Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арн.пед лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.2 Кб
Скачать

2. Арнайы білім беру мазмұны

Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойлады:

  • оқытудың түзету-дамыту бағыты;

  • оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесі қалыптастыруы тиіс,

  • оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру;

  • оқытудың ғылымилығы;

  • оқу материалының білім беретің оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы;

  • білім мазмұны өмір, тәжірибемен тығыз байланыста болуы,

  • оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты қамтамасыз ету;

  • білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларың ұсыну ( мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек).

Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол деңсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, қоғамның аталмыш тұлғаларға қажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынай сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді.

Ең негізгі ерекшелік арнайы білім мазмұнына өзгеше оқу пәндердің еңгізілуі. Бұл жағдай арнайы мектептін жалпы мектептен айырмашылығын нақты көрсетеді. Көрмейтін оқушылар оқитын мектепте кеңістікті бағдарлау сабақтары, естімейтін оқушылар үшін қалдық естуін дамыту мен ауызша сөйлеуін қалыптастыру және заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарды арнайы педагогтар өткізеді.

Оқу жоспары білім беру органдары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндетті түрде орындайтын, білім беру министрлігі оқыту деңгейіне сәйкес оқу пәндрінің тізімін, көлемін, оларды оқу ретін және бақылау жолын бекітетін мемлекеттік құжат.

Оқу жоспары жалпы орта білім беру құрылымына сәйкес келеді және әр сыныпта оқылатын пәндердің санын анықтайды. Оқу жоспарында пәндер оқу жылдарына байланысты орналасады.

Пәндерді оқу реті оқушылардың танымдық мүмкіндігін, ұласымдылықты сақтауды, оқу пәндерінің өзара байланысын есепке алып, оқу пәндерінің мазмұнын жүйелі меңгеруді қамтамасыз етеді.

Оқу жоспары әрбір оқу пәнін оқудың жалпы сағат санын, аптада оқу пәнін оқуға бөлінген уақытты, сонымен қатар әр апталық оқу сағатының мөлшерін аңықтайды.

Арнайы мектеп мұғалімі орта және жоғары сыныптарда пәндердін оқылу ретін білуі керек, себебі, жалпы орта білім алудағы бастауш оқытудың орнын аңықтап түсінуі қажет. Оқу пәні оқушыларға ғылымның бастапқы негізгі қағидалардың игеруге мүмкіндік беретін алғашқы білім, практикалық икемділік пен дағдылар жүйесі, немесе оқушы жасына қарай тану мүмкіндіктерін және даму деңгейіне сәйкес келентін мәдениеттің, еңбек және өндірістің нақты жақтары.

Арнайы педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде анықталады, оны мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде оқу пәндерін бөлудің негізі – оларды адамзат тәжірибисінің белгілі жақтары болып табылуы.

Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес білім, икемділік, дағдыларды калыптастарады. Оқу пәндерінің жиынтығы мектептегі оқу барысында оқушының адамзат тәжірибсінен игерілуге тиістінің бәрін анықтайды, болашақта тәуелсіз өмір сүруіне ықпал етеді..

Оқу пәндерінің жиыны, білім беретің оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұны оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру қызметін жүзеге асыру оқу пәндері мен бағдарламалар алар мазмұнының шартын білдіреді.

Арнайы мектепте оқушының білім алуы, тәрбиеленуі және түзету мен дамуы үздіксіз байланысты. Бірін екіншісінен артық не кем деп қарауға болмайды. Білім беру, тәрбие, дамыту міндеттерінің бірлігі оқушының қоғамдық мәнінің жан – жақты, үйлесімді қалыптасуының негізгі шарты болып табылады және қоғамға әлеуметтік бейімделуіне әсер ететің негізгі қүрал.

Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білімнің шеберлік пен дағдылардың, мазмұны мен көлемін айқындататын құжат. Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беруде оқу бағдарламаларын әзірлеу өзекті мәселенің бірі. Арнайы мектептердгі оқу бағдарламалар сынақтан өтуде, ерекше қиындық білім мазмұның қазақ тіліне аудару, дайындау.

Арнайы оқытуда оқулық қажетті түйін болып табылады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының мазмұнын анықтайды.

Арнайы білім беруде әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, оқу бағдарламары, оқу жоспары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары, оқу кинофильмдері, компьютерлік технологиялар – бәрі оқу әдістемелік кешенді құрайды. Мұнда кешен мұғалім еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға және оның нәтижесін алдын ала көру мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, жасампаздықтың негізін қалайды.

Дәріс № 13-14

Арнайы педагогиканың принциптері

Жоспары:

  1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптер

  2. Арнайы педагогиканың принциптері

3.Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптер

Принцип дегеніміз - білім беру, түзету үрдісінің ұйымдастырудың сипаты мен ерекшеліктерін анықтайтын және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардын танымдық әрекетін басқаруды реттейтін, негізгі заңдылықтармен тұрақты талаптар жүйесі.

Кемтар балаларды оқыту принциптерін жүйегі келтіру үшін арнайы мектептегі оқыту жалпы дидактикалық принциптермен бірге арнайы өзгеше принциптерге негізделетінің ескеру қажет.

Дәстүрлі жалпы дидактикалық принциптер: оқытудың тәрбиелігі, ғылымилығы, жүйелігі, қол жетерлігі, көрнекілігі, саналылығы мен белсенділігі, білім, білік дағдаларының беріктігі, оқытудың жекелік сипатқа ие болуы. Кейде білімділік мақсатқа сәйкес бұл принциптердің екі не үшеуін біріктіріп те қарастыруға болады.

Оқытудың жүйелілігі

Қоршаған ортаның оқу материалында бейнелеуі оны оқудың жүйесін анықтайды. Оқытудағы жүйе ғылым логикасына тәуелді. Егер мұғалім оқу материалын ғылым логикасы тұрғысынан бағаламаса, онда ол өз пікірінің дербестігін және сенімін жоғалтады.

Кез келген оқу материалы өз бойында белгілі бір теориялық қағидалар, түсініктер жиынтығын және осы қағидаларды дәлелдейтін құралдарды қамтиды.

Арнайы оқытудың жүйелілігі оқушылардың жас және психолофизиологиялық ерекшеліктеріне, кемістіктің түрі мен деңгейіне негізделеді. Арнайы мектеп оқушыларына сабақ мазмұнын тек есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, танымдық міндетті көруі, ол міндетті шешу тәсілдерін сайлауы да маңызды. Сондықтан түсіндіру оқу материалын игеруге қажетті танымдық белсенділікті, ойдың нақты құрылымын, логикалық операцияларды қалыптастыруға бағытталған болуы керек.

Сабақ барысындағы, түсіндіруде оқушының таным процестерін даму ерекшеліктерін, жан- жақты есепке алу керек. Оқытуда ақыл – ойды дамыту, сонымен қатар кемістіктерді түзету – күрделі, әрі кешенді процесс. Бұл принцип оқу бағдарламасы және оқу жоспары (әрбір жаңа тақырыптың мазмұны) арқылы жүзеге асады. Жүйелілік ұдайы қайталаудан тұрады, сол себепті арнайы оқытуда оқушылардың есте сақтау ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің жетекші міндеті. Арнайы мектеп оқушыларының ақыл – ойын дамытудың әсерлі факторы мұқият ойластырған сабақта түсіндірудің жүйесі болып табылады.

Оқытудың ғылымилығы

Ғылыми білімдер шындықты дұрыс бейнелеу болып табылады. Бірақ шындықты кез келген дұрыс бейнелеу ғылыми білім бола бермейді. Егер білімде қоршаған әлем заңдылықтары, заттар мен құбылыстардың ішкі мәніне сай қасиеттері мен байланыстары бейнеленсе ғана білім ғылыми білім болады. Оқытудың ғылымилығы принципі оқу материалындағы заңдылықтарды оқушы дұрыс бейнелеуі, түсінуі және игеруі шартын жасау үшін қажет. Оқу пәні әрдайым ғылыми білімдерді қамтиды, бірақ оқу пәні және оған сәйкес ғылым арасында бірмәнді байланыс бола бермейді. Ғылым логикасы оқу материалының ғылымилығына ықпал етеді. Ғылыми білім ғылымилығын қоймай, шындықты әртүрлі тереңдікті бейнелеуі мүмкін. Сондықтан арнайы оқытудың барлық кезеңінде ғылыми түсіндіру мүмкіндігі бар. Арнайы оқытуда нақты бейнелік ойлаудан танымның ұғымдық формасына көшудің күрделі мәселесі туады. Теориялық материалды оқудың негізгі оқушы санасында ұғымдарды қалыптастыру болады. Кез келген ұғым – заттар, құбылыстар және олардың қасиеттерінің нақты жиынтығын сипаттайды.

Оқытудың тәрбиелігі

Оқыту оқушыны өмірге және болашақ іс- әрекетке даярлаудың негізгі құралы. Бірақ мектептегі білімнің күрделі және тереңдігі, оқу материалы мазмұнының игеруге қиындығы, оқу пәнінің әртүрлілігі, ойдың абстрактылығы көп жағдайда баланың баланың оқуға деген субьективтік ынтасын, тәрбиелі, еңбексүйгіш, өз бетімен өзін еңбекке даярлау ынтасын түғызбайды.

Оқыту процесінде тәрбие, көзқарас пен сенімдерді қалыптастыру міндеттерін орындау қажеттігі туады.

Оқытудың қол жетерлігі

Оқыту арнайы мектеп оқушылардың жасына, даму деңгейіне және кемістіктің түріне сәйкес қол жетерліктей болуы керек. Бұл принцип арнайы педагогика үшін өте маңызды.

Қол жетерліктің елеулі белгісі – қабылданатын білімнің оқушы санасында бұрыннан меңгерілген білім деңгейімен байланысы. Егер бұл байланыс қалыптаспаса, онда білім арнайы мектеп оқушыларына қол жетпестей болады. Бұл жағдайдың себептері: материалдың күрделілігі, оқыту әдістерінің сай еместігі, ал негізгісі оқушылардың таным ерекшеліктері .

Білім баланың жеке тәжірбиесіне, сол жеке тәжірбиеге оның бөлігі ретінде енсе қол жетерлікке айналады.

Арнайы оқыту үшін қол жетерліктің шекарасы, оның өлшемі аса маңызды мәселе. Оқу материалының қол жетерлігі және түсінілу мүмкіндігі арнайы мектептегі оқыту әдістері мен мұғалімнің шеберлігі және оқушылардың ойлау даму дәрежесіне тәуелді болады.

Оқу материалының оқушылардың дамуына пайдалы және қажеттілігін ажырата білу керек. Қоршаған әлемді дұрыс көре біліп, түсінуге мүмкіндік беретін кез келген білім пайдалы болады.

Оқытудың қол жетерлік принципі білімге және оның өмір тәжірбиесіне негізделген болуы қажет және оқылатын білім жүйесі жалпы дамудың тереңірек деңгейіне өтуге көмектесуі немесе осы өтуді қамтамасыз ететін бағыт жасауы керек. Нақты дамудың жақын аймағын дамудың өзекті аймағына айналдыру арқылы жүзеге асады. Оқытудың белгілі жағдайында оқу материалының оқушының даму міндеттерін шешу үшін қажеттігіне көз жеткізетіндей болуы керек.

Оқытудағы көрнекілік

Оқытудағы көрнекілік принципінің қажеттігі ойдың нақтыдан абстрактыға, сезімдіктен тиімдікке көшу негізінде жүзеге асады.

Оқытуды пайдаланылатын сезімдік бейнелердің сапалық жағы көрнекі құрал негізінде оқушыда нақты нысанды елестетуге, оқу материалында бейнеленген заттар мен құбылыстарды жинақтап, көруге мүмкіндік тудырады. Көрнекі құралдар оқушының сезімдік танымын дамытады. Арнайы оқыту үшін бұл өте маңызды жағдай, өйткені оқушылар бастауыш сыныптарда білімді тек көрнекі арқылы меңгере алады. Бұл жағдайдың себебі, сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар және де ең негізгісі көрнекі ойдың басым сипаттамасы.

Арнайы мектеп мұғалімі көрнекі құралмен жұмыс істегенде келесі жағдайларды ескеруі тиіс, біріншіден көрнекі құралдық мазмұнын талдау сонымен бірге көрнекі құралдың оқушылардың даму деңгейімен, кемістітің түріне сәйкес келуін анықтау.

Көрнекілікті пайдалануда оқушының ойы көрнекі құралдан нақты заттың өзіне өтуі керек, яғни оқушының ойлау әрекетін басқару және оқушылырдың нақты кемістіктерін ескеру қажет. Сонымен қоса қалыптастыратын сезімдік бейнені оқу міндетін орындаумен байланыстыру керек және түзетушілік міндетін шешу керек.

Оқытудың саналылығы мен белсенділігі

Білім мен іскерлікті меңгерудегі саналылықты қамтамасыз ету –педагог әдісіндегі ңеғұрлым күрделі мәселе. Жалпы оқытуда саналылығы мен белсенділігі принципі оқушылардың оқу материалын сапалы түсінуіне, мектептегі оқытуды сананың қатысуында, танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған.

Арнайы мектепте білімді игерудің сапасы көп жағдайда сабақта жүргізілетін жаттығуларға тәуелді болады. Оқушылардың, әсіресе бастауыш сыныптарда оқу ынтасы, көп жағдайда, оқытудың нәтижесін анықтайды. Оқушының өз бетімен ойлауына, дайындығына талапты біртіндеп күшейту керек, сол кезде ілімдерді игеру жасампаздық сипат алады. Арнайы оқытуда оқушылардын оқу жұмысына қатынастарына зейін аудару керек.

Бұл принципті жүзеге асыру үшін ең бастысы – оқушы үшін оқу материалы және оның танымдық іс– әрекетінің қандай мәні бар екендігін түсіну керек. Белсенділік әрдайым адамның қоғамдық мәнінің нақты бағыттарын, оқушы үшін мәні бар обьектілерге жинақы бағытталғандығын көрсетеді.

Саналы меңгеру – яғни фактілерді ажырату олардың мәнін түсіну, олардың арасындағы байланыс пен қатынастарды анықтау. Саналылық нәтижесі –дұрыс ұғым түсінікті бейнелейтін және тәжірибеде қолданылатын ғылыми негіздегі білімді қалыптастыру. Бұл принциптің естімейтін балаларды оқытуда маңызы ерекше, өйткені бұл балаларда ауызша сөзбен айтылған материалдарды меңгеруде қиындықтар кездеседі. Н.Б.Морозова, Т.В.Розанова, И.М.Соловьев мәліметтері бойынша мәтінді толық түсінбеу байланыс пен тәуелділік қоюда қиындықтар туғызады. Ал ақыл ойы кем балалар берілген материалдың негізгісі мен қосалқысын ажырата алмайды өздерінің танымдық әрекетін түсінбейді және ұзақ уақыт бойы мұғалімнің сөзін тыңдай алмайды. Сабақтағы оқушының белсенділігі туралы оның мұғалім сұрағына жуап беруге дайындығы жолдастарының пікіріне өз пікірін қосу, өз бетімен сұрақ қою дерек пен дәлелдерге сүйену.

Саналылық пен белсенділік принципін пайдаланудың нәтижелілігі оқушыларда қалыптасқан танымдық белсенділік және өз бетімен жұмыс істеу деңгейіне байланысты анықталады.

Педагогикалық оптимизм туралы принцип

Бұл принцип біріншіден кемтар тұлғалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы қазіргі ғылыми-тәжірибелік білім деңгейімен, екіншіден дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерді сауықтурыдың қазіргі педагогиканың жағдайы туралы ұғыммен қамтылған. Педагогикалық оптимизм туралы принцип қазіргі гуманизмді жариялайтын дүниетаным мен көзқарастарға негізделген. Мұнда әрбір адамның өміріндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарамастан білім алуға, оқуға құқығын қорғау әрекеттері бекітіледі.

Ерте жастан педагогикалық көмек көрсету принципі

Қазіргі арнайы педагогика нәтижелі түзету –педагогикалық көмектің бірі – бала дамуындағы ауытқуды ерте анықтау және ерте диагностикадан өткізу мен колдауды қамтамасыз ету деп санайды. Арнайы білім беру бала дамуындағы алғашқы кемістікті анықтау сәті мен бір мақсатқа бағытталған түзету-педагогикалық көмектін басталуы арасындағы уақытты біршама қысқартуды қарастырады.

Психологияда бала дамуында сензитивті деп аталатын кезеңдер бар, олар белгілі психикалық процестердің жағымды, жеңіл әрі қарқынды тез дамитын кезең. Бұл кезеңнің уақыты шектеулі, егерде осы уақытта қандай да бір себептерге байланысты нақты бір жүйе қалыптаспаса, кейін көптеген арнайы жағдайларды талап етеді. Бала дамуы үшін ерте және мектепке дейінгі жас өте маңызды, сол кезде бастапқы психикалық процестері қарқын дамиды. Қазіргі ғылыми жетістіктер қажетті диагностикалық құралдар мен түзету-педагогикалық технологияларды уақытымен ерте жастан көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік ашады.

Білім беруде әлеуметтік-бейімдеу бағыттын қамтамасыз ету принципі

Дамудағы кемістікті түзету және орның теңестіру яғни толықтыру арнайы педагогикада кемтар тұлғалардың әлеуметтік өмірде тәулсіздігін қамтамасыздандыру құралы ретінде қарастырылады.

Арнайы білім берудің әлеуметтік-бейімдеу бағыты әлеуметтік қатынастын түрлі құрылымын және адамды қоршаған мәдени ортаға психологиялық дайындықты қалыптастырады, дамудағы әлеуметтік кемшілікті анықтап түзетуге көмектеседі. Арнайы білім берудің әлеуметтік-бейімдеу бағыты арнайы білім стандартының мазмұнымен, түзетушілік білім беру үрдісінің формасы мен кұралдарымен қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік өмірге қатынасуына қажетті мінез-құлқын меңгеруі бойынша жүргізілетін түзету-педагогикалық және психологиялық жұмыстардың ұзақ әрі күрделі жүйесін, сондай-ақ аталмыш тұлғаға тиісті қарапайым гигиеналық, қарым- қатынастық, тұрмыстық дағдыладан бастап күрделі әлеуметтік, адамгершілік, философиялық, әлеуметтік-мәдени дағдыларға дейінгі әдеттерді қалыптастыруды арнайы білім беру стандарты қарастырады.

Ойлау, сөйлеу тіл және қарым-қатынасты дамыту арнайы білім беру құралы ретінде принципі

Қалыпты дамушы бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ сөйлеу ортасында болып және затты-әлеуметтік өмірмен белсене араласа отырып , тіл мен ойлауды дамыту, сөйлеу тәртібін қалыптастыру, қарым-қатынас іскерлігін меңгеру үшін қажетті барлық қажетті жағдайларды меңгереді.

Жалпы білім беретін мекемелердегі оқыту қалыпты балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталған. Қалыпты дамыған бала мектепке келгенде тұрмыстық ұғымдарды меңгерген жағдайда болады. Осыдан кейін, біртіндеп ғылыми түсініктер қалыптасады, сөздік логикалық ойлауы дамиды. Сөйлесу негізінде қарым-қатынас дами бастайды, мінез-құлқы реттеледі.

Ақыл-ой немесе дене дамуындағы кез-келген кемістік баланың ойлауына, сөйлеу тіліне, қарым-қатынасына жағымсыз әсерін тигізеді.

Сөйлеу, ойлау және қарым-қатынастағы кемістіктер мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің барлық категорияларына тән дамуындағы өзіндік мәселелерді тән етеді. Сондықтан да, олар үшін маңызды қажетті жағдайдын бірі сөйлеу, ойлау және қарым-қатынасты дамыту бағыты бойынша түзету-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.

Арнайы оқытудын түзету-теңестіру бағыты туралы принцип

Бұл принцип арнайы мектептердегі оқушылардың сақтаулы сау күшіне сүйенуді талап етеді яғни зақымдалмаған анализаторлар мен ағза мүшелері, жүйелерді пайдалана отырып әзірленеді. Психикалық және дене дамуындағы зақымдалған немесе әлсізденген функцияларды реттеуге бағытталған түзету жұмысы үшін ағзадағы зақымдалған функциялар мен жүйелерді теңестіру үрдісі қосымша құрал ретінде қарастырылады. Көрмейтіндер саусағының ұшымен сипау арқылы оқып үйренеді, естімейтіндер сөйлеп тұрған адамның ерін қимылы арқылы сөйлеу мағынасын түсінуге үйренеді немесе ымдық қимыл арқылы.

Білім берудің түзету-теңестіру бағыты оқыту, түзету-дамыту процесін арнайы техникалық құралдарының қазіргі жүйесімен, компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету талабын білдірді.

Жалпы бұл принцип арнайы білім беруде жетекші деп айтуға болады, өйткені нақты дамудағы кемістіктерді түзетуді қамтамасыз етуін қадағалайды.

Арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі әрекет арқылы ықпал ету принципі

Арнайы оқыту жүйесіндегі заттық-тәжірибелік әрекет кемтар баланың дамуын қамтасыздандырудың арнайы құралы болып табылады. Ғылыми зерттеулер заттық-тәжірибелік әрекет, дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың ең қуатты нәтижелі түзету құралы екенің дәлелдейді (жоғары жүйке жүйесін, қабылдау, сөйлеу, есте сақтау, ойлауды түзетеді, дамытады). Аталмыш принцип сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады.

Әрекет жасау кемтар балаларды оқыту мен бойындағы кемістіктерді түзетуге мол мүмкіндіктері береді. Бұл жерде кемтар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру арқылы жетекші әрекетін толық ұйымдастыру қажеттілігін ескеру керек.

Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету принципі

Кемтар балалар дамуындағы ерекшеліктер оқу-таным әрекетіне үнемі арнайы өзгерістерді еңгізуді талап етеді. Көптеген жағдайларда кемтар балалар таным ерекшеліктеріне сәйкес өз бетімен жұмыс жасаудағы қиындықтар арнайы педагогтың басшылығын қажет етеді. Арнайы педагог оқу әрекетін, еңбек әрекетін барлық кезендерінде тапсырма беру мен бақылау арқылы басшылық жасайды.

Арнайы оқыту мен тәрбиелеуде арнайы педагогтар кемтар балаларға жаң-жақты қолдау көрсетуге тиіс.

Дәріс № 15-17

Тақырыбы: Арнайы мектептердегі оқыту әдістері