- •Емтихан билеті 1
- •4. Жабдықтардың жұмыс атқару механизмдері.
- •Емтихан билеті 2
- •5. Алкогольсыз сусын өндірісінің технологиялық желісі.
- •Емтихан билеті 3
- •Емтихан билеті 4
- •5. Шнекті құрастыру жәйе есептеу.
- •Емтихан билеті5
- •1) Технологиялық машиналар мен жабдықтарды ескертіп жоспарлы жөндеу жүйесі.
- •2) Жабдықтардың техникалық күйін анықтау әдістері мен құралдары.
- •Өлшеу-бақылау құралдары
- •3) Шестеренді сорғылар. Сорғының жұмыс режимі және оны реттеу.
- •4) Сусымалы тамақ өнімдерді өлшейтін өлшегіштер.
- •5) Мальтті крестің құрылымы және пайдаланылатын жерлері.
- •Емтихан билеті6
- •3) Гидромоторлардың құрылысы, жұмыс істеу принципі және техникалық көрсеткіштерімен мінездемесі.
- •Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштар
- •5) Газдалған сұйық өнімділікті ыдысқа құю әдістері. Емтихан билеті7
- •7 Билет
- •1) Жөндеу құралдары. Жөндеу құралдарын салу құрылымы. Жұмыстарды ұйымдастыру. Механикалық слесарлы-монтаждау құралдары
- •Жабдықтарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.
- •2) Гидрожетектердің принциптік схемалары: көпфункционалды және жай элементті.
- •3) . Жабдықтарды жинақтаудың негізгі типтік схемалары.
- •5) Қамырды бөлшектеу жабдықтары.
- •Емтихан билеті8
- •2. Машинаны күрделі жөндеу кезіндегі түрлендіру жүйесі
- •Емтихан билеті9
- •4. Кривошипті-шатунды механизмнің ақаулары
- •Емтихан билеті10
- •3.1 Сурет. Бетонды іргетас
- •Емтихан билеті11
- •Емтихан билеті12
- •Емтихан билеті13
- •Емтихан билеті14
- •Емтихан билеті15
- •15 Билет
- •15 Билет
- •3/Копировальное устройство
- •Емтихан билеті16
- •Емтихан билеті17
- •Емтихан билеті18
- •Емтихан билеті19
- •2. Жабдықтарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
- •4. Спирт өнд ірісінің технологиялық схемасы.
- •Емтихан билеті20
Емтихан билеті 1
1. Жабдықтардың тозу түрлері.
2. Теориялық өнімділікті есептеу.
3. Гидропневможектің артықшылықтары мен кемшіліктері.
4. Жабдықтардың жұмыс атқару механизмдері.
5. Сусымалы өнімдерді араластыратын жабдықтар.
1. Жабдықтардың тозу түрлері. Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.
Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.
Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.
Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:
Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.
Моральдық тозудың екінші түрі — бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.
2. Теориялық өнімділікті есептеу. Технологиялық машиналардың өнімділігі дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде машинада өңделініп шығарылатын өнімінің мөлшерін айтамыз. Олар машинаға өңделінуге түсетін шикізаттардың немесе машинада өңделініп шыққан өнімнің мөлшерімен анықталынуы да мүмкін. Өнімділіктің өлшем бірліктеріне кг, текше метр дана жатады. Өнімділік теориялық, техникалық және машинаны пайдалану сияқты болып бөлінеді.
Теориялық өнімділік дегеніміз – машинадан тұрақты режимде, белгілі уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын өнімнің мөлшері. Сонда машинаның өнімділігі мынаған тең болады:
Q = mz = m/TЖ = EЖ/TЖ , (1.1)
Мұндағы: m – машинаның бір жұмысшы циклда өңдейтін өнімінің мөлшері; z – уақыт бірлігіндегі жұмысшы циклының саны; EЖ – машина камерасының жұмысшы сиымдылығы;
Машинаның жұмысшы циклы негізгі және қосымша процесстерді орындауға кететін уақыттардан тұрады:
TЖ = (tТИ + tН + tТҮ), (1.2)
Мұндағы: tТИ - өнімді машинаға тиеуге кететін уақыт, tН - өнімді машинада өңдеуге кететін уақыт, tТҮ - өнімді машинадан түсіруге кететін уақыт.
Машинаның жұмысшы сиымдылығы:
EЖ = VО φ ρН; (1.3)
Мұндағы: VО – жұмысшы камерасының геометриялық сиымдылығы, φ – камераны толтыру коэффициенті, ρН - өнімнің көлемдік тығыздығы.
Жоғарыдағы берілгендер бойынша (1.1) теңдеуі мына түрге ие болады:
QЖ = VО φ ρН / (tТИ + tН + tТҮ). (1.4)
Машинаның жұмысшы камерасының геометриялық көлемін, оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең деп алатын болсақ, онда:
VО =F h (1.5)
(1.4) теңдеуін былай жазуға болады:
QЖ = EЖ/TЖ = F h φ ρН / TЖ; (1.6)
Үздіксіз жұмыс істейтін машинадағы өнімнің қозғалысын оның жолы (1) мен жылжамдығы (υ) арқылы өрнектесек:
TЖ =1/ υ немесе υ= 1/ TЖ (1.7)
Табылған мәнді (1.6) формулаға кіргізсек машина өнімділігін былай табуға болады:
QЖ = F υ φ ρН. (1.8)
3. Гидропневможектің артықшылықтары мен кемшіліктері. Қазіргі кездегі кен, гидропневматикалық машиналары мен агрегаттарындағы негізгі айырмашылық ерекшелігі болып, олардың аз өлшемдеріндегі өсе түсетін үлкен күш пен қуат, қарапайымдылық және реттеу дәлдігі, жоғарғы сенімділік табылатын гидро жүйелер мен гидро жетектерді кеңінен қолданады. Гидро және пневмо жетектер машиналар мен механизмдерді гидро және пневмо энергия көмегімен қозғалысқа келтіретін кешендер болып табылады. Гидро және пневмо жетектердің кеңінен таралады, себебі көптеген жетістіктерге ие: аз өлшемдері, энергия тасымалдау ыңғайлылығы, механикалық энергияның сұйық (газ) ағыны энергиясына және, керісінше, айналу қарапайымдылығы, пайдалы әсер коэффициентінің жоғарылығы, жоғары тез әсерлілігі , жоғары сенімділік, ұзақ мерзімділік және басқалар жатады. Кемшіліктері: сұйықтар мен газдардағы ағып, ұшып кетумен күрес үлкен қиыншылыққа соқтырады, олардың жарылғыштық және өрт қауіптілігі. Мұндай жетектерді жасауда олардың бөлшектерін өңдеудің жоғары дәлдігі бойынша қатал талаптар қойылады. Қазіргі уақытта бұл жетектердің көптеген түрлiше құрылғылары жасалған, сонымен бірге оларды әлі де жетілдіру барысында, олардың көрсеткіштерін жақсартуға және бағасын түсіруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Гидро жетек деп машиналар мен механизмдерді қозғалысқа келтіретін, жетекті қозғалтқыштан, гидро берілістен, басқару қондырғыларынан, қосымша және көмекші қондырғылардан тұратын қондырғыны атайды.
На рисунке 33 показана схема типового гидропривода (часто применяемого в машинах-автоматах). Гидродвигатель 1 (обычно называемый гидроцилиндром) выполнен в виде поршня, перемещающегося в цилиндре под действием сжатой жидкости. Насос 2 может быть любого вида. Для изменения движения поршня гидроцилиндра служит распределитель 3.
