Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_rnm (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.44 Mб
Скачать
  1. Мкои-дің әр жылына салынатын меншікті күрделі қаржылар

Мұнай кенорындарын игерудің технологиялық схемалары мен жобаларында келесі негізгі экономикалық көрсеткіштерді пайдаланады:

  1. Күрделі қаржы салымдары;

  2. 1 т мұнай және 1 т қуат өндіруге меншікті күрделі қаржы салымдары;

  3. Негізгі қорлар амортизациясы шығындарын қоспағанда ағымдағы шығындар;

  4. Негізгі қорлар амортизациясы шығындарымен бірге пайдалану шығындары;

  5. Өнімнің өзіндік құны;

  6. кіріс;

  7. экономикалық тиімділік;

Мұнай кенорындарын игеру нұсқаларын толық талдау қажеттілігі туғанда өндірістің экономикалық тиімділігінің келесі көрсеткіштері анықталады:

  1. еңбек өнімділігі;

  2. Келтірілген шығындар;

  3. қор беріліс;

Елдегі немесе аймақтағы мұнай өнеркәсібінің дамуын жоспарлау кезінде барлық көрсеткіштерді қолдануға болады.

Күрделі қаржы салымдары – мұнайгаз өндіру кәсіпорындарының негізгі қорларын құруға ақшалай еңбек және материалдық ресурстар шығындары, яғни ұңғымаларды бұрғылауға, мұнайдың кәсіпшілік көлігінің объектілері құрылысына, көмірсутектер сепарациясына, газбензинді зауыттарға, мұнайдың алынуы мен оны өндіру интенсификациясын арттыру мақсатында қабатқа әсер ету қондырғыларына, электр желісіне, өндірісті автоматтандыруға және т.б. кеткен шығындар.

Кенорынды игерудің әрбір жылына меншікті күрделі қаржы салымдары – жинақталған күрделі қаржы салымдарының мұнайдың жылдық өндірісіне қатынасы.

Белгілі бір уақыттағы меншікті күрделі қаржы салымдары жинақталған күрделі қаржы салымдарының осы уақыт аралығындағы жаңа ұңғымаларды есептік өндіруге қатынасымен анықталады.

Ағымдағы шығындар екі түрлі болады. Бірі мұнай, газ және судың ағымдық өндірісіне тәуелді, басқалары ұңғымалар санымен анықталады. Негізінде мұнай, газ және су өндіру деңгейіне механикаландырылған өндіріске, көлікке және мұнайды бірінші өңдеуге жұмсалған энергия шығындары тәуелді. Ағымдық өндіріс, мұнай берілісті арттыру мен мұнай өндірісін интенсификациялау мақсатында қабатқа айдалатын қоспалар көлеміне қабатқа әсер ету бойынша ғимараттарды пайдалану құны тәуелді.

Пайдалану шығындарына ағымдық шығындар мен негізгі қорлар бағасынан амортизациялық аударымдар кіреді.

Негізгі қорларды құрайтын түрлі ғимараттар мен жабдықтарға амортизацияның нормативті мерзімдері белгіленген, сол уақыт ішінде бұл ғимараттар мен жабдықтардың барлық құны оларды күрделі жөндеуді қосқанда пайдалану шығындарына енуі қажет және соңында өндірілетін мұнай мен газдың өзіндік құнына қосылуы тиіс.

Есептеу кезінде келесі пайдалану шығындары қосылады:

  1. өндіру және айдау ұңғымаларының амортизациясы ;

  2. кәсіпшілік орналастыру объектілерінің амортизациясы ;

  3. ұңғымаларға қызмет көрсету ;

  4. сұйықты механикалық өндірудің энергиясы ;

  5. мұнайбергіштікті арттыру және мұнай өндіруді интенсификациялау мақсатымен қабатқа әсер ету ;

  6. мұнай мен газды жинау және тасымалдау ;

  7. көмірсутектер сепарациясына, мұнайды құрғату мен тұзсыздандыру ;

  8. жалпыөндірістік шығындар ;

  9. геологиялық барлау жұмыстарына аударымдар ;

Ағымдық жөндеу шығындары ұңғымаларға қызмет көрсету шығындарына кіреді.

Осылайша, жылдық пайдалану шығындары жылдық шығындардың жоғарыда көрсетілген түрлерінің қосындысын көресетді, яғни

(1)

Мұнайдың өзіндік құны пайдалану шығындарының мұнайдың жылдық өндірісіне қатынасына тең, яғни

. (2)

Келітірлген шығындар

(3)

Мұндағы – нормативті коэффициент, - қарастырылып отырған жылдағы жинақталған күрделі қаржы салымдарының мұнайдың жылдық өндірісіне қатынасымен анықталатын меншікті күрделі қаржы салымдары.

Мұнайгаз өндіру кәсіпорындарында еңбек өніміділігін екі формада көресту қабылданған: бірі өндірістік – өнеркәсіптік персоналға бірлік уақыттағы өндірілген мұнай тонна және өнеркәсіптік персоналға бірлік уақыттағы НГДП валдық өнімі құнымен есептелетін қаржы бірлігімен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]