Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_rnm (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.44 Mб
Скачать
  1. Ұңғылар торы тығыздығының параметрі. А.П. Крыловтың параметрі.

Ұңғы торының тығыздығының параметрі және бірқатарлы, үшқатарлы және бесқатарлы жүйелер үшін параметрі, сыртқы сулану жүйелері үшін тәрізді, үлкен мәндер қабылдайды. параметрінің өлшемі жөнінде алдында айтылған болатын. ω параметрі, сыртқы сулану жүйелерге қарағанда, қатарлы жүйелер үшін нақты көрсетілген. Бірақ, ол шектер арасында толқу мүмкін. Мысалы, қарастырылып жатқан бірқаттарлы жүйе үшін ω≈1. Демек, тығыздаушы ұңғылардың саны шамамен (бірақ, дәл емес) өндіру ұңғылардың санына тең, себебі қатарларда осы ұңғылардың саны және , арақашықтықтары әр түрлі болуы мүмкін. Сулануды қолдану кезде түзуінің ені 1-1.5км-ді құрау мүмкін, ал мұнай беруді көбейту әдістерді қолдану кезінде одан төмен мәндер болады.

Бірқатарлы жүйеде өндіру ұңғыларының саны тығыздаушы ұңғыларының санына тең болғандықтан, бұл жүйе өте интенсивті. Қатты суарынды режимі кезінде өндіру ұңғыларының сұйықтық шығыны айдау ұңғыларға бітіп жатқан агенттің шығынына тең.

Қатарлы жүйелерде өндіру және өндіру қатарларда ұңғылар саны әр түрлі болғандықтан, ұңғылардың орналасуын шартты геометриялық реттелген деп есептеуге болады.

Кен орынды игерудің техникалық көрсеткіштерін болжауда, бір элементтің мәліметтерін есептеу жеткілікті, кейін оларды жүйенің барлық элементтері бойынша қосуға жеткілікті.

Игерудің үшқатарлы және бесқатарлы жүйелері үшін түзудің ені ғана емес, айдау және өндіру ұңғыларының бірінші қатармен арасындағы арақашықтық (8 сурет), бесқатарлы жүйе үшін өндіру ұңғыларының екінші және үшінші қатарлар арасындағы арақашықтықтарға мән беріледі. түзуінің ені өндіру ұңғыларының қатар саны мен олардың арасындағы арақашықтыққа байланысты. Мысалы. l0 1= l1 2 = l2 3 =700 м, то Lп = 4,2 км

4 суретте ұңғымалардың үшқатарлы жүйе кезіндегі орналасуы: 1-мұнайлылықтың шартты нұсқасы; 2-өндіру ұңғымалары; 3-айдау ұңғымалары.

5 суретте ұңғымалардың үшқатарлы жүйе кезіндегі орналасуы: 1 - мұнайлылықтың шартты нұсқасы; 2-өндіру ұңғымалары; 3-айдау ұңғымалары.

ω параметрі үшқатарлы жүйе үшін шамамен 1/3, ал бесқатарлы жүйе үшін 1/5-ке тең.

Үшқатарлы және бесқатарлы жүйелерді қолдану кезінде кен орын бойынша жоғары шығымға ие болады. Әрине, үшқатарлы жүйе, бесқатарлы жүйеге қарағанда интенсивтілеу болады.

  1. Игеру объектісі туралы түсінік.

игеру объектісінің қабаттық нұсқа сыртындағы сумен қоректендіретін көзінің болуы және осы сумен қабаттағы мұнайдың орын басу қарқындылығының болатындығы.

  • Гравитациялық фактор, ол құлау бұрышы үлкен қабаттарда мұнайды тиімді ығыстыруға себепкер болады.

Аталған фактор табиғи шарттармен анықталады және кен орынның қалыптасу үрдісімен байланысқан және технологқа тәуелсіз болады.

Каппилярлы-беттік күштер көбінесе кеуекті ортада, өзінің меншікті беттігімен қабаттық сұйықтың фильтрациясын тежейді, сондықтан аталған факторлармен бірге ұңғы түбіне сұйықтың келу қарқындылығын анықтайды.

  1. Мкои-дің негізгі көрсеткіштері.

Мұнай кенорындарына су айдауды қабаттан мұнайды сумен ығыстыру және берілген деңгейде қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында қолданады.

Қазіргі уақытта су айдау –игерілетін кен орындарға әсер етудің әлемдегі ең кең таралған түрі.

Су айдаудың ең көп қолданылатын түрлері: ұңғымалардың қатарлы немесе блокты – қатарлы және аудандық орналасу схемаларында нұсқа ішімен және нұсқасыртымен су айдау. Сондай – ақ, ошақты және таңдап су айдауды да қолданады.

Технологиялық тұрғыдан су айдау келесі түрде жүзеге асырылады. Қоспалардан тазартылған суды сорапты станцияда орнатылған жоғары қысымды сораптардың көмегімен мұнайлылық ауданында (нұсқа ішімен су айдау) немесе оның сыртқы ауданында (нұсқа сыртымен су айдау) орналасқан айдау ұңғымаларына айдайды. Суды бір уақытта бірнеше ұңғымаларға (шоғыр) айдайды. Сондықтан мұнайлы қабаттарды суландыру мақсатында қолданылатын сорапты станцияларды шоғырлы сорапты станциялар деп атайды. Қабатқа айдалатын судың сапасына келесі талаптар қойылады. Орта есеппен алғанда, өткізгіштігі төмен сулар үшін ондағы өлшенген бөлшектер 5 мг/л аспауы керек ал өткізгіштігі жоғары сулар үшін 20 мг/л аспауы қажет.

Қабатқа су айдау процесінде айдау ұңғымаларының сағасындағы қысымды әдетте 5-10 МПа деңгейінде ұстап тұрады, кейбір жағдайларда - 15-20 МПа болады. Себебі сағадағы бірдей қысымда жеке ұңғымалардың түптік зоналарында өткізгіштік бірдей болмайды, түрлі ұңғымаларға айдалатын судың шығыны әр түрлі. Мұнай қабаттарына су айдау теориясы мынаны көрсетеді, айдау ұңғымаларына айдалатын судың шығыны Дарси заңына сәйкес қысымның түсуіне пропорционал болуы тиіс. Алайда негізінде, тәжірибелік мәліметтерге сәйкес, ол қысымның төмендеуіне бейсызықты тәуелділікте, оның кейбір мәндерінде ғана тәуелділік сызықтыға жақындау (1 сур.), бірақ, қысымның кейбір төмендеуінде шығын күрт арта бастайды. Мұның себебі, қысымның төмендеуінде ұңғыманың түптік зонасында жарықшақтар ашылады және бұл зонада қабаттың тиімді өткізгіштігі күрт артады.

1 сур. Айдау ұңғымасына айдалатын судың шығынының қысымның төмендеуіне тәуелділігі

Мұнай кен орындарын су айдауды қолдана отырып игерген кезде өндіру ұңғымаларынан алдымен таза мұнай алады, яғни, сусыз өнім алады, содан кейін, қабатқа айдалған судың көлемінің артуына байланысты мұнаймен бірге су өндіре бастайды. Егер — бірлік уақытта игерілетін қабатқа немесе толығымен кенорнына айдалатын судың толық шығыны; — қабаттан немесе кенорнынан бірлік уақытта өндірілетін судың мөлшері (судың дебиті), а — мұнай дебиті болса, онда келесі өрнектерді аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]