Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Каз ОПиОЗ 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
352.77 Кб
Скачать

Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі

Жоспар:

  1. Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары.

  2. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы.

  3. Желдің соғу бағытын анықтап «Роза ветров» сызбасын тұрғызу әдісі.

Ахуалдық және бас жоспар - өнеркәсiптiк кәсіпорынды жобалаудағы ең маңызды бөлiктерiнiң бiрi, ол аймақты көгалдандыру, ғимараттар мен құрылымдарды, инженерлiк тораптарды орналастыру туралы кешендi мәселелердің шешiмін табуға мүмкіншілік береді.

Өнеркәсiптiк кәсiпорынның ахуалдық жоспары - елдi мекеннiң белгiлi бір ауданының жоспары көрсетілген жобаның бiр бөлiгi, онда жобаланатын зауыт және онымен технологиялық, көлiк және тағы басқа объектiлер арқылы байланысы бар басқа да кәсiпорындар орналастырылған инженерлiк-техникалық жоба көрсетіледі.

Ахуалдық жоспарды жасай отырып, сол маңдағы барлық кәсiпорынды бiр өндірістік территориялық түйiнге бiрiктiруге тырысады. Ахуалдық жоспар 1: 5000, 1: 10 000, 1: 25 000 масштабта жасалады. Мысалы 7-шi суретте химия және тоқыма өнеркәсiптерін бiрiктiретiн бiр өндірістік территориялық түйiн көрсетілген.

Сурет. 7. Ахуалдық жоспар:

1-жолаушылар т/ж вокзаы; 2 – тауарлық т/ж станциясы ; 3-химия комбинаты ; 4 - ЖЭС ; 5-тоқыма комбинаты ; 6 - санитарлық қорғаныш аймағы ; 7 - тұрғын үй кварталдары; 8 - өзен ; 9-су тарту түйiні; 10 - тазарту құрылғылары ; 11 - темiр жол комбинаттарға, ЖЭО-ға.

Бұл кәсiпорындар энергиямен, сумен, транспортпен қамтамасыз етіп, жабдықтайтын бiр ортақ жүйемен байланысқан. Одан басқа, химкомбинат тоқыма комбинатты бояғыштармен қамтамасыз етіп отырады. Мұндай бiрiгу сумен, канализациямен қамтамасыз етудiң бәріне ортақ сызба-нұсқасын жасауға мүмкіншілік бередi және кәсiпорындарды тұрғын үй кварталдарымен және темiр жолмен байланыстаратын ең қысқа көлiк жолдарымен қамтамасыз етеді. Ахуалдық жоспарға сонымен қатар, ортақ су алу құрылыстары, санитарлық қорғаныш аймақтары қосылады, газ лақтыру нүктелерi және тағы басқалар нақты көрсетіледі.

Тұрғын үй кварталдарын кәсiпорындарындардың өнеркәсiптiк шығарындыларының газдылығын азайту үшiн, оларды желдің өте көп болатын бағыттарын ескере отырып орналастырады. Ол үшін метеорологиялық станцияның көп жылдық бақылауларының негiзде есептелген (50-100 жыл) мәндерді қабылдайды.

«Жел розасын» яғни жел бағытын жағдайға байланыстыға бас жоспар сызбасының жоғарғы сол жақ бұрышына сәйкес масштабта орналастырады. Ол шеңбер түрінде болады және оны 8 немесе 16 тең бөлiктерге бөледi, нәтижесінде сәйкес түрде 8 немесе 16 румбалар алады:С, СВ, В, ЮВ, Ю, ЮЗ, З,СЗ. Тиiстi румбалар бойынша шеңбердiң ортасынан бастап (координаталардың басы) таңдалған масштабта (көп жылдық бақылаулардың нәтижесінде) желдің қайталанғыштық ағымын пайыз бойынша нүктелермен белгілейді. Нүктелердi бір-бірімен сабақтастырады. Нәтижесінде алынған фигураның ең керiлген жағы желдің басым бағыттын көрсетедi (8-сурет).

8-Сурет. Желдің қайталану розасы

Өнеркәсiп ғимараттарды желдiң басым бағыты бойынша, бойлық осьпен орналастыруға тырысады немесе оған 45°-бұрышпен орналастыру ұсынылады.

Газ, түтiн, күйе, шаң, жағымсыз иіс сияқты өндiрiс зияндылықтарын шығаратын кәсiпорындарды және ЖЭС-ын тұрғын ауданның ық жақтарына орналастыруға тыйым салынады (SO2, Cl, HCl, HF және басқа).

Қауіпті өндiрiс қалдықтарын (ауруларды қоздырғыштар, күштi әсер ететін химиялық заттар және т.б.) сақтау орындары жеке салынуы тиіс және ол адамдардан оқшауланған болуы қажет.

Әдебиеттер: 1 нег. [54-132б]; 2. [310-318б]; 3. [7-9б].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ахуалдық жоспар.

  1. Бас жоспар.

  2. Жел бағыты

Дәріс №4.