Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_bileti.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.96 Mб
Скачать

5) Қамырды бөлшектеу жабдықтары.

Қамыр бөлшектеу машиналары. Иленіп ашыған қамырды 1…2%- тік дәлдікпен жекеленген бөлшектерге бөлу қажет. Бұл процесс үшін қамыр бөлшектеу машиналары пайдаланылады.

Қамыр бөлшектеу машиналарының жіктелуі әр түрлі болады. Солардың бірі (Лисовенко А.Т. ұсынған) төмендегі 1 суретте берілген.

Поршенді сығымдағышы және бөлу барабаны бар қамыр бөлшектеу машиналарына маркалары CD, XTD, PMK, Кооператор, Мультимат, Парта, Универсал және басқа машиналар жатады.

Қалақты сығымдағышты бөлшектеу барабаны бар, машиналар қатарына A2-XTH машинасы жатады.

Білікті сығымдағышты машиналарға маркалары XDB, PT-2-PMK, XЛC-9 және басқа машиналар жатады.

Жаймалау білікшелері бар білікті сығымдағышты машиналар қатарына ФЛТВ, Гефра машиналары жатады.

Шнекті сығымдағышты машиналарға XMФ-M2, Кузбасс және басқа машиналар жатады.

Шнекті сығымдағышты бөлу барабаны жоқ машиналарына ХДР, Роботер машиналары жатады.

Қамыр бөлшектеу машиналарындағы процестерді зерттеу.

Жұмыс істейтін қамыр бөлу машиналарына қойылатын шарттар:

-қамыр бөлшектерінің массасының дәлдігі;

-бөлінген бөлшектердің қасиеттері;

-шығындалған меншікті қуат мөлшері;

-машинаның сенімді және ұзақ уақыт жұмыс істеуі

1,1– сурет. Сығымдағышы поршеньді және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-өлшеу камерасы; 2-бөлу басы; 3-бекіткіш; 4-сығымдаушы поршень; 5-қабылдау шанағы; 6-қысым реттегіш;

1,2– сурет. Сығымдағышы қалақшалы және бөлу басы бар қамырбөлгіш. 1-реттегіш; 2-бөлу басы; 3-өлшеу камерасы; 4-бөліп кесуші айналмалы бекіткіш; 5- қабылдау шанағы; 6- сығымдаушы қалақ;

Емтихан билеті8

1. Іске қосу-баптау жұмыстары. Машиналарды завод жағдайларында құрастыру және сынау.

2. Жөндеу шеберханалары және жөндеу заводтары. Жөндеудің технологиялық процесінің құрама бөліктері.

3. Жүйені басқару және оны реттеу. Дроссельдік реттеу. Дроссельді тізбектеп қосу.

4. Қамыр бөлшегін пішіндейтін жабдықтар.

5.Машинаның кинематикалық схемаларын құрастыру.

2. Машинаны күрделі жөндеу кезіндегі түрлендіру жүйесі

Күрделі жөндеу – базалық бөліктерімен қатар кез-келген бөліктерін ауыстырып немесе қалпына келтіру арқылы жарамдылығын және бұйымның толық немесе оған жақын ресурсқа дейін қалпына келтіруді орындайтын жөндеу. Күрделі жөндеу жоспарлы және жоспардан тыс бола алады.

Жөндеу тәсілі – жөндеу операцияларын орындаудың технологиялық және ұйымдастырушылық ережелерінің жиынтығы.

Жөндеудің дербессізденбеген тәсілі – қалпына келтірілген құрам бөліктердің белгіленген бұйым данасына жататындығы сақталатын жөндеу тәсілі.

Жөндеудің дербессізденген тәсілі – қалпына келтірілген құрам бөліктердің белгіленген бұйым данасына жататындығы сақталмайтын жөндеу тәсілі.

Жөндеу көлемі – бұйым жөндеуінің операцияларын, олардың орындалу ұзақтығын және қажетті еңбектік, материалдық және қаржылық шығындардың атаутізімін анықтайтын мінездемесі.

Жөндеу операциясы – жөндеу құрамдарымен операциялардың орындалуымен бекітілген бір жұмыс орнында орындалатын қабылдаулар жиынтығын көрсететін бұйымның жөндеуінің аяқталған бөлігі, жөндеудің пераллельдік-тізбектейлік тәсілі – жөнделетін бұйымдардың барлық тобын ішінде жөндеу жұмысы тізбектей тәсілмен орындалатын топтамаларға бөлетін бұйымды жөндеудің тәсілі.

Жөндеудің параллельді тәсілі – берілген топ бұйымдарының бір мезгілде орындалуын сипаттайтын бұйым топтарының жөндеу тәсілі..

Жөндеудің тізбектей тәсілі - әр бұйым жөндеуге алдыңғы бұйымның жөнделуі аяқталған соң түсетін бұйымдар тобының жөндеу тәсілі.

Жөндеудің ағымдық тәсілі – берілген технологиялық тізбектілікпен және ырғақпен арнайы жұмыс орындарында орындалатын жөндеу тәсілі. Жөндеу – бұйымның немесе оның құрам бөліктерінің қорларын, бұйымдардың жарамдылығын немесе жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша операциялар кешені. Жөндеуге:ақаулық, бұйымның техникалық күйін бақылау, бөлшектерді қалпына келтіру, құрастыру және т.б. жатады. Жөндеу операциясының бөлігінің мазмұны техникалық қызмет көрсетудің кей операцияларының мазмұнымен сәйкес келуі мүмкін.

Бұйымдарды жөндеу жеке бөлшектердің және құрастыру бірліктерінің ауыстырылуымен және қалпына келтіруімен орындалуы мүмкін жөндеу құралдары – ғимараттар, құрылыстар, техникалық қондырғылар, қорлық бөліктер мен материалдар. Қорлық бұйымды жөндеудің барлық түрлерін жүзеге асыруға арналған.

Машиналардың жөндеуі – машинаның тоқыраулары мен зақымдануларын жоюды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені. Машиналарды жөндеуде жарамсыз бөлшектердің жартысы жаңалармен (қорлық бөліктерімен) ауыстырылады, ал жартысы жөндеуге ұшырайды. Жаңа жасау және тозған бөлшектерді жөндеу нәтижесінде дайындамаларға немесе тозған бөлшектерге сызба мен пішіндер берілетін күрделі жұмыстар кешені болып табылады.

Берілген өнеркәсіпке болып түскен  дайындамаларды, материалдарды немесе тозған бөлшектерді дайын бұйымға айналдыруға қажетті өндіріс құралдары мен адамдардың өзара байланысқан әрекеттерінің жиынтығы өндірістік үрдіс деп аталады.

Құрылыс машиналардың күрделі жөндеуінің өндірістік үрдісі тізбектей жүзеге асырылатын технологиялық үрдістердің қатарынан тұрады. Еңбек құралдарының күйін өзгерту немесе анықтау бойынша мақсатты бағытталған әрекеттерден тұратын өндірістік өндірістің бөлігі технологиялық үрдіс (технология) деп аталады.

Үрдіс бұйымға (машинаға, құрастыру бірлігіне, бөлшекке) немесе тәсілге (механикаға, оның ішінде теміршеберлік өңдеуге; электрофизикаға – металдауға, құрастыруға, бояуға, бақылауға) жатқызылуы мүмкін.

Сонымен, құрастырудың технологиялық үрдісі бөлшектердің топтауға тізбектей бірігуі мен тікелей байланысқан өндірістік үрдістің бөлігі; бөлшекті жөндеудің технологиялық үрдісі бөлшектің күйін (геометриялық пішінін, өлшемін, беттің сапасын және т.б.) өзгертілуімен байланысты өндірістік үрдістің бір бөлігі.

Жөндеу сөзін элементтердің немесе толық машинаның қалыпты жұмыс қабілеттілігін алу үшін жүргізетін жұмыстар кешені деп түсінеді. Бұған  ақаулықты, құрастыруды, домалатуды, бояуды, бақылауды жатқызады.

Қалпына келтіру терминін бөлшектердің жарамсыздығын бастапқы өлшемдерді, пішіндерді, физикалық-механикалық қасиеттерді беру немесе өңдеудің әр түрлі тәсілдерімен жоятын жағдайда қолданады.

Машинаны жөндеудің өндірісік үрдісі оны дайындаудың үрдісінен жөндеу жөндеуге дайындау, тазалау және көпретті жуу, бөлшектер мен тозған түйісулерді бақылау оларды қалпына келтіру сияқты технологиялық үрдістерімен қоса берілуімен ерекшеленеді.

Құрылыс және жол машиналарының күрделі жөндеудің негізгі операциялардан тұрады:

- машинаны жөндеуге қабылдау; машинаның сыртын жуу; машинаны агрегаттарға және түзілімдерді тазалау мен жуу агрегаттар мен түзілімдерді бөлшектерге бөлуден; бөлшектерді тазалау мен жуудан;

- бөлшектерді ақаулардан; бөлшектерді жөндеуден; бөлшектерді жинақтаудан;

- агрегаттар мен түзілімдерді құрастырудан;  агрегаттар мен түзілімдерді домалатудан, сынаудан және бояудан;

машинаның жалпы құрастырылуынан, дамытуынан, сынаудан және бояудан;

- жөнделген машинаны (агрегаттарды) тапсырудан жөндеулік өнеркәсіптің өндірістік үрдісі машина жасау өнеркәсібі сияқты негізгі және

оларға қосарласатын қосымша және қызмет көрсетушілік үрдістерден тұрады.

Түрлендіру жүйесінің үлгісі (5.9 сурет) тек негізгі және негізге қосарласатын технологиялық үрдістерден тұрады.

Жөндеулік өнеркәсіпке жеткізілген машиналар және олардың элементтері (кіріс М) машинаның жинақтығын (машинаның ақаулығының технологиялық үрдісі) және оның технологиялық күйін шығуын бекітетін көрсетілген құжаттардың дұрыс хатталуын және тізім әлемінің сәйкестігін көрсететін комиссиямен қабылданады.

Комиссия машинаның жөндеуге қабылдануы туралы актіні, ал жөндеудің мақсатсыздығы жағдайында – машинаның шығарып тасталуының қажеттігін негіздейтін актіні көрсетеді.

Жөндеуге тиісті машиналарды бөлшектеуге жібереді (кіріс құрастыру машинасы). Машиналарды құрастыру бірліктерге (шығыс ҚБ) бөлшектеу қажетті ТЖҚ қолданумен технологиялық үрдіспен қарастырылған қатал белгіленген тізбектілікпен жүргізіледі. Одан әрі құрастыру бірліктерінің ақауландыру технологиялық үрдісі орындалады және олардың технологиялық  күйі (ҚБК) анықталады, одан кейін құрастыру бірлігі (кіріс ҚБК) бөлшектерге бөлшектенеді (шығыс Б). Ластанудан тазаланған түйісулер мен бөлшектердің (кіріс Б) технологиялық күйін бағалау үшін және олардың алдыңғы уақытта қолдану мүмкіндігі немесе қалпына келтіру қажеттілігін анықтау үшін бақылайды.

Бөлшекті қалпына келтіру технологиялық үрдісі бөлшектің жұмысқа қабілетсіз (кіріс БҚ) күйден бөлшекке деген технологиялық шарттар мен сызбадағы талаптарға сәйкес келетін жарамды күйге (шығыс ҚКБ) өзгертумен байланысты үрдіс болып табылады (геометриялық пішіндер,өлшемдер, беттің сапасы т.б.)

Түзілімдік және жалпы құрастырудың жөндеулердің өндірістік үрдісіндегі технологиялық үрдістердің мақсаттары мен міндеттері машинаны дайындаудың өндірістік үрдісіндегі сондай үрдістер сипаттас.

 

5.9 – сурет – Машинаны күрделі жөндеудегі түрлендіру жүйесінің үлгісі

 

Жөндеудің өндірістік үрдісіндегі құрастырудың ерекшелігі машиналарды жөндеулік және шақтамалы тозуы бар бөлшектерідің 3 тобынан жөндеу зауыттарда жинайтындығында. Осыған байланысты бөлшектерді құрастыру бөліміне беру алдында түйісулерде талаптанатын саңылауларды немесе тартпаны қамтамасыз ету үшін өлшемдері бойынша, кей жағдайда олдарды масса бойынша жинақтайды. Жинақтау үрдісінде қажетті теміршеберлі-келтірулік жұмыстар орындайды. Бөлшектердің алдын-ала таңдалуы мен жинақталуы құрастырушыларды құрастыру жұмысының сапасын жоғарлатуды қамтамасыз етіп, бөлшектерді келтіру мен таңдауды орындаудан арылтады.

Құрастыру реті негізінде машинаның құрлымымен, сонымен қатар, берілген өнеркәсіптегі құрастырудың ұйымдастырушылық қорамаларымен анықталады.

Жаттықтырудың мақсаты қозғалмалы бірігулердің беттің қамтамасыз ету және жөндеу мен құрастыруда жіберілген техникалық шарттардан (үйкеліс түзілімінің аса қызуы, суықтың ағуы, қатты шу, діріл және басқа жарамсыздықтар) ақаулар нәтижесінде туындаған ақауларды анықтау.

Агрегаттар мен түзілімдерді жаттықтыруды техникалық карталарға сәйкес режимдерін қадағалаумен  жасайды.    

Сынақтар. Бұйымды сынау – бұл пайдаланған шарттарын  немесе қызмет ету үрдісінде; сонымен қатар бұйымға берілген бағдарлама бойынша белгіленген әсерлерді шығарғанда бұйымның сапа көрсеткіштерін және параметрлерінің мәндерін тәжірибелік анықтау.

Сонымен, жөнделген машинаның (ҚКМСК) соңғы күйі анықталады. Ол күрделі жөндеудің мақсаттарына сәйкес келуі керек.

5.10 - сурет - Бөлшектерді қалпына келтіру технологиялық үрдісінің үлгісі

 

Бөлшекті қалпына келтіру технологиялық үрдісі (5.10 сурет) еңбектің максималды өнімділігінде және жұмыс өз құнының аздығында бөлшектің (ОСК) соңғы күйінің талаптарын ережелейтін бөлшекке деген технологиялық шарттар мен сызба талаптарын орындауды қамтамасыз етуі керек.

Бөлшектің бастапқы күйі (ОБК) пайдаланған үрдісінде бөлшек алған белгілі ақаулардың бар болуымен және бөлшектің құрлымымен – материал, конфигурация мен өлшемдері, өңдеудің нақтылығы мен сапасы және т.б. сипатталады.

Бөлшекті қалпына келтіру технологиялық үрдісінің құрылымы әр  ақауды жою бойынша операциялардың тізбектілігіне және таңдалған технологиялық тәсілдерге тәуелді.

Сонымен қатар бөлшектерді қалпына келтіру технологиялық үрдісінің құрлымына бөлшектің жұмыс жағдайы – жүктеменің өлшемі мен мінез-құлқы, қозғалыс жылдамдығы, майлау, басқа бөлшекпен түйісу мінез-құлқы, тозу мен зақымдалудың өлшемі мен мінез-құлқы; өндіріс түрі; өнеркәсіптің өндірістік жағдайлары әсер етеді.

Бөлшектерді ақауларға тәуелді қалпына келтіру әр түрлі мақсаттарды қудалайды. Мысалы: бастапқы өлшемдер мен пішіндерді қалпына келтіру, механикалық зақымдануларды (жарықтар, омырықтар), деформацияларды жою және т.б.. Бірақ, бөлшектерді қалпына келтіру технологиялық үрдісінің барлығында келесі төменгі үрдістерді ерекшелеуге болады; дайындық (мақсаты – бөлшекті ақаудан жоюға дайында, кіру ОБК – шығу ҚҚДБ), қалпына келтіру ( мақсаты – ақауды жою, кіру ҚКДБ, шығу – ҚКБ), қорытынды (мақсаты – бөлшектің талап етілетін соңғы күйін қалыптастыру, кіру ҚКБ – шығу ОСК).

Өндiрiстегi ең iрi қосалқы шаруашылық – жөндеу шаруашылығы. Жөндеу шаруашылығының құрамына: • жөндеу-механикалық және басқада цехтар, немесе жабдық жөндеу шеберханалары; • жөндеу-механикалық немесе электра-механикалық учаскiлер кiредi. Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас механик басқарады. Әрбiр геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында жабдықты пайдаланумен байланысты көп көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту. Техникалық қызмет ету – дегенiмiз әр сменалық күту, яғни механизмдердi (тетiктердi) уақтылы қалыпқа келтiру, майда бұзылыстарды жою, профилактикалық техникалық байқау өткiзу. Мұнын бәрi белгiленген уақытта өткiзiлiп, бұзылыстардың байқалып, қалпына келтiру мақсатымен атқарылады. Жөндеу шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру, жабдықтардың үздiксiз, әрi тиiмдi пайдалануда маңызды жағдай болып келедi. Оны ұйымдастырудың үш нысаны бар: • Орталықтандырылған; • Орталықтандырылмаған; • Араластырылған. 1. Ұйымдастырудың орталықтандырылған нысанында жөндеулердiң барлық түрi - жөндеу-механикалық цехтың жұмысшыларымен атқарылады. Әртүрлi күрделiлiгi бойынша жөндеу жұмыстары әрбiр цехiнiң бригада күшiмен жүргiзiледi. Механикалық жөндеу базасы бөлiмшiлердiң тапсырысы бойынша қосалқы бөлшектердi шығару және күрделi жөндеу жұмыстарымен айналысады. Мысалы, ұңғыларды жерасты және күрделi жөндеу үшiн арнаулы бригадалар болса, ал жабдықтарды жөндеу және модернизациялау - орталық базаларда жүргiзiледi. Базаларда бүкiл жұмысшылар тобы және жөндеу құралдары шоғырланған. Өндiрiс цехтарында тез тозғыш бөлшектердi ауыстыруымен байланысты жабдықты күту, бақылау, майда күнделiктi жөндеу жұмыстарын атқаратың тек кезектегi жұмысшы бригадалары ғана қалады. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың бұл нысанында жөндеушiлер механизация құралдарын пайдаланатын бiртектес жұмыстарда маманданады – бұл жөндеу мерзiмiң қысқартып, еңбек өнiмдiлiгн өсiрiп, жөндеу шығындарының азаюына әкеледi. 2. Ұйымдастырудың орталықтандырылмаған нысанында кәсiпорын-ның әр цехi жөндеу жұмыстарын өзi жасайды. Жөндеу-механикалық цех бұл жағдайда қосымша бөлшектерге тапсырыс алады және агрегаттардың күрделi жұмысын өткiзедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]