
- •Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
- •Экономикалық міндеттер.
- •Техникалық міндеттер.
- •Зауыттарды жобалаудың жалпы принціптері. Жобалаудың сатылары
- •Химиялық кәсіпорындардың бас жоспары. Ситуациялық және бас жоспарлардың сызбанұсқасы. Желдің соғу бағытын анықтап «Жел розасы» сызбасын тұрғызу әдісі
- •Өндірістің аппараттық-технологиялық сызбанұсқасы. Өндірістің шикізаттық ақпараты. Өндірістің материалдық және жылулық есептеулері. Қондырғыны таңдау
- •Жобаның арнайы бөліктерін жобалау. Өндірістік негізгі ғимараттар және өндірістік жайлар
- •Өндірістік қосалқы ғимараттар мен өндірістік жайлар
- •Цех ішіндегі машиналар мен тасымалдаушы қондырғылар
- •Жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру жүйесін (жаж) құру принциптері.
- •Химия өңдірісінің құрал-жабдықтарының жіктелуі
- •Қатты материалдарды ұсақтауға арналған қондырғылар
- •Реакцияларды жүргізуге және араластыруды арналған қондырғылар
- •Шаңды ұстау, газдарды тазалау қондырғылары
- •Сұйық-қатты жүйелерін ажыратуға арналған қондырғылар
- •Суспензияны сұйық және қатты фазаға ажырату аппаратурасы.
- •Жылуалмасу және массаалмасу үдерістері мен қондырғылары
- •Химиялық өнеркәсіптерді дипломдық жобалаудың негізі
Дәріс №1.
Зауыттарды жобалау. Жобалаудың әдістемесі
Жоспар:
Экономикалық міндеттер.
Техникалық міндеттер.
Ұйымдық міндеттер.
Жобалауға тапсырма.
Қазіргі уақыттағы өнеркәсіптік кәсіпорын өзіндік бір күрделі ұйымды құрайды. Оның құрылымы тікелей белгіленген технологиялық үдерістердің сипатына, өнімнің көлеміне, сонымен қатар өндірілетін жартылай дайын өнім мен өнімнің ассортиментіне және сапасына байланысты болып келеді.
Осыған сәйкес зауытты жобалау кезінде экономикалық, техникалық және ұйымдық міндеттер шешіледі. Әр техникалық шешім белгілі бір ұйымдық қалыпта экономикалық тұрақталған және орындалған болуы керек. Сондықтан да бұл үш міндеттер бірге немесе параллель шешілуі керек.
Экономикалық міндеттерге жататындар: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын, өнімнің сапасы мен ассортиментін, оның өзіндік құнын орнату; шикізатпен, материалмен, жартылай дайын өніммен, отынмен, электрэнергиясымен, сумен қамтамасыз ететін көздерді анықтау; кәсіп орынның географиялық орналасуын таңдау және анықтау; қажетті негізгі және айналмалы қаражат пен шығындардың тиімділігін анықтау; аралас өндірістермен біргу сұрағын шешу; тұрғылықты және әлеуметтік-тұрмыстық құрылыстағы сұраныс сұрақтарын анықтау және т.б.
Техникалық міндеттерге кіретіндер: шикізат пен жартылай дайын өнімді қайта өңдеудің технологиялық үдерістерін жобалау; негізгі және қосымша қондырғылардың санын есептеу; шикізаттың, материалдардың және отынның қажетті мөлшерін анықтау; көлік, байланыс, жарықтандыру, жылыту, ауаны айдау, сумен жабдықтау және канал жүргізу сұрақтарын іске асыру; технологиялық үдерісті жүргізу үшін қажетті жұмыскерлер санын анықтау; пайдаланылатын өндірістік алаңдарды есептеу, цехтарды, қосымша ғимараттарды жоспарлау және олардың қатынасы; негізгі жоспарды іске асыру; цехтардың ішін жоспарлау және олардың өлшемдерін анықтау, ғимараттардың түрлерін және пішіндерін таңдау; техника және өрт қауіпсіздігі бойынша шараларды жүзеге асыру.
Ұйымдық міндеттерге жататындар: зауытпен, оның бөлімдері мен цехтарын, басқару құрылымын іске асыру; жұмыскерлер арасында функцияларды үлестіру, еңбекті ұйымдастыру, техникалық бақылау, кадрларды дайындау, жұмыскерлерге жұмыс көрсету және зауыттардың барлық бөлімдерінде ең өнімді жұмысты қамтамасыз ететін шарттарды жасау бойынша сұрақтарды шешу.
Әдетте бұл міндеттер екі кезеңде шешіледі.
Бірінші кезеңде жобалау алдындағы жұмыстар жүргізіледі, олар – жобаны орындауға қажетті бастапқы мәліметтерді жинау және өнімнің берілген сапасы мен ассортиментін алу үшін, оны көзделген әдіспен өңдейтін және шикізаттың жарамдылығын анықтайтын қажетті зерттеулерді жүргізу.
Екінші кезеңде жобаны іске асыру жүргізіледі, ол жобалауға тапсырманың негізінде жүзеге асырылады. Әдетте мұндай тапсырма берілген өнеркәсіп саласының болашақ жоспары негізінде жоспарыланатын немесе жүргізілетін сатымен дайындалады.
Жобалауға тапсырманың құрамында мыналар болуы керек:
1)құрылыстың аймағын немесе пунктін көрсету;
2)өнімнің сипаттамасы
3)өнімнің негізгі түрлері бойынша кәсіп орынның табиғи білдірілетін өнімділігі
4)негізгі технологиялық қондырғы бойынша мәліметтер
5)кәсіп орынды шикізатпен, отынмен, электрэнергиясымен және сумен қамтамасыздандыру көздерінің сипаттамасы, өндірістік байланыстың болуы.
6)құрылыстың ұзақтылығы және кәсіп орынның жеке бөліктерді әрекетке енгізу кезектілігі.
Әр жеке жағдайда жобалаудың сатылар саны жобалау тапсырмасымен орнатылады.
Әдебиеттер: 1 нег. [13-53б]; 1 қос. [201-209б].
Бақылау сұрақтары: