Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_bileti.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.96 Mб
Скачать

4. Кривошипті-шатунды механизмнің ақаулары

Кривошипті-шатунды   механизмнін ұзақ әрі калыпты жұмыс істеуі ондағы детальдардың   күйіне     байланысты. Тракторлар мен автомобильдерді пайдаланған кезде,   олардың бір қалыпты жұмысы   кейбір   ақаулардың   пайда болуы   салдарынан бұзылуы   мүмкін. Мұның ең бастылары — детальдардын үйкелетін беттерінің тозуы, цилиндрдегі компрессияның төмендеуі,   май мен судың ағуы.  Детальдардың тозуының сыртқы белгісіне жататындары — двигательде естілетін тарсыл, майдың тым көп жұмсалуы, пайдаланылған газдың түтінденіп шығуы, қозғалтқыш қуатының кемуі.

Детальдар аралығындағы көбірек тозған орынды анықтау үшін отын жіберетін рычагты тарсыл көбірек естілетін айналымға қояды. Қозғалтқыш жұмысын стетоскоппен тыңдауға да болады. Стетоскоп — металл стерженьге жалғанған наушник. Әр түрлі детальдардың өзіндік тарсыл үндестілігі болады. Мәселен, айқын естілетін, иінді біліктің айналу жиілігі артқан сайын күшейе түсетін металл тарсыл — поршень саусақтары немесе олардың втулкалары тозған жағдайда байқалады. Қатаң, айналу жиілігі күрт өзгергенде құбылып тұратын дыбыс блок-картердің төменгі бөлігінде (әсіресе күш түскенде) естіледі, бұл — шатунның немесе түпкі подшипниктердің тозғанын аңғарады. Түпкі подшипниктердің тозуының қосалқы белгілеріне май магистралындағы май қысымының төмендеуі де жатады. Поршеньдер немесе цилиндрлер гильзасы тозған жағдайда сыртылдаған тарсыл шығады да, ол қозғалтқыш жүріп, қыза бастаған кезде естіледі.

Поршень сақиналарының тозу белгісі — цилиндрдегі компрессияның төмендеуі және картер майының шамадан тыс көп жұмсалуы салдарынан қозғалтқыш қуатының кемуі, өйткені мұндай жағдайда компрессиялық сакинаның поршень астындағы қуысқа май айдайтын насостың әрекеті күшейеді.

Шығару түтігінен көгілдір түтін шығуы — цилиндрлер гильзасының, поршеньдердің және олардың сақиналарының тозуы немесе поршень сақиналарының кокстенуі салдарынан жану камерасына майдың құйылғандығын аңғартады. Ақ түтіннің шығуы су тысынан цилиндргё су құйылғандығын көрсетеді. Цилиндрлерге судың ағуын тоқтату үшін цилиндрлер қалпақшасын бекітетін гайканы қатайтып бұрайды. Гайкаларды бұрап қатайту үшін динамометрлік кілтпен мынадай екіуш  амалды қолданады.  Әуелі гайка­лардың ортасынан бастап, сонан соң оң жағы мен сол жағын кезекпекезек, ең  соңында   шеткі   гайкаларды   бұрайды.

Цилиндр гильзасы мен блок-картер аралығындағы нығыздайтын резеңке сақинаның қолайсыз орналасуы салдарынан су тысындағы су картер түбіне ағуы мүмкщ. Қартер түбінен, картер маховигінен және таратқыш шестернясынан майдың ағуы төсемнің бұзылуынан немесе нығыз орналаспауынан, ал кейде иінді біліктің алдыңғы және артқы шетіндегі нығыздағыштың тозуынан болуы мүмкін.

Су немесе май аққан жағдайда барлық бекіткіш болттарды қатайтып бұрайды, ал егер бұдан көмек болмаса, онда бұзылған төсемдерді немесе нығыздағыштың тозған детальдарын алмастырады. Двигательдің ішіне шаңтозаң кіруін болдырмас үшін, тозған детальдарды ауыстыруды шеберханада жүргізеді. Бөлшектер алдында шеберналадчик двигательді диагностикалық құрылғымен тексереді.

5. Карамель – деп қант пен сірнені қосып, ылғалдылығын 1 – 3% - ға дейін қайнатқанда пайда болатын аморфты қанты тәтті тағамды айтады.

Карамелдің түрлері көп, олардың бәрін екі топқа бөлуге болады: мөлдір карамель, оны түгелдей карамель массасынан дайындайды; ішіне салма начинка толтырылған, сыртын карамель массасы қаптаған. Ішіне салынатын салманың түріне қарай карамельдер бірнеше түрлерге бөлінеді бөлінеді: жеміс-жидекті, помадалы, ликерлі, балды, сүтті, марципианды, жаңғақты, шоколадты, май-қантты (салқындатқыш), бұлғанған.

Сыртқы көрінісіне қарай оралған немесе оралмаған карамель деп бөлінеді. Оралмаған карамельді әр түрлі ауа кірмейтін ыдысқа салып сақтайды және карамельдің сыртын әр түрлі заттармен өңдейді. Оны әшекейленген (глазурленген), дражеленген, қантқа аунатылған (қант себілген) тағы басқа деп бөлінеді.

Карамель жасауға қант, крахмал сірнесін, салманы дайындайтын әр түрлі жеміс –жидек, май, сүт, жаңғақ, бал,т.б. шикізаттарды пайдаланады. Бұлардан басқа карамельдің сапасын артыруға қышқылдар, қош иісті және тамақ бояулары қолданылады.

Карамель жасау бірнеше сатыдан тұрады: карамель шырынын дайындау; карамель массасын қайнату; ішіне салатын салманы дайындау; карамель масссасын қалыптауға дайындау; қалыптау; салқындату; карамельді орау; ұсақ орау; бөлшектеп өлшеу; қаптау. Осы сатылар алдыңғы қатарлы өндіріс орындарында механикаландырылған тасқынды желілерде жүргізіледі.

Негізінен карамельдің екі негізгі түрі бар:

  • ішкі қоспасы бар карамель;

  • ішкі қоспасыз мөлдір – мұздықталған карамель.

Ішкі қоспасы бар карамель әртүрлі ішкі қоспадан дайындалады: жеміс – жидекті, помадалы, ликерлі, шоколад – жаңғақты, сүтті және тағы басқа. Саудаға шығарылу түрлері де бар: даналап оралған түрде, оралмаған түрде, қорапқа не болмаса пакетке қапталған түрде шығарылады.

Қолданылатын ішкі қоспаның физико – химиялық құрамы карамельді орау тәсілі және қаптау, карамельді формалау сияқты қолданылатын тәсілдердің түрлері ағымды желілердің құрылғысына және технологиялық процестеріне белгілі бір спецификациялар енгізеді.

Кондитер өндірісінде карамельдің массалық сорттарын өндірудің механикаландырылған және автоматтандырылған ағымды желілері бар: ішкі қоспасы бар карамельді өндіруге арналған механикаландырылған желісі, беті ашық түрде жылтырлатылған (немесе қант себілген) карамельді өндірудің механикаландырылған желісі, мұздықталған карамельді өндірудің автоматтандырылған желісі.

2. Аз қалыңдықты тетіктерді дәнекерлеу. Бұл кезде ультрадыбыспен пісірудің, мысалы, конденсаторлық пісірудің алдында белгілі артық-шылықтары бар. Бұл артықшылықтар мынамен себептелген: аз қалыңдықты тетіктерді қосу үшін қолданылатын, конденсаторлық пісіруге қарағанда, тетіктердің бірдей қалыңдығы кезінде ультрадыбыспен пісіру кезінде нүктенің диаметрін артық алуға болады. 2. Әр түрлі қалыңдықты тетіктерді және басқа әдістермен пісірілмейтін немесе қиын пісірілетін, әр текті металдарды пісіру. Металдарды металл еместермен (жартылай өткізгіштермен, шынымен және кейбір басқа материалдармен) ультрадыбыспен пісіру кезінде елеулі табыстарға қол жеткізілген. Бұл электрондық және радиотехникалық өнеркәсіпте ультр-дыбыстық пісірудің қолданылуын қамтамасыз етті. Ультрадыбыстың көмегімен пластмассалардан тетіктерді пісіреді. Лазермен пісірумен қатар, ультрадыбыспен пісіру биологиялық тіндерді қосу үшін қолданылады, бұл ультрадыбыспен пісіруді пайдаланудың теңдессіз мысалы болып табылады және сонымен бірге оның кең мүмкіндіктерін сипаттайды. Металдарды дәнекерлеу процесінің балқытып қаптастыру арқылы дәнекерлеу процесімен ортақ жері көп. Алайда дәнекерлеу пісіруден келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді: - дәнекерлеу екі қосылатын металдың немесе тым болмаса біреуінің балқу температурасынан төмен температурада жүргізіледі; - дәнекерлеу процесінде қосылатын тетіктердің арасында белгілі моментте дәнекердің сұйық металды жұқа қабаты болады; - балқытумен пісіруден рекшелігінде дәнекерленген қосылыс қосылатын тетіктер металдарының тікелей өзара әрекеттесуі нәтижесінде емес, ал дәнекер мен негізгі металдың өзара әрекеттесуі салдарынан түзіледі; - дәнекерлеудің міндетті шарты дәнекерленетін беттерді дәнекермен сулау, дәнекер компоненттерінің негізгі металл жағына қарай және негізгі металл компоненттерінің дәнекер жағына қарай диффузиясы және сұйық жұқа қабаттың кейіннен кристалдануы болып табылады. Бірнеше тетіктерден тұратын, пішін үйлесімі бойынша күрделі тораптар мен тұтас конструкцияларды бір өндірістік циклде (қыздыру) дәнекерлеумен жасауға болады, бұл дәнекерлеуді (дәнекерлеуден ерекшелігінде) материалдарды қосудың топтық әдісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және оны механикаландыру мен автоматтандыруға оңай берілетін, жоғары өнімді технологиялық процеске айналдырады. Дәнекерлеу қалдық кернеулер мен деформацияларды азайтады, ал кейде толығымен жоққа шығарады. Дәнекерлеудің өте маңызды артықшылықтарының санына әр текті металдардың, сондай-ақ металдардың металл еместермен қосылу мүмкіндігін жатқызу керек. Дәнекерлеудің көмегімен ажыратылмайтын және ажыратылатын қосылыстарды алуға болады. Соңғысы баспа тақшасында орнатылған, ақаулы аспаптарды жөндеу немесе ауыстыру кезінде бөлшектеу қажеттілігі пайда болғанда, радиоэлектрондық аппаратура өндірісінде өте маңызды болады. Дәнекерлеумен қосылатын беттердің өлшемдерін (айқассалын шамасын) түрлендіру мүмкіндігі негізгі металмен беріктігі тең қосылыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге түйіспелік пісіру қарағанда, кернеулері аз шоғырланатын аса қолайлы пішіні алынады. Дәнекерлеудің жоғарыда аталған артықшылықтары оны өндірісте аса кең қолданыс тапқан, ілгері технологиялық процесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Дәнекерлеу – біріктірілетін метал бөліктерінің арасында атомдар байланысын орнату арқылы олардың біртұтас қосылысын қалыптастыратын үрдіс. Ол үшін үрдісті қосылатын метал беттерін немесе оларды бүтіндей қыздыру, илемді деформациялаумен үйлестіре отырып жүргізеді. Дәнекерлеу үрдісінің физикалық мағынасы – ол қосылатын дайындама беттерінде атомдар мен молекулалар арасында берік байланыс орнату. Дәнекерленген қосылыс алу үшін қолданылатын энергия түріне байланысты үрдіс үш түрге бөлінеді. Термиялық. Бұл топта дәнекерлеу жылу энергиясын пайдалана отырып металды балқыту арқылы жүргізіледі (электр доғасымен, газбен және т.б.). Термомеханикалық. Дәнекерлеу жылу мен қысымды үйлестіре отырып жүргізіледі (түйістіру әдісі). Механикалық. Дәнекерлеу механикалық энергия мен қысымды пайдалана отырып жүргізіледі. Нақтылы бұйымға қажетті дәнекерлеу үрдісін дұрыс таңдау үшін кем дегенде үш негізгі факторларды ескеру керек: қолданылатын үрдістің техникалық мүмкіндігі, жасалатын дәнекерлеу жігінің сапасы мен сенімділігін, дәнекерлеудің энергетикалық және экономикалық тиімділігін. Металды дәнекерлеуде көптеген жағдайда температура қоршаған орта температурасынан металдың қайнау температурасына дейін тез арада өзгереді. Осындай аса үлкен температура аралығында әртүлі физикалық және химиялық үрдістер өтеді. Олар – негізгі және үстеме металдың кристалдануы, метал жігіндегі және негізгі металдағы құрылымдық және көлемдік өзгерістер, илемді деформациялау үрдісі. Осы себепті дәнекерлеу үрдісін басқару үшін оған аталған үрдістердің, оның ішінде метал температурасының уақытқа байланысты өзгеруін білу керек. Материалдың маңызды технолоиялық қасиетінің бірі – ол дәнекерлену. Дәнекерлену – ол материалдың қолданылған дәнекерлеу технологиясы арқылы бұйымның құрылымына қойылатын және пайдалану жағдайынан туындайтын талаптарға сәйкес қосылыс алу мүмкіндігі. Материалдар дәнекерленуі бойынша жақсы, қанағатты түрде және нашар дәнекерленетін болып бөлінеді. Электр доғасымен дәнекерлеу. Үрдістің мағынасы. Электр доғасымен дінекерлеуде жылу көзі – ол өткізгіш пен дайындама арасында жанатын электр доғасы. Доға – металдың газдары және буларымен иондалған атмосферадағы қуатты және тұрақты электр разряды. Доғаның ортасында температура 6000К, ал катод және анод беттерінде температура 3000К жетеді. 3.  Двига-тель радиаторынық өзегін майда сабан мен шаң-тозаңнан қорғау үшін ауа таратқыш орнатылған. Ауа таратқыштың ішіне гидро-жетекті механизм орнатйлған мұның өзі жүргізушінің кабинадан шықпай-ақ оны тазартып тұруына мүмікіндік береді.

Ауа таратқыштын, көмікермесі шұрық тесікті цинктелген болат каңылтыр, оның тесігінің диаметрі 1,5 мм. Тазарту -механизмі екі клапаннан 13, 17 екі жақты әсер ететін гидроцилиндрден және кла-пандар жетегінен тұрады (95-сурет). Кладандар осі ауа тарат-

95-сурет. Гидроцилиндр және двигатель радиаторы ауа таратқышы-ның торын тазарту механизмі:

а — гидроцилиндр; ә — радиатор торын тазарту механизмі;

және 5 — гильзалар 2 — поршень және 11 — штоктар 4 — центрлеуіш серіппе б және 10 — қалпақшалар 7 және 9 — қуыстар; 8 — дроссельді тесік; 12, 15 және 18 — бөгеуіштер; 13 және 17 — клапандар;14 — рычаг; 16 — гидроцилиндр.

қыштың оң жағыньщ алды мен артына орналасқан. Гидроцилиндр клапандарды өз осінен 90° бұра алады. Мұндай да клапандар ауа таратқыштың он жақ кенересін немесе бір мезетте алдыңғы және артқы кенересін жабады.

Осының нәтижесінде мынадай құбылыс болады: клапандар өз жүрісі аяқталарда ауаның қарсы ағынын тудырады, бұған бө-геуіштер 12, 15 және 18 жәрдемдеседі, клапандардың жүрісі аяк,-талғанда ауа ағыны тиісті кенерелерде толық жабылады. Осының барлығы ауа таратқыштың сыртқы бетінің сабан-топандардан та-заруына мүмкіндік береді.

Клапандар жетегі мен штокта 11 аша бар, солардың көмегімен клапандардың дұрыс орналасуын реттеуге болады.

Гидрожетектің құрылысымен танысайық. Екі жағы қалпақшамен 10, 6 жабылған гильзаға поршень еркін сияды. Поршеные мәнерлі саңылау жасалған, оған радиалды саңылауымен штоктердің 11, 3сақиналы кертпегі сұғындырылған. Цилиндрдің екі қуысы 7, бір-бірімен дроссельді тесік арқылы қатысады. Штоктың құйрығында екі жақты әрекет ететін центрлеуіш серіппе ор-натылған.

Гидроцилиндр трубопроводтармен бітеуіш клапандары жоқ бөлгіштің секцияларына жалғанған. Осы секция бөлгіштерінің тұтқасын жылжытқан кезде май гидроцилиндр қуыстарының бі-реуіне келеді. Мәселен, май 5-қуысқа келді делік. Оның біразы дроссельді тесік арқылы 7-қуысқа өтеді. Қалған май оң жақтағы поршеньге ауысады (егер 95-суретке қарасақ) да, ол тазарту механизмін қозғалысқа келтіріп, серіппені қысады. Қуыс 7 бөлгіш арқылы ағызу кранымен жалғанғанда, май одан еркін ағады. Бөлгіш тұтқасы келесі орын ауыстырғанда май қуысқа 7 келіп, поршень солға жылжиды.

1.Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:

1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару);

2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу);

3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).

Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес. Машина жасау кешені мен агроөнеркәсіптік және көлік кешендерінің арасында қандай байланыстар бар?

Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады. Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек қорларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер қаласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жұмыс істеу қажет. Бұл салалар өрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған. Металды кеп қажет ететін енімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]