы.

Тақырып 7. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдері.

Қвайта өрлеу дәуіріндегі саяси және құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы. Николо Макиявеллидің саяси және құқықтық ілімдері. «Государь, князь.» Макиякеллидің мемлекеттің пайда болуы және нысандары, саясаттың міндеттері және құралдары туралы ойлары. Макиявеллизм. Германияда және Батыс Еуропаның басқа да елдерінде жаңғыру дәуіріндегі саяси және құқықтық идеологияның негізгі бағыттары. Мартин Лютердің, Томас Мюнцердің, Жан Кальвиннің саяси және құқықтық идеялары. Контрреформация. Иезуиттер. Жан Боденнің мемлекет және құқық туралы ілімі. Мемелекеттік егемендік теориясы. 16-17ғғ. Еуропалық утопистік социализмнің саяси және идеологиялары. Томас Мордың «Утопиясы» және Томмазо Компонелланың «Күн қаласы». 17-19 ғғ. І- жартысындағы саяси және құқықытық ілімдер.

Тақырып 8. 17-18 ғғ. Голландия және Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер.

Индустриялдық қоғамның қалыптасу дәуірінің ерте төңкерістер кезіндегі саяси және құқықтық идеологияға жлпы сипаттама. Табиғи құқық теориясының жалпы сипаттамасы. 17 ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық ілімдер. Гуго Гроцийдің саяси және құқықтық ілімі. Табиғи құқық теориясы. Бенедикт (Баруха) Спинозаның құқық және мемлекет туралы ілімі. 17 ғ. Ағылшын төңкерісі кезіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. Роялистердің саяси және құқықтық идеялары. Роберт Фильмердің саяси көзқарастары. Томас Гоббаздың саяси және құқықтық ілімі. Индепенденттердің саяси және құқықытық идеялары. Джон Мильтон және Олджернон Сидней халықты мемлекеттік егемендік иегері және қайнар көзі ретіндегі көзқарасы.

1688 жылғы Англиядағы әлеуметтік саяси компромистің Джон Локктың либералды және саяси құқықтық іліміндегі негізделуі. Адамның ажырамас құқықтары. 18 ғ. саяси және құқықтық ойлар. Эдмун Берктің консервативтік саяси идеялары. Ульям Годвиннің саяси және құқықтық идеялары.

Тақырып 9. 18-19 ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер.

Франциядағы 18 ғ. саяси және құқықтық идеологияның негізгі бағыттары. Ағартушылықытың саяси және құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы, оның эволюциясы. Вольтердің саяси және құқықтық көзқарастары. Шарль Луи Монтескьенің мемелекет және құқық туралы ілімі. Заңнаманың сипаттамасын анықтайтын факторлар. Биліктің бөліну концепциясының ерекшеліктері. Дени Дидроның «Энциклопедиясындағы» сасяи және құқықтық идеялар. Жан Жак Руссоның саяси және құқықтық ілімі. Руссо мемлекеттің келісімдік пайда болуы, мәні және нысандары туралы. Халық егемендігі теориясы. «Жалпы ерік» және «барлығының еркі» түсініктері.

Утопиялық социализмнің саяси және құқықтық идеялары. (Жан Мелье. Морелли. Габриель Бонно де Мабли). Ұлы француз төңкерелісі кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары. Конституционалистердің саяси джәне идеялары. Оноре де Мирабо. Эммануэль Сияйес. Жирондистердің саяси және құқықтық иедялары. Жан Бриссо. Жан Антуан Кондорсе. Якобиншілердің саяси және құқықтық иделогиясы. Максимильен Робеспьер, Жан Поль Марат, Луи Антуан Сен-Жюст. Робеспьер төңкерілістік және конституциялық Үкімет және төңкерілістік диктатура туралы.

1789-1793 жж. адам және азамат құқықтары туралы Декларациясындағы адам және құқықытық идеялар. Утопиялық коммунизмнің саяси идеологиясы. Гракх Бабеф.

Тақырып 10. АҚШ тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі саяси және құқықтық ілімдер.

Саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттардың жалпы сипаттамасы. «Федералистердің» саяси және құқықтық идеялары. Александр Гамильтон. Джеймс Медисон. Джон Адамс. Джон Джей. Конституционализмнің және федерализмнің идеялары. Биліктің бөліну теориясы.

Радикалды демократтардың саяси және құқықтық идеялары. Томас Джефферсонның саяси және құқықтық көзқарастары және оларды «Тәуелсіз Декларациясында» жүзеге асырылуы. Томас Пейннің саяси және құқықтық көзқарастары.

Тақырып 11. 18 ғ. соңы 19 ғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер.

Иммануил Канттың құқық және мемлекет туралы ілімі «Категориялық императив». «Азаматтық құқықтық қоғам» идеясы. Тең құқылы республикалардың Дүниежүзілік федерациялардың идеясы. Мәңгі дүние жобасы. «Мәңгі дүниеге». Гегельдің құқық пен мемлекет туралы ілімі. «Құқық философиясы». Құқық түсінігі және оның даму сатылары. Биліктің бөлінуі және органикалық бірлігі концепциясы. Гегель халықаралық құқық, соғыс пен бейбітшілік туралы. Құқықтық тарихи мектебі. Г.Гуго. Ф.К.Савиньи. Г.Пухта. Құқықтың стихиялық дамуы. Рух, халық санасы және құқық. Тіл және құқық.

Тақырып 12. Батыс Еуропадағы (19 ғ. І- жартысындағы) саяси және құқықтық ілімдер.

Саяси және құқықтық идеологияның негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы. 19ғ. І- жартысындағы либерализмнің саяси-құқықтық идеолгияның негізгі белгілері. Бенджамин Константиннің саяси –құқықтық көзқарастары. (Франция)

Мемлекет және тұлғаның бостандығы. Билік жүйесіндегі бөліну және өзара теңгермелік. Иеремии Бентамның саяси және құқықтық идеялары. (Англия). Табиғи құқық теориясында және мемлекеттің келісімдік шығу тегіне унитарлық-эмпиристік сын. Өкілді демократияның концепциясы. Неміс либерализмнің идеологы Л., Штейннің саяси және құқықтық ілімі. Қоғам мен мемлекеттің ара-қатынасы. Биліктің бөліну жүйесіндегі «таптан үстем» конституциялық монархия. Утопиялық социализмнің өкілдерінің саяси және құқықтық көзқарастары. Клод Анри де Рувруа Сен-Симонның саяси және құқықтық ілімі. Франсуа Мари Шарль Фурьенің әлеуметтік- саяси дамудың концепциясы. Роберт Оуэн азаматтарды тәрбиелеу және Планетаның саяси –құқықтық қайта құру құралы ретінде заңнаманы жетілдіру туралы ойлары. Макс Штирнердің саяси және құқықтық көзқарастары.

Тақырып 13. 19ғ. ІІ- жартысындағы 20ғ. басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер.

19ғ. ІІ- жартысындағы саяси және құқықтық идеологияның негізіг белгілері және негізгі бағыттары. Батыс Еуропада Марксизмнің саяси және құқықтық ілімі. Карл Маркстің және Фридрих Энгельстің саяси және құқықтық көзқарастардың қалыптасуы. Мемлекеттің, құқықтың және экономиканың ара-қатынасы. «Коммунистік партияның манифесі». Мемелекет және төңкеріліс. 19 ғ. соңғы ширегінде – 20 ғ. басында Батыс Еуропада социалистік қозғалыстағы Марксизм идеялары. Карл Каутский. Эдуард Бернштейн. Пьер Жозеф Прудонның мемлекет және құқыққа көзқарастары. Федерализм. Позитивизмнің негізін салушылардың саяси және құқықтық концепциялары.

Огюст Конттың саяси және құқықтық ілімдері. Мемлекет және құқықтың тарихи эволюциясы. Гербер Спенсердің саяси жәене құқықтық ілім. Органикалық мемлекет теориясы. Юридикалық позитивизм. Джон Остин (Англия), К. Бергбан және П. Лабанд (Германия). «Юриспруденция түсінігі». Социологиялық позитивизм. Рудоль фон Иерингтің (Германия) мемлекет және құқықы туралы ілімі. Құқық заңды қорғаған мүдде ретінде.

Георг Еллинегтің мемлекеттік дуалистік теориясы. Танымның әлеуметтік және мемлекеттің аспектілері. Рудольф Штаммлердің құқық философиясы. Құқық және шаруашылық. Фридрих Ницшенің құқық және мемлекет туралы ілімі. Мемлекет мәдениет және әлеуметтік эволоциясы құралы ретінде, оның типтері.

Тақырып 14. 19ғ. -20 ғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер.

19-20 ғғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары және оның ерекшелктері. Славянофилдердің және батысшылдардың саяси және құқықтық идеялары. Геосаяси эжәне мәдени бағдар туралы, Ресейдің тарихи тағдыры туралы пікір - таластар. Н.М. Сперанскийдің саяси және құқықтық көзқарастары.

19-20ғғ. басында Ресейдегі төңкерлісітік қозғалыстағы саяси және құқықтық идеялар. Декабристердің саяси және құқықтық идеялары. Мемелекеттік құрылым және басқару нысанын өзгерту жобалары. Көтерлісітік демократизмнің саяси және құқықтық идеологиясы. А.И Герцен. Төңкерілістік халықтың саяси және құқықтық идеялары.

19 ғ. ІІ- жартысында 20ғ басындағы классикалық анархизмнің саяси және құқықтық идеялары. М.А. Бакунин. П.А.Кропаткин. Мемелекетті сынау және терстеу. Бакунин Еуропа құрама штаттары және дүниежүзілік федерация туралы, жасырыын төңкерілістік ұйымның «Көрінбейтін» диктатурасы туралы. Кропаткин өркениет пен мемлекет дамуы туралы феодализм теориясы. өлім жазасын және қылмыстық жазалауды сынау.

Солшыл радикалды марксизмнің саяси және құқықтық идеологиясы. В.И. Ленин.

19ғ. ІІ- жартысындағы. 20ғ. басындағы Ресейдегі мемлекет және құқықтық либералды теориясы. Құқықтық мемлекет теориясы. Борис Чичериннің құқық және мемлекет туралы ілімі. Позитивистік құқық теориясы. Заңды позитивизм (С.В.Пахман, Г.Ф. Шершенивич) С.А. Муромцевтің әлеуметтік құқық теориясы. Қоғамдық қатынас құқық негізі ретінде. Н.М. Коркуновтың әлеуметтік- психиологиялық мемлекет теориясы. 20 ғ. басындағы құқық және мемлекеттің псиологиялық теориясы. А.С. Ященконың мемлекет және құқықтың «синтетикалық» теориясы.Федерализм теориясы.

Тақырып 15. 19 ғ. ІІ- жартысындағы - 20 ғ. басындағы Қазақстандағы саяси құқықтық ойлар.

19 ғ. ортасына дейінгі эқазақстандағы өзіндік саяси және құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі және қазақ халқының бірігуі, бостандық туралы қазақтың саяси және құқықтың ойларындағы идеялары. Бұхар жыраудың саяси және құқықтық иедялары. Бұхар жырау қазақ мемлекетінің биосаясаттық бағдары туралы. Қазақ ағартушылардыңм сасяи және құқықтық идеялары , олардың ерекшлектері.

Шоқан Уалихановтың саяси ждәне құқықтық көзқарастары. Қазақстанның саяси және құқықтық даумының бағыттары және ерекшеліктері. Қытайдың, Ресейдің және Қазақстанның саяси жүйелерін сынау. Абай Құнанбаевтың саяси және құқықтық идеялары стихиялық саяси және құқықтық дамуы туралы ойлары. Қазақстан мен Рсейдің тарихи тағдырларыныңы бірлігі. Ресейдің отарлық саясатын сынау. Понисламизмге және пантүркізмге қарым-қатынас.

Ағратушы Ы. Алтынсаринның саяси және құқықтық көзқарастары. 20ғ. І- ширегінде Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлары. Барлыбек Сыртановтың саяси және құқықтық көзқарастар. Конституциялық идеялар.

«Алаш» партиясының саяст және құқықтық идеологиясы және оның эволюциясы. Ресейдің және Қазақстанның революциялық қайта құруы туралы идеялары. Ресейдегі билік теу нысаны және мемлекеттік құрылу нысаны.

А.Бөкехановтың саяси және құқықтық көзқарастары. Жақып Ақбаевтың саяси және құқықтық көзқарастары. А.Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Б.Б. Қаратаевтың саяси және құқықтық идеялары. Мұстафа Шоқайдың саяси және құқықтықкөзқарастары. М.Сералинның саяси және құқықтық көзқарастары. «Үш жүз» партияның бағдарламасындағы саяси және құқықтық идеялары.

Қазақ – Орыс Халықаралық университеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Пән атауы «Саяси-құқықтық ілімдер тарихы»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]