- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
Жоспар:
Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
Тұндырғыштар.
Сүзгіштер.
Сұйық пен қатты фазаларды ажыратуға байланысты операциялардың, барлық аппаратуралық-технологиялық сызба-нұсқаларды толығымен орындаудағы маңызы зор. Алынған өнімдерді бөліп алу операцияларын дұрыстап шешпей тұрып, технологиялық үдерісті аяқталды деп есептеуге болмайды.
Фазаларды айыру операцияларының маңызының зорлығы соншалықты, технологиялық операциялардың негізгі кезеңдері белгілі бір дәрежеде өнімдерді бөліп алуға байланысты талаптарымен анықталады.
Сұйық-қатты жүйелерін ажырату үшін тұндырғыштар мен сүзгіштер қолданылады, мұнда тұндырғыштарда қатты фазаның бөлшектері ауырлық күшінің әсерінен тұнады, ал сүзгіштерде суспензияны кеуекті бет арқылы өткізіп, сұйық және қатты фазаға ажыратады.
Тұндырғыштар. Әртүрлі құрылымдағы құрылғылар пайдалану қарапайымдылығының арқасында өндірісте кең қолданыс тапты. Оларды су мен ерітінділерден шлактарды шығару мен шаю үшін, ұсақ дисперсті кристалды тұздарды тұндыру үшін және сүзу немесе центрифугалау алдында суспензияларды қоюландыру үшін қолданады.
Тұндырғыш-қоюландырғыштар. Олар бір ярусты диаметрі 4 -100 м периферилі жетекті және диаметрі 18-100 м орталық жетекті болып шығарылады. Диаметрі 30 м-ге дейін болатын тұндырғыштарды металл күбімен шығарады, олар жабық бөлмелерде қолданылады. Үлкен диаметрлі аппараттарды темірбетондардан дайындайды, оларды ашық аспан астында қоюға болады.
3.2-суретте тырмасы бар үздіксіз тұндырғыш көрсетілген. Мұндай тұндырғыш өндірістік жағдайда тиімдірек болып келеді. Суспензия аппараттың орталық жағына беріледі, тұнықтырылған сұйық сақиналық желоб 2 арқылы шығарылады, тұнба аппараттың түбіне жиналады. Тырма 1, 0,02—0,5 айн/мин жылдамдықпен түскен тұнбаны қопсытады және оны аппарат түбімен тұндырғыштың ортасындағы төгу щтуцері бағытында жылжытады.
Тұндырғыштан алынатын тұнба құрамында өте көп сұйық болады. Бұл сұйық көп жағдайда бағалы өнім болады, сондықтан оны тұнбадан бөліп алу керек. Оны тұнбаны қарама-қарсылық шаю қондырғысында шаю арқылы бөліп алады.
Қ
1- тырма; 2-
сақиналық желоб; 3 - айналдырғыш; I-
суспензия; II- тұнықтырылған сұйық; III-
тұнба.
3.2-сурет.
Тырмалы үздіксіз тұндырғыш
Сүзгіштер. Сүзу үдерістерінің кең қолданылуына және ажыратылатын суспензиялардың қасиеттерінің әртүрлілігіне байланысты, мерзімдік және үздіксіз әрекеттегі сүзгіштердің көптеген құрылымдары жасалынған. Үздіксіз әрекеттегі сүзгіштерде барлық операциялар (сүзу, тұнбаны шаю мен шығару, маталарды регенерациялау) аппараттың түрлі бөліктерінде бір мезгілде орындалады, ал мерзімдік әрекеттегі сүзгіште, сүзілетін элемент жоғарыда айтылған барлық операцияларды кезекпен өтеді, яғни мұнда барлық операциялар әр уақытта бірақ бір жерде өтеді.
Әдеб.: 1 нег. [153-170 б.]
Бақылау сұрақтары:
