- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
Жоспар:
Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар.
Пневмотасымалдағыштықтық қондырғылар.
Қыратын тасымалдағыштар.
Негізгі технологиялық бөлшектер.
Сұйық орталарды айдауға арналған сораптар.
Цех ішіндегі дайын өнімді, шикізатты немесе жартылай дайын өнімді тасымалдау үшін келесі көліктік құралдарды қолданады: қозғалмалы рельссіз (автожүк тиегіштер, электрокарлар және т.б.); қозғалмалы рельсті (теміржол составтары, вагонеткалар және т.б.); стационарлық (тасымалдағыштар, көтергіштер және т.б.); пневматикалық және гидравликалық.
Алыс қашықтыққа тасымалданулар кез келген көліктердің түрлерімен немесе құбыр магистральдары арқылы жүзеге асырылады.
Өндіріс ішіндегі көлік технологиялық үдерістермен тығыз байланысқан, олар тасымалданатын материалдардың агрегаттық жағдайына байланысты арнайы тасымалдағыштар мен мөлшерлегіш қондырғыларымен жүзеге асырылады.
Қатты заттар тасымалданады: түсіргіштермен, элеваторлармен, көліктік виброжелобтармен, шнектермен, таспалы тасымалдағыштармен, ожаулы тасымалдағыштармен, гидро және пневмотасымалдағыштармен және т.б.
Жүкті түсіру және тиеу үшін қолданылатындар: самосвалдар, крандар, грейферлер, шынжырлы элеваторлар, механикалық күректер.
Мөлшерлеу көлемі бойынша ұяшықты қоректендіргіштерде, шнектерде, тасмалдағыштарда, табақшалы қоректендіргіштерде; массасы бойынша салмақтық тиеушілерде және мөлшерлегіш көліктік қондырғыларында жүзеге асырылады.
Пневмотасымалдағыштықтық қондырғылар. Пневмотасымалдағыш жүйесін түрлі шаң тәрізді және ұсақ дәнді материалдарды тасымалдау үшін қолданады. Пневматикалық қондырғылар бөлінеді: сіңіргішті (мұнда жүк ауаның қысымы атмосфера қысымынан 0,01 МПа-ға дейін төмен болған кезде тасымалданады); айдағышты (тасымалданатын материал 0,8 МПа-ға дейінгі қысымы бар ауаның сығуымен орын ауыстырады); аралас (мұнда құбырдың бір бөлігі вакуум астында, ал қалғаны қысым астында жұмыс істейді); гравитациялық көлік (материал ауырлық күшінің әсерінен тасымалданады, ал ауа тек үйкеліс күшін азайту үшін беріледі.).
Пневмотасымалдағыштың кез келген қондырғылары тиегіш құрылғысынан, құбырдан, түсіргіш құрылғысынан, тасымалданатын ауаны тазартатын аппараттан, ауа үрлегіш машинадан, вакуумдық сораптан, компрессорлардан тұрады.
Қыратын тасымалдағыштар. Бұл машиналар, биіктігі һж (м) науа немесе құбыр бойынша қозғалып тартатын бір немесе екі шынжырға бекітілген қырғыштар көмегімен сусымалы материалдарды үздіксіз тасымалдауға арналған. Олар біртұтас (биік және аласа) қырғышты конвейерлер және пішінді (контурлы) қырғышты конвейерлер деп ажыратылады. Химиялық өнеркәсіпте қырғышты конвейерлер шаң тәрізді, дәнді, ұсақ бөлшекті материалдарды тасымалдау үшін қолданылады. Мысалы: колчеданды, күл мен шаңды, суперфосфатты, аммофосты, әкті және басқа да өнімдерді.
Ожаулы элеваторлар. Бұл машиналар вертикальды немесе қатты қисайған (>600) бағыт бойынша сусымалы жүктерді тасымалдауға арналған. Ожаулы элеваторлар түрлі сусымалы материалдарды (колчедан, түрлі тыңайтқыштар, тұздар және басқалары) тасымалдау үшін қолданылады. Қарапайым құрылымды вертикальды элеваторлар өнеркәсіпте кең қолданыс тапты, ал қиғаш элеваторлар сиректеу қолданылады. Ожаулы элеватор таспа (немесе шынжыр) деп аталатын вертикалды тұйық тасымалдағыштан тұрады, онда ожаулар бекітілген, тарту барабанынан немесе жұлдызшадан тұрады.
Таспалы конвейерлер. Бұл жүкті шексіз таспамен тартып үздіксіз тасымалдайтын тасымалдағыш машиналар болып табылады. Таспалы конвейерлерді шаң тәрізді, үлкен кесекті, жеке жүктерді тасымалдауға қолданылады. Таспалы конвейерлер жасалуы бойынша стационарлық, қозғалмалы, тасымалдамалы болып бөлінеді. Таспалы конвейерлер тарту барабанынан, каркастан, таспадан, барабан жетекынан, тиейтін және түсіретін бункерлерден тұрады. МЕСТ 20-76 бойынша таспаның 6 түрін дайындайды: әмбебапты (-25-дан 600С-ға дейін); аязға тұрақты (-45-тен 600С-ға дейін); жоғары жылутұрақтылықты (1000С-ға дейін); тағамдық, жылутұрақты (-25-тан 1000С-ға дейін); жанбайтын деп. Құрылымы бойынша таспаларды 5 түрге бөледі: екі жақты резинкалы қоршауы мен резина астына салынатын маталы қорғаныс бар таспалар; екі жақты резиналы қоршауы бар таспалар; резиналы қоршаудың астындағы екі жақты резиналы және брекерлі маталы салымы бар және басқа да таспалар.
Құбырларды сұйықтарды, газдарды, су буларын, суды, конденсаттарды және т.б. тасымалдауға қолданады. Арналуына байланысты құбырлар материалдық (химиялық өндірістің бастапқы, аралық және соңғы заттарын тасымалдау үшін), буөткізгіштік, конденсатөткізгіштік, суөткізгіштіктік деп және сығылған ауаның, вакуумдық жүйелердің, өндірістік канализацияның құбырлары деп бөлінеді. Тасымалданатын материалдардың параметрлері: коррозиялық активтілігі, өртқауіптілігі, улылығы. Сондықтан да соларға байланысты құбырларды әртүрлі материалдардан дайындайды. Құбырлы жүйелердің негізгі бөліктері: құбырлы тасымалдағыштар, байланыстыратын бөлшектер (құбырлардың фланцтары, муфталар крандар, ысырмалар, клапандар және т.б.).
Әдебиеттер: 2 нег.[105-153]; 7, 8 қос.
Бақылау сұрақтары:
Өндірістегі көліктің міндеттері.
Өндірісішіндегі көлік.
Пневмотасымалдағыштардың қондырғылары.
Конвейерлер.
Құбырлы арматура.
Дәріс №8.
