Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_rnm (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.44 Mб
Скачать
  1. Гидродинамикалық тұрғыдан жетілмеген ұңғы.

Кәсіпшілік тәжірибеде қолданылатын гидродинамикалық зерттеулердің (МГДИ) барлық әдістері екі негізгі топқа бөлінеді:

-қабаттардағы сұйықтар мен газдардың қалыптасқан фильтрациясы прцестерінде дебиттер мен қысымдарды кәсіпшілік өлшеуге негізделген әдістер;

-қалыптасқан процестер кезінде қысымдар мен дебиттердің өзгеруін бақылауға негізделген әдістер;

Әртүрлі себептерге (ұңғымаларды жіберу мен тоқтату, қабаттың түрлі фазаларға қанығуыынң өзгеруімен фазалық өткізгіштіктердің өзгеруі) байланысты қабаттың түрлі нүктесінде қысымдар уақытқа байланысты өзгереді, нәтижесінде фильтрациялық ағындардың интенсивтілігі мен бағыттары, ұңғымалар дебиті өзгереді. Алайда бұл өзгерістер қарқыны көптеген жағдайларда аз ғана болады, ұңғымаларды зерттеудің кейбір міндеттерінде оны елемеуге болады және қабаттың сол немесе басқа учаскесінде фильтрация процесін қалыптасқан деп санауға болады. Бұл қабаттар мен ұңғымалар параметрлері үшін қалыптасқан процестерді сипаттайтын жерасты гидромеханикасының салыстырмалы қарапайым формулаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған топқа қалыптасқан жинақтар әдісі мен изобаралар картасы әдісі жатады.

Сұйықтар мен газдардың қалыптаспаған фильтрациясын меңгеруге негізделген зерттеудің гидромеханикалық әдістеріне қысымды қалпына келтіру әдісі мен гидротыңдау әдісі жатады.

  1. Кеніштер пішінін схемалау.

Мұнай кеніштерін игеру процесін реттеу деп игерудің мүмкін жоғары технологиялық көрсеткіштеріне жету үшін игеру жүйесін жобалау және талдау кезінде қабылданатын технологиялық шешімдер шеңберінде өнімді қабаттарды игеру жағдайларын қолдау және өзгертуді түсіну керек.

Реттеудің негізгі мақсаттары:

экономикалық орнықтылық шектерінде мүмкін болатын жоғары мұнайбергіштікті қамтамасыз ету;

мұнай қорларын өндірудің ең жоғары қарқындарын алу;

процесті үнемді іске асыру.

Процесті реттеуді жүзеге асырмастан бұрын ең алдымен игерудің жобаланған жүйесінің шеңберінде пайдалану прцесінің ең жақсы жүрісін қамтамасыз ететін шаралар кешенін анықтайды. Осыған байланысты мүмкін жоғары мұнайбергіштік деп жобалық мұнайбергіштікті түсіну керек.

Мұнай кеніштерін игеру процесін реттеуді кеніштерді немесе олардың учаскелерін бұрғылағаннан кейін өндіруші және айдау ұңғымаларынан кәсіпшілікті мұнайды жинау үшін және суды айдау үшін жабдықпен қамтығаннан кейін бастайды, мұнай өндірісі кенішті игеру жобасына сәйкес және пайдалану кезеңінің барлық уақытында жалғаса береді. Реттеу бойынша шаралар олардың жүзеге асуына септігін тигізетін нақты жағдайларға, игеру жүйесіне, пайдалану процесі мен техникалық құралдар сипатына байланысты. Реттеу әдістерін таңдау кезінде кенішті игеру процесін шектейтін технологиялық, техникалық және технико – экономикалық факторларды ескеру қажет.

  1. Мұнайлылықтың шартты нұсқасы не үшін енгізіледі?

Кен орынды игеру үшін кен орынның мұнайлылығының шартты нұсқасындағы қысымның уақыт бойынша өзгеруін pкон=pкон(t) немесе қабаттық қысымы Р мұнай кенішінің ауданы бойынша орташа қысымның өзгеруін білу маңызды. Ол ұңғымалардың жекелеген топтарының фонтанды пайдалану тәсілінен механикаландырылған пайдалану тәсіліне көшуін болжауға, сондай-ақ, қабаттық қысымның қанығу қысымына дейін төмендеп, қабатта мұнайдың газсыздалуы басталып, еріген газ режимі орнайтын, содан соң - газарынды режим орнайтын уақытты анықтауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]