
- •4. Дәрістер тезистері
- •Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері
- •Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
- •2. Арнайы педагогиканың пәндік салалары.
- •2. Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі.
- •3. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі
- •4. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері
- •1. Оқыту процесі туралы түсінік
- •2.Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері
- •3. Оқушылардың білімін тексеру
- •1. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
- •2. Арнайы білім беру мазмұны
- •1. Арнайы білім берудегі технологиялар
- •2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
- •3.Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
- •1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
- •Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
- •3. Арнайы педагог тұлғасы
- •Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу
- •Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы.
- •1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, түзету көмек көрсету мекемелері
- •2. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі.
3. Арнайы педагог тұлғасы
Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.
Қазіргі уақытта түрлі педагогикалық мамандықтарды игеруге болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман дайындау бағытына тәуелді, олардың жұмысы мазмұнына тәуелді ерекшеленеді. Дефектология мамандығы бойынша: логопед, сурдопедагог, олигофренопедагог, түзету-дамыту оқытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог ретінде жұмыс істей алады.
Арнайы мектеп мұғалімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту-тәрбиелеу және нақты арнайы білім беру ұйыдарында ғылыми-әдістемелік, ұйымдыстыру-басқару жұмыстарын атқаруға бағытында дайындайды. Ол оқыту-тәрбиелеу, ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапқы қызметтерді атқара алатындығына бағыттайды.
Арнайы педагог- бұл жан-дүниесі өте кең, ерекше рухани құндылықтарға ие, мейірімді, ақ көңілді, жан-жақты кәсіби құндылықтар жүйісін меңгерген, өзінің кәсіби әрекетін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншалықты кең, тіпті оған әлеуметтік –мейірімділік акциялардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болуына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаушы болуына тура келеді.
Арнайы педагогтың яғни дефектологтың кәсіби әрекеті денсаулыққа кері әсерін тигізетін мамандықтар қатарынан болып табылады. Сондықтан денсаулығы нашар тұлғалар бұл мамандық бойынша жұмыс істеуі қиын. Бұл мамандық бойынша жұмыс жасаймен деген тұлғада есту, көру, жүйке мен жүрек-тамыр, иммунитет жүйелер жағдайы жақсы болғаны жөн.
Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына қолдау көрсету, толыққанды өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу, оқу, қатарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер көрсету, қол өнер жасау және суре салу, ересек өмірге дайындау, өз еліне, халқына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай алатын маман- арнайы педагогтар.
Ал сабақ бағытындағы дайындық әр күн сайын арнайы педагогтың жұмысы. Дәстүрлі бұл жұмыс сабақта меңгерілетін оқу материалын талдайды, тақырыбын анықтайды. Оқу материалын іріктей отырып, қандай білім беру, тәрбиелік және түзету-дамыту міндеттерді орындауға тиіс екенін белгілейді.
Дәріс № 21-23
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу
1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері Тәрбие бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты, әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғанықалыптастыру, ол үшін рухани байлығы мен эмоциялық құндылықтарды тәрбиелеу мақсатын көздейтін әлеуметтік процесс.Тәрбие түрлі әрекеттер арқылы жүзеге асуына қарамастан, жетекші орында мектеп екені анық. Қазіргі уақытта тәрбиенің жаңа көрінісін айқауға болады, нақты адам баласының құндылығы және оқыту менбілім беру тәрбие құралдары ретінде қарастырылады. Тәрбиенің негізгі көрсеткіші- мақсаттылығы. Арнайы білім беруде мүмкіндіктері шектеулі балаларды, кемістіктеріне қарамастан, жаң жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу негізгі мақстат. Жаң-жақты дамыту өмір барлық салаларына белсенді қатысуын қамтиды, зият, құндылықты бағдарлау, қоғамдық, еңбек ету, көркем өнер, спорт,ойын, коммуникативті т.б. әрекеттер арқылы, қоршаған ортаменбайланыста болуынан көрінеді.
Тәрбие принциптері - тәрбие субъектілерін қарым-қатынасын, тәрбиенің жалпы бағытын, әдістері мен мазмұның анықтаушы негізгі идеялар.Тәрбие принциптері:
Тәрбие әдісі -
тәрбие мақсатына жету;
Бұл анықтамалардың барлығын жинақтаса келесі қорытынды беруге болады, тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиетер қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Бір топтастыруда келтірсек, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді. Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі қарым-қатынас, мінез-құлқында жағымды тәжірибе қалыптастыру әдістері: талап, пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаяттар.Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік әрекетке қатыстыруды білдіреді. Талапты ынталандыру және тежелдету жағдайлары бар. Ынталандыру – жұмысты бастау мен аяқтау. Тежелдету – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіру, жұмысты тоқтату.Қоғам пікірі – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап нақты міндет, оны іс әрекет арқылы орындау қажет. Ұжым мүшелерінің пайымдау, баға беру – бұл қоғам пікірі, ұжым еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі , педагогтің тірегі. Үйрету мен жаттықтыру – бұл мінез құлық нормасына сәйкес оқушыларда қажетті дағды, әдетті төсілдіру. Әр тәрбие үйретуден басталады, мысалы: баланың мезгілмен үйқыға жауы мен, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы. Үйрету әдісі баланын ұқыптылық, инабаттылық, мұқияттылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Бала өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып,басқа әдістермен бірігеді, мысалы жаттықтыру әдісімен.Жаттықтыру бұл әдіс түрлі жағдайларда оқушылардыңадамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін арнайы тапсырмалрды орындау арқылы жүреді. Жаттықтыру әдісі ұжымның мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез келген тәрбиелік шараларды ұжымда бір мезгілде бастау, оқушыларды тәртіптілік пен ұйымшылдаққа үйретеді. Үйрету мен жаттықтыру нұсқау, көрсету, машықтандыру , тапсырма беру сияқты тәсілдер арқылы нәтижілі өтеді. Тәрбиелік жағдаяттар жеке адамның жағымды қасиет пен қылықтарын қалыптастыруына жақсы ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп аралығында жарыстар ұйымдастыру арқылы балаларды топқа бөліп, тәрбиелік жағдайға сәйкес тапсырма беру нәтиже тәрбиелік әрекет. Тәрбиелік жағдаяттар балаларда жағымды мінез-құлқысын тәрбиелеуге көп мүмкіндік береді. Екінші топ – жеке адам санасын қалыптастыру әдістері: ұғындыру, пайымдау пікір айту, баға беру, сендіру. Бұл әдістер әнгіме мен әнгімелесу, өнеге және пікір талас арқылы тиімді жүреді және бала санасына ықпал жасауда маңызы зор. Ұғындыру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеуде аса нәтижелі әдістердің бірі. Баланы ұғындыру арқылы санасына әсер етіп, мінез-құлқы мен әдет, ерік жүйесін дұрыс қалыптастыруға болады. Пайымдау пікір айту – арнайы мектеп оқушылары үшін тиімді тәрбие әдісі. Оқушының қате жасаған қылығын көрсету, оны түзетуге бағыт беруді білдіреді. Пікір айту кеңес немесе өтініш арқылы жүреді. Балаға нені дұрыс жасамады, оны қалай түзету керек екенің тәрбиеші толық түсіндіруі тиіс. Сендіру әдісі баланың сену сезімі арқылы тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізеді. Сендіру – латын сөзі suggestio ықпал ету, сендіру аудармасынан шыққан. Бала жастағы тұлғаны түрлі заттар мен жағдайларға сендіруге болады. Арнайы мектепке келген кезден бастап бала моральді ережелерге сәйкес өз тәртібін реттейді, олай болады, болмайды, рұқсат, емес сияқты нұсқауларды орындай арқылы. Сондықтан бала бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сендіру әдісін пайдалана отырып тәрбиелеуге болады. Пікір талас бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікір-таласқа қатысу арқылы оқушы тақырып бойынша өз көзқарасын, ой-пікірін дәлелдейді. Үшінші топ – мадақтау мен жазалау әдістері. Өткізілген тәрбиелік шаралар сапасы мен тиімділігін арттыру үшін мадақтау мен жазалау әдістері қолайлы болады. Мадақтау тәрбиеленуші іс әрекеті мен мінез –құлқын жағымды белсенділікке ынталандырады. Егер бала өзінің жетістіктері мен ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта береді. Жазалау әдісін пайдалану баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, теріс қылықтарын тежейді. Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазалау әдісін ұқыпты пайдалануды ескертеді. Дамуында кемістігі бар бала кез келген жағдайда нені дұрыс жасамағаның түсінбеді. Сондықтан жазалау әдісін тек бала жасаған қылығынын қателігін түсінгеніне сенімді болған кезде тәрбиеші пайдалануға құқылы. Жазалау әдісі баланын намысына тиймей, денесіне ауыртпашылық тигізбеуі, дауыс көтермеу, талап етеді.
3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың жан- жақты тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тәрбие жұмысынын келесідей бағыттарын қамтиды: адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі |
|
Адамгершілік тәрбиесі. Арнайы мектеп өзінің тәрбиеленушілерін қоғамдағы өзіндік өміріне дайындау оның адамгершілікке тәрбиелеу маңызды орын алады. Оқушылардың тәрбиесі имандылыққа үйрету негізінде жүзеге асады.
Мектеп оқушыларды отанын сүюге, қоғамға пайдалы, еңбек етуге, қоғамдық құндылықтарды қорғауға, ұжымға және жолдастық өзара көмек беруге, адамдар арасындағы өзара сыйластыққа және адамгершілік қатынасына, адами тазалық, өмірде қарапайымдылыққа, арамдық, әділетсіздікке қарсы болуға, достықта оларды рухани өсуге, ұлттық және нәсілдік қайшылықтаға қарсы болуға тәрбиелейді. Адамгершілік тәрбиесі өте сезімтал және күрделі процесс. Ол мұғалімдерден пайымдаушылық, бақылаушылық, шығармашылық пен этикалық заңдылықтар білімін және мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін білуді талап етеді.
Еңбекке тәрбиелеудің мәні - болашақта қажет болатын еңбек әрекетіне қатысты барлық жұмысты қамтамасыз ету, яғни еңбек етудің жалпы және арнайы (кәсіби) білім, икемділік пен дағдыларын қалыптастыру, енбеке ету үшін дене, зият, инабаттылық пен ерік-сезім қаситтерін дамыту. Эстетикалық тәрбие – оқушылардың бойында қоршаған орта, табиғаттын әдемілігі мен әсемділігін толық қабылдауын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Эстетикалық тәрбие арнайы мектеп оқушылары үшін орны ерекше. Эстетикалық даму зият дамуына әсер етеді, сондықтан сезім, қарым-қатынас пен дене дамуына жағымды. |
Зиятында ауытқушылығы бар балаларды эстетикалық тәрбиелеуде ерекшеліктер байқалады, олар әдемі мен көріксізді ажырата алмайды. Әсем заттарды көргенде қуаныш сезімі туындамады, өйткені бұл балаларда эмоциялық дамуында көптеген ауытқушылықтар бар. Ал көрмейтін және нашар көретіндердің танымдық ерекшеліктері шындықтың өзгеше эстетикалық меңгеруін білдіреді. Эстетикалық сезімдері әр түрлі ойын, еңбек, көркем, таным әрекеттер негізінде қалыптасады. Арнайы мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі тәсілдері: - еңбек, тұрмыс пен әлеуметтік қарым-қатынастарды эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыру (күнделікті әдімілік пен ұқыптылықты тәрбиелеу);
Дене тәрбиесі – арнайы мектептегі сауықтыру жұмысымен бірге маңызды бағыттардың бірі. Арнайы мектеп оқушыларында дене дамуы мен денсауылығы төмен көрсеткіштерге ие. Балалардың кемістік түріне қарамастан көбінде қан-тамыр, демалу жүйелерінде аурулар кездеседі. Салмақтары мен бойы қалыпты балаларға қарағанда төмен, тірек-қимыл қозғалысында жетіспеушіліктер байқалады (бұлшық еттерінің әлсіздігі, жүрісіндегі кемістіктер, ұсақ және жалпы моторикасындағы ақаулар т.б.). Дене шынықтыру оқу бағдарламалары оқушылардың денсаулықтарын дамыту мен кемістіктерін түзету мақсатында түрлі шараларды (гимнастика, спорт ойындары т.б. ) қамтиды.
|
Оқушылар қоршаған орта туралы білім мен икем, көзқарас пен ой пікірлерін тек сабақ арқылы ғана толық меңгере алмайды. Өйткені бала сабақтан шыққан соң өмірдегі басқа құбылыстармен кездеседі, қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бұл аса маңызды міндетті арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысы атқаруға тиіс. Сыныптан тыс жұмысы бір тұтас педагогикалық үрдістің бөлегі. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысының ерекшелігі, ол сабақ сияқты қатал талаптармен шектелмейді. Сыныптан тыс жұмысты әр түрлі көріністе, еркін ынтамен , шығармашылық қасиеттер мен ұжым пікіріне сүйену арқылы өткізуге болады Бұл жұмыста оқушылардың сабақта байқалмаған ерекше қабілеттері оянып, дамиды. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмыс келесі бағытта ұйымдасады: -отан сүйгішті тәрбиелеу;
Ал сыныптан тыс жұмысын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың үш негізгі түрі тараған:
Бұл ажырату тәрбие процесіне қатысушылардың саны бойынша негізделеді . |
Тәрбие жұмысының формаларын мақсаты мен бағыты бойынша және қатысушылардың орны мен ролі бойынша ажыратуға болады. Тәрбие жұмысын өткізу уақыт мерзімі бойынша :
- қысқаша ( бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін);
- ұзақ (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін);
- дәстүрлі ( жиі, үйреншікті) түрлерге бөліенді.
Ал келесі тәрбие сыныптан тыс жұмысын жетекші әрекет арқылы негізделген: оқу, еңбек, спорт, көркем өнерпаз т.б.
1) Арнайы мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау тәрбиелік мақсаттарға жетудің негізгі құралы. Жоспар – тәрбие жұмысының мазмұны, өткізу шарттарын, көлемін, уақытын белгілейтін құжат.
Жоспарлау 3 кезенді қамтиды, олар:
Жоспар жобасын әзірлеу;
Ұжыммен талдау, ұсыныстарды жинақтау , қарастыру;
Өзгерістерді еңгізу, соңғы нұсқасын бекіту.
Жоспар мұғалімнің шығармашылық мүмкіндіктеріне және педагогикалық талаптарға сәйкес әзірленеді. Педагогикада жоспарлардын келесі түрлері кездеседі:
Мазмұны мен көлемі бойынша -
- кешенді (жалпы жоспар барлық бағыттар мен жұмыс түрлерін қамтиды);
- тематикалық ( нақты бір бағытта, м-лы ата-аналармен жұмыс);
- нақты затты (бір іс-шара туралы жоспар, м-лы сынып сағаты)
Тәрбие процесінің ұзақтығына байланысты -
- ұзақ мерзімге (бір жылға)
- бір кезенге (бір тоқсан)
- қысқа мерзімге (бір айға)
- шұғыл жоспар (бір күнге).
Тәрбиелеуде сабақтан тыс жұмысы аса маңызды қызмет атқарады. Бұл жұмысты мұғалімдер мен тәрбиешілер белсенді түрлі әрекеттер арқылы ұйымдастырады. Сабақтан тыс уақытында білім беру, түзету міндеттері кешенді түрде орындауға мүмкіндік туады.