Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баланы мектепке даярлау УМКДО Каз(2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
645.63 Кб
Скачать

Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары

6-7 жастағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

Жоспары:

  1. Жас кезеңдері және олардың мәні.

  2. 6-7 жастағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

1. Туған күнінен бастап белгілі бәр әлеуметтік ортада бала өседі және тәні де, жаны да дамиды. Әртүрлі жасқа байланысты даму кезеңдерінде ол әртүрлі ерекшелікке ие болады.

Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде яғни дамудың заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ олар балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.

Соңғы жылдары жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап мектепке дейінгі шақтың төмендегідей кезеңдері белгіленді:

1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)

2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін)

3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін)

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (3-6(7) жас)

Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Алғашқы екі жылда балалардың бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні анықталған. Бұл әсіресе бала тілінің дамуында ерекше байқалады. Өйткені балалардың сөз құрауында тітіркендіргіш күшінің (сыртқы әсердің), яғни буындардың дыбыстық күшінің (фонемдер) маңызы ерекше. Сондықтан, 2-3 жасқа дейін және одан әрі балалардың сөзді айтудағы қателіктерін және сөйлемді мағынасыз бөліктерге бөлуді үнемі түзетіп отыру ата-аналардан және тәрбиешілерден талап етіледі. Екі жасқа дейін бала сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектей бастайды. Мысалы, «Әже, маған су бер» орнына «әже-су» сияқты.

Екі жаста бала тілі өте қарқынды дамиды. Бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды.

Төрт жаста сөздік құрамының баюы мен тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6-жасқа дейін сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, яғни қанағаттану (удовольствие) және қанағаттанбау (неудовольствие) сезімдерін өте дәл айыра алады.

Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі-ойлау, көркем өнер т.б. түрлері анықталады.

Сонымен бала тұлғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екені еш күмән келтірмейді. Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссыз дыбыстарды (мысалы, р, ш және т.б.) дұрыс айтуын мұқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, құбылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әртүрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.

2. Қай жастағы балаларды болса да оқытып, тәрбиелеу ісінде олардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Бұл мәселеге кезінде Н.К. Крупская да айрықша мән бергені белгілі. Ол: «Педагог, ең алдымен, адам организмінің құрылысы мен қызметін-анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын білуі керек. Бұл ерекшеліктерді білмейінше педагог болып, бала тәрбиелеуге болмайды»,- деп жазған болатын.

Морфологтар, физиологтар мен гигиенашылардың жүргізген зерттеулері ересек адамға қарағанда 6-7 жасар бала организмі функционалдық, морфологиялық, физиологиялық жақтан сыртқы ортаның әсеріне тез ұшырағыш келетінін анықтап отыр.

Баланың бойы оның дене дамуының көрсеткіші деп саналады. Ол тек дене дамуын ғана емес, сонымен бірге баланың мектепте оқуға жарағандығынан да хабар береді. Бала бойының ұзындығы оның дене салмағы мен көкірек сарайының көлемі мен сыйымдылығы, қаңқа мен тыныс алу мүшелерінің ерекшеліктерін сипаттайды. 6-7 жаста бала бойының ұзындығы 8-10 см, салмағы 2,2-2,5 кг артады. мысалы, ұл баланың бойының ұзындығы 95,2-122,3 см, ал салмағы 15-24 кг мөлшеріне дейін жетеді.

Жас баланың қаңқасы, бұлшық еттері, тірек-қимыл жүйесі толық дамып жетілмеген, сондықтан оның сүйектері әлі қатаймағандықтан, қаңқа еттерінің дәнекер тканьдері де даму сатысында болады. Ұл балалардың құрсақ бұлшық еттері босаң болғандықтан, ауыр жүк көтергенде баланың іші сыртқа салбырап, құрсақ бұлшық еттерінде жарық пайда болады. Сондықтан да дене тәрбиесі мен еңбекке баулу сабақтарында балаға 2-2,5 кг артық жүк көтеруге болмайды. Алты-жеті жасар бала денесінің ірі еттері, қол-аяқ бұлшық еттері жақсы дамығанымен, омыртқаларды ұстап тұратын арқаның ұсақ бұлшық еттері әлсіз болады, сондықтан ауыр жүк көтеру, ұзақ уақыт бір қалыпта отыру арқа омыртқасының қисаюына әкеліп соғады.

Баланың емін-еркін қозғалуы, жүгіріп, секіріп, өрмелеп, еңбектенуі тірек-қимыл жүйесі, бұлшық еттері арқылы жүзеге асады. Саусақтың ұсақ еттерінің әлсіздігіне қарамастан баланы киімінің түймесін салуға, бәтеңкесінің бауын байлауға машықтандыру керек. Баланың осы ұзақ қимылдарды орындау жылдамдығы оның қозғалыс аппаратының жетілу дәрежесін көрсетеді.

Қан түзілу мүшелерінің қызметі жалпы организмнің функциясына тікелей байланысты қан түйіршіктері: эритроциттер мен лейкоциттер жас ерекшеліктеріне сай өзгеріп отырады.

Жас баланың тыныс алу мүшесі үнемі даму сатысында болады. 6-7 жасар ұл баланың сыртқы тыныс алу белгілері айқындалып, тыныс алу жиілігі, тереңдігі қыз балаға қарағанда жоғары болып келеді.

Бала жүрегінің құрылысы 8 жасқа қарағанда ғана ересек адамдардікіне ұқсайды. 5-6 жасар бала жүрегінің салмағы- 80 г, көлемі- 90 см³, 6-7 жаста жүрек көлемі 180 см³ болады. Жүректің соғу жиілігі ересек адамнан жиі және ол түрлі факторлардың әсерінен артуы да, баяулауы да мүмкін. 6-7 жасар балалардың артериялық қан қысымы тұрақсыз болып келеді. Мысалы, бойы ұзын, салмағы ауыр баланың қан қысымы жоғары болады. Сыртқы факторлардың әсерінен қан қысымы өзгеріп отырады.

Көру мүшесінің дамуына ерекше назар аударған жөн. Көздің құрылысы толық жетілмеген. 3-7 жас аралығында көздің алыстан көргіштігі артып, 6-7 жаста 1Д (диоптрий)- 42,2 %, 2 Д және одан жоғары – 51,1 %ке жетеді, 6-7 жаста көз өткірлігі жетіле бастайды да, көргіштігі 0,86 %, ал түрлі түстерді ажыратушылық қасиеті төмен болады.

Көздің жақыннан көргіштігі баланың кітапты, суретті, көзге жақын ұстауынан және басқа да көзге түсетін ауыртпалықтардан пайда болады. Гигиеналық талаптардың сақталмауынан, ұсақ көрнекі құралдарды пайдаланудан, жарықтың аздығынан көз жақсы көре алмайтын болады, тек жақыннан ғана көреді. Жақыннан көретін бала жиі ауырып, көңіл-күйі төмендеп, тез шаршайды. Көзі нашар көретін баланы мұғалім жарық жақсы түсетін алдыңғы қатарға отырғызуы керек. Көзілдірігі бар баланың сабақ үстінде көзілдірігін киіп отыруын талап ету қажет. Мұндай балаларды қосымша үйірмелерге қатынастырудан гөрі, денесін шынықтыруға көп көңіл бөлген жөн. 6-7 жасқа қарата баланың көз мөлшері толық қалыптасып үлгереді.

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді. Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].

Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі [1].

Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген психологтер (В.В. Холмовский, Л.А. Венгер, Н.И. Непомнящая т.б.) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:

Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.

1. Ақыл-ойының даярлығы.

Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.

Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері

Бейнелі компонент

Вербалді компонент

1. Заттың сипатын, қасиетін қабылдау қабілеттілігі. 2. Бейнелі негіздегі көру есі. 3. Зат не құбылыс туралы ұғымдарды қорытындылау біліктілігі. 4. Ойлау тәсілдерінің (синтез, салыстыру т.б.) дамуы. 5. Белсенділік, тапқырлық.

1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін айта білу және айыра білу қабілеттілігі. 2. Сөйлеу негізіндегі есту есі. 3. Бір текті ұғымдарды,заттарды жалпылау қабілеттілігі. 4. Ойлау тәсілдерінің дамуы. 5. Қисынды ойлау

2. Биологиялық кемелденуі.

Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.

3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.

Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді», - дейді.

Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:

1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);

2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;

3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;

4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;

5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.

Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.

Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.

Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше «Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы», - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.

Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.

М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап «Сенің қолыңнан келеді,біз көмектесеміз», «Сен істей аласың» деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.

Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және «Мына суретте не бейнеленген? Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана баласын санауға үйретуде «Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?», - деген сұрақтар қойып баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты қабылдай алуы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейін көтерілуі тиіс.

Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері.

Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын практик психолог немесе педагогикалық және даму психология саласындағы маман өз мойына алады. Өйткені психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстардың жүргізудің қыр-сырын тек психолог қана біледі. Психологтың міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық –

дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп, қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігін жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін өзбетімен немесе психологтың көмегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушыларды жиі мадақтап,оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек. Сабақ барысында оқушылар бір орында отырудан әбден жалығады. Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. Сондықтан сабақта қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін жиі өткізіп тұрған дұрыс. Егер баланың сабақта көп қозғалуына мүмкіндік жасаса, ағзаның барлық жүйесінің қызметін және физиологиялық күш қуатын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Бұл сабақты тез игеруіне көмектесіп, баланың жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды.

Жалпы баланың оқуға психологиялық дайындығын қазан және сәуір айларында анықтап отыруға болады.

Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.

Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.

Баланы мектепке психологиялық жолмен дайындау

Психолог ғылымдарының баланы мектепке дайындау туралы пікірлері мен зерттеулері.баланың психикалық дамуы. Психолог зерттеушілердің еңбектеріне талдау

6-7 жастағы балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.

6-7 жастағы балалардың танымдық процестерінің маңызды ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

Тіл. Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді. Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екендігін түсінеді. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады (егер бала балабақшаға барып жүрсе). 6 жасар бала түсінікті тілмен-контексті тілмен қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттап бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.

Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Және ол қарапайым пішіндерді бейнелеп, оларды берілген түске бояй алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар- бұл адамзаттың ойлап шығарған заттарының негізгі қасиеттері мен сапаларының үлгісі).

Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б. қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.

Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты, өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де болса нашар дамыған.

Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық белсенділігі оның зейінін зерттеу объектілеріне қызығушылығы жоғалғанша аударады. Егер 6 жасар бала өзіне маңызды ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3 сағат ойнай береді. Осылайша ол ұзақ бар ықыласын аударып өнімді іс-әрекетпен айналыса алады. Алайда бұлай зейінді шоғырландыру - баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-әрекетте ықыласты болу керек болса, ол қажып, алаңдап, тіпті өзін өте бақытсыз сезінеді.

Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, бұл жастағы балалар өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады.

Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшілігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

Ес. Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму кезеңі. Ес- жетекші танымдық процесс болып саналады. Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Шын мәнінде мектепке дейінгі жаста баланың тілді меңгеруі соншалықты, ол нағыз ана тілін йеленуші (таратушы-носитель) болады. Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады.

6 жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақтау тәсілдерін саналы қолдана алады. Бірақта ырықсыз еске сақтау жемісті бола бермек.

Ойлау. Тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі.

Ойлау- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп – салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Онда айналадағы өмір құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады.

Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл- қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау - 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларды логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнектілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.

Қиял. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайдар құра алады және баланың өзі әртүрлі жағынан көрінеді.

Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрлеріне өте алады. Тілі және қиялы жасқы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып, айтып бере алады. Тез арада жанынан ойлап шығарады (импровизация), өз шығармасына рахаттанып, оған басқа адамдарды да қатыстыра алады. Қиял бала өмірінде үлкен роль атқарады.

Қиялдың үздіксіз жұмысы - баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңызды жолы.

Әр баланың қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Қиял баланың барлық психикалық процестерімен ұштасып жататын процесс. Қиялда творчестволық элементтер пайда болады. Бұл элементтердің жүйелі оқуға көшуде үлкен маңызы бар.

Кейінгі жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді және жеңіл оқытылады, ол бұрынғы есептегеннен гөрі көбірек меңгере алады. Ал бұл мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының танымдық мазмұнын мағыналы байытуға жаңа бағыттар береді. Дегенмен, баланың мүмкіндіктері шексіз емес, оның жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар шектеулі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкен мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қолданылатын тәрбиелеу әдістері мен түрлері мектепке дейінгі жастың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрылған жағдайда ғана ең жоғары нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуды тек дидактикалық ойындар, тікелей бақылаулар және пәндік сабақтар, әртүрлі практикалық және бейнелеу іс-әрекеттері түрінде жүргізуге болады, бірақ ешқашанда дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізуге болмайды.

Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылатын және жүргізілетін ойын-сабақтарының негізі ойын- осы жастағы іс-әрекеттің жетекші-негізгі түрі болып табылады.

. Баланың мектепке психологиялық дайындығы

Жоспары:

  1. «Мектепте оқуға психологиялық дайындық» ұғымы

  2. Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын

шамалар.

1. «Мектепке психологиялық дайындық» деп балалардың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсініледі.

Дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі, оқыту бағдарламасы баланың «таяудағы даму аймағына» жететіндей болуы керек. Ал «дамудың таяудағы аймағы» баланың ересектермен біріге отырып қол жеткізетін жетістігімен айқындалады. Егер баланың психикалық дамуының өзекті деңгейі мектептегі оқу бағдарламасын меңгеру үшін қойылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп есептеледі.

Кеңес және ресей психологиясында мектепке психологиялық дайындық мәселесін теориялық жетілдіру Л.С.Выготскийдің еңбектеріне негізделеді (Божович Л.И., 1968, Эльконин Д.Б., 1989; Салмина Н.Г., 1988, Кравцова Е.Е., 1991 т.б.).

Мектепте табысты оқуға неғұрлым мәнді әсер ететін баланың психикалық дамуының бірнеше өлшемдері бар, олар: баланың мотивациялық дамуының белгілі деңгейі (оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтері), ерікті әрекеті мен зияттылық (интеллектуалдық) сферасының жеткілікті дамуы.

Мектепке дайын бала адамдар қоғамында белгілі бір бағытты (ересектер әлеміне жетуге жол ашатын) ұстауға қажеттіліктен (оқудағы әлеуметтік мотив) және өзі үйде қанағаттандыра алмайтын танымдық қажеттіліктерден де оқығысы келуі мүмкін. Осы екі қажеттіліктің бірігіп араласуынан баланың қоршаған ортаға жаңа қатынасы пайда болады. Ол «оқушының ішкі ұстанымы» деп аталады (Божович, 1968) Л.И.Божович оқушының ішкі ұстанымын мектептегі оқуға дайындықтың белгісі деп есептеп, оған үлкен мән берген.

Баланың мектепке дайындық мәселесіндегі ерітілік сферасының өлшемдері:

  • баланың өз әрекеттерін белгілі бір ережеге саналы

бағындыра алуы;

  • берілген талаптар жүесіне бағыттала алуы;

  • сөйлеп жатқан адамды зейінімен тыңдай алуы;

  • талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау

бойынша дербес орындай алуы.

Мектепке психологиялық дайындықтың зияттылық

сферасының өлшемі баланың меңгерген білімдерінің жиынтық санымен емес, зияттылық процестердің даму деңгейімен өлшенеді: «...бала қоршаған шындықтағы құбылыстардың мәнді жағын бөле білуі, оларды салыстыра, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі керек. Ол ой қорытындысын жасай білуі керек. Құбылыстардың себептерін тауып, қорытынды шығара білуі керек» (Божович Л.И., 1968). Жақсы оқу үшін бала өзінің танымының пәнін бөле білуі керек.

Баланың мектептегі оқуға психологиялық

Дайындығына және бір қосымша талап – оның тілінің дамуы. Тіл – зиятпен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуымен қатар логикалық ойлауының деңгейін де бейнелейді. Бала сөздерде жеке дыбыстарды таба білуі керек, яғни оның фонематикалық естуі дамыған болуы керек.

Мектепке психологиялық дайындықты анықтауда

баланың қарым-қатынас жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді. Қарым-қатынастың негізгі үш сферасы бөлініп көрсетіледі: ересектермен ерікті қарым-қатынас, құрдастарымен ерікті қарым-қатынас, өзінің өзіне қарым-қатынасы.

Ортақ іспен шұғылданатын сыныпқа келген соң, бала өзі сияқты өзге балалармен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы керек. Ол балалар қоғамына еніп, олармен бірігіп әрекет ете алуы және олармен келісімге келе алуы, қорғана білуі де керек. Демек, баланың өзгелермен қарым-қатынасқа түсуге қажеттілігі дамыған болуы, балалар тобының мүдделері мен дәстүрлеріне бағына білуі, оқушы рөлін алып жүруге қабілетті болуы керек.

2. Мектепке келумен баланың бүкіл өмір тіршілігі мен іс-әрекеті қайта құрылады. Бұл кезең мектепке 6 жастан келетін бала үшін де, 7 жастан келетін бала үшін де бірдей қиын. Физиологтардың, психологтардың және педагогтардың бақылаулары 1-сынып оқушыларының арасында дара психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарамай, жаңа жағдайға қиын бейімделетін, жұмыс режимін және оқу бағдарламасын әрең меңгеретін немесе мүлдем меңгермейтін балалардың кездесетінін көрсетеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесінде осы балалардан үлгермеуші және екінші жылға қалатын балалар шығады.

Баланың оқуға дайындығының мәнін, құрылымы мен компоненттерін түсінумен байланысты, оның негізгі шамалары айқындалады.

Мектепке келген балалардың мектепте оқуға жетілгенін анықтауда балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне көмектесетін арнайы диагностикалық әдістемелер бар. Барлық әдістемелер түрлі деңгейлік сыныптарды топтастыруда тәжірибеден өткізіліп, дәлеледенген.

Баланың мектепке дайындығы – жоспарлау, бақылау, мотивация, зиятының даму деңгейі сияқты шамалармен анықталады.

Бала мектепке дайын емес: өзінің әрекеттерін жоспарлай, бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен (тек сезім мүшелерінің мәліметтеріне сүйенеді), өзге адамдарды тыңдай алмайды, ұғымдар формасындағы логикалық операцияларды орындай алмайды.

Бала мектепке дайын: өзінің әрекетін жоспарлап бақылай алады немесе бақылауға тырысады; заттардың жасырын қасиеттері мен қоршаған дүние заңдылықтарына сүйенеді, оларды өзінің әрекеттерінде пайдалануға тырысады, өзге адамдарды тыңдай біледі, сөздік ұғымдар формасындағы логикалық операцияларды орындай алады немесе орындауға тырысады.

Баланы мектепке педагогикалық жағынан дайындау

Ғылым – педагогтың баланы мектепке дайындау туралы пікірлері мен зерттеулері. Баланы мектепке дайындаудағы білімдік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Баланың дүниетанымын қалыптастыру жолдары. Педагог - ғылымдардың еңбектеріне тадау. Оқу – іс әрекеттерін қалыптастыруда ойынның алатын рөлі. Сабақ - баланы мектепке дайындаудың негізгі формасы.

Баланың мектепте оқуға функционалдық дайындығы, оның негізгі көрсеткіштері мен диагностикалық әдістері.

Мектеп оқуына функционалдық даярлық - бұл жоғары нерв жүйесі жағдайына, соның ішінде, екінші сигнал жүйесі, шартты байланыстардың қарқындылығы және беріктілігі, баланың тежеу қабілеті, қозғалыс моторлық функцияларының жағдайы, тіл кемістіктері немесе олардың болмауы т.б. болып табылады.

Нерв жүйесіне зер салсақ, бала миының сыңарларындағы ми қыртыстары мен сайлары, ми қыртысындағы аймақтар мен сезім мүшелері толық түзіліп жетілмеген. 6-7 жаста тері сезімі өте жоғары дамиды, сондықтан жас бала терідегі жарақатты ауыр сезінеді.

Ми сыңарларындағы есту аймағы есту мүшесі құрылысы жағынан ересек адамға ұқсас болғанымен де жас баланың естігіштік қасиеті төмен, оның естігіштігі жас өспірім шағында артады. Педагог оқыту барысында 6-7 жасар баланың сөзден гөрі дыбысты, яғни жоғары тонды естігіштігі басым болатынын ескеру керек.

3-7 жас шамасында бала миының салмағы 200 грамм артып, ересек адам миының 4/5 бөлігіне жетеді. Ми бөліктерінің даму мерзімі де әр түрлі болады. Бала 6 жасқа дейін белгілі тәртіпке машықтанып, әр түрлі әдеттерді үйрене алады. Сондықтан осы кезде бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген жөн. Егер күнделікті жас бала ас алдында қолын жуып, тамақ ішуді әдетке айналдырса, бұл қасиет қалыптасып, өзінен-өзі орындалатын болады да, шартты рефлекске айналады.

Ми қызметінің ең күрделі функциясы ылғи жаттығуды талап етеді. Шартты рефлекстердің ішкі тежелуі ми қыртысында болатын өте күрделі процестерге байланысты. Егер шартты тітіркендіргіш қатарынан бірнеше рет шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырылмаса, онда ми қыртысындағы шартты рефлекстің орталығында ішкі тежелу дамиды. Оқушыларда сабақ барысында берік болып қалыптасқан шартты рефлекстер (оқуға машықтану) қайталанбайды да, оқушы терең, тұрақты білім ала алмайды. Шартты рефлекстер түзілгенде ми қыртысында уақытша байланыстар пайда болады. Осы уақытша байланыстардың өсуінен кейбір шартты рефлекстер жойылып жаңа рефлекстер пайда болады.

Сабақ барысында ішкі тежелістің ажырату түрін ескерудің маңызы зор. Өйткені оның оқушыларды жазуға, оқуға, музыкалық дыбыстарды айыруға, көрген-білгенін сипаттап айтып беруге жаттықтыруға тікелей ықпалы бар.

Ал сыртқы тежелу үлкен ми сыңарлары қыртысында белгілі шартты рефлекстер туғызатын қозу ошағы пайда болғанда ғана байқалады. Сабақта мұғалімнің дауысы қатты шықса, күн күркіресе, бөлме қапырық болса, бала жазу жаза алмайды. Мұғалімнің сабақ материалын дауысын қатты шығарып түсіндіруі де баланың шартты рефлексін тежеп, сабақты нашар ұғуға апарып соғады. Нерв процестері: қозу мен тежелу ми қыртысында белгілі қарым-қатынаста болады. Осы процестердің ми сыңарларының белгілі бөлігінде өтуі адамның жеке басындағы психологиялық ерекшелігін тудырады.

Тежелу процестері де қозу сияқты ми қыртысының бір бөлігінде түзіліп қана қоймай, басқа бөлімдерге таралады. Нерв процестерінің бұл қасиеті иррадиация деп аталады. Мысалы, 6-7 жасар бала көрген фильмдегі эпизодтарды айтып, сондағы кейіпкерлердің ролін ойнайды. Сонда оның дауыс ырғағы, көңіл-күйі, іс-әрекеті өзгеріп отырады. Тек қана қозу процесі ғана емес, тежелу процесі де иррадиацияланады. Мұны баланың сабақта «екі» деген баға алғанда көңіл-күйінің төмендеп, жабырқауынан байқауға болады. Педагогтың біркелкі дауыс ырғағы да баланың ұйқысын келтіреді, яғни тежелу ми қыртысының барлық бөлігіне таралады.

Нерв процестері бір бөлікте пайда болып, мидың басқа бөліктеріне таралуымен қатар, бастапқы пайда болған жерге шоғырланады, яғни концентрация қасиеті болады. Тежелу процесінің шоғырлануы оқу материалдарын жақсы меңгеруге септігін тигізеді. Оқушының қозу және тежелу процестері күшті щоғырланатын болса, ол өз қуанышы мен ренішін сыртқа білдірмейді.

Бала мұғалімнің түсіндірген сабағын қызыға отырып тыңдаса, ми сыңарларының қыртысында қозу пайда болады. Басқа тітіркендіргіштердің әсерінен қозудың айналасында тежелу дамиды да, бала басқа затқа зейінін аудармайды. Бұл-жарамсыз индукция. Сабақ қызықсыз түсіндірілсе, ми қыртысының қабылдау орталығында тежелу дамиды да, айналасында қозу туады, сондықтан бала кез келген дыбықа көңіл бөліп, сабақты нашар тыңдайды. Бұл- жарамды индукция. (Латынның қозу деген мағынасындағы сөзіне негізделген жекеден жалпыға, жеке фактілерден қорытындылауға негізделген логикалық метод). Оқыту процесінде тежелу қасиетін тәрбиелеудің мәні зор.

Тежелу процестері нашар дамыған баланың тәртіпке, эстетикалық нормаларға машықтану өте қиын, ол саналы ойлай алмайды да, әр түрлі факторлардың әсерінен зейінін шоғырландыру қабілетінен айрылады. Тежелуді әсіресе балалық шақта жаттықтырған жөн.Тежелеуге жаттыққан балада нерв процестері тез жинақталып, ақыл-ой қасиеті артып, іс-әрекеті тәртіпке келеді. Ми қыртысындағы қозу мен тежелу процестерінің ауысуы тұрақты қарым-қатынаста болады, сөйтіп организм кез-келген жағдайға бейімделе алады.

Ми қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болады. Айналадағыны тері, көз, құлақ т.б. мүшелер арқылы түйсіну, қабылдау, елестету 1 сигналдық жүйе болып табылады. Бірінші сигналдық жүйе еңбек процесінде, оқу барысында спортпен айналысқанда маңызды орын алады. Оқыту процесінде бірінші сигналдық жүйе арқылы оқушыларға айналадағы шындықты, заттар мен құбылыстар туралы көрнекі түрде түсіндіруге болады. Сөз, сөйлеу және солардың негізінде туатын уақытша байланыстар екніші сигналдық жүйеге жатады. И.П.Павловтың пікірінше, сөз-бірініші сигналдың хабаршысы. Адам сөз арқылы заттар мен құбылыстарды ғана емес, оның қасиеттерін ажыратып, абстракциялауға да, дерексіздендіруге де күші жетеді. Екінші сгналдық жүйені бірінші сигналдық жүйеден бөліп алуға болмайды, екеуі бірімен-бірі тығыз байланысты.

Баланың тілін дамытып, ойын тереңдетуге екінші сигналдық жүйе мүмкіншілік туғызады. Оның дамуы семьяда, балабақшада, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының сапасына байланысты. Бала қоғамдық тәжірибе мен мінез-құлық нормаларын еліктеу арқылы меңгереді. Алты жаста баланың сөз қоры 2,5-3 мыңға жетіп, сөйлеу қабілеті дамиды. Оның сөзінде лексикалық, фонетикалық, синтаксистік оралымдар айқын көрінеді. Сөз мазмұнын түсіну мектепте қалыптасады. 6-7 жасар бала өзінің ана тілімен қатар, екінші тілді де қиналмай меңгере алады.

Баланың зейіні, есі, ойлауы, қиялы рольдік ойын барысында қалыптасады. Қимыл-қозғалыс ойындары баланың ерік- жігерін, қол-аяқ, дене қозғалыстарын жетілдіріп, жүрісін қатайтып, жаттықтырады. Күн режимі дұрыс құрылса, гигиеналық факторлар жағдайлы болса, ми қызметі жеңілдеп, баланың еңбек етуге қабілеті арта түседі.

Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша баланың мектепке даярлығын морфологиялық және физиологиялық даму деңгейімен анықтауға болады.

Мектепке даярлық Керн-Ийрасек тесті және морфологиялық-функционалдық көрсеткіштер бойынша анықталады. Аталған тест бойынша бала үш тапсырма орындауы тиіс. Олар: адам суретін салу, үш сөзден тұратын сөз тіркесін және бесбұрыш пішіні берілген нүктені көшіру. Орындалған тапсырмалар 5 баллмен бағаланады. Мұндағы ең жоғары балл-1, ең төменгісі –5. бала психологиясы дұрыс дамыса, берілген үш тапсырманы толық орындайды. 3-6 балл аралығында баланың дамуы орташадан жоғары, 7-11 балл-орташа, 12-15- нормадан төмен. (Қосымшаны қара)

1. Психологиялық дайындық және оның диагностикасы.

2. Баланың мектепке бейімделуі, бірінші сынып оқушысының бейімделу кезеңіне сипаттама.

3. Баланың мектепке келуінен бастап оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Бұл кезеңге ол тиісті дәрежеде даяр болуы тиіс. Алдымен бала оған жаңа праволар ғана беріп қоймай, сонымен қоса едәір қиындығы бар міндеттер артатын маңызды іс-әрекет жасауға даяр болуы тиіс. Кішкентай мектеп оқушысы айналасындағылардан өзінің оқу сабақтарына деген құрмет күте отырып, өзі де мұғалімнің барлық тапсырмасын жүйелі орындауға, сол сәтте қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады.

Жасы 6-7 жеткен балалардың көпшілігі мектеп оқушысының жағдайына көшуге ұмтылады, алайда ол жағдайдың не екенін олар барлық кезде бірдей айқын түсіне бермейді. Кейде оларды портфельге ие болғысы келу, өзін үлкен санау, бағалар алу және т.б. тәрізді істің таза сыртқы жақтары қызықтырады. Оқушы жағдайына шын мәнінде даяр деп оны мектептің сыртқы жиѕаздары ғана емес, жаңа білімдер алу мүмкіндіктері қызықтыратын, яғни біршама дамыған танымдық ынталары бар баланы айтамыз. Тек осы негізде ғана балалар өздерінің мектептегі міндеттеріне тиісті дәрежеде жауапкершілікпен қарауға қабілетті болады. Алайда мектеп оқушысы болғысы келу тілегі мен оқуға байыпты көзқарас жеткіліксіз: мұнымен қоса осы тілек, осы қатынасқа ситуациялық себептерді бағындыра білу, сабақ үстінде өзін зейінді болуға көндіру, кейде жалықтыратын ережелерді жаттау, қиын есептің шешімін табанды түрде ойластыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, болашақ оқушыға өз мінез-құлқын, оның ішінде өзінің танымдық іс-әрекетін ерікті басқару, оны оқу міндеттерін шешуге бағыттап отыру қажет болады.

Мектептегі оқуға дайындық деген ұғым- мұнда бала дамуының мектептегі оқу процесіне қатынаса алу қабілетін білдіреді. Мектепке дайындық түсінігіне ақыл-ойының даму дәрежесі, эмоционалдық және әлеуметтік пісіп-жетілу жатады.

Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтауда қолданылатын әдістер: бақылау, тест, әңгіме, ата-аналармен анкета, және т.б.

3. Бейімделу (адаптация) - тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады.

Мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың сыныптағы және үйдегі мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен қиналмай өтуі- оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Бірақ 6-7 жасар баланың барлығы бірдей емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.

Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады:

1. Жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. 6-7 жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Біріші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, семьяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады.

Бірінші сынып оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқыда олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ бірінші сыныпта оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданылатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімдерге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Әрине, мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады, балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да, осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайдылыққа салынады.

Дәріс №4 Тақырыбы:Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының байланысы

Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының сабақтастығы және формалары. Баланы мектепке дайындауда отбасының тигізер әсері.Ата–аналар менжүргізілетін

педагогикалық жұмыстар. Баланы мектепке дайындауда балабақша мен отбасының бірізділігі. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстар формалары

Баланы мектепке әзірлеу оның киімін ғана дайындаудан тұрмайды. Ата-аналардың өз балалардың психологиясын қаншалықты дәрежеде білетінін ол кісілер баланы алғаш мектепке келген кезден-ақ байқауға болады.

Ата-аналардың көпшілігі бала мектепке дайын деген нық сенімде болады. Оған олардың «Менің балам бәрін біледі», «Менің баламның оқу құралдары түгел», «Менің балам оқиды, жазады, санайды» деген мадақтау сөздер куә. Әрине, ата-ананың баланы мақтағаны , бағалағаны жақсы-ақ. Бірақ кейде бастауыш сынып мұғалімдерінің әке-шешесі мақтаған бала мүлде басқа қырынан көріп жататыны бар. Оның себебі, біздің ойымызша баланың мектепке психологиялық жағынан даяр блмауында. Бастауыш мектеп психологы ретінде мұндай психологиялық жағынан дайын емес балаларды бірнеше топқа бөліп қарар едік.

1. Мектепке, мұғалімдерге, жалпы айналадағы балаларға жатырқай қарайтындар. Бұларға сабақ үстінде үйге кетем деп жылайтын, сабақта отырғысы келмейтін, тыңдауға зауқы жоқ балалар жатады.

2. Танымдық деңгейлері төмен топ. Бұл топқа жататындардың оқу әрекетін ұғуы, түсініп қабылдауы нашар. Кей жағдайда балалар тарапынан жазып, оқып, санай білмейтіндер де кездеседі. Оған ата-аналардың баланың танымдық деңгейіне мән бермеуі себепші.

3. Тез шаршайтындар, яғни денсаулығы нашар балалар.

4. Психикасы баяу және психикалық дамуында кідірісі бар балалар. Бұл топтағы балалардың еске сақтауы, ойлауы, сөйлеуі, зейін қоюы баяу.

5. Өте тынымсыз, қозғалғыш балалар. Бұл балалардың сабақта өзін-өзі ұстауы қиынырақ.

6. Психикасы бұзылған балалар отбасының әлеуметтік, психологиялық жағдайы, үйдегі тынышсыздық, дау-жанжалдар – бала психологиясының дұрыс қаоыптасуына кері әсерін тигізетін факторлар.

Балалардың психологиялық жағынан оқуға дайын еместігінің негізгі себептері :

1. Ата-аналар баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау мәселесін кейінге қалдырады. Көп ата-ананың, баланы мектепке әзірлеуді киім-кешекпен, оқу-құралдарымен т.б қамтамасыз ету деп түсінетіні жасырын емес. Осылайша, баланың ақыл-ойының дамуы, оқу, сабақ деген ұғымдарды түсінуі, танымдық деңгейі, психологиясының дамуы деген мәселелер кенже қалып жатады.

2. Ата-аналар өз баласының психологиясын жете білмеуінен немесе білсе де оның психологиялық кемшіліктерін мойындамауынан.

3. Баланың бүкіл танымдық дамуына оның жеке басының қалыптасуына тек мектеп мұғалімдері жауапты деген қате түсініктен күні бүгінге дейін арылмауымыздан.

Аталған проблемаларды шешу үшін ата-ана төмендегі мәселелерге көңіл бөлуі керек:

1. Баланың психологиялық дамуына баса назар аудару керек. Өйткені, бала денсаулығы оқуға қажетті басты шарт. Жас ерекшелігіне сәйкес бала бойының, салмағының және дене дамуындағы басқа да көрсеткіштердің қалыпты болуына, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігіне, бұлшық еттердің жетілуіне, жүйкенің қалыптасуына баса назар аудару керек.

2. Баланың психологиялық дайындығын көңіл бөліңіз. Оған баланың өзгелермен қарым-қатынас жасауы, өзін-өзі ұстап тежеуі, мінезінің, ерік-жігерінің қалыптасуы, қызығуы, белсенділігі, қабілеттілігі, жеке басының жағымды сапаларының қалыптасуы, жағымды сезімдердің болуы, т.б. жатады.

3. Баланың танымдық деңгейінің дайындығына мән беру. Бұл көрсеткішке баланың есте сақтауы, ойлануы, сөйлеуі, т.б. жатады.

Әрбір ата-ана осы аталған жайларды жіті назарында ұстап, баланың мектеп табалдырығын аттауына үлкен жауапкершілікпен қарағанда ешқандай да проблеманың болмайтыны сөзсіз.

Баланы мектепке дайындауда балабақша мен мектептің байланысы

Баланы мектепке дайындауда балабақша мен мектептің бірізділікте жүргізілуі. Семинар, практикум , әдістемелік бірлестік т.б. өткізу әдістемесі. Консультация өткізу. Мұғалім тәрбиешілердің біліктілігін көтеру жолдары. «Балабақшамен қоштасу» мерекесін ұйымдастыру және оны өткізу әдістемесі. Ересек топ балаларын мектепалды дайындықпен 1-сыныпқа қатыстыру.

Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмысы

Балаларды тәрбиелеуде отбасының ролі

Кеңестік қоғамда жас өспірім ұрпақты тәрбиелеу ерекше қамқорлықтағы міндет болып табылады.Оның табысқа жетуі мемлекеттік тәрбие мекемелерінде,жанұядада және жұртшылық арқылы жүжеге асырылатын қоғамдық тәрбиенің тәрбиелік ықпалының бірлігі мен үйлестілігіне байланысты.Бұл бірліктің негізі-жан-жақты және жарасты дамыған,қоғамға пайдалы,Отанға берілген азаматтар қалыптастыратындай етіп жаңа ұрпақты тәрбиелеуде мемлекет пен жанұяның мүдесінің толық сәйкес келуі.

Қоғамдық тәрбиенің жетекші ролі жағдайында қоғам қоғам мен отбасы тәрбиесінің бірлігі аса маңызды партиялық және мемлекеттік құжаттарда тұжырымдалған коммуністік тәрбие жүйесінің басты принциптерінің бірі болып табылады. «Халыққа білім берудің коммунистік жүйесі,-делінген КПСС бағдарламасында,-балаларды қоғамдық тәрбиелеуге негізделеді.

Балаларға отбасының тәрбиелік ықпалы оларға қоғамдық тәрбие берумен барған сайын тығызырақ ұштастырылуға тиіс»

Қоғамдық тәрбиенің жетекшілік ролі мынаған байланысты.баланы тәрбиелеу өз қатарларының ұжымында жүжеге асырылыды,бала онда қоғадық мінез-құлықтың алғашқы дағдыларын үйренеді.,ондағы тәрбие ғылыми негізделген сипатта болады,арнайы құрылған педагогикалықортада өтеді және кәсіби тұрғыдан дайындалған мамандар жүзеге асырады.

Қоғамдық тәрбиенің жетекші ролін мойындау баланың жеке басын қалыптастырудағы отбасының орасан зор маңызын тіпті де кемітпейді.Отбасы-қоғамның алғашқы ұясы,жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді.бұл шағын әлеуметтік топ-бала үшін алғашқы өмір мектебі.Ата-ана оның бірінші ұстазы және тәрбиешісі.Жаңа қалыптасатын жеке адамға оның ықпалы күші айрықша зор.Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың перзентіне деген қалтықсыз сүйіспеншілігі,талапкершілікпен ұштасқан қамқорлығы болып табылады.Осы сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бала ата-анасына мейлінше бауыр басу және сүйіспеншілік сезімімен,олардың артықшылығы мен беделін мойындаумен,барлық нәрседесолардан өнеге алуға,солар сияқты болуға ұмтылумен жауап қайырады.Отбасы әсерінің күші баланың тәрбиелік ықпалға көнгіштігіне,оның еліктегіштігіне байланысты.

Кеңес мемлекеті ата-аналардың тәрбиелік ролін олардың қоғамдық және азаматтық маңызды міндеті ретінде жоғары бағалайды. «КСРО азаматтары,-КСРО негізгі заңында 66-статьясында,балалар тәрбиесінеқамқорлық жасауға,оларды қоғамдық пайдалы еңбекке тәрбиелеуге,кеңес қоғамының лайықты мүшелері етіп өсіруге міндетті.Балалар ата-анасына қамқорлық жасап оларға көмек көрсетуге міндетті».

Әсіресе кішкене балаларды тәрбиелеуде отбасының көмегі айрықша зор.,ата-ананың басшылығымен олар қоршаған дүние туралы бастапқы ұғымдарды меңгереді.

Кеңес отбасыларында балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін адамгершілік мінез-құлқының негіздерін қалыптастыру жөніндегі кеңес қоғамының талаптарына сәйкес балаларды ойдағыдай тәрбиелеудің оңды тәжірибесі жинақталған.Алайда сәбилерді тәрбиелеуде елеулі қателіктерге жол беретін отбасылар да кездеседі,мұның өзі ондай балалардың одан арғы дамуына теріс әсер етеді,аса күрделі қайта тәрбиелеу проблемасын туғызады.Бұл қателіктердің негізгі себебі ата-аналардың педагогикалық мәдинетінің жеткіліксіз дәрежесі болып табылады.Өз баласын жақсы адам,келешек азамат етіп тәрбиелесем деген құр ниет-бұл әлі аз.Сол тәрбиені жүргізе білу керек.

Тәрбие ғылымы мен өнерін меңгеруде ата-аналарға кім көмектесуге тиіс.Бұл жұмыста мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары маңызды роль атқарады.Отбасы мен балалар бақшасында балаға тәрбиелік ықпал жасауда бірлік пен өзара ынтымақ орнатуға ұмтыла отырып,олар ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландыгуды,оларға практикалық көмек көрсетеді.Н.К.Крупскаяның«Біздің мектепке дейінгі мекемелерімізде берілетін қоғамдық тәрбиені...ана жүрегі кеңес ісі үшін лүпілдей соғатын отбасы тәрбиесімен ұштастыру адамдардың тамаша ұрпағын өсіріп шығарады»деген даналық ақыл кеңесін басшылыққа ала отырып,тәрбиешілер отбасымен үлкен жұмыс жүргізеді,қоғамдық және отбасылық тәрбиенің бірлігіне жетуге күш салады.

Отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеудің шарттары

Ата-ананың балалар тәрбиесі үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі

Ата-аналар А.С.Макаренконың «балаларды тәрбиелеу-біздің өміріміздегі ең жауапты сала...Дұрыс тәрбиелеу-бұл біздің бақытты қарттық шағымыз,жаман тәрбиелеу-бұл біздің келешек қасіретіміз,бұл біздің көз жасымыз,бұл біздің басқа адамдар алдындағы бүкіл ел алдындағы айыбымыз»деген пікірінің мағынасын түсінуге тиіс.Өз балаңның тәрбиесін жеке өз ісің ғана деп қарамау керек,қоғам алдындағы азаматтық борышыңды орындау деп қарау керек.Балаларын тәрбиелей отырып,ата-аналаркелешек еңбеккерлерді,азаматтарды,келешек әкелер мен аналарды қалыптастырады:бұл істің табысты болуынаолардың өздері ғана емес,тұтас алғанда қоғам мүдделі.Айрықшареттерде,ата-аналар балаларын тәрбиелеу үшін қажетті жағдай жасай алмаған кезде,оларға мемлекет көмек көрсетеді.

Педагогикалық білім Ата-аналар тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін, оларды жүзеге асырудың жолдары мен амалдарын айқын түсінгенде семьядағы бала тәрбиесі ойдағыдай болуы мүмкін.Бұл семья мен балалар балабақшасындағы тәрбиелік ықпалдың бірлігін орнату үшін де қажет. «Өзің ата-аналық тілегінің қандай екені жөнінде өзіңе айқын есеп беруге тиістісің» -деді А.С.Макренко.Ол ата-аналар өз баласын кім етіп тәрбиелегісі келетінін айқын ұғынып алуға тиіс деп атап көрсетті.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін оны жақсы білу, жақсы түсіну керек,ал бұл үшін педагогикалық білім қажет.Бұл ата-аналардың баланың мінез-құлқын дұрыс талдап, оны тәрбиелеудің дұрыс жолдарын таңдап алуына көиектеседі.

Семья өмірін дұрыс ұйымдастыру

Балаларды тәрбиелеуде семья өмірінің жалпы уклады:жұбайлар теңдігі, семья мүшелерінің арасындағы дұрыс қарым-қатынас жалпы ізгі тілектестік, өзара құрметтеу және қамқорлық жасау,патриотизм,еңбек сүйгіштік атмосферасы, ортақ тәртіппен семья дәстүрі,ересектердің балаға қоятын талаптарының бірлігі маңызды роль атқарады.Семья өмірі материалдық (тамақ,киім,жылу т.с.с. жөніндегі) қажеттер ғана емес, рухани қажеттер де толығырақ қанағаттандырылып, дамып отыратындай етіп ұйымдастырылуға тиіс.

Ата-ананың беделі

Ата-ананың алдында беделі болуға тиіс,мұнсыз тәрбие мүмкін емес. Ата- ананың беделі неге негізделген? Ата-аналардың бұл жөніндегі түсінігінде қателер кездеседі.Олар жөнінде А.С.Макаренко ата-аналарға

арнап оқыған лекцияларында иландыра айтқан болатын.Ата-ана беделінің негізгі ата-ананың азаматтық келбеті,олардың өмірі,жұмысы,мінез-құлқы,өз отбасы үшінқоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну болып табылады.Еңбек пен қоғамдық қызметті отбасындағы міндеттермен ойдағыдай ұштастыратын,өз балаларының өміріне ықылас қойып,көңіл бөліп отыратын,олардың өмірі мен дамуына шебер әрі әдеппен басшылық жасап отыратын ата-аналар ең көбірек беделге ие болады-мұның анаға да,әкеге де бірдей қатысы бар.

Ата-ананың балаға дұрыс қөзқарасы

Ата-ананың балаға көзқарасы оған деген табиғи әрі тамаша махаббат сезіміне негізделген. «Махаббат-барлық асылдың,мерейлінің,құдыреттің,жылы мен жарқынның жасушысы»-деп жазғанды Ф.Э.Дзержинский.Бар әңгіме ата-ананың махаббатының шегінен асып кетпеуінде,оның баланың жеке басына деген талапкершілікпен және құрметпен ұштасуында.Баланы шексіз жақсы көріп,оның «Мен ананы жақсы көремін», «Бер», «Сатып әпер»деген тілектері мен талаптарының бәрін екі етпей орындай беру,оған ашықтан-ашық үздігіп тұру,оның білінер-білінбес қабілеттерін жер-көкке сыйғызбай дақпырттау-осының бәрі сәбиге зиян келтіреді,оны шәлкес,өзімшіл етеді,ерік-жігерін әлсіретеді.Балаға деген мұндай сүйіспеншілікті соқыр сүйіспеншілік деп атайды.А.С.Макеренко ата-ананың балаға бұлай қарауын «асып-төгілген махаббат» деп сипаттаған болатын.

Ата-ананың балаларға дұрыс қарауы еркелетуді,жұмсақтықты,аялауды баланың мүмкіншілігін,әсіресе жасын ескерктін қатаң дәйекті талапкершілікпен ұштастыра білуде.А.С.Макаренко ата-аналарға «баланы қалағаныңызша еркелетіңіз,қалжыңдаңыз,ойнаңыз,бірақ қажет болған кезде қысқа,бір-ақ рет тәртіп бере біліңіз...» деп кеңес айтқан болатын.Демек,ата-ананың балалармен қарым-қатнасы сабырлылықты,салмақтылықты,жылы жүзділікті шешімділікпен,іскерлікпен ұштастыратын болуға тиіс.Балаға дұрыс қарау дегеніміз-бала әлі кішкентай,әлі өмір тәжірибесі,білімі аз болғанымен,оны адам деп құрметтеу,оның ересектер назарында болу,олармен қатнас жасау,алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне жағдай туғыздыру правосын қадірлеу деген сөз.

Мектепке дейінгі мекемелердің отбасымен жұмыстағы міндеттері.

Отбасымен жұмыс-м.д.м тәрбиешісі мен басқа да қызметкерлері қызметінің маңызды да күрделі саласы.Ол мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

-балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату,

-ата-аналарға педагогикалық білім беру,

-отбасындағы тәрбиенің озат тәжірибесін зеріттеу және тарату,

-ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өмірімен және қызметімен таныстыру.

Балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату.

Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін бүкіл жұмысы осы міндетке бағындырылған. Балаларды тәрбиелеудегі бірлік балалардың бойына дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, дағдыларды,білімдерді,іскерліктерді меңгеру процесін тездетеді,балалардың алдында ересектердің-ата-аналардың тәрбиешілердің беделінің артуына көмектеседі.Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі мекеме жұмысы туралы хабардарлығы болып табылады.

Ата-аналарға педагогикалық білім беру

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің міндеті ата-аналардың бала туралы,оның дамуының заңдылықтары және оның жан-жақты жарасты дамыту,мектепке оқуға дайындау мақсатымен оған ықпал жасау жолдары туралы білім алуына көмек көрсету болып табылады.Бұл үшін ата-аналарды психологияның,педагогиканың, анатомияның,физология мен гигенаның негізгі проблемаларымен таныстырады. Олар теориялық білімімен қатар кейбір методикалық білімдермен іскерліктерді меңгереді, мәселен:балалардың ойынын қалай басқару керек,олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару керек, шынықтыруды қалай жүзеге асыру керек екенін т.т үйренеді.Ата-аналар педагогика техникасын:баламен қалай сөйлесу керек, оған қалай тәртіп беру керек,оған қалай талап қою керек екенін,оны көтермелеу мен жазалау шараларының қандай екенін т.т үйренуге мұқтаж.

Ата-аналарға педагогикалық білім мен іскерлік олардың әрбір жас кезеңінің спецификасын ұғыну,балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру негізінде беріледі.

Отбасындағы тәрбие тәжірибесін зерттеу және тарату.

Н.К.Крупская мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне аналарды үйретіп қоймай,оларға үйреніңдер деп талмастан кеңес беріп отырады.Тәрбиеші отбасына барып,ата-аналармен әңгімелесе отырып, балаларды бақылай жүріп,кешкі сағаттар мен демалыс күндері балалар тіршілігін ұйымдастырудың оңды тәжірибесін,олардың ынта-ықыласына,қылығына шебер ықпал жасай білушілікті анықтайды.Қайсібір отбасында еңбек тәрбиесі неғұрлым ойдағыдай жүзеге асырылса, басқа бір отбасында баланың эстетикалық дамуы т.т жақсы жүріп жатады.Отбасындағы тәрбие тәжірибесінде оңды нәрселерді көріп қана қоймай,сонымен бірге оны қолдау және соның негізінде ата-ананың назарын баланы тәрбиелеудің шешілмеген міндеттеріне аудару маңызды.

Ең жақсы отбасындағы бала тәрбиелеудің оңды тәжірибесін дәлелдейтін фактілердің жиынтығы барлық ата-аналар үшін жинақтаушы қортындылар мен ұсыныстар тұжырымдауға негіз береді.Отбасындағы тәрбиенің қайсі бір міндеттерін олардың қайсысы ойдағыдай шешіп, қайсысы мектепке дейінгі мекемемен тығыз ынтымақ жасайтынын білген тәрбиеші бұл ата-аналардың отбасындағы тәрбие тәжірибесін алмасу жөніндегі жиналыстарда,конференцияларда сөйлеуін қамтамасыз етеді.Сол мекеме,сол топ шәкірттерінің отбасыларының өмірінен алған жағымды мысалдарды педагогтың келтірген дәлелдеріне ата-аналардың сенімін өте-мөте күшейте түседі.

Ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өмірімен және жұмысымен таныстыру

Мектепке дейінгі мекеме мен отбасындағы балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату үшін ата-аналардың балалар бақшасы,яғни бақша дегеннің не екенін,онда балалардың өмірі қалай ұйымдастырылғанын,тәрбиешілердің қандай міндеттерді шешетінін,балалардың күн ұзағына немен шұғылданатынын,олардың мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын, ата-аналар үшін қандай ережелер бар екенін,ол ережелер немен шарттас екенін т.т айқын білуі қажет.

Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілері мен басқа да қызметкерлері-меңгерушісі,музыкалық жетекшісі ата-аналарға мектепке дейінгі мекеменің өмірі мен жұмысының ұйымдық және педагогикалық негіздері туралы үнемі айтып отырады,отбасымен ынтымақтасып істеудің қажет екенін атап көрсетеді.Мүмкіндігіне қарай оларға мектепке дейінгі мекеме өмірінің әр түрлі жақтарын нақты көрсетіп отыру керек.Балалар бақшасында балалармен жүргізілетін жұмысты ата-аналар біледі және түсінеді деген сенім оларға бұл жұмысты жалғастырып,баяанды ете беруі керек деп талап қоюға негіз болады.

Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен ойдағыдай жұмыс жүргізуінің шарттары

Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмысы пәрменді нәтиже беріп,оның педагогикалық мәдинетінің дәрежесін арттыруда және балаларды тәрбиелеуде бірлік орнатуға көмектесетіндей болуы үшін бұл жұмыс мақсатты,жоспарлы,жүйелі түрде жүргізілетін болуы тиіс: әрбір отбасы мен баланы жақсы білудің негізінде нақтылықтың және саралап қараудың маңызы да кем емес. Тәрбиешінің және мекеменің басқа да қызметкерлерінің ата-аналармен қарым-қатнасы сипатының да зор маңызы бар.

Отбасымен жұмыстағы мақсат қоюдың мәні мынадай: қандай да болсын шара- ата-аналарға арналған әңгіме,баяндама,стенд-белгілі мақсатқа жетуге бағытталған болуы тиіс.Мысалы: стендке «Баланы көктемде қалай киіндіру керек» деген тақырыпта ақыл-кеңес ілінеді.Оның мақсаты ата-аналарға тән қателіктің алдын алу: олар әдетте ауа-райын үнемі ескере бермейді де, баланы қысты күнгідей тұмшалап киіндіреді, соның салдарынан бала ыстықтап көңілсіз қимылдайды.

Отбасымен жүргізілетін жұмыстың жоспарлығы мен жүйелілігі оның үзіліссіз жүргізілуін,проблемалар шеңберінің бірізді күрделеніп,кеңейе түсуін,баланың жеке басын қалыптастыруға оны жан-жақты дамыту процесі ретінде дене, ақыл-ой, адамгершілік,еңбек және эстетикалық тәрбиелерінің бірлігі ретінде комплексті қарауды талап етеді.

Ата-аналарды педагогикалық тұрғыдан ағарту,жұмыс нақты сипатта болғанда ғана, неғұрлым пәрменді нәтиже бермек.Тәрбиешілер ата-аналардың баяандамаларда,лекцияларда,әңгімелерде,ақыл-кеңестерде баяндалған жалпы теориялық және методикалық қағидаларды отбасында қалай қолдану керек екенін түсінулеріне көмектеседі.Ата-аналарға кеңес беру және ұсыну үшін тәрбиеші әрбір баланың жасы мен жеке ерекшеліктерін,отбасындағы тұрмысы мен тәрбие жағдайын жақсы білетін болуға тиіс.Қандайда бір ортақ нәрсе біріктіретін (мәселен отбасында бір баласы бар) ата-аналар тобымен өткізілетін әңгімелер,әкелермен,әжелермен,аталармен өткізілетін кездесу әңгімелері өзін ақтап жүру:балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін аналарды бөлек жинайды.Отбасына қойылатын жалпы талаптар мен ұсыныстар ата-аналардың мүмкіншілігімен,жағдайымен,педагогикалық мәдинетінің дәрежесімен нақтыландыру,шәкірттерінің отбасына саралап қарау-міне,балалар бақшасының отбасымен ойдағыдай жұмыс жүргізуінің қажетті шарттарының бірі осы.

Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің ата-аналармен қарым-қатнасы сипатының да маңызы аз емес.Бұл қарым-қатынас ізгі ниетті және достық сипатта болуы тиіс.Бұл қарым-қатнас баланы жан-жақты дамытуда отбасы мен мектепке дейінгі мекеме мүддесінің үйлестігіне негізделген.Егер ата-ана баласының тағдырына тәрбиешінің тікелей мүдделі адам екенін көрсе, олар тәрбиешіге досы әрі жақын адамы ретінде, сеніммен,құрметпен қарайтын болады.Егер ата-ана тәрбиешінің білгір маман,мәдинеті,әдепті,ізгі ниетті,инабатты адам екенін көрсе, олардың көз алдында тәрбиешінің беделі жоғары болмақ.Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы оларға еңбеккер,өз шәкіртінің әкесі мен шешесі ретінде құрметпен қарауға негізделген.

Міне сондықтан да тәрбиеші тарапынан ата-аналарға жалаң ақыл үйрету,нағыз айту тұрғысынан,әдепсіз қараушылыққа әсте жол беруге болмайды.Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынасының жоғары мәдениеті бала тәрбиелеудің күрделі ісіне өзара түсінісу мен бірлік орнату үшін қолайлы негіз қалайды.Мектепке дейінгі мекеменің ата-аналармен ойдағыдай жұмыс жүргізуіне көмектесетін шарттар осылар.

Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмысының формалары мен мазмұны

Отбасымен жұмыстың жеке формалары

Әрбір отбасыны,оның тұрмыс жағдайын,баланы тәрбиелеу жүйесін жақсы білу үшін, қажетті өзара түсінісу мен сенім қалыптастыру үшін мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері ата-аналармен жеке жұмыстың алуан түрлі формаларын пайдаланады,бұлар:әңгімелер,консультациялар,отбасына бару,жекелеген аналарды,әкелерді балалар бақшасына шақыру, жеке ескерткіш кітапшалар мен жылжыма-папкалар жасау.

Ата-аналармен және отбасымен басқа да мүшелермен әңгіме ертеңгісін және кешкісін,балаларды балалар бақшасына әкелген және үйге алған кезде өткізілуі мүмкін.Тәрбиеші әңгіме өткізу үшін ата-аналарды немесе отбасының басқа мүшелерін арнайы шақыра алады.

Тәрбиешінің ата-аналармен тәңертеңгі кездесу әңгімелері қысқа болады,бірақ баланың көңіл күйін білу үшін, сондай-ақ оның жақындарының көңілін көтеріп, тәрбиешіге сенім сезімін туғызу үшін ол әңгімелердің көп маңызы бар.Баланың кешкі уақытты және түнді қалай өткізгенін сұрағаннан кейін тәрбиеші ата-аналарға бүгін қандай қызықтар болатынын: паркке саяхатқа баратынын, музика сабағы болатынын т.б мүмкіндігінше қысқа хабарлайды.

Ата-аналармен кешкі әңгімелер де уақыт жағынан шектеулі. Педагог олардың кейбіреулеріне балалар бақшасында баланың күнді қалай өткізгенін,өзін қалай ұстағанын,не нәрсеге назар аудару керек екенін айтады:

мысалы,ата-аналарға баласының жақсы кезекші болғанын, оған өзі тұратын көшемен танысып келуге тапсырма берілгенін,осы жөнінде оған көмектесу керек екенін айтады.Баланың үстінен ата-анаға шағым айтуға болмайды,өйткені олардың бұған реакциясы педагогикалық тұрғыдан жарамсыз болып шығуы мүмкін.Жиі шағына беру тәрбиешінің педагогтық дәрменсіздігін ғана дәлелдейді.

Ата-аналармен кешкі әңгіме кезінде мектеп жасына дейінгі баланың сыртқы пішініне қатысты ескертпелер айтылуы да мүмкін (шашының өсіп кеткені, аяқ киімінің тарлығы т.б) мұндай ескерпені әдепті түрде,ақыл-кеңесін балаға деген қамқорлықпен негіздей отырып айту керек.

Ата-аналармен әңгімелер қысқаша болғанымен мазмұнды, олар үшін пайдалы болуға тиіс.Бұған тәрбиешінің жақсы дайындығы, ізгі ниеті көмектесу.

Ата-аналар мен балалар бақшасының меңгерушісі де, медецина қызметкерлері де әңгімелеседі.

Ата-аналарға консультациялар олардың бала тәрбиелеуде жіберген қандай да бір ағаттықтары мен қателіктерін талдау үшін неғұрлым келелі әңгіме қозғап, жағдайды түзету жөнінде сапалы кеңес пен нұсқау беру қажеттігі туған кезде өткізіледі. Мысалы, баланың қиқарлану себебі семьядағы теріс тәрбиеден екеніне көзі жеткен тәрбиеші қиқарлық себебін түсіндіріп, оны жоюдың жолдарын үйрету үшін баланың анасын немесе әкесін консультацияға шақырады.

Ата-аналарға арналған консультацияны тәрбиеші, дәрігер, мекеме меңгерушісі, логопед,юрист, өткізеді.Мұнда ата-аналардың консультация өткізушіні ықыласпен тыңдап, сұрақ беруі,кейбір ақыл-кеңестерді жазып алу үшін тыныш,іскерлік жағдай туғызу маңызды.

Консультация өткізу инициативасы тәрбиешіден де,ата-аналардан да шығуы мүмкін.Консультацияның оңдынәтижесі педагогтың нақ сол отбасындағы баланы тәрбиелеу жүйесін білуіне,берілген ақыл-кеңес пен нұсқаудың қаншалықты сапалы екеніне байланысты.Консультациядан соң біраз уақыт өткеннен кейін ол ата-аналардың алған білімін өз балаларын тәрбиелеуде қалай пайдаланып жүргенін сұрап біледі.

Шәкіртінің отбасын зеріттеп білудің, ата-аналармен тығыз байланыс жасаудың,нақты көмек көрсетудің пәрменді жолдарының бірі тәрбиешінің сол отбасына баруы болып табылады.Педагог отбасына зеріттеуші ретінде емес,бала тәрбиелеудің күрдегі ісіндегі дос әрі жәрдемші ретінде келеді.Негізгі мақсат-бала тәрбиеленіп жүрген жағдайды көру және ата-анаға қажетті көмек көрсету.Тәрбиешіден әдептілік,инабаттылық,нұсқау беру нақтылығы талап етіледі.Міне, сондықтан да отбасында әрбір барған сайын жақсылап дайындалу: алдына айқын мақсат қою, педагог жауап алғысы келетін сұрақтарды,ата-анаға айтқысы келетін ұсыныстар мен ақыл-кеңестердіойластырып алуы маңызды.

Алғашқы бару айрықша жауапты.Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы арасындағы өзара түсінісудің,сенім мен байланыстың орнауы көп жағынан сол бірінші барудың қалай өткеніне байланысты болмақ.Отбасына барғанға дейін оның құрамына, ата-аналардың мамандығын, жұмыс орнын,үйден балалар бақшасы мен жұмыс орнына дейін қанша жер екенін сипаттайтын деректерді біліп алу қажет. Егер тәрбиеші отбасына барар алдынан өзі үшін баланың даму және тәрбиелену дәрежесі жөнінде мінездеме тұжырып,анықтауды,ата-аналармен бірге талқылауды керек ететін сәттерді айқындап алса,отбасына бару неғұрлым нәтижелі болады.мысалы :егер бес жастағы бала балалар бақшасында жеткілікті тәуелсіздік көрсетпесе,өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын нашар меңгерсе,тәрбиеші отбасына барған кезде мына мәселелерді анықтайды: бала үйде нені өзі істейді?Қандай тапсырма мен міндет атқарады? Педагогтың ақыл кеңестері мен ұсыныстары отбасындағы әңгіменің барысынан туындайтын болады.Бірінші бару тәрбиешіге отбасының тұрмыс жағдайы,отбасы климаты,баланы тәрбиелеу жүйесі туралы жеткілікті түрде толық жалпы ұғым беретін болуға тиіс.

Одан кейінгі барулар педагогтың бала тәрбиесінің нақты мәселелерін, мысалы: оның үйдегі ойын қызметін,еңбек тәрбиесін т.т қалай ұйымдастырылатынын және басқарылатынын толығырақ біліуіне көмектеседі.Әдетте, ол өзінің баратын уақыты туралы ата-анамен алдын ала уағдаласып алады,мұның өзі тәрбиеші отбасына келген кезде неғұрлым емін-еркін жағдай туғызады.

Жеке бақылаулар,ата-анаға,отбасының басқа мүшелеріне,баланың өзіне қойылатын сұрақтар арқылы,ізгі ниетпен өтетін әңгіме барысында тәрбиеші өзіне қажетті,баланы оның отбасын жақсырақ білуге,тәрбиелеу процесін неғұрлым пәрмендірек жүзеге асыруға көмектесетін ұғымдар мен деректер алады.

Отбасындағы әңгімелердің мазмұны балалардың жасына да байланысты.Кішкене сәбилердің ата-аналармен әңгіме дербестік,гигеналық дағдылар тәрбиелеу, тілін дамыту туралы болады: мектепке дейінгі ересек балалардың ата-аналармен әңгіме-балалардың ойнын,еңбегін басқару,кітапты пайдалану,адамгершілік-ерік сапаларын қалыптастыру хақында болмақ.

Отбасында қайталап болған кездері тәрбиеші өзінің айтқан ақыл-кеңестері мен ұсыныстарының орындалған-орындалмағанын сұрастырып біледі.Отбасында болудың нәтижелерін арнаулы дәптерге немесе есеп күнделігіне жазып отырған жөн.

Баланың мінез-құлқындағы кейбір ерекшеліктерді және оған педагогикалық ықпал жасау жолдарын неғұрлым сенімді, айқын көрсету үшін жекелеген ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері мектепке дейінгі мекемеге шақырылады.Мысалы,Коляны үйінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз деп есептейді,оған шамадан тыс қамқорлық көрсетіп,ол үшін бәрін ата-ананың өздері істейді.Баланың топта өзін қалай ұстайтынын бақылаған ата-ана үйінде де оны дербестікке тәрбиелейтін болады.

Отбасымен жұмыс практикасында тәрбиешінің ата-аналарға жекелеген тапсырмалар беріп,өтініштер айтыуы өзін ақтап жүр, мәселен: қуыршақтарға атап ұлыттық немесе кәсіби кастюмдер тігу, ойыншықты жөндеу,учаскеде ойынға арналған үйшік салу үйді мерекеге әзірлеуге көмектесу,қабырға тезетіне мақала жазу т.т.Мұндай тапсырмаларды орындау ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өміріне жақындата түседі.

Жекелеген отбасындағы балалардың тұрмысы мен тәрбие жағдайын,ата-аналардың кездесетін қиыншылықтарын, олардың тәрбиелеудегі ағатықтары мен қателіктерін ескере отырып,педагог ескерткіш кітапшасын жасайды,онда белгілі тақырыпқа айтылатын ақыл-кеңестер мен ұсыныстар,мысалы: баланың бойында әдептілік, еңбек сүйгіштік, мінездің ерік қасиетін қалай тәрбиелеу керектігі,үйде кітапты қалай пайдалану керектігі т.т қысқаша баяндалады. Тәрбие проблемаларының бірі егжей-тегжейлі көрсетілетін,ата-аналарға көмектесуге арналған материалды жеке папкаға жинап,отбасыға уақытша беріп отыруға болоды.Папкада балаға,мәселен,ақыл-ой тәрбиесін берудің мәнін ашатын бірнеше текст,ата-аналардың оқып білінуіне арналған әдебиеттер тізімі,көрнекі иллюстрациялық материалдар болады.

Бала отбасынан бөлек тұратын мезгілде (саяжайға шығумен байланысты) тәрбиеші ата-аналармен хат жазысып тұрады. Баламен бірге ол қысқаша хат жазып,онда баланың көңіл күйін,қандай табыстарға жеткенін хабарлайды.Ата-анаалар бұл хаттардан тәрбиешінің ықыласын аңғарып,оған алғыс сезімін білдіреді.Жауап хаттарды балалар үлкен қуанышпен қабыл алады.

Отбасымен жүргізілетін жеке жұмыстың алуан түрлі формаларын шебер таңдай білу,ұштастыру,пайдалану отбасындағы тәрбиешінің оңды тәжірибесін ашып,оны одан әрі зеріттеп,таратуға,сондай-ақ бала тәрбиесінде сол отбасының тұрмыс жағдайын ескере отырып,ата-аналарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ата-аналар коллективімен жүргізілетін жұмыс

Семьямен жұмысты ата-аналар клективтің талқысына салуды керек ететін проблемалар болады.Бұларға балалардың жасына,семьяның тұрмыс жағдайына қарамастан бәріне қатысты мәселелер жатады.мұндай проблемаларға жататындар: ата-аналардың беделі; бала тәрбиесінде семьяның рөлі,ата-аналардың міндеттері туралы советтік заңдар; балаларды мектепке дайындау туралы; ата-аналар активінің жұмысы туралы т.б.Осы мәселелерді коллектив болып талқылау ата-аналарды топтастыруға,дұрыс жұртшылық пікірін туғызуға және,ақыр соңында,мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің уақыты мен күшін неғұрлым ұтымды пайдалануға көмектеседі.

Семьямен жұмыстың коллективтік формаларына мыналар жатады:ата-аналар жиналыстарытоп және жалпы жиналыстар,топ консультациялары,ата-аналарға арналған кештер.

Ата-аналар жиналысында не мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленіп жүрген барлық балалардың,не жас жағынан қосарлас топтардағы балалардың,не бір ғана жас тобындағы балалардың ата-аналары шақырылады.Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарға педагогикалық білім беру,олардың педагогикалық мәдениетін көтеру,бала тәрбиелеуде оларға көмек көрсету болып табылады.Ата-аналардың назары әдетте белгілі бір тәрбие проблемасына аударылады,ол проблема негізгі баяндамада ашылып,жиналғандардың сөздерінде талқыланады.

Ата-аналар жиналыстарының тақырыптары қалай жоспарланады?Тақырып таңдау балалар бақшасы мен семьяның алдында тұрған балаларды тәрбиелеу міндеттеріне,олардың дамуы мен тәрбиелену дәрежесіне,семьядағы тәрбиенің жайына қарай айқындалады.

Аналар мен әкелерге педагогикалық тұрғыдан жақсырақ білім беру мақөсатымен ата-аналар жиналыстарының тақырыптары перспективалы түрде,бірнеше жыл бұрын жоспарланады;бала мектепке дейінгі мекемеде болған жылдардың ішінде ата-аналар оны тәрбиелеудің негізгі мәселелері бойынша айтарлықтай толық білім алады.

Ата-аналардың жалпы жиналыстарының тақырыптары топ жиналыстарынан өзгеше болады.Топ жиналыстарында сол жастағы балалардың ата-аналары үшін неғұрлым актуальды мәселелер талқыланады; мысалы: жалпы жин.алыстың тақырыбы «Балаларды адамнершілікке тәрбиелеу,оны жүзеге асыруда семьяның рөлі» болса,естияр топта ол: «Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде балалар бақшасы мен ата-аналардың біріккен жұмысы» «Балаларды үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу»т.т. сияқты болып нақтылануы мүмкін.Әрбір жиналыстың табысты болуы мен пәрменді нәтижесіең алдымен оған тәрбиешілер мен ата-аналардың мұқият әзірленуіне байланысты.Тәрбиеші әзірлігі баяндаманы ұқыпты дайындау,көрнекі иллюстрациялық материялды реттеу және көркемдеу,ата-аналарды хабарландыру т.б.қамтиды.Мысалы, «Табиғат балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде» деген тақырыптағы баяндамаға дайындалған кезде тәрбиеші осы мәселе жөгігдегі әдебиетті оқып зерттейді,мектепке дейінгі мекемеде жүргізілген жұмысқа,семьядағы тәрбие тәжірбиесіне талдау жасайды,балаларды тәрбиелеу үшін серуенді шебер пайдаланатын бірнеше ата-анамен олардың жиналыста сөйлеуі туралы келісіп алады.Топта балалардың табиғат туралы салған суреттерінің көрмесі,оларға арнап осы тақырыпта жазылған әдеби шығармалар,пейзаждардың репродукциялары,музыка шығармалары жазылған плстикалар әзірленеді.Осының бәрі жиналысты қызықты әрі жемісті етеді.

Тәрбиеші баяндама көлемін 20-25 минутта асықпай баяндауға есептейді.Оның мазмұны логикалы болуға,көрнекі құралдарды,балалар еңбектерін,әдебиетті нақты көрсетумен,тиісті тақырыптпғы кинофильмдерді,диапозитивтерді,слайдттарды көрумен қосақтасып отыруға тиіс.Мысалдар пайдалана отырып,ата-аналардың психологиясын ескеру керек:жағымды,оңды фактілер басым болуға тиіс,ал теріс фактілерге келетін болсақ,ол жөнінде өте-мөте сақтық,әдептілік керек.Ондай ретте ешкімнің атын атамай-ақ,жиналыстан соң оңаша әңгімелескенде баланың кемшілігін немесе оған семьядағы теріс көзқарасты қалай жоюға болатыны жайлы әңгімені жалғастырған жақсы.

Жиналыстан кейін тәрбиеші ата-аналардың айтылған ақыл-кеңестер мен ұсыныстарға қалай қарағанына міндетті түрде зер салады.

Мектепке дейінгі мекемеге жаңа келген балалардың ата-аналарының алғашқы жиналысы ерекше жоспар бойынша өткізіледі: меңгеруші оларға мекеменің үйін,құрал-жабдықтарын көрсетеді,оның қызметкерлерімен таныстырады.Тәрбиешілер «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» мен таяудағы уақыт аралығында мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін жұмысжоспары туралы қысқаша айтып береді.Ата-аналарды балалар бақшасының талаптары мен режиміне сәйкес сақталуға тиісті ережелермен таныстырады.

Ата-аналардың жаздан кейінгі алғашқы топ жиналыстарында тәрбиешілер өткен жыл ішінде балалармен жүргізілген білім- тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді,алда тұрған жылда шешілуге тиісті міндеттерді хабарлайды, мектепке дейінгі мекеме қызыметкерлері мен жанұяның бірлесіп күш жұмсауын талап етеді.Сол жиналыста ата-аналар белсенді өз жұмыстары туралы есеп береді, оның жаңа құрамы сайланады. Жиналыста болмаған ата-аналармен тиісінше консультация өткізіледі.

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту тақырыбындағы ата-аналарға арналған баяндамалар мен лекциялар балалар бақшасының қабырғасында да ,одан тыс жерлерде де ұйымдастырылады; кейде олар бір микроауданда орналасқан мектепке дейінгі бірнеше мекеменің ата-аналарын біріктіреді.Олар ата-аналар жиналыстарының тақырыптарын қайталамай ,оларды толықтырып отыратын болуға тиіс.

Топ консультациялары.

Тәрбиешілер семьядағы тәрбиені зерттеудің нәтижесінен туындайтын белгілі бір мәселелер бойынша ата-аналарға арнап консультациялар өткізеді.Мысалы, «Үйде балалардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету» деген тақырыптағы консультацияға бұған жеткілікті көңіл бөлмейтін ата-аналар шақырылады.Сондай-ақ меңгеруші, дәрігер, логопед, музикалық жетекші де өз компетенциясына жататын мәселелер бойынша ата-аналарға консультация береді.Консультация өткізу дайындықты ,кейіннен ата-аналардың алғанрекомендацияларын бала тәрбиелеуде қалай пайдаланғанын бақылап отыруды талап етеді.

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕШТЕР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР

Мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналар мен жанұяның басқа да мүшелері үшін өткізілетін кештер тақырыптық сипатта болады, мысалы: «Музыка және балалар», «Кітап бала өмірінде», «Бала мен табиғат».Жұмыстың бұл формасының өзіндік ерекшелігі сол,қысқаша хабардан соң жиналғандарға балалардың , балалар мекемесі қызметкерлерінің , ата-аналардың өздерінің көркем өнерпаздығын көру ұсынылады.Мысалы музыкалық жетекшінің сөзінен кейін балалар өздері үйренген әндері, билерді орындайды.

«Өз балаларын қалай сүю керек?», «Бала тәрбиесінде әкенің ролі», «Біз өз балаларымызды білеміз бе?» деген тақырыптардағы кештерді, сұрақ және жауапкештерін өткізу тәжірибесі қызықты; сондай-ақ ата-аналардың балалар жазушылармен, ақындармен, композитоалармен кездесулері де пайдалы.

Бала тәрбиелеуде қажетті іскерліктерді меңгеруде ата –аналарға көмектесу мақсатымен оларға арнап қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады, ол сабақтарда ата-аналар балалар киімін пішуді, тігуді, тоқуды, алуан түрлі тағамдар пісіруді, балалар әндерін, қолдан ойыншықтар жасау өнерін т.б. үйренеді.

Жанұямен жұмыстағы көрнекілік.

Жанұямен жұмыстағы ең мол сенімділік пен пәрменділік көрнекі құралдар комплексін пайдалану арқылы: тәрбиешінің балалармен жұмысын көрсету, техникалық құралдарды пайдалану, көркем стендтар, фотовитриналар т.б. ұйымдастыру арқылы қамтамассыз етіледі.

Мектепке дейінгі мекемелердің практикасына ата-аналар үшін ашық күндер (ата-аналар күндері) еніп жүр, бұлар бір жылға жоспаланады. Ол күндер туралы ата-аналарға ерте бастан хабарлайды. Бұл күндері ата-аналар балалардың сабағын, ойын және еңбек әрекетін, серуендеуін бақылайды: оларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тәрбиешінің қандай тәсілдерді пайдаланатынын, балалардың қалай оқитынын, еңбектенетінін, өздерін коллективте қалай ұстайтынын көздерімен көреді.Арнайы жоспарлаған ашық орындардан тыс,ата-аналарға мектепке дейінгі мекеме өмірінен жеке фрагменттер көрсету практикаланады.Кейде бұл белгі бір тақырыпта баяндама басталғанға дейін жасалады.Мысалы, баяндаманың тақырыбы «Балаларды мектепке математикалық жағынан дайындау»болса,ата-аналарға математика жөніндегі сабақты көрсетеді т.с.с.

Тәрбие тақырыбына арналған кинофильмдер ата-аналарға үлкен пайда береді,бұлар көбінесе аналар мен әкелерді толғандырып жүрген мәселелер бойынша қызу талқылаудың,диспуттың бастамасы болады.

Дыбыс жазатын техника балалардың қалай сөйлейтінін,олар орындайтын әндерді,өлеңдерді,әңгімелерді көрсету үшін,сондай-ақ балалар репертуарындағы музыкалық шығармалармен таныстыру үшін пайдаланылады.

Тәрбиешілер ата-аналарды балалардың творчествалық еңбектерімен:суреттерімен,жапсырған,құраған,табиғи материалдан жасалаған бұйымдармен таныстыратын тақырыптық көрмелер ұйымдастырады.Сондай-ақ мазмұны белгілі бір тақырыпқа арналған тексті материалдардан және фотоиллюстрациялы материалдардан тұратын,мәселен: «Интернационалистер тәрбиелейміз» немесе «Балаларды мектепке дайындаймыз» деген сияқты стендтер мен витриналар жасау да пайдалы. «Үйдегі демалыс күні» балалармен табиғатқа шығып серуендеу семьяда дауыстап оқу,ересектер мен балалардың бірлескен еңбегі,үйдегі ойындар мен шаруалар туралы материалдардан құралатын стендіні осылай атауға болады.Жекелеген стендтер информациялық сипатта болады: мектепке дейінгі мекемедегі күн режимі,балалардың салмағын өлшеу нәтижелері,тәрбиешілердің балалармен жүргізетін жұмысының бір-екі аптаға арналған жоспарлары,ата-аналар үшін консультациялар күндері мен сағаттары т.т.

Көрнекі материалды ата-аналардың белсеніп қабылдайтын болуы үшін оған олардың назарын аудара білу керек,ол материалдың бала тәрбиелеуде қалай пайдаланатынына зер салу қажет.

Мектепке дейінгі мекеме өмірінде,әсіресе семьямен жұмыста ата-аналар жұртшылығы елеулі роль атқарады.Әрбір балалар бақшасында ата-аналардың жалпы жиналысында сайланатын ата-аналар комитеті болады.Оған барлық жас топтарындағы балалардың ата-аналарынан өкілдер кіреді.

Ата-аналар комитеті өз жұмысын «Балалар бақшасындағы ата-аналар комитеті туралы ережеге» сәйкес ұйымдастырады.Оның жұмысы бір жылдарға жоспарланады; оның мазмұны балаларды тәрбиелеуде,сондай-ақ семьямен жұмыс жүргізуде мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметкерлеріне көмек көрсетуге бағытталған.Әрбір жас тобына ата-аналар активі бар,ол мүмкіндігінше тәрбиешілерге жәрдем көмектеседі: ата-аналар жиналыстарын,кештерді әзірлеуге көмектеседі,ата-аналарды жекелеген міндеттер мен тапсырмаларды орындауға тартады.

Балалар бақшасының ата-аналар комитеті мен активі жайсыз семьяларға ерекше көңіл бөледі: оларға барып тұрады,өз балаларын тәрбиелеуге жеткілікті түрде жауапты қарамайтын,мектепке дейінгі мекеменің талартарын орындамайтын ат-аналарға ықпал жасайды.Тәрбиешілермен бірге ата-аналар активі семьядағы тәрбиенің ең жақсы тәжірбиесін зерттейді,оны таратуға қатысады.

Ата-аналар комитеті тәрбиешілерге қоғамдық бақылау жасау және көмек көрсету мақсатымен мектепке дейінгі мекемеде ата-аналардың кезекшідлігін ұйымдастырады.Ол әрбір ауданда, қалада және жекелеген кәсіпорындарда болатын ата-аналар жұртшылығы кеңесімен тығыз байланысты болуға,оның жұмысына белсене қатысуға тиіс.

Ата-аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыруда ата-аналар активінің ролі өте зор;активті ата-аналар мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлерімен бірге,ата-аналардың жаппай оқуын жүзеге асырады,педагогикалық білімдерді табандылықпен меңгерудің үлгісін көрсетеді.

Халықтың педагогикалық мәдениетін көтеру-коммунистік тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі.Барлық ересек халық,алдымен ата-аналар балалар мен жастарды тәрбиелеуге даярланған болуға тиіс.Осы мақсатпен біздің елімізде халық арасында педагогикалық білімді кеңінен насихаттау ісі ұйымдастырылады.Бұл жұмыстың ұйымдастырушылары-Педагогикалық қоғам,Бүкілодақтық «Білім» қоғамы,СССР Педагогикалық ғылым академиясы.Елде ата-аналардың жаппай оқуы жүргізіледі,оның мақсаты барлық аналар мен әкелерді педагогикалық біліммен қамту,олардың әрқайсысына тәрбиенің өзекті проблемалары бойынша білім жүйесін беру болып табылады.Өз шәкірттерінің ата-аналары жөнініде бұл міндетті мектепке дейінгі мекемелер шешеді.Халықты педагогикалық біліммен кеңінен қамту үшін елде педагогикалық білімнің халықтық университеттерінің жүйесі құрылып,барған сайын кеңейе түсуде,оларда мектепке дейінгі факультеттер,семьядағы тәрбие факультеттері бар.Олардың жұмысын СССР Оқу министрлігі жанындағы педагогикалық білімнің халықтық университеттеріне жәрдемдесу ккеңесі үйлестіріп отырады.

Педагогиалық білімді насихаттау «Ата-аналар,сіздер үшін» деген рубрикамен берілетін телевизия және радио хабарлары түрінде,мерзімді баспасөз, «Дошкольное воспитание», «Семья и школа» журналдары арқылы жүзеге асырылады.Ата-аналарға арнап «Педагогикалық факультет» бюллетені («Білім» баспасы),көптеген көркем-педагогикалық,ғылыми-көпшілік және методикалық әдебиет шығарылады.

Жас семья мектептері,жас ата-аналар клубтары,демалыс күнгі семья клубтары,тәрбие тақырыбындағы мәселен, «Біздің балаларымыздың бақыты неде?» , «Үнемі біздікі дұрыс па?» сияқты ауызша журналдар барған сайын кеңінен таралып келеді.Мұндай журналдардың беттерін педагогтар,дәрігерлер,юристер жүргізеді.Кітапханалар көркем-педагогикалық шығармалар бойынша оқырмандар конференциялары мен диспуттарын ұйымдастырады.

Мектепке дейінгі мекмелердің қызметкерлері,алдымен тәрбиешілер педагогикалық насихатқа белсене қатысады,оның ұйымдастырушылары ролінде,мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемелері жөніндегі лекторлар мен консультанттар ретінде көп жұмыс атқарады.

Дәріс №5 Тақырыбы: ТМД және шетел-дердегі баланы мектепке дайындау

ТМД және шетелдерде баланы мектепке дайындаудың жолдары мен ерекшеліктері. АҚШ – та баланы мектепке дайындау. Англия, Германия, Жапония, Чехословия елдерінде баланы мектепке дайындау. ТМД және шетелдерде баланы мектепке дайындаудың негізгі педагогикалық шарттары. Тесттің түрлерімен жүргізу әдістемесі.

Ресейдегi жас ерекшелiк психологиясы. Кеңестiк даму психологиясының негiзгi теориялық жағдайы

Бала психологиясын зертеуге үлес қосқан Ресейлік ғалымдар Н.А.Рыбников (1880-1961), К.Н.Корнилов (1879-1959), П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және соңынан бала психикасын зерттеумен айналысқандар Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, П.Я.Гальперин т.б.

Ж.Пиаже 1921-1922 жж. француз тіліне аударылған еңбегінде баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді деді. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі –біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады- дегенді айтады. Осыған орай баланың ынтасын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек,-деді. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер,- деді Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алдыға қарай оздырып жүргізу керек, сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады,- дейді. Бұл пікірді сол кездегі Кеңес психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын алға сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінді.

Шетел психологтарынан Дж.Брунер Выготскийдің осы пікірін жақтады.

Кеңес психологиясында психиканың табиғаты мен психикалық процестердің механизмін зерттеуде маркстік әдістемені қолдану, маркстік диалектиканың принциптерін игеруді талап етті, мұның өзі психологтардың ойлау логикасын қайта құру қажеттілігімен байланысты болды. Психиканы түсіндірудің материалистік негізі, ең алдымен сол кезде болып кеткен, психиканы бихевиористік интерпретациялаумен қатысты болған рефлекторлық-организм енді процестерге байланысты болды. К.Н.Корнилов (1879-1957), П.П.Блонский (1884-1941), В.М.Бехтерев (1857-1927) және басқа да осы бағытты ұстанған ғалымдар И.И.Сеченовтың рефлекс туралы ілімінен бас тартты. К.Н.Корнилов пен П.П.Блонскийдің сананы зерттеудегі идеалистік интроспекциялық көзқарасты сынауы олардың реактологиясының оң қадам жасаған кезеңі болды және бұл психиканың шарттылығын әлеуметтік факторлармен бекітті, осы арқылы бұл авторлар маркстік психологияның негізгі мәнін қарастырды.

Психикалық процестердің құрылымы мен механизмінің қалыптасуын талдауға маркстік қағиданы дұрыс қолдану кеңес психологиясында тек 20-жылдардың ортасында жарық көрген Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жұмыстарынан басталады.

Л.С.Выготский психиканы іс-әрекет ретінде қарастыра келіп, психика адамның сыртқы іс-әрекеті сияқты әлеуметтік құралдар жүйесі мен орындау тәсілдеріне қатысты деген қорытындыға келді. Выготскийдің пікірі бойынша, әр түрлі белгілер психикалық іс-әрекеттің құралы болып табылады, солардың бірі-сөз. Бұл белгілерді алдымен баланың әрекетін басқару үшін басқа адамдар қолданады, содан кейін бала ол белгілерді меңгеріп, өз мінез-құлқын реттеуге қолданады.

Белгі құралдардың олардың психикалық процесс ретінде жанамалай отырып олардың құрылымы өзгеріске әкеліп соғумен аяқталады.

Құрал- белгілерді қолдану адамға мінез-құлқын игеруге төменгі табиғи жанамаланбаған және еріксізден жоғары әлеуметтік аралықтанған және еріктіге айналатын өзінің психикалық процестерін басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша жанамаланған құралдар алғашқыда сыртқы, материалды, басқа адамдардың мінез-құлқын ұйымдастыру үшін біріккен ұжымдық іс-әрекет жағдайында қоладанылатын құралдар ретінде пайда болады. Бірте-бірте олар ішкі психикалық өзінің мінез-құлқын өзінің психикасын басқару үшін индивиудалды қолдануға айналады. Мәдени-тарихи даму теориясында психикалық сыртқы практикалық іс-әрекетпен жақындасуы бірнеше бағыттармен жүреді.

1. адамның практикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың психикалық ерекшелігін анықтаушы ретінде көрінеді;

2. адамның психикалық құрылымы оның еңбектік іс-әрекетінің құрылымы мен ұқсастығы жағынан;

50-жылдардың басында П.Я.Гальперин ақыл-ой әрекетінің біртіндеп қалыптастыру теориясының негізгі принциптерін және кейіннен ондаған жылдар бойы осы теориялық тәжірбиелік негізін жасап, дамытқан басқарылатын психикалық процестердің қалыптасу әдісін жасады.

П.Я.Гальпериннің теориясында талдаудың негізгі объектісі психикалық іс-әрекеттің бір тұтас жүйелі ұйымдасуының нұсқасы ақыл-ой әрекеті болып табылады. Ақыл-ой әрекеттердің қалыптасуы барысында ықшам да шұғыл операцияларға өзгереді және олар адамның тікелей танымдық болсын, практикалық болсын, кез-келген іс-әрекетін бағдарлауға қызмет етеді. Бұл әрекеттердің басқа формасы олардың ашылған материалданған формасы болып табылады, яғни сыртқы көрсеткіштер мен бағдарларға сүйеніп орындалған әрекеттің көмегімен субъект өзінің әрекетін әлеуметтік үлгілер мен заттық жағдайдың объективті логикасына қарай икемдейді. Іс-әрекет өзінің қалыптасу барысында бірнеше тұрғыда өзгереді және бақылаудан жасырын процестерге айналады, бұл процестер танымның тікелей психикалық аппараты мен бізді қоршаған дүниенің бейнелері, қабылдау, есте сақтау, ойлаудың елестету және т.б. дағдылардың бітім-құралы болып табылады.

Гальпериннің теориясында интериоризация әрекетті өзгертудің оны орындау деңгейі бойынша тек өзгертудің бір ғана параметрі ретінде қаралады. Әрекеттің үш негізгі деңгейі бөліп көрсетіледі: материалдық немесе материалданған, сөз арқылы жүзеге асатын әрекет, ақыл-ой әрекеті.