- •Емтихан билеті 1
- •4. Жабдықтардың жұмыс атқару механизмдері.
- •Емтихан билеті 2
- •5. Алкогольсыз сусын өндірісінің технологиялық желісі.
- •Емтихан билеті 3
- •Емтихан билеті 4
- •5. Шнекті құрастыру жәйе есептеу.
- •Емтихан билеті5
- •1) Технологиялық машиналар мен жабдықтарды ескертіп жоспарлы жөндеу жүйесі.
- •2) Жабдықтардың техникалық күйін анықтау әдістері мен құралдары.
- •Өлшеу-бақылау құралдары
- •3) Шестеренді сорғылар. Сорғының жұмыс режимі және оны реттеу.
- •4) Сусымалы тамақ өнімдерді өлшейтін өлшегіштер.
- •5) Мальтті крестің құрылымы және пайдаланылатын жерлері.
- •Емтихан билеті6
- •3) Гидромоторлардың құрылысы, жұмыс істеу принципі және техникалық көрсеткіштерімен мінездемесі.
- •Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштар
- •5) Газдалған сұйық өнімділікті ыдысқа құю әдістері. Емтихан билеті7
- •7 Билет
- •1) Жөндеу құралдары. Жөндеу құралдарын салу құрылымы. Жұмыстарды ұйымдастыру. Механикалық слесарлы-монтаждау құралдары
- •Жабдықтарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.
- •2) Гидрожетектердің принциптік схемалары: көпфункционалды және жай элементті.
- •3) . Жабдықтарды жинақтаудың негізгі типтік схемалары.
- •5) Қамырды бөлшектеу жабдықтары.
- •Емтихан билеті8
- •2. Машинаны күрделі жөндеу кезіндегі түрлендіру жүйесі
- •Емтихан билеті9
- •4. Кривошипті-шатунды механизмнің ақаулары
- •Емтихан билеті10
- •3.1 Сурет. Бетонды іргетас
- •Емтихан билеті11
- •Емтихан билеті12
- •Емтихан билеті13
- •Емтихан билеті14
- •Емтихан билеті15
- •15 Билет
- •15 Билет
- •3/Копировальное устройство
- •Емтихан билеті16
- •Емтихан билеті17
- •Емтихан билеті18
- •Емтихан билеті19
- •2. Жабдықтарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
- •4. Спирт өнд ірісінің технологиялық схемасы.
- •Емтихан билеті20
Емтихан билеті 4
1. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жөндеу өндірісі. Жөндеу-пайдалану материалдарын өндіру және сақтау.
2. Жинақтау мен пайдалану процесінде технологиялық машиналарға қойылатын талаптар. Қауіпсіздік технологиясы, сенімділік пен ұзақ мерзімдік, жарамдылық.
3. Поршеньді сорғылар, құрылысы және жұмыс істеу принципі, графиктері.
4. Сусымалы өнімдері майдалайтын машиналар.
5. Шнекті құрастыру жәйе есептеу.
4емтихан билеті
1,Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жөндеу өндірісі. Жөндеу-пайдалану материалдарын өндіру және сақтау. Жөндеу деп – машиналар мен аппараттардың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтір жұмыстарының жүргізе отырып, жабықтың негізгі жұмыс көрсеткіштерін, техникалық құжатағы көрсеткіштеріне сәйкестендіру.
Жабдықтарды жөндеу мәселелерін қарастыратын ғылымды теротехнология - деп атаймыз.
Теротехнология дегеніміз – жабдықтарды белгіленген пайдалану уақысында, олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамс ету технологиясы.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес машинаның техникалық қызмет көрсетуі уақыт өткен сайын жеке тетіктердің тозуын көп болдырмайды, толықтай алсақ машинаның қызмет көрсету мерзімі ұзарып келеді, жеткілікті сенімділік пен ұзақмерзімділікті қамтамасыз етеді.
Техникалық қызмет көрсетуі машина қоректендіргіштен ажыратылғаннан кейін жүргізіледі.
Машинаны пайдалану кезінде жүргізу қажет:
күн сайынғы техникалық тексеру;
апта сайынғы техникалық тексеру;
айына 3 реттен кем емес техникалық тексеру;
жылына 1 реттен кем емес сақтандыратын жөндеу;
Күн сайынғы техникалық тексеруге жұмыс органдарының жай-күйін қадағалау мен қатар майлау үлгісінде көрсетілгендей майлау жұмысын жүргізу жатады.
Апта сайынғы техникалық тексеруге мынадый қадағалаулар кіреді:
шынжырлы байланыстардың жай-күйі, майлануы;
элетрқозғалтқыш пен редуктордың байланысының жай-күйі;
редуктордың майлану деңгейі;
бұрама мен бұрандаманың байланыстарының жай-күйі;
Техникалық тексеру (3 айда 1 реттен кем емес) электржабдықтарының тексерісін қарастырады;
Сақтандыратын жөндеуге (жылына 1 реттен кем емес) бөлшектеу және тетіктерді тазарту, майланған мойынтіректерді жуу, тозған тетіктерді ауыстыру жатады;
2. Жинақтау мен пайдалану процесінде технологиялық машиналарға қойылатын талаптар. Қауіпсіздік технологиясы, сенімділік пен ұзақ мерзімдік, жарамдылық. Қазіргі заман машиналарында, сыртқы үйкелістің салдарынан тозу жағдайлары өте жоғары өзгешеленетін, бөлшектердің екі тобын ажыратуға болады. Бірінші топтағы бөлшектер, құрылымында бір-бірімен үйкелудің әсерінен тозады, екіншісі – жасалынатын немесе өңделінетін затпен (ортамен) арадағы үйкелістен. Машина бөлшектерінің сыртқы үйкеліс негізінде олардың үстіңгі беттерінің бір-біріне әсер етуі жатыр, немесе үстіңгі бет байланыстарының пайда болуы, олардың жұмысы және бүлінуі. Бұлай бір-біріне әсер ету үйкелістегі бөлшектердің үстіңгі бет қабаттарын серпімділік-пластикалық өзгеріске (деформация, ұшыратады, ол өз кезегінде екінші қатардағы физикалық, химиялық және механикалық процесстердің пайда болуына және дамуына мүмкіндік береді.) Сыртқы үйкелістің негізгі сипаттамасы болып үйкеліс күші табылады. Тоздырылудың жылдамдығы – тозу аумағының сол тозу пайда болған уақыт аралығында қатынасы. Сәттік және орташа тоздырылу жылдамдығын ажыратуға болады. 2. Тоздырылудың қарқындылығы (интенсивность) – тозу аумағының сол тоздырылу пайда болған келісілген жүру жолына қатынасы. 3. Тозуға төзімділік – жасалу заттарының (материалдардың) үйкелістің белгілі бір шарттарында, тоздыырылуға қарсылық көрсету қасиетін ол тоздырылу жылдамдығы бағаланатын үлкендіктерге қарсы үлкендікпен бағаланады. 4. Салыстырмалы тозуға төзімділік – біркелкі жағдайда тоздырылғанда, сыналатын жасалу заты тозуға төзімділігінің эталон ретінде қабылданған жасалу заты тозуға төзімділігіне қатынасы
3. Поршеньді сорғылар, құрылысы және жұмыс істеу принципі, графиктері. Поршеньді сорғы — тамшылы сұйықтықтың қозғалуы немесе газдың қысылуы және берілуіне, кірісі мен шығысына алма-кезек қатынасты, сонымен қатар көлемі де үнемі өзгеріп тұратын жұмыс бөлмешігіндегі органның өсері арқылы сұйық зат тиісті қуатқа ие болатын сорғы түрі. Поршеньді сорғы негізінен поршеньді және плунжерлі болып екі түрге бөлінеді. Біріншісі 1,5—2 Мпа-ға дейінгі ал екіншісі одан жоғары қысымға қолданылады. Поршеньді сорғынын, жұмыс өнімділігі поршень жүрісінің ұзындығы мен диаметріне және поршеньнің жүріс санына байланысты; сорғының арыны сорғыш және арынды құбырлар желісіндегі гидравликалықкедергілерден және геодезиялық көтеру биіктігінен тұрады. Арынның өнімділікке төуелді болмауы поршеньді сорғының артықшылығын көрсетеді. Цилиндрде өте үлкен қысым туындататын Поршеньді сорғы түтқыр сұйықтықтарды тасымалдауға (гидросорғы) және дизельдерге отын беруде кеңінен қолданылады. Сығылған газдарды сыртқа аддап және сорған поршеньді сорғыны — поршеньді компрессорлардеп те атайды
Поршеньдік
(1 сурет). Цилиндрлік денеге тығыз
орнатылған поршеннің біржақты қозғалысынан
клапан арқылы сұйықтық сорылады да,
кері қозғалғанда қысымдалады. Поршеньдік
қысымдағыштардың басты қасиеттері ол
– жоғары ПӘК, үлкен қысымдарға қол
жеткізу және өнімділіктің қарсы қысымнан
тәжірибелік тәуелсіздігі. Кемшіліктері
– рабайсыздығы (громоздкость) және
электрқозғалтқышпен тікелей қосу
қиындығы, жөнге салу машақаттығы,
клапандар бар болуынан сұйықтықтың
біркелкіліксіз берілуі. Поршеньдік
қысымдағыштар насостар және компрессорлар
ретінде қолданылады.
4. Сусымалы өнімдері майдалайтын машиналар. Ұрып ысқылау әсерінен жұмыс істейтін шыбыртқылы машиналар білікті станоктардан бірінші үш бөлшектеу жүйесінен кейін өнімді қосымша ұнтақтау және сорттау кезінде ұнтақталған дәнді белсендету үшін қолданылады.
Бұл ұн зауытының өнімділігін арттыруға, елену тиімділігін көтеруге, энергия шығынын төмендетуге және құрамында қауызы минималды мөлшерде ұн алуға септігін тигізеді.
А1-БВУ типті шыбыртқылы ұнтақтау машинасы 1-ші бөлшектеу жүйесінен кейін жоғарғы өтпей қалған өнімді өңдеу арқылы эндосперм бөлшегін қауызынан бөліп алу үшін қолданылады.
Сурет-1. 1-білік; 2-гонка(бағыттаушы); 3-торлы цилиндр; 4-шыбыртқылы ротор; 5,7,13-құбырлар; 6-шнек; 8,14-подшипник түйіндері; 9-перегородка; 10-реттелетін бич; 11-корпус; 12-есік; 15-қайысты беріліс; 16-электроқозғалтқыш.
Темір корпус 11 бөгеттермен 9 екі секцияға бөлінген. Әркайсысында жылжымайтын торлы цилиндр 3, ал оның ішінде шыбыртқылы ротор орналасқан. Екі секциядағы ротор жетектері қайысты беріліс 15 арқылы электроқозғалтқыштан 16 жүзеге асады.
Шыбыртқылы ротор білікпен қатаң бекітілген 1 жартылай темір цилиндрден тұрады. Цилиндрдің сыртқы бетінде кезек-кезек үш реттелетін шыбыртқы 10, үш қатар гонка(бағыттаушы) 2 және алдында реттелмейтін шыбыртқалар орналасқан.
